Танымдық белсенділік тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Танымдық белсенділік тәсілдері

Қазіргі күнгі Қазақстан Республикасында бастауыш білім бердің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мептептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушының рәндік білім, білік және дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық іс-әрекет дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Бұл өз кезегінде бастауыш мептептегі математиканы оқытуды ұйымдастыру ісіне елеулі түрде ықпал етіп, оны қайта қарауды талап етеді.

Бастауыш мектеп математика курсының негізгі ерекшеліктерінің бірі: онда оқу материалы, негізінен, теориялық мәселелерді емес, оқушылардың іл алуан сипаттағы математикалық жаттығулар жүйесін орындауы барысында игеріледі, яғни математика сабақтарында жаттығу жаңа бңлңмдердің қайнар көзі қызметін де атқарады. Бұл жерде білім берудің теориялыұқ деңгейін көтеру болып табылатын дамыта оқыту жағдайында жаттығулардың маңызы ешуақытта кемімейтіндігін атап айтуымыз керек. Ал әдістемелік ғылым мен озық тәжірбие нәтижелері бастауыш мектепте математикалық білімді игеруден «тәжірбие-теория-тәжірбеи» тізбегімен жүргізілуін тиімді санайды. Сондықтан қандай да бір математикалық материалды оқытып үйретуде алдымен мақсатты түрде таңдалып алынған жаттығуларды орындау, сонан кейін әр алуан танымдық іс әрекеттер негізінде олардан біртіндеп жалпы теориялық қорытындыларға көшу жүзеге асырылады, ең соңында ол тағы да нақты жаттығулар орындау арқылы тиянақталып бекітіле түседі.

Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың әр алуан салаларында «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Педагогтер де, психологтер де жаттығуды оқушылардың танымдық және тәжірбиелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.

Математикалық оқытуда жаңа білімдерді меңгеру қайталау және бекіту үшін, яғни математикалық білімдер жүйесін игеру үшін пайдаланылатын жыттығулардың сан алуан түрлері қолданылады. Кең мағынада математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды айтамыз. Математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар, есептер деп бөлуге болады. Сонымен бірге мысалға да, есепке де жатпайтын жаттығулар да кездесіп отырады. Олар логикалық, танымдық, шығармашылық және т. с. с. сипаттарда болып келуі мүмкін. Жаттығулардың бұлайша саралануына, негізінен оның мазмұнында қойылатын міндетке байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда математиканы оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсумен байланысты жаттығулар ерекше орын алды. Оларды қысқаша танымдық жаттығулар деп атауға болады.

Мысалы, танымдық жаттығу берілген бірдей мәліметті екі мысал екі түрлі нәтижеден тұрады. Демек, орындаудың екі тәсілі болуы мүмкін. Ал оқушыларға тек қана бір тәсіл ғана белгілі. Екінші тәсіл белгісіз бұл жерде оқушы үшін мәселелік жағдаят пайда болады. Мұндай жағдайда оларға өздігінен танымдық іс-әрекет орындауға тура келеді. Ал егер мұғалім оқушыларға алдын ала жақшалар қоюға болатынын айтып қойса, онда оқушылар жаттығуды үлгі бойынша шығарады, яғни мәселелік жағдаят туындамайды. Сондықтан мұғалім ережені мысалдарды отырып түсіндіреді.

Бұдан кейін мұғалім оқушылардың өздеріне осыған ұқсас мысалдар келтіруді ұсынуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушының танымдық іс-әрекет орындауы талап етілмейді, ол үлгі бойынша әрекет етеді. Сондықтан ол танымдық міндет болып табылмайды. Егер мұғалім келтірілген мысалдарды талдаудың негізінде оларға өз беттерімен ережені қорытып шығаруға тапсырма берсе, онда оқушы танымдық іс-әрекет күйінде енеді.

Математиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта түсу үшін қолданылатын математикалық жаттығулардың өзіндік жалпылық қасиеті болуы тиіс. Бұл қасиеті жаттығуда белгілі бір дәрежеде қиындықтың болуына байланысты анықталады:

а) жаттығудағы қойылған міндеттің танымдық мазмұнымен.

б) оқушылар алдына міндет қоюдың әдістемелік тәсілімен,

в) оқушыға қойылып отырған міндетке жеке бастың субьективті қатынасымен.

Қысқасы, математика сабақтарында танымдық қабілеттерді дамыта түсумен байланысты жаттығуларды орындауды ұйымдастыру оқушылардың танымдық ізденіс әрекеттерінің пайда болуына алып келеді. Сондықтан математиканы оқытудың тиімді ұйымдастыру танымдық қабілеттерді дамыту мен байланысты жаттығуларды жүйелеусіз мүмкін болмайды. Алайда математиканы оқыту әдістемесі ғылымында мұндай жаттығулардың типологиясы жасалмаған. өйткені, мұндай сипаттағы жаттығулар мейлінше сан алуан болып келеді. Атап айтқанда, олар мыналар: сұрағы тұжырымдалмаған есептер: мәлімметтерді жетіспейтін есептер; артық мәліметтерді есептер; бірнеше жолмен шығарылатын есептер; мазмұны өзгермелі есептер; берілген есепке кері есеп құрастыру; берілген есепті түрлендіру; дәлелдеуге берілген есептер; логикалық жаттығулар; танымдық-тәжірбиелік мазмұндағы жаттығулар.

Бастауыш мектепте математиканы оқытудың қазіргі тәжірбиесінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты мәселеге үлкен көңіл бөлінген.

Бастауыш мектеп математикасының дамыта оқыту идеясына негізделе отырып дайындалған жаңа буын оқулықтарының әрбір сабаққа лайықталған беті оқушылардың оқу-танымдық қызметін біртіндеп күшейте түсетіндей етіп, мақсатты түрде іріктеп алынған математикалық жаттығулар тобынан тұрады. Мұнда атқаратын нақты және өзіндік дидактикалық міндетіне орай олар әр түрлі түстері мен ерекшеленіп нөмірленген. Осы тұрғыдан алғанда әр сабақтың үлесіне тиетін математикалық жаттығулар тобы арнайы жүйе құрайды және ол жүйе негізінен мына сияқты жаттығуларды қамтиды.

  1. Өткен материалды жүйелі түрде тиянақтаумен және бекітумен байланысты жаттығулар. Олар оқулықтарда қара түспен нөмірленген.
  2. Жаңа ұғым мен әрекет тәсілін енгізумен байланысты жаттығулар, олардың нөмерлері қызыл түспен берілген.
  3. Оқушылардың танымдық қабілтеттерін дамыта түсуді жүзеге асыратын жаттығулар. Олар көк түспен берілген.
  4. Қалыптан тыс түрде ұсынылатын және оқушылардың тапқырлық пен зерделілік танытуын, әр алуан бағыттағы шығармашылық ізденісті талап ететін арнайы жаттығулар. Олар оқулықтарда тік төртбұрыш тәріздес жасыл түсті қоршау алынған.

Математика сабақтарында оқушылардың дербес оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруға арналған. «Димдактикалық материалдар құралында математикалық білімді төменірек деңгейден біртіндеп жоғарырақ деңгейге көтере түсу мәселесі мұқият ескерілген. Сондықтан мұнда әрбір өзіндік жұмыс күрделігі стандарттан туындайтын міндетті деңгей болса, ал 4 деңгейдегі жаттығулар мүмкін деңгейі талаптарына сәйкес іріктелген. Атап айтқанда 1 деңгейде оны біршама өзгерген жағдайда 3-деңгейде жаңа жағдайда қолдануға тура келеді. Ал 4 деңгейдегі жаттығуларды орындау шығармашылық іс-әрекетті талап етеді. Осыған орай олар, көбінесе дәстүрлі емес түрде ұсынылады және топшалау мен болжасмдарға негізделген әр алуан бағыттағы шығармашылық ізденістермен байланысты болып келеді.

Бұл жоғарыда айтылғандар математиканың дамыта оқыту ұстанымдарын ескере отырып дайындалған жаңа буын оқулықтарымен мен оқу құралдарының ең басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады және олар сабақтың негізгі кезеңдерінің әрқайсысының ішінде түрленіп отырады, сондай-ақ оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің әр түрлі дәрежесін қамтамассыз етуге қолайлы жағдайлар туғызады.

Танымдық қызығуды дамыту

Салпынова Қаным,

Абай атындағы ұлттық

Педагогика университетінің ізденушісі

Қызығу ( латынша-мәні бар, маңызды ) -адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығуды танымдық саласында қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: «ең алдымен, баланы біпр әрекетке тарту үшін, сені оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу . үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді».

Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық салысында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейтесті мәселелерінің іріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шартары философиясының негізгі мәселесі-рухтың материяға, санның болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім- «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол -білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, обьективтік қатынастарды қалыптастыру.

Танымдық әрекет-шәкіртің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекеті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптасыру мәселелеріне педагогттер, психологтердің әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.

Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвтистикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамассыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.

Ежелгі Грекия мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болады. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көңіл бөлінеді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі, және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежзелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квиттимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.

Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңызддылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын артыратын арнайы оқыту әдісін-эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғанабере салмай шәкірттеріне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эврестикалық сұрақтарды алдын ала дайындап отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.

И. Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту-оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәитижесінде сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды.

өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызыуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады.

Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамассыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Кәсіптік оқыту процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz