Адамды, жылжымалы және жылжымайтын объектілерді танытуға ұсыну тергеу әрекеті


Мазмұны
Кіріспе 2

I. ТАРАУ Танытуға ұсыну тергеу әрекетінің ұғымы және оның

түрлері 4

II. ТАРАУ Танытуға ұсыну тергеу әрекетінің негізгі жағдайы 11

  1. Танытуға ұсыну әрекетінің алдындағы жауап алу 11
  2. Объектіні сырттай өзара ұқсастығы бар басқа объектілердің қасында көрсету 14
  3. Танытуға ұсыну тергеу әрекетін жүргізу үшін қолайлы 16 жағдайды таңдау
  4. Танытуға ұсыну тергеу әрекеті барысында бөлмені жарықтандыру 17
  5. Танытуға ұсыну тергеу әрекетін жүргізуде маманның қатыстырылу маңызы 19

III. ТАРАУ Адамды, жылжымалы және жылжымайтын объектілерді

танытуға ұсыну тергеу әрекеті 21

  1. Танытуға ұсыну тергеу әрекеті барысында кездесетін стандарттан тыс жағдайлар 33
  2. Мәйітті танытуға ұсыну тергеу әрекеті 35
  3. Фотобейне және бейнетаспа бойынша танытуға ұсыну тергеу әрекеті 40
  4. Заттарды танытута ұсыну тергеу әрекеті 42
  5. Жануарларды танытуға ұсыну тергеу әрекетінің ерекшеліктері 44
  6. Жер және құрылыс учаскелерін, ғимараттарды танытуға ұсыну тергеу әрекеті 47

IV. ТАРАУ Танытуға ұсыну тергеу әрекетінің қортындысын бекіту

және оны бағалау 50

  1. Танытуға ұсыну тергеу әрекетін бекіту 50
  2. Танытуға ұсыну тергеу әрекетінің нәтижелерін бағалау. 52
  3. Тану және сот сараптамасы. 56Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Криминалистика ғылымының зерттеу жұмысы барысында ерекше орын алатын және негізгі мақсаттарының бірі - алдын ала тергеу және сот процессі барысында дәлелдерді жинау, зерттеу, оларды бағалап қолдану әрекетіне байланысты кешенді проблемалар болып табылады.

Криминалистика ғылымының әдіс-әдістемелері негізінен қылмыстық іс жүргізу шеңберінде қылмытық іс жүргізу заңының мақсатын жүзеге асыру үшін бағытталған, яғни криминалистика және қылмыстық іс жүргізу ғылымдары өзара тығыз байланысты екендігі белгілі. Сонымен қатар, криминалистика ғылымы дүниеге әкелген, көп жылдық тәжірибиенің, ғылыми зерттеулердің және осы теориаларды қолданудың негізінде дәлелдерді жинақтаудың көптеген әдістері қылмыстық іс жүргізу заңында өзіне тән регламенттері бар жаңа процессуалдық әрекеттердің туындауына алып келді. Соладрдың қатарында көптеген әрекеттер іс жүргізуде заңды статус алып, жеке тергеу әрекеттері ретінде бекітілді (мыс: жәбірленушіден, куәгерден танытуға ұсыну тергеу әрекетін өткізбей тұрып жауап алу, танылушы тұлғаға танытуға ұсыну барысында ұсынылған азаматтардың қатарынан қалаған жеріне орналасуға құқығы) .

Танытуға ұсыну тергеу әрекеті бұрын сонды қылмыстық іс жүргізу заңында жаңа іс әрекетке жатады. Сондықтан осы дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізу заңыңдағы жаңа тергеу әрекетінің пайда болуы және оның практикалық қажеттілігімен криминалистік теорияның негізіндегі ізденістер нәтижесі, оның даму процессі қарастырылған.

Танытуға ұсыну тергеу әрекеті адамзат тарихында мындаған жылдар бойы белгілі. Бұл әрекет белгілері барлық уақытта барлық халықтың қылмыстық іс жүргізу жүйесінде болған. Алайда осы әрекеттің ғылыми дәрежеде сараланып, оның тергеу әрекеттерінің жүйесінде жеке тергеу әрекеті ретінде орын алып, заңда бекітілуі үшін ондаған жылдар бойында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Танытуға ұсыну тергеу әрекеті өзінің мақсатына, психологиялық негізіне, атқару тактикасына және заңи реттеуіне байланысты өз алдына жеке тергеу әрекеті екендігі сөзсіз. Оның, жоғарыда көрсетілгендей өз алдына жеке тергеу әрекеті бола тұра оның өзіне тән, заңда толық денгейде қаралмаған қиындық тудыратын жағдайлары да бар. Мысалы танушы тұлғаның тануға ұсынылған тұлғаның алдынбағы психиологиялық қобалжуы және соның салдарынан тану барысында алынатын мәліметтің шыңдыққа сайкес келмейтіндігі, басқаша айтқанда сезікті адамды танытуға ұсыну

барысында сезікті тұлғаның тікелей өзінің немесе туыс-таныстары арқылы танушы тұлғаға әсер етуі осы тергеу әрекетінен күтілетін қорытындыға тікелей кері әсерін тигізу мүмкін. Яғни танушы тұлғаның ден саулығымен өміріне төнуі мумкін қауіп қатердің алдын алу шаралары заңда қаралғанымен, тәжірибиеге жүгінсек, олар қажетті дәрежеде іске аспайды. [1]

Қазақстан Республикасы конституциясының 16-бабының 1-ші тармағында " Әркімнің өзінің, жеке басының бостаңдығына құқығы бар"-делінген. [2] Дегенмен әр адамның жеке бас бостаңдығына деген коституциялық құқығын шектеуге тек қылмыстық іс жүргізу заңыңда көрсетілгеңдей және сол заң талаптарына сәйкес, қылмыспен күрес барысында, ҚТЖ-у міндеттерін шешуге қажетті деңгейде ғана мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары түрінде жол беріледі. Яғни бұл жерде мемлекет тек қана қылмыспен күресіп қоймай, сонымен қатар процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың құқықтарымен мүдделерін қорғауға міндетті болып табылады.

Осыңдай міндеттер танытуға ұсынудың да субъектілеріне жүктеледі. ҚР ҚІЖК-нің 228 бабына сәйкес тану субъектісі ретінде танушылар болып: жәбірленуші, куә, сезікті, айыпкер болады. Олар ересек адамдар және танылатын объектілерді дұрыс қабылдай алатын және олар туралы мәліметтерді айтып бере алатын кәмелетке толғандар болып табылады.

Ал енді тақырыптың маңыздылығына келер болсақ, танытуға ұсыну жеке тергеу әрекеті болғандыктан дәлелдемелер жинаудың бір түрі болып табылады, сонымен қатар тану мыналарды тексеру үшін қажет:

  1. тергеу версияларын тексеру;
  2. қарау нәтижелерін тексеру;
  3. жауаптарды тексеру;
  4. тінту нәтижелерін тексеру.

Бұл тергеу әрекетінің нәтижесінде қоғамда белгілі бір қылмыстық әрекеттің немесе әрекетсіздіктің орын алғандығын және соны анықтау жолында өзіндік үлес қосады. Танытуға ұсынуда ұсынылып отырған объектіні ұқсастыру, теңестіру жолыңда өз мақсатына жетеді. [3]

Осы жұмысты зертеп оны дипломдық жұмыс ретінде жазуыма, осы іс әрекеттің күрделілігіне байланысты, танытуға ұсыну тергеу әрекеті барысында туындайтын жағдайларда қолданылған тәжірибенің тиімділігін сонымен қатар жіберілген қателіктерге баға беріп ол қателіктердің орын алу механизмін зерттеу итермеледі.

I. ТАРАУ Танытуға ұсыну тергеу әрекетінің ұғымы және оның түрлері

Бұл тақырыпты бастамас бұрын тану үшін көрсетудің тарихына тоқталып кеткеніміз жөн болады. Ертенің өзінде үлкен қалаларда (әсіресе, базарларда) қылмыстың құрбаны болған адам өзінің мұқтажын айтып-шағынып, билік жүргізетін адамдарға қылмыскердің бет-әлпетін сипаттап, жаза қолдануын өтінетін болған. Кейіннен бұл криминалистика ғылымымен реттеліп келген тергеу әрекеті қылмыстық істерді жүргізу заңына енгізілді. Әрине, 1998 жылдың қаңтарында қабылданған Қылмыстық іс жүргізу кодексі криминалистика ғылымына сәйкес осы тергеу әрекетін егжей-тегжей толық қамти алмайды. Сондықтан осы тергеу әрекетін криминалистика ғылымында қарастыру өте орынды.

Тануға ұсыну жеке тергеу әрекеті ретінде бірден енген жоқ. Жәбірленушілердің қылмыскерлерді тану мүмкіншілігін қолдану кеңес үкіметінің алғашқы жылдарыңдағы тергеу тәжірибесінен белгілі болып, тергеуде кең қолданыла бастады.

Осылай, 1918 жылы ұсталынған анархистердің арасынан қарақшыларды тану үшін, қару қолданылып шабуыл жасаудан зардап шеккен азаматтарды қылмыстық іздестіру бөліміне шақырған. Бұл шақырулар газет беттерінде басылып, ертеңіне милицияға келген ондаған азамат анархистердің арасынан өздерін тонаған қарулы қарақшылар мен кісі өлтірушілерді таныған. Бұл жерде тану үшін сезіктілер ғана емес, қарусыздандыру кезінде ұсталған барлық анархистер көрсетілді. [4]

Тануға ұсыну - бұл куәға, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпкерге адамды, заттарды, не болмаса басқа объектілерді ұқсастық (тождество) бар немесе жоқ екенін анықтау мақсатында көрсетуден тұратын тергеу әрекетін айтамыз (ҚР ҚІЖК-нің 228-229 баптары) .

Энциклопедиялық тұрғыдан алғанда, тану анықтау немесе алдын ала тергеу барысында куәгерге (жәбірленушіге, сезіктіге, айыпталушыға) заңда белгіленген тәртіппен танушы адамның тергеп тексерілетін оқиғаға байланысты байқап ол туралы бұрын жауап берген жайларына ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау мақсатында адамды немесе белгілі бір объектіні көрсетуден тұратын тергеу іс-әрекеті ретінде анықталады. [5]

Б. Т. Безлепкин атап көрсеткендей, тану үшін көрсету объектінің тек өзіне тән белгілері, басқаша айтқанда, белгілі бір ерекшеліктері болғанда ғана мағынаға ие болады. Бұл оны өзге де ұқсас объектілерден бөліп көрсетуге және осы негізде ұқсастыруға

мүмкіндік береді. Объектіні дараландырып тұратын белгілер болғанда ғана оның танушы адам айғақ берген объектімен ұқсастығы немесе айырмашылығы туралы мәселе шешілуі мүмкін. Егер объектіде мұндай белгілер болмаса, оны тану үшін көрсету мағынасыз болып шығады. Мәселен, өте көп мөлшердегі тауарға қатысты болса, ұрланған заттарды тану жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес. [6]

Р. Х. Якуповтың анықтамасы бойынша, тану үшін көрсету - адамның бұрынғы бақылауларының негізінде объектіні тану мүмкіндігін анықтау мақсатында танушы адамнан бақылаудың шарттары, танылатын адамның (заттың) белгілері мен ерекшеліктері туралы алдын ала жауап алудан кейін жүргізілетін тергеу іс-әрекеті. [7]

Тану үшін көрсету - бұл дербес іс жүргізу әрекеті, оның мәні бұрын қабылданған объектінің топтық қатыстылығын ұқсастыру немесе орнатудан тұрады.

Объектіні тану қажеттілігі кез-келген қылмысты тергеу кезінде танушы бұрын қабылдағанда сол объект болып табылатынын белгілеу қажет жағдайда пайда болады. Мақсатқа жету үшін тергеуші, қылмыстық-іс жүргізу заңдарымен және криминалистикалық тактика белгілеген ережелерді басшылыққа алып, жәбірленушіге, айыпкерге, күдіктіге, танушы аталатынға тергеліп жатқан оқиғаға байланысты ол бұрын бақылаған бұл объект объекті еске түсіруіне мүмкіндік береді.

Осылайша, тану үшін көрсету жолымен іс бойынша дәлелдемелер алынатын болады. Тану үшін көрсету міндеттері кеңінен қолданылады. Сөйтіп, тану үшін көрсету арқылы жәбірленушінің, куәнің, айыпкердің, күдіктінің жауабы тексеріледі. Мынаны ескеру керек, тергеудің басыңда фактілердің шығуымен олардың арасындағы себепті байланыстар көбіне алдын ала болжам ретінде түсіндіріледі. Сондықтан тану үшін көрсетудің міндеттірінің бірі болжамды тексеру болып табылады. Тану үшін көрсетудің нәтижелері қылмыстың бірқатар жағдайын анықтау үшін пайдаланылады. Мәселен, іс-қимылды саралап жіктеу бірнеше тонаушылардың әрбіріне қылмыс болған орында анықталады. Алынған мәліметтер айыпталуышының немесе жалған куәні мойындату үшін қолданылады.

Тану өндірісінде тергеуші қылмыстық-процессуальдық заңға сәйкес танушыға тану үшін қажет объектіні көрсетеді, сөйтіп ол оны білген-білмегенін анықтайды. Бұл процесс, криминалистикада атап көрсетілгеніндей, танушы бұрын бақылаған объектінің бейнесі (ұқсас) оның жадында қалғанымен, оған басқа объектер қатарында көрсетілетін ұқсас объектермен ойша салыстырумен танушы жүргізуі қорытындыланады. Бұл салыстырудың қорытыңдысы олардың ұқсастығы, бірдейлігі немесе айырмашылығы туралы қисынды қорытынды жасауға қызмет етеді. Мұнда мынаны ескеру қажет, білу (тану) - мүлдем күрделі психологиялық процесс және процесті криминалистика да түсіндіру оңайлау, схемалық болып табылатыны қабылданған. [8]

Есте сақтау механизмі туралы мәселе күрделі және бірқатар ғылымды - физиологияны, биологияны, психологияны, кибернетиканы зерттеу заты болып табылады. Физиологтар ақпараты сақтау процесін жүйке байланысында (ассоциацияда) пайда болуымен биохимиктер - рибонуклеин қышқылының (РНК) және басқа да құрамының өзгеруімен, психологтар есте сақтаудың адамның қызмет сипатымен және жеке тұлғаның бағытымен, т. б. байланыстылығын атап көрсетеді. Осыған байланысты тану үшін көрсетілуге қатысты мүдделерді ескере отырып, білудің психологиялық процесін тек қысқаша сипаттаймыз. Психологтар сезімдік білім адамның жадыңда сақталатын суыған қалдық, дайын пайда болып табылмайды деп атап көрсетеді. Материалдық әлем объектісі туралы субъектінің қызметінен бөлінбей өмір сүреді, ол оны онда жинақталған байлықпен байытып, оны жанды әрі шығармашылық жасайды. Осылайша, материалдық әлемнің бұрын қабылданған объекті туралы сезімдік білім адамның жадында "дайын зат" түрінде сақталмайды, ал білу өзімен бірге объектіні қайталап қадаудағы бейненің көшірмесі ретінде есте пайда болуы арқылы білінеді. Психологтар білу (тану) жадта сақталған тиісті іздің нақты әсер етуін ойша операцияға негізделген деп атап көрсетеді. Бұл іздер ұқсастыру процесінде қабылданған заттың немесе құбылыстың таным белгілерінің эталоны ретінде көрінеді. Танып білуді жеке және тектік деп айырады. Жеке тану процесінде әлдебір бір объект танылады. Ол жадта бұрын қабылданғандай, нақ сондай ретінде бекітіледі. Тектік танып білу - бұл ұқсас заттарды немесе құбылыстарды тану, яғни оны әлдебір белгілі объект табына жатқызу. Таныпбілу әрдайым жария етудің қандай әдістері қолданғанына қарамастан, жария етудің деңгейінен әрдайым жоғары. [9]

Психологияда сәттік және жалғастық танып-білу деп айырады. Сәттік танып-білу объект жақсы таныс және оны қабылдау қиын емес жағдайда ғана өтеді. Жалғастық танып-білу варианттарын (болжам) ұсыну және өндеуге байланысты және кезеңдігімен сипатталады. Бірінші кезеңде тану сезімі ғана пайда болады, екінші кезеңде толық тану деңгейіне жетеді. Бұл сондай-ақ тергеу жағдайындағы қолайлы элемент те. Айрықша құбылысқа бірінші аңғарған объектері таныс ретінде адам қынжылған кездегі күрделі танып-білу жатады (бастан кешкеннің феномені) . [ 10]

Тану үшін көрсету процесінде соңғысы адамдарды, заттарды, басқа объектерді қате тануға айналып, бұл қолайсыз тергеу жағдайына, ал кейде ауыр тергеу қателігіне әкеледі.

Осылайша, тану процесінің психологиялық негіздерін тергеу ұғымы бұл күрделі тергеу іс-қимылын дұрыс ұйымдастыруға, алынған нәтижелерді бағалауға, тану нәтижелерін басқа дәлелдермен тексеруге ұмтылуға қалыптастырады.

Тергеуші (істі сотта қарауда - сот) тану үшін көрсетудің қорытындысына баға береді, өйткені ол анықталған (анықталмаған) ұқсастықты немесе топтық қатыстылықты анықтау туралы мәселені шешеді, сөйтіп танушының арызына негізделген бұл бағалау ұғымы болады. Жоғарыда келтірілгендерді есепке ала отырып, біздің пікіріміз бойынша, "тану үшін көрсету жәбірленуші куәні, күдіктіні немесе айыпталушыны бұрын аңғарған объектіні ұқсастығы немесе топтық қатыстылығын анықтаумен қорытындыланады" туралы қате көзкарас деп санауды қажет етеді. [11] Аталған адамдар танушы бола отырып, объектіні танып-білу туралы мәлімдейді, тергеуші танышуға сұрақ қою жолымен тану дәрежесін анықтайды, алынған нәтижелерді бағалайды, оны басқа дәлелдермен салыстырады және осылайша ұқсастықты (сәйкестікті) жүзеге асырады.

Тану қаншалықты дәлдіктің түрлі дәрежесі болу мүмкін екендігі - ұқсастыққа дейінгі ұқсастығын анықтауда, тергеуші тану қандай түрде бейнеленген анықтауды тиіс: ұқсастығын немесе дәл ұқсастығын анықтауда. Ешбір жағдайда тану туралы арызбен ғана шектелуге болмайды.

Осылайша, тану үшін көрсетудің нәтижесі дәл ұқсастық (бір нақты объектіні танып-білу), ұқсастығын анықтау (жалпы топтағы нысанға жатқызылатын), танымау болмау мүмкін. Мысалы, дәл ұқсастық танушы оған көрсетілген азаматты бұрын көрген адаммен ойша салыстыра отырып, көрсетілгендердің бірін бұрын көргенінің өзі сияқты әлдебір ерекше белгілерін танығанын мәлімдеген кезде орын алады. Егер танушы танылушының бұрын көрген адамға ұқсас деп мәлімдеп, сонымен қатар бірнеше ұқсас белгілері мен жекелеген айырмашылықтарын тапса, ол сондықтан бұл нақ сол адам деп дәлелдей алмаса, мұндай тануды топтық қатыстылығы анықталған деп санау керек.

Танудың көрсетілген екі түрінің арасында олардың дәлелдену маңызы тұрғысынан үлкен айырмашылығы болады. Бірінші жағдайда сөз сол объект туралы болып, барлық қалғандары шығарылады, ал екіншісінде - бұл нысан немесе соған күдіктілердің қатарынан шығарылмайды. [ 12]

Тану үшін көрсету, оның процесінде дәл ұқсастықты немесе ұқсастықты анықтау білу жолымен өтеді, криминалистикалық сәйкестіктің алуан түрі (формасы) болып табылады. Бұрын С. М. Потапов тергеушінің немесе соттың айыпталушының өзін жәбірлеушіге немесе куәге тану мақсатында көрсетуіне тұратын әрекеті, дәл сол сияқты басқа емес, криминалистік сәйкестікті көрсетеді деп жазды. [13] Мұндай сәйкестік ұрланған заттарға, қылмыс қаруларына және басқа да заттарға оларды тану қажеттігі пайда болғанда қатыстылығы бойынша орын алады.

Сәйкестік процесі бағынатын заңдылықты қарастыра отырып, ұқсас нысан тануға жататын бір, нақты нысан болады деп анықтауға болады. Ол жеке бейнеленген және қатыстылығы тұрақты тану белгілеріне ие болуы тиіс. Оның үстіне бұл белгілер соншалықты айқын әрі жеке анықталғандықтан, оны адам әлдебір арнаулы ғылыми-техникалық құралдарсыз аңғарып, оны есте сақтауы тиіс. Басқа формалардан айырмашылығы біз қарастырып отырған сәйкестік ойша бейне бойынша нысан егер ол бұрын танушы тікелей аңғарған жағдайда ғана ұқсас болып табылатыны бойынша ерекшеленеді.

Басқа елеулі ерекшелігі, бұл жағдайда ұқсастырылушы "объект" - бейнелі категория болуымен қорытындылынады. Бұл адамның жадында бұрынғы әлденені аңғаруы нәтижеснде пайда болып, сақталған ойша бейне. Осыған байланысты ойша бейнеге қатысы бойынша "объект" терминін қолдану дәл болмайды.

Ойша бейне шындықтың ойша белгіленуі болып табылады. Сондықтан оны зерттеу елеулі қиындық тудырады және негізінен бұл бейненің мазмұны көрсетпе кезінде жүзеге асырылады. Осы жерде тергеу және сот практикасында тануды дұрыс бағаламауға байланысты салыстырмалы түрде көптеген қателіктерге жол беріледі, бұл кезде танушы адам жаңылысады немесе жалған түсіндірме береді. Тергеу және танып-білу процесінде тануда қатенің болуы тану үшін көрсету нәтижесін бағалау сын тұрғыда қарауға жалпы мәжбүр етеді, осыған байланысты іс жүргізу заңының барлық формальды талаптарын және тану үшін көрсетілгеннің алынған нәтижелерінің сенімділігіне барынша кепілдік беретін криминалистикалық тактика ережелерін сақтау өте маңызды. Өйткені, қылмыстық процесте тану - бұл тек танып-білу актісі емес, ал танып-білу іс жүргізу заңымен анықталған шеңберде жүзеге асырылады. Тергеуші мен сотқа сенімділік кепілдігін көтеретін заң ережелерімен шектелді ме немесе мұндай сақталған жоқ па, бұл процесс қандай жағдайда өткені бәрібір емес. Психологиялық акт ретінде танып-білу сол және басқа жағдайда өте алады, бірақ қылмыстық процесте шындықты анықтау үшін адамның психикалық қызметінің нәтижесі ғана емес, бұл әрекет жүзеге асырылған формасы да маңызды. Тану үшін көрсетудің нәтижелерінің сенімділігіне кепіл бері үшін, мынадай ережелерді сақтау қажет.

  1. Кейін танушы болатын адам тану үшін көрсетілгенге дейін тиісті объектіні бақылағандағы жағдай туралы, тануға жататын адамның, заттың немесе басқа объектінің белгілері, таңбалары туралы сұралуы тиіс.
  2. Тану үшін көрсетудің алдында бұл тергеу ісін жүргізетін адам танушыны тануға жататын адаммен кездесуді болдырмайтын шаралар қолдануға және танушыға ықпал ететін кез-келген әдістерге қолдануға міндетті.
  3. Адамға тергелетін іске қатысы жоқ, оған ұқсастар тобымен тану үшін көрсетіледі.
  4. Ұқсас адам деп алдыңғы тергеуде танушы атап көрсеткен танушыдан өзінің сыртқы белгілері, ерекшеліктері бойынша айнымайтын адамдар саналады. Танылушы басқа тану үшін көрсетілгендердің арасында ол күзетте жүргенде немесе қылмыс жасауға күдікті деп атап көрсетілген киіміне, шаш қоюынан немесе басқа белгілерінен ерекшеленбеуі тиіс.

5. Тану үшін көрсетілген адамдардың жалпы саны кемінде
үшеуден кем болмауы тиіс.

  1. Тану үшін көрсетудің басталуы алдында танылушыға көрсетілетін адамдардың арасында кез-келген орынды иелену ұсынылады.
  2. Тану үшін көрсету қажет кезінде көрсетілетін адамдар тобынан танушыдан жасырын жағдайда куәларды қатыстырып жүргізілуі мүмкін.

8. Тану үшін көрсету өндірісіне маман қатыса алады.

9. Егер танушы куә немесе жәбірленуші болып табылса, ол
танудың алдында айғақ беруден бас тартқаны және жалған айғақ
бергені үшін жауап беретіні туралы ескертіледі.

  1. Тану үшін көрсетілетін заттар мен басқа да объектілер бұл іске қатысы жоқ басқа бірдей объектердің арасында болады. Бұл ереже өлікті немесе заттарға қатысты тануға қолданылмайды.
  2. Тану үшін көрсету туралы оның нәтижелеріне қарамастан хаттама толтырылады. Хаттамаға фотосуреттер, аудио- және бейне жазбаларды қосуға болады.

Сонымен тану үшін көрсетілетін объектер сан-алуан түрлі болады, оларды түрлері бойынша топтастырады. Бұл іс жүргізуде де, криминалистік бағытта да өте маңызды, өйткені іс жүргізу тәртібіне оларды көрсетуге және тергеу ісін жүргізудің тактикалық әдістеріне көрсету нысандары тәуелді. Осының негізінде криминалистикада тану үшін көрсету (ұсыну) төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. Тірі адамды тану үшін көрсету.
  2. Өлікті тану үшін көрсету.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тану үшiн ұсынудың тактикасы
Жеке адамды тану үшін көрсету
Адам өміріне қарсы қылмыстардың криминалистік шаттамасы
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық - криминалистикалық қамтамасыз ету
Тергеу әрекеттерінде сот сараптамасын қолдану
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру
Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ресурстарын басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz