Тәрбие психологиясы жайында


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие психологиясы

Тәрбие ісі-"ой шұңқыры", қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бір жағына ғана, яғни тәрбие негізгілерінің бірі - тәрбиеленушілерге талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп

берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас оскінді жауапкершілікке, оз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын. Талап қою, міндет жүктеу бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға біртіндеп машықтануы қажет, ұзтаздың талап-тілектерін орындау оқушы үшін-заң. Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болмайды, белгілі міндет жүктеу, белгілі талап, ережелерді орындатқызу - мектеп режимінің бұлжымас заңы. Балаға талап қоюдың түрлі жолдарын шәкірттің жеке-дара, жас, жыныс және ұлттық ерекшеліктеріне қарап әр кез нақтылы жағдайға орай үнемі түрлендіріп отыру қажет.

Мәселен, шәкіртке қойылатын талаптың қарапайым түрі - оған оз міндеті туралы жайлап ескерту болса, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Адамға талап қою-оны бір нәрседен сақтандыру, тиым салу түрінде де қолданылады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні ұстаздың байсалды, байыптылығына да байланысты. Адамға талап қоя білу - үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейін қадағаламайтын, тіпті оған қалай болса солай қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Осындай мұғалімнің сынып ұжымын ынтымақтыққа, бірауыздылыққа тәрбиелей алуы қиын. Шәкіртке дұрыс талап қоя білумен қатар оның іс-әрекетін оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргізу оқушының іске жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, іс-әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасындағы алшақтықты біртіндеп жойып отыруға мүмкіншілік береді. Оқушыларға талап қою мен олардың іс-әрекетіне бақылау жүргізуде мына төмендегілерді ескеріп отырған абзал. Біріншіден, әр уақытта орындалуы кұмәнсіз нәрселерге ғана нақты талап қойылуы қажет. Кісіге ауыр талап қою, сондай-ақ, оның шамасы келетін-келмейтінін ескермеу жақсы нәтиже бермейді.

Сондықтан, талап дәл, анық, нақтылы келіп, одан қайшы пікірлер орын алмауы тиіс. Екіншіден, ол өте қысқа, ықшам сөздермен тұжырымдалып, оның орындалу жолын шәкірт жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып орындалады, үшіншіден, талап барынша байсалдылықпен, оқушының

ар-ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негізгісі - оның орындалғаны жөнінде адамнан есеп алуды үмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретіне қарай жүзеге асырып отыру тәлімгерлік шеберлікпен, ұзтаздық тактіні қажет етеді. Шөкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап отырудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі -мақұлдау. Егер шәкірттің іс-әрекеті өркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, "бәрекелде", "дұрыс", "жақсы", "тамаша", "мынауыңнан нәтиже шығады", т. б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі. Шәкірттерді айқай-үйқаймен басқарғысы келетін мұғалімдер көп сөйлейді, кісіні ығыр қылатын созді шәкірт жаратпайды, ол "ұстазының" қай сезін тыңдарын білмей, басы қатады. Ұстаз шәкірттің теріс істері мен қылықтарын дер кезінде кере біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат - теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мүның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекіие байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпті төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.

Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғаңда ғана босқа зөбірленбей, қолайлы көңіл - күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса, бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, өр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының теріс қылықтарын көре-түра оны жазаламаудың да кесір-кесапаты аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды кейде әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мүны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына карай істейді. Мәселен, бір бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде, осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.

Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеуден басталуы қажет. Өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, кісінің теріс қылықтарын айыптап, тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүрізілуі тиіс.

Бұлардың кейбірі мына төмендегілер: біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет.

Екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын.

Үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет.

Төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез-құлқы, т. б. ) ескеріліп отырылсын.

Бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін (ондай жағдайлар да кездесіп отырады) түрде ұйымдастырылғаны абзал.

Тәрбие тәсілдері мен тетіктерінің осы айтылғаннан басқа да сан алуан түрлері болатыны - әркез ұстаз бен шәкірттің есінде болуы тиіс.

Өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері

Жастық шақ кісінің өмір жолына, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, жер басып жүргеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне, жүртқа нендей пайда тигізетіндігіне, яғни оз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең деп бүрында айтқанбыз. Бір сезбен айтқанда, осы кезең олардың өзімен-өзі кеңесіп, "жан дүниесіне үңілуге құштар" шағы.

Бұл кезде кісінің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі күн тәртібінен ерекше орын алады. Бір адам өз бойындағы берекесіздіктен, екінші біреу - тұйықтықтан, үшіншісі - орынсыз ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мұндайда ол келеңсіз қылығымен шама-шарқынша алысып, өзін-өзі қатты қадағалайды. Бұл үшін ол жоспар құрып, оған қажетті әр түрлі іс-әдістер шаралармен белгілейді, тиісті жаттығулар жасауды ойластырады. Әрине, бұл белгілі жүйемен жүргізілсе, нәтижесіз де болмайды.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның өзіндік "менін" сезіне бастауы, Абай тілімен айтқанда, бұл кісінің өзіне-өзі үдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Өзіңе-өзің үңіліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу -осы істегі бастапқы қадам. Әрине, бұл өзіндік тәрбиенің бірден-бір өлшемі емес.

Ояна бастаған балғын сана сыртқы ортадан белгілі бір түрткіні қажет етеді. Ал, мұндай түрткілер алғашқы кезде ата-ана, ұстаз-тәрбиеші, құрдас-құрбылар тарапынан болуы мүмкін. Жақсы қасиетке иелену дегеніміз жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады, -дейді Абай. Балаң жастағы өзіндік сана өмірден үлгі-енеге, мұрат іздеуге жетелейді. Мұндайда кісі өз мінез-құлқының жаман-жақсы жақтарын ой таразысына салуға үмтылады, алдына таудай талаптар қойып, бұларын қайткенде тиімді етіп орындау жолын қарастырады.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. Он екі мүшесі сап-сау, тепсе темір үзетін адам түгіл туысынан кеміс, әлжуаз-шынжау, ауру-сырқаулы адамдар да арнаулы жаттығулар арқасында алға қойган мақсаттарына жетіп отырған. Мұны дәлелдейтін фактілер аз емес. Ескі заманның аты шулы шешені Демосфен, американдық соқыр-мылқау, керең әйел Эллен Келлер, француз суретшісі Анри Ренуар, атақты композитор Бетховен, украин жазушысы Леся Украинка, керең, соқыр, мылқау ғалым О. Скороходова, т. б. табиғаттың "қырына" ілігіп жазылмайтын құзырға ұшыраған жандар еді. Табиғат бұлардың біреуін тіл-құлақтан, көру қызығынан айырса, енді біреулерін сал ауруға ұшыратып, қозғалтпай қойды. Бірақ олар ауыр халдеріне мұңаймай, өмір үшін күресе білді, мақсаттарына жету жолында ылғи да ізденіп, өлшеусіз еңбек етіп, талаптанып отырды. Осылардың әрқайсысы зор мәнді шығармашы іспен айналысты. Одан өздері лөззат алды. Іс-әрекетке деген ынтызарлық, өз күшіне толық сене білу, аса күшті ерік-жігер, керемет қажыр-қайрат - бұлардың қай-қайсысына да тән қасиет еді.

Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық танытып ұзақ уақыт қажымай-талмай, ерінбей-жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы қажет. " . . . Сахнада мындаған жұрттың алдында қимылдамастан тұру оңай емес, деп жазды орыс сахнасының майталманы К. С. Станиславский (1863-1938) осы жөнінде. - Мен осы дәрежеге жеттім, өйткені өзіме-өзім бір қалыптан қозғалма деп бұйырдым, осының салдарынан тәнім бұрынғыдан бетер сіресіп қалатын болды. Бірақ, жүре келе бір репетициядан кейін екіншісіне, бір спектакельден екінші спектакельге көшкен сайын бұлшық еттердің сіресуінен арыла бастадым. Бойымдағы жалпылай сіресуді белгілі бір орталық мүшеге ғана жинайтын болдым; қолымның, не аяғымнын, саусақтарына, не калың етіне, анығырақ айтқанда ең мықты жерім осы деп өзіме шамалаған жеріме жинайтын болдым . . . Бұл менің жер тепсінбей, басы артық қозғалыссыз еркін тұруыма мүмкіндік берді". Сөйтіп К. С. Станиславский жаны мен тәнін қосарландыра жаттықтырған, бұл екеуінің органикалық бірлігін жасауға шамасы келетіндігін іс жүзінде корсеткен. Оның бұл жүйесі сол кездің өзінде-ақ көптеген ғалымдарға, әсіресе академик И. П. Павловқа жоғары жүйке қызметінің сан қилы құбылысын осы тұрғыдан әрмен қарай зерттей түсуге түрткі болған еді. Шындығында, адамның осы секілді таңғажайып мүмкіндіктерін зерттеудің болашағы ұланғайыр. Бұл айтылғаннан шығатын басты қорытынды: адамның өзін-өзі төрбиелеу мүмкіндігі шексіз және бұл кез келген адамның қолынан келетін тіршілік.

Балаң жастағылардың арасында ой-армандарын күнделік бетіне түсіріп отыратындары да кездеседі. Күнделік - адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісінде психологиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Мұнда ұзтаз бен ата-ананың көзіне түсе бермейтін адам өмірінің көптеген қыры мен сыры қағаз бетіне түседі, яғни күнделік арқылы жас адам өзімен-өзі сырласып, мұңдасады. Мұнда ол өзінің мінез бітістерінің кем-кетігін, нақтылы іс-әрекетін, айналасымен қарым-қатынасын, тіршілікте не тындырып, нені көздейтіндігін, асыл арман, асқақ мақсатын толғай тебіренеді.

Реті келгенде төлімгер қауым күнделік жазатын шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңес беріп тұрса - нүр үстіне нүр. Мұның шәкірт пен ұстаздың бір-бірімен жақсы тіл табысып кетуіне қолайлы жағдай туғызатыны созсіз.

Әрине, ұзтаз бұл шараны психологиялық қырағылық пен тәлімгерлік тактіні шеберлікпен пайдалануы қажет.

Осы айтылғанға орай балғын жас ғұлама ғалым К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. Г. Чернышевский, т. б. жазып кеткен күнделіктерден де, кешегі ұлы Отан соғысында қыршын кеткен аға-апаларының артына қалдырған жазбаларынан да небір тамаша материалдар таба алады. Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой "Ерікті дамытудың ережелері" деген шағын шығармасында күн сайынғы режимдік мәселелермен қатар (ұйқыдан ерте ояну, бір мезгілде тамақтану, дем алу, қызмет істеу, т. б. ) адамгершілік принциптерді де (ретсіз қошаметке жоламау, көптің көзіне орынсыз түспеу, мағынасыз іске үйір болмау, дүние- қоңыздыққа салынбау, т. б. ) тізбектеп көрсеткен. Оның өзін-өзі қалайша тәрбиелегендігі осылардан айқын байқалады. Ұлы жазушы әр уакытта да бір нәрсеге ерекше назар аудара білу, шама келгенше нені болса да өзің істеу, тек ойындағыны ғана жүзеге асырып отыру, шарасыз жағдайда ғана бастаған ісіңді тастап екінші іспен айналысу, бір істің үстінде тек сол жөнінде ғана ойлап отыруға ерекше мен берген. Осы тұрғыдан орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің (1824-1870) өзін тәрбиелеу мақсатында жасаған іс жоспары да коңіл аударарлық екендігін өткен тарауда айтқанбыз.

Белгілі балалар жазушысы К. И. Чуковский (1882- 1969) өзін-өзі тәрбиелеу жолында А. П. Чеховтың басынан кешірген небір азаптары туралы оның күнделігінен мына секілді үзінділер келтіреді: "Тәрбиелеу үшін, - деп жазыпты Чехов, - өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін . . . күндіз-түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы-қайратты болуым қажет . . . Мұнда әрбір сағат қымбат" . . . Жазушының пікірінше өзіне-өзі тәрбиелейтін адам-нағыз тәрбиелі кісі. А. П. Чехов оз ойын былайша жалғастырыпты:" . . . Олар адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан әрқашан кешірімді, биязы, кішіпейіл, көнгіш келеді . . . Олар ақкөңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті, түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді . . . Басқаның жан дүниесінің нәзік жеріне тимейді . . . аяғанды, аялағанды қаламайды . . . Олар абыржымайды. Атақтылармен танысу секілді жалған беделге, жылтырауыққа жоламайды . . . ұсақ-түйек есепті үнатпайды . . . "

Жоғарыда келтірілген мысалдың бәр-бәрі жас адамды өзін-өзі тәрбиелеу процесінде оны әр уақытта іс-әрекетке итермелейтін ішкі түрткілер. Осылайша өзін-өзі тәрбиелеуге белді бекем бұған адам әркез өзіне нақтылы уәде беріп, серттеседі, бұйырып, міндеттеме алады, өзін-өзі мақұлдап, не айыптайды, кейде ойлаған ісінен бас тартады, өзін қайрайды, не жұбатады, тағы осы сияқты түрлі ішкі-сыртқы түрткілерге үнемі жауап беруді әдетке айналдырады. Әрине, осы айтылғандардың бәрі де тек ізгі тілек ретінде қалмай, адамның күнделікті нақтылы ісінде, көздеген мақсатына жету жолындағы түрлі кедергі-қиыншылықтарды жеңуде көрініп отырса ғана бұл жақсы адамгершілік сапалардың қалыптасуына жәрдемін тигізеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің әсерлі әдістерінің бірі - адамның өзін-өзі бақылай алуы. Бұл- адамның өз бетімен алдына мақсат-міндет қоя білуі, оған жеткізетін жолдарды өздігінен іздестіре алуы, оның орындалуын үздіксіз қадағалап отыруы.

Өзін-өзі тәрбиелеудің бұлардан басқа да толып жатқан әдіс-тәсілдері бар. Мұның біразы Абайдың қара сөздерінде де келтірілген.

Жас өскіннің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі имандылық пен адамгершіліктің биік принциптерімен ылғи да ұштастырылса, жеке мүддені жүрт мүддесімен орайластырып, туған халқы мен от басына адал қызмет ету, оларға ылғи да борыштымын деу секілді ізгі ниеттерден туындап жатса, оның осы саладағы тыныс тірік мазмұнды да, жемісті болады. Өйткені борыш жауапкершілік, парыз бен қарыз, ар-ұят, намыс сезімінің болуы өзін-езі тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиыншылықтарға төзуіне және оларды жеңе білуіне, әркез жарқын да шат-шадыман өмір сүруге жету жолындағы күресіне демеу болып отырады.

Біз жоғары сынып оқушыларыііың өздерін қалайша тәрбиелеп жүргендерін байқау мақсатында шағып тәжірибе жүргізіп керген едік. Оқу жылының аяқ кезінде Алматы мектептерінің бірінде ойыншы сынып оқушыларының екі тобына бірнеше сүрақтары бар анкета таратылды. Анкетада басты екі сүрақ, оның бірі - "Сен өз бойыңа алдымен қандай мінез бітістіретін дарытар едің?", екіншісі: "Оз бойыңда қандай жаман мінездер бар, олардан қалайша құтылуды ойлайсың?" деген сұрақ еді. Біз шәкірттерден оз ойларын барына айқын, қысылып-қымтырылмай, бүкпесіз жазып беруді отіндік. Бұл жерде олардың жан дүниесінің құпияларын жұртқа жария етпейміз деп те уәде бердік. Осыдан да болар, олардың көбі ағынан жарылыпты.

Біразының жауаптары жоғарыдағы екі сұрақ шеңберінен әлде қайда асып жатыр. Кейін біз анкетаға байланысты материалдарды жүйелеп, талдағанымызда, яғни олардың берген жауаптарын цифр тіліне шаққанымызда мына төмендегідей болды:

Екі сыныптағы 50 оқушының басым көпшілігі борыш сезімін, жинақылық, ұстамдылық, табандылық, тәртіптілік, батылдық. сияқты ерік-жігер сапаларып өз бойларына дарытқысы келетіндігін айта келіп, өз жауаптарында осы аталған ұғымдардың мәнін, сондай-ақ олардың адам омірінде алатын орнын, осылар жайлы әр түрлі пікірлері мен ой-толғауларын, арман-тілектерін ортаға салады. Осы кестенің екінші бағанында олардың бойында кездесетін мінездің жекеленген нашар бітістсрі көрсетілген. Әсіресе, өздеріне мұғалімдік мамандықты қалағысы келгендер мінез-қүлықтағы түрлі ыңғайсыз көріністерді (ұстамсыздық, жалқаулық, дөрекілік т. б. ) қалай жоюдың шараларын қарастырады, бұлардың қай уақытта пайда болғанын жөне қандай зияны бар екендігін айтады. Сондай-ақ, олар осы мамандықтың өзіндік ерекшеліктері жөнінде, бұған лайықты моральдық қасиеттерді, ерік-жігер сапаларында атап көрсетеді, бұларға нақтылы мысалдар да келтіреді, кейбіреулері өздерінде кездесетін кейбір қолайсыз мінез бітістеріне қынжылатындықтарын да айтады. Мәселен, П. деген оқушының жауабын тыңдап көрейік: "Мен, - деп жазады ол, - қарт ата-анамның қолында жалғыз остім. Балажан әке-шеше мені ешкімге қол тигізбей ерке өсірді. Олар менің небір жөнсіз қылықтарыма да тыйым салмайтын, кез келген тілегімді екі етпей орындап отыратын. Қазір өткенге көз жіберіп байқасам, осы жөйіттер менің қыңыр, еріншек, жалқау болып өсуіме себепші болған сияқты. Мен өз бойымда осындай нашар қасиеттердің әлі күнге дейін орын алып келе жатқанына қатты қиналамын. Бұл үшін жолдастарымнан да талай сын сөздер естідім. Мен адамның қолынан келмейтін нөрсе жоқ деп ойлаймын. Сабақ үлгеруімде жаман емес, қоғамдық тапсырмаларды да орындауға толық шамам келеді. Бірақ, осылардың ойдағыдай нәтижелі болуына кейде қыңыр мінезділігім кесір келтіреді. Мектеп бітіруге санаулы-ақ күндер қалды. Мен осы күндері бойымдағы кемшіліктерімді көбірек ойлайтын болдым. Өзімді-өзім тәрбиелеу жөнінде талай-талай кітаптарды, газет-журнал мақалаларын оқуға тура келді. Бірде кітап дүкенінен Николай Островскийдің шағын бір суретін сатып алдым да, оны жазу столымның бір жеріне іліп қойдым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Психология пәні
Педагогикалық психология ғылым
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Тәрбие психологиясының мақсаты мен міндеттері
Балалар психологиясы туралы ақпарат
Психология пәні және міндеттері
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН ҚАЗҚРГҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz