1920-1930 жж. Ашаршылықтың себептері


1920-1930 жж. Ашаршылықтың себептері
Шетелдік интервенция мен азамат шығысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері:
- 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді
- 1913 салыстырғанда мұнай өндіру -4 есе, көмір өндіру -5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады.
- Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.
- Өнеркәсіп өнімі 6, 3 % болды.
- Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды.
- Мал саны 29, 9 млн. нан -16, 3 млн. ға кеміді.
1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды:
Азық-түлікті, отынды тегін босатуү
Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету.
Ақысыз асханалар ашу туралы деректер қабылдау.
Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады:
- Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды
- 1921 жылғы ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.
- 1921 жылғы наурыз- Оралда 10 мың бүлікші көтерілді.
- Қарқаралы уезіне 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
ХХ ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері:
- Мемлекеттік еңбекші халыққа күш қолдану саясаты.
- 1921-1922 ж. ж. жаппай ашаршылық
- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы
- Егін алқаптарының құрт азаюы.
Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдднлерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті.
- 1921 жылғы наурыз -жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның Х съезі)
ЖЭС-тің белгілері:
- Азық-түлік салығы.
- Сауда еркіндігі
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану
ЖЭС-тің мәні-салғыртты салықпен ауыстыру:
- 1921 жылғы наурыз-сәуір өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды.
- 1921 жылғы маусым- Орынборда өткізілген облыстық 1 құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 жылы жазда қуаңшылық болып, малдың 80% -ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды:
-1921 жылғы қараша 1 млн. 508 мың адам;
- 1922 жылғы наурыз 2 млн. 303200 адам
Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губернияларын аштық жайлады. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82 % -ға жетті.
Астық мол болған Семей, Ақмола губернияларынан азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімнің 80%-н әкетті, астық 4 млн. пұт, май 24, 5 мың. пұт.
Бұл жиналған азық-түлік пролетариат орталықтары - Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.
Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді:
- 1921 жылғы 140 маусым «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды
- 1922 жыл -егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дәл себілді
- 1922 жылғы 4 тамыз- ауылшаруашылық машиналар мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом берілді
- 1922 жыл - мал сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом бөлінді
- 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18, 5 иың баланы РКФСР-ге әкетті
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті:
- 2 млн. пұт астық жіберілді
- Республикадан 20 мың. ашыққан адам қабылданды
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В. И. Лениннің үндеуіне байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921-1922 жылғы аштықтың салдары:
- Демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3-не дейін азайды.
- 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерге көшіп кетті.
Жер мәселесі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды:
- 1921 жылғы сәуір - патша өкімен кезінде Сібір және Орал қазақ әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:
- Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
- Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
- 1921 жыл - Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
- Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
- 1 млн. десятина астам жер қоры құрылды.
1921-1922 жж. Аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айрылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулақтар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт туындады.
- 1921 жыл -«Қосшы одағы» құрылды
- 1930 жылдан «кедей одағы» атанды
Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангельдин, Г. Коростелев, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбақиев т. б. 1921 жылғы наурызда Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
- Еңбек артельдерін құру
- Кедейлерге жер беру
- Еңбекшілердің саяси сана-сеземе мен мәдени деңгейін көтеру
1921-1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:
- Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады.
- Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
- Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті
- Ұлттық келісімнің орнытуына жағдай жасады.
Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты:
- Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.
- 6 және одан кем ірі қаласы бар қожалықтар салықтан босатылды
- Бірыңғай заттай салық белгіленді
- Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды
- 1924 жылғы 1 қантар- ақшалай салық енгізілді
- Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулақтар мен байларға түсті
Салықтан жиналған қаражаттар мына салаларға бөлінді:
- Қорғаныс ісіне
- Халық ағарту ісіне
- Ауылшаруашылығына
- Ірі өнеркәсіпке
Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие бөлді. 1924-1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер ме коммуналар сатып алды.
Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер:
- Егіс көлемі 1924 жылы - 2, 1 млн. ға 1928 жылы -4 млн, ға өсті.
- мал шаруашылығы 1924 жылы-24, 8 млн. 1928 жылы -41 млн. ға көбейді
- Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың. 1928 жылы -1 млн. 333 мыңға жетті.
Астық өндіру 1924-1925 жылдары - 64. 618650 пұт, 1928-1929 жылдары - 240 мон. пұтқа артты.
- 103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы (Оңтүстік Қазақстан) құрылды
Шаруалардың жіктелу процесі күшейді:
- Батырақ-кедей қожалықтары 2 есеге азайды
- 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды
- кулақ-бай қожалықтар 6, 6 % -дан 14, 8 %-ға көбейді
ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталығы Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одақтық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпы трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазақ АКСР -інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды.
Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бір қатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т. б.
Өлкедегі кең өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы -Кенді Алтай. 1922 жылы ашылған кәсіпкері Л. Уркварт Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданбады.
- 1920 жыл Шымкент сантонин зауыты салынды
- 1923 жыл Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40% -ын берді
- Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды
- 1927-1928 жылдар Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды.
ЖЭС кезіндесауданың маңызы артты.
- 1921 жылғы 24 мамыр «Айырбас туралы» декрет жарияланды
Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді
- 1927 жыл -75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн сомға жетті.
Басты жәрмеңкелер:
- Семей губерниясында- Қоянды, Баянауыл
- Ақмола губерниясында - Атбасар
- Ақтөбе уезінде- Ойыл, Темір
- Бөкей ордасында - Орда.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
- Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
- Өнеркәсіп қалпына келтірілді
- Өркенитетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.
- Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді
... жалғасыЖЭС шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929 жж)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz