ТАБИҒИ СҰРЫПТАЛУ – ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАУШЫ КҮШІ



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Табиғи сұрыптаудың түрлері. Эволюциялық бейімделу мінездемесі
биологиялық мақсаттың бағытталуы
ТАБИҒИ СҰРЫПТАЛУ – ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАУШЫ КҮШІ
Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу принціпін сипаттауда оның негізгі екі
алғы шартын атап көрсеткен. Олар: біріншіден, барлық тірі
ағзаларға тән қасиет – даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі,
екіншіден көбею қарқындылығының жоғары болуы.
Барлық популяцияларда даралар бір-бірінен тұқым қуалау
ерекшелітерімен ажыратылатыны белгілі. Ерекшеліктер мута-циялық
өзгерістердің пайда болуымен және генотипте гендер жаңа үйлесімдер
түзілуімен түсіндіріледі. Популяция дараларында түқым қуалайтын
гетерогендік қасиет. Табиғи сұрыпталудың ең алғашқы аса маңызды алғы
шарттары ағзалардың шамадан тыс көбейіп кетуін реттеп отыратын белгга бір
табиғи күш бар. Дарвин ол күшті тіршік үшін күрес деп атады.
Тіршілік үшін күрес. Тіршілік үшін күрес даралардың айналадағы орта
жағдайларымен, яғни оның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-
қатынасы болып табылады. Дарвин тіршіліқ үшін күрестің үш формасын атап
көрсеткен, олар:
а) түр ішілік,
в)түраралық және
с) бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін
күрес.
Тіршілік үшін түрішілік күрес Оларға біркелкі қорек заттары, жалпы
мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, қорек, жылу)
қажет болгандықтан, популяция даралары бір-бірімен жарысып қана қоймай,
шиеленісе күреске түседі.
Популяциядағы даралар санының шамадан тыс артып кетуі қорек үшін
күресті одан әрі шиеленістіре түседі.Мұндай жғгдайда кейбір балықтар
өздерінің итшабақтарымен қоектенсе, шағалалар өз балапандарын жеп қояды.
Тіршілік үшін күрестегі жануарларының топ, үйір құрып тіршілік етуі,
немесе ынтымақтасып өз ұрпақтарына қамқорлық жасау.
1. Тіршілік үшін түраралық күрес.
Егер бір туысқа жататын түрлер ұсас экологиялық жағдайда тіршілік
ететін болса, онда түраралық күрес аса шиеленіскен күйде жүреді. Мысалы,
егістіктерде арамшөптер қаптап шығып, ылғал мен қоректік заттарды мол
пайдаланғандықтан мәдени өсімдіктердің өсуі баяулайды. Сондай-ақ бір түрдің
даралары екінші түр дараларын біржақты пайдаланып, тіпті жойып жібереді.
Мысалы, жыртқыштар мен шөпқоректі жануарлар, балықтар мен планктон
арасындағы тіршілік үшін күрес.
Бір түрдің дараларының өздеріне зиянын да, пайдасын да тейгізбей
екінші түр даралары тіршілігіне жағдай туғызады. Мысалы, қой мен ірі қара
түрлі өсімдік тұқымдары мен жемістерін жүніне жабыстырып жан-жаққа
таратады.
Бір-біріне өзара жағдай туғыза отырып тіршілік етуін алайық. Оған
бунақденелілер мен құстардың гүлдерді тозаңдандыруы мысал бола алады.
2. Тіршілік үшін бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен
күрес.
Әсіресе ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, сол сияқты жазы
ыстық немесе қысы аса суық жерлерде айқын көрінеді. Эволюция барысында
түрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік
беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады. Мысалы, аңызақ желді
арал өсімдіктері жер бетіне теселіп өседі, ал бунақденелілер күшті жетілген
қанатты немесе қанатсыз болып келеді. Шөлді жерлердегі өсімдіктердің тамыр
жүйесі 10—15 м терефйкке жететін ұзын, жапырақтары күшті тілімделіп немесе
тікенекке айналады, ал жануарлар суды аз жұмсауға бейім келеді. Түйе
өркешіндегі қорға жиналған майдың ыдырауы нәтижесінде бөлінетін суды
пайдаланады.
Сонымен, ағзалардың өз арасындағы және ағзалар мен ортанын абиотикалық
жағдайлары арасындағы қарым-қатынастардың барлық формалары тіршілік үшін
күрестің толық мағынасын береді. Олай болса, тіршілік үшін күрес табиғи
сұрыпталудың экология алғы шарты болып табылады.
3. Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайы.
Табиғи сұрыпталу эволюциялық әрекеттің ең негізгі бағыттаушы жағдайы.
Табиғи сұрыпталуға қажетті материал жеке ағзалардағы тұқым қуалайтын
өзгерістер. Ол өзгерістердің кейбіреулері ағза үшін пайдалы, ал екіншілері
зиянды болуы да мүмкін. Дарвин, табиғи сұрыпталу деп сол түр үшін пайдалы
белгілері мен қасиеттері бар даралардың нақтылы тіршілік жағдайларында тірі
қалып ұрпақ беру мүмкіңдігін айтты. Бұл анықтама табиғи сүрыпталу
әрекетінің генетикалық маңызын айқын көрсете алмайды. Табиғи сұрыпталу
әрекетіндегі түбегейлі мәселе даралардың тірі қалуы және олардың әр түрлі
жолдармен көбеюге қабілеттілігі болып есептеледі. Өйткені көбеюге қабілетті
дара ғана популяция генофондысына нақтылы үлес қоса алады. Көбейіп ұрпақ
қалдыруға қабілеті жоқ даралардың эволюциялық мәні де болмайды. Ендеше,
ағзаның бұл қасиеті табиғи сұрыпталудың генетикалық эволюциялық критерийі
болып табылады.
Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайына айқын мысалдардың бірі —
индустриялық құбылыс. Бұл құбылыс бірқатар Еуропалық елдерде, атап айтқанда
Англия, Франция, Бельгия, Польша және Америка құрама Штаттарында байқалады.
Англия территориясында XVIII ғ. ортасынан бастап елеулі экологиялық
өзгерістер жүрді. Фабрика және зауыттардан шығатын түтіндермен ауаның
ластануына байланысты ағаштар мен жапырақтарды күйе басты. Осы ағаш
діңдерінде жабысып отыратын ақ көбелектер реңін өзгертіп қошқылдана
бастады. Қазіргі кезде сол Еуропа елдерінде көбелектің 70-тен артық түрінің
реңі қошқылданып, ақшыл көбелектерді ығыстырып шығарды.
4. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі. Табиғи сұрыпталу табиғатта
үздіксіз жүріп жататын әрекет. Соның нәтижесінде популяциялар айналадағы
орта жағдайларымен үнемі тепетендікте болады. Табиғи сұрыпталудың
шығармашылық рөлі бейімдляе алмағандарының жойылып кетуі ғана емес, сонымен
қатар пайда болған жаңа бейімділік белгілердің одан әрі дамуына
негізделеді.
Табиғи сүрыпталу да орасан зор уақыт аралығында шексіз көп
материалдардың алуан түрлі өзгеріс, ауытқуларынан тіршілік ортасына сай
түрлерін ғана қалдырып, қалғандарын жоя отырып, анағұрлым жетілдірілген
жаңа бейімділіктер мен қасиеттерді жарыққа шығарады. Сондықтан кез келген
жаңа генотиптік түзілуі және соған сәйкес фенотиптің өзгеруі табиғи
сұрыпталудың нәтижесі болып табылады.
5. Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әсерлерін салыстыру.
1. Мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктің нәтижесінде екеуі де
жаңа тұқым қуалайтын материалмен қамтамасыз етіледі.
2. Қолдан сұрыптау меи табиғи сұрыпталу жаңа органикалық формаларды
дүниеге келтіреді. Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде жаңа іріктеме, қолтұқым
және штамм алынады, ал табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жаңа түрлер
түзіледі.
Екі әрекеттің арасывдағы айырмашылыққа келсек: 1. Қолдан сұрыптау
кезіңде бүкіл селекциялық жұмысты адам жүргізеді. Ол алдын ала құрылған
жоспар бойынша қажет деп тапқан белгілі қалағая ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизруптивті сұрыпталу
Эволюциялык идеялар
Дарвиннің эволюциясы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясы
Филогенетика казыргы кезеңі
Семинар сабақтарын өткізу формалары
СҰРЫПТАЛУ, ӨЗГЕРГІШТІК. ДНҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер