Тарих пәні мұғалімінің сабаққа дайындығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тарих пәні мұғалімінің сабаққа дайындығы

Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім көздерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені таңдап ала білу, оқушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен танымдық бедсенділігін қалыптастыру; сабақ типін, оны өткізудің құралдары мен әдістерін дұрыс таңдай білу; таңдап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына сай келуі; мұғалім мен оқушы әрекетінің біртұтастығы.

Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында тереңдеп, нақтылана түсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалу сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жеке танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі.

Осыдан соң сабақты такырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру. Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардың дербес игеруіне оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыныптағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар негізінде сабақ жоспарын түзеді.

"Б. д. д. V-ІV ғасырларда эллиндік Мәдениеттің гүлденуің тақырыбындағы сабақ былайша жоспарлануы мүмкін.

1) Б. Д. Д. V-ІV ғасырларда Элладаның сәулет, сұңғат және сурет өнері (Афина Акрополіне ойша саяхат) ; 2) Ежелгі грек театры (көрініс-сабақ) ; 3) Ежелгі Грецияның ғылымы мен мектебі (ойын-сабақ) ; 4) Олимпиадалық ойындар (репортаж-сабақ) ; 5) Қорытынды сабақ (викторина-сабақ) .

Оқытуды материалды мазмұндаумен шатастыруға болмайды. Оқыту мұғалім қызметінің сабаққа дайындалудан оның тәжірибесін талдауға дейінгі барлық кезеңін қамтиды.

Сабаққа дайындалу фуңқциялары (міндеттері, қызметтері) . Сабаққа дайындалудың әр кезеңінің атқаратын өз функциялары бар.

1. Тексерушілік функция сабаққа даиындықтың мынадай негіздерін қамтиды: 1) оқу материалының мазмұнын ой елегінен өткізу; 2) тақырыпты, бөлімді оқып-үйренудің мақсатына сай дидактикалық мақсатты тұжырымдау; 3) сабақ типін анықтау; 4) сабақ құрылымын белгілеу.

Бұл кезеңде кажетті іскерлікті қалай қалыптастыру, қандай сезімдерді ояту қажеттігі айқындалады. Білім көзін таңдаған мұғалім оны іске асыруға көмектесетін тәсілдерді таңдайды, Бұл жерде білім көзі ретінде оқулық мәтіні, оқу картинасы, мұғалім дәрісі, оқу телефильмі қарастырылады.

Жаңа сабаққа дайындық өткен сабақтын үйге берілген тапсырмасын талдауды да қарастырады. Өткен сабаққа қатысты сұрақтар жаңа тақырыптын мазмұнына байланысты болуы шарт.

2. Құрастырушылық функция 1) нақты сыныптағы оқушы құрамының ерекшеліктеріне талдау жасау; 2) оқушы әрекетінің басым сипатын айқындау. Оқушының таным деңгейі еске түсіруші, өзгертуші және шығармашылық-ізденуішілік болып бөлінеді. Еске түсірушілік таным деңгейіндегі оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқанын, жасағанын қайталап отырады. Ал, өзгертушілік таным деңгейіндегі оқушы дәрісті тыңдай отырып, оны қорытады; оқулықтың бірнеше параграфы бойынша кесте құрастырады; ауызша бейнелеу бойынша картадан нысанды көрсетеді. Ең күрделісі -шығармашылық-ізденушілік деңгейде оқушы құжаттарды талдап, дербес қорытынды жасайды; тарихи оқиғаның дамуына баламалы жағдай ойластыра алады.

Оқушылардың талданған әрекет денгейі мұғалімнің сабақтағы жұмыс әдісіне тікелей байланысты. Нақтылай айтқанда мұғалім дайындығы төмен сыныпта түсіндіруге мол уақыт бөліп, дайындығы жоғары сыныпта іздену бағытында жұмыс жүргізуге баса мән беруі тиіс.

3. Ұйымдастырушылық функция алдынғы функциялармен тығыз
байланысты. Оларды талдай отырып, мұғалім: сабақты қалай бастау керек;
оқушылар сабақта немен айналысады; жаңа материалды игеруге оларды
қалай жұмылдыруға болады; барлық оқушыларды қандай жұмысқа жегуге,
қандай тапсырма беруге болады деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап
қарастырады.

Мазмұны бірдей сабақтар оны өткізуде сынып оқушыларының танымдық мүмкіндігін ескеріп қолданған әдістеме бойынша бір-бірінен едәуір ерекшеленуі мүмкін.

Оқушылардың оқу іскерлігі жетілген сайын алға қойған оқу үдерісінің міндеттерін іске асыруда оларға дербестік берілуі тиіс.

4. Ақпараттық немесе мазмұндаушылық функция сабақтың оқу
мазмұнына қатысты, ол оқу мазмұнын баяндауда қандай тәсіл қолдануға
болады дегенді білдіреді. Оқу мазмұнына талдау жасай отырып, мұғалім оны
қандай көлемде, қандай түрде беруді айқындап, сабаққа қажетті оқу
құралдарын таңдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Сабақты жоспарлау
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Еңбек және кәсіптік оқытудың дамуына тарихи- педагогикалық шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz