Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
Бакирова Ж. А.
Абдукаликова Г. Ж.
Тарих пәнін оқыту әдістемесі
Түркістан-2014
УДК 373:94(574)
ББК 74. 266. 3
Б21
Пікір берген:
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік унивесритетінің оқытушысы,
тарих ғылымдарының кандидаты, Төлегенов Е.
Бакирова Ж. А. , Абдукаликова Г. Ж.
Б21
Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал.
-Түркістан 2014. -59б.
ISBN 9965-9530-5-3
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда Қазақстан тарихын оқытуды
ұйымдастыру формаларын, оқыту әдістерін, оқытуда жаңа педагогикалық,
ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдарын және сонымен
қатар Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуына тоқтала
отырып, мектеп оқушыларына еліміздің тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін
біліп жүру мақсатында ұсынылып отыр. Қазақстан тарихы пәнін оқытуда бұл оқу-
әдістемелік құрал сабақты өтуде, әдіс-тәсілдерді қолдануда өз көмегін
көрсете алады.
ББК 74. 266. 3
Бакирова Ж. А.
Абдукаликова Г. Ж.
АЛҒЫ СӨЗ
Қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер бүгінгі ұрпақ
тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жылдар бойы саяси
идеологияның ықпалынан мұрағат қорында сақтаулы жатқан рухани мұраға
бүгінгі жариялылық заманында оң көзқараспен қарап, ғылыми дәйекті талдаулар
жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Ұлттық мәдени мұраға демократиялық-
гуманистік көзбен қарап, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тиімді пайдалану
мәселелері Қазақстан республикасы Конституциясында, Қазақстан республикасы
Білім туралы Заңында, ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен
болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын
ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды
алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының
әлеуметтік экономикалық дамуының жаңа кезеңге өту жағдайында қамтамасыз ету
күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан
Республикасының Птезиденті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
2050-стратегиясы кемелденген мемлекеттің жаңа саяси курсы атты
Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт
болуымыз керек делінген. Сондықтан қазіргі бастауыш мектептен бастап
оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми
мәселе екендігін мектеп оқушыларына түсіндіре келе, Қазақстан тарихы пәнін
оқыту әдістемесінде Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формаларын, сабақ
— мектепте қазақстан тарихын оқытудың негізгі формасын, Қазақстан тарихын
оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формаларын, оқыту әдістерін,
оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту әдістерінің қолданылу жайын,
тарихты оқытудың дәстүрлі әдістерін тиімді пайдалану жолдарын, Қазақстан
тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды қолданудың
әдістемелік жолдарын, жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялардың
ғылыми-әдістемелік негіздері және оларды қолданудың тәжірибелерінен
мысалдар келтіре отырып, сонымен қатар, Тәуелсіз қазақстан мемлекетінің
қалыптасуы мен дамуын мектеп оқуышларына және Қазақстан тарихы пәнінің
мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Осы және келесі тарауда баяндалатын мәселелер: оқытудың ұйымдастыру
формалары мен оқыту әдістері педагогика ғылымында, әсіресе оның оқыту
теориясымен айналысатын саласы дидактикада осы күнге дейін сұрыпталып,
талданып, бір ыңғай жүйеге түскен емес. Оның үстіне әрбір жеке пәнді
оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, тіл, физика, химия пәндерін
оқытудың ұйымдастыру формаларының көбі тарих, әдебиет сияқты пәндерді оқыту
үрдісіне сәйкес келе бермейтіні белгілі. Осы жағдайға байланысты біз бұл
тарауларда оқыту формалары мен әдістерінің педагогика ғылымында қашаннан
бері қарастырылатынына, қандай көзқарастар бар екендігіне тоқталып
жатпаймыз. Екіншіден, оқыту формалары мен әдістерін баяндайтын
педагогикалық еңбектердің көбінде алдымен оқыту әдістері баяндалады да,
оқытуды ұйымдастыру формалары содан кейін әңгіме болады. Ал, біз керісінше
оқытуды ұйымдастыру формаларына алдымен тоқталамыз. Өйткені оқыту әдістері
оқытуды ұйымдастыру формаларында (сабақта, керісінше сабақ-әдістерде емес)
пайдаланылады, қолданылады, яғни бұл жерде оқытуды ұйымдастыру формалары
жетекші орын алады.
Әр қоғамның оз азаматтарына білім мен тәрбие беруге қоятын талаптарына
сәйкес оқытуды ұйымдастыру формалары да жетіліп, дамып отырады. Мәселен,
тарих пәнін оқытудың басты формаларының бірі сабақ екені белгілі. Ал,
белгілі тарихшы әдіскер ғалымдар еткен ғасырдың 80 жылдарына дейін тарих
сабағының типтерін 5-тен 10-ға дейін жеткізген болатын, қазір тарих
сабақтарының типтері елде қайда көбейді. Сол сияқты тарих пәнін оқытуды
ұйымдастырудың формалары да жетіле түсуде. Олар: сабақ, мектептік семинар,
мектептік лекция, лабораториялық-практикалық, сабақ түрі, әңгімелесу,
консультация т.б.
Қазір тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі
қолданылатын түрі. Оның да бірнеше түрі (типі) бар. Олар: оқытудың барлық
негізгі элементтері бар немесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа
тарихи материалды оқытып үйретуге арналған сабақ; түсіңдірмелі оқу сабағы;
біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ; қайталау және қорытып-қайталау
сабақтары.
Бұған дейінгі айтқанымыздай, белгілі тарихшы әдіскерлер сабақтардың
типтерін онға дейін жеткізгеніне қарамастан біз Қазақстан тарихын оқытқанда
сабақтың осы негізгі бес-алты типін ғана ұсынып отырмыз. Бес-алты деп
отырған себебіміз, қайталау сабақтарының өзін бірнеше типке белуге болады,
біз олардың екеуіне тоқталамыз. Сабақтардың типтерін, олардың санын
анықтағанда біз қазақ мектептерінің де ерекшелігін ескердік.
Енді сабақтың осы типтерінің қажеттігін және олардың құрылымын
баяндадық.
Оқытудың барлық элементтері бар немесе аралас сабақ.
Қазақ мектептерінің ерекшелігін, олардың басым көпшілігінің ауылдық
жерлерде орналасқанына, бағдарламада көрсетілген сабақ санының қысқаратынын
ескерсек әрбір сабақ сайын жаңа материал өтуге тура келеді. Сондай-ақ
қайталау сабақтарына уақыт тым аз қалатындықтан немесе уақыт
жетіспейтіндіктен сол сабақтың үстінде өтілген жаңа материалды пысықтау —
күрделі мәселелермен, ұғымдармен, терминдермен арнайы жұмыс жүргізіп,
олардың бұрын меңгерген біліктерін жетілдіре түсу, жаңаларын меңгерту қажет
болады. Сонымен бірге әрбір кезекті сабақ сайын өткен сабақтардың
материалы, үй тапсырмасы қайталанып, сұралып отырады. Осы жағдайларға
байланысты сабақтың бұл түрі қазақ мектептері үшін тарих сабағының негізгі
типі болып табылады.
Сабақтың бұл типі өз дәрежесінде өту үшін оның төмендегідей элементтері
- буындары болғаны дұрыс.
Ұйымдастыру кезеңі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда бұл кезеңнің де
пайдасы бар. Ол бүкіл сабақтың ойдағыдай өтуіне әсер етеді. Соңдықтан бір-
екі минут жұмсалатынына қарамастан сабақтың бас кезінде басқа кабинеттен,
сабақтан жүгірш, ентігш келген оқушыларды қалыпты жағдайға түсірш, алдағы
сабаққа жұмылдыру қажет. Осы азғана уақыт ішінде оқушылар түгенделеді,
шәкірттер қажетті құралдарын - оқулығын, картасын, дәптерін, дидактикалық
материалын, күнделігін т.б. дайындайды, жұмыс орнын тәртіпке келтіреді және
алдағы сабаққа белсене қатысуға психологиялық жағынан әзірленеді. Сабақ
уақытын өте тиімді пайдалану мақсатында және қолайлы жағдай жасалған болса
ұйымдастыру кезеңі міндетті емес. Ол үшін сабаққа кіруге қодырау болысымен
сыныптағы барлық оқушы өз орындарына келіп, қажетті құрал-жабдықтарын
дайындап отыруға және кезекші арнайы қағазға сабақта жоқ оқушыларды тізш,
себептерін көрсетіп қоюға дағдылануы тиіс.
Үй тапсырмасын тексеру. Әр сабақ сайын үй тапсырмасын тексерш отыру
қажет. Мұның өзі оқушылардың қаншасының өтілген материалды қандай дәрежеде
білетіндігін, олардың біліміндегі кемшілік пен олқылықты анықтауға, онымен
қатар шәкірттердің білімін есепке алып, бағалауға мүмкіндік береді. Үйге
берген тапсырманы сабақ сайын сұрамау оқушылардың тапсырманы орындауга
немқұрайлы қарауына, тіпті орындамай келуге итермелейді. Үй тапсырмасын
сұрау тәсілдері көп. Жеке оқушылар тақтаға, картаға шығып, берілген
сұрақтың жауабын ауызша баяндайды, оның жауабына бүкіл класс белсене
қатыстырылады, орындап келуге берілген түрлі жазба жұмыстары-конспект,
хабар, жоспар жасау, таблица, схема-сызу т.б. тексеріледі. Үй тапсырмасын
сұрауды алдын-ала ойластырып, ең тиімді тәсілді пайдаланған дұрыс.
Өткен материалды қорытып, жаңа сабақпен байланыстыру және сыныпты жаңа
материалды оқып үйренуге дайындау. Оқушылар өтілетін жаңа материалды жақсы
меңгеру үшін оларды дайындау қажет. Ол үшін, үй тапсырмасын тексеріп
болғаннан кейін бұрын өтілген материалды қорытып, оның есте сақтайтын
негізгі мәселелерін тағыда оқушылардың есіне салып, өткен тақырып пен
жаңаны байланыстырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлаған дұрыс. Сабақтың
бұл кезеңінде жаңа материалды оқушылар бұрыннан білетін білім элементтері,
оларды қай пәндерден, курстардан білетіндері, сондай-ақ оқушылардың осы
сабаққа байланысты мерзімді баспа сөзден, көркем әдебиеттен білетіндері
естеріне түсіріледі. Материалдың мазмұнына қарай кейде оның негізгі немесе
күрделі мәселелері, неге көңіл аудару қажеттігі, немесе мазмұнының
ерекшелігі ескертіледі. Сондай-ақ оқушыларды жаңа сабақты оқып үйренуге
белсене қатыстыру үшін олардың таным қызметін дамытуды көздейтін сұрақтар
да осы кезде беріледі. Яғни оқушылар осы сабақты оқып үйрену немен
аяқталады, олар қандай білімдерді меңгеріп, қандай біліктерді үйренуі тиіс,
мұғалім жаңа сабаққа байланысты олардан не талап етеді. Осының бәрін алдын
ала біліп, өздерінің жаңа материалды оқып үйрену қызметін осыған бейімдеп
жоспарлауы керек.
Жаңа материалдың тақырыбымен, мақсат-міндетімен, негізгі мәселелерімен
таныстыру және қандай материалға, сұраққа баса назар аудару қажеттігін
ескерту, алдын ала проблемалық, логикалық тапсырмалар беріп қою түрліше
тәсілмен жүзеге асуы мүмкін. Мұғалім сабақтың тақырыбын ауызша хабарлап,
оның міндетімен таныстырғаннан кейін, тақырыпты да, оның негізгі
мәселелерін де оқушылардың дәптерлеріне жазғызады. Егер логикалық
тапсырмалар беретін болса оларды да жазғызып қояды. Бірақ бұл жазу
жұмыстары тым көп уақыт алып кетпеуі тиіс. Демек бұл тәсілді сыныптың
дайындық дәрежесін және жазылатын мәселелердің көлемін ескере отырын
қолданған дұрыс. Кейбір мұғалімдер мұндай жазуларды алдын ала шағын
жылжымалы тақтаға жазып қойып, оны сабақты бастарда іледі. Мұғалімдердің
бірқатары "Бүгінгі сабақта" деген плакат дайындап, әрбір сабақ сайын
толтырып, жаңа сабақты бастарда оны тақтаның қасына іліп қояды. Ол
плакаттың төмендегідей бөлімдері болады. Тақырыбы. Жоспары сабақтың негізгі
мәселелері нені меңгеріп, үйренуіміз тиіс, логикалық тапсырмалар; картамен
жұмыс; жаңа сөздер. Сөйтіп жаңа сабақты бастар алдында сыныпты оған
дайындап, оқушыларды оны оқып-үйренуге барынша жұмылдыру қажет. Шәкірттер
жаңа сабақтың маңызын, мақсат-міндетін, оны оқып-үйренудегі өз міндетін
анық білмесе сабаққа деген ынтасы кемиді.
Жаңа материалды оқып-меңгеру. Жаңа оқу материалы өтілетін сабақ типінің
қайсысында болса да шешуші рөл атқарады. Сабақ уақытының көбі жаңа
материалды оқып үйренуге және оны саналылықпен меңгеруге жұмсалады,
сабақтың бұл элементі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың басым
көпшілігі негізгі материалды ұғып алады. Мұнда мұғалім жетекші рол
атқарады. Ол материалдың мазмұнын ескере отырып, оны оқытып үйрететін
негізгі әдіс, тәсілдерді белгілейді. Жаңа материалды шәкірттерге берік
меңгертудің басты шарты-оны оқып үйренуге оқушылардың өздерін белсенді
қатыстыру. Мұғалім қаншалықты қызықты, тартымды, тіпті көркем, бейнелеп
сөйлегенмен оның 15-20 минуттай айтқан әңгімесін барлық оқушы бірдей ынта
қойып тындамайды, ал ықыластанып тыңдап отырған оқушылардың өзі де айтылған
әңгіменің бәрін қабылдап меңгере алмайды.
Жаңа материалды оқытып меңгертудегі басты міндет - оның қиындау,
күрделілеу мәселелерінің негізін барлық оқушыға сабақ үстінде білгізіп
жіберу. Ол мәселелерді мұғалім оқулықтағыдан әлде қайда толығырақ,
түсініктірек етіп әңгімелейді, бірақ артық ештеме қоспайды, талдап
түсіндіреді.
Сабақтың киындау мәселелерінің бірін мұғалім 4-5 минут әңгімелеп тұрып,
тақтаны, тарихи картаны, оқулықты және оның иллюстрацияларын, тарихи
құжаттың т.б. үзінділерін, бояулы суреттер не техникалық құралдарды
пайдаланып, сол өтіліп отырған материалға, немесе қолданып отырған
құралдарға байланысты сұрақ қойып, оқушыларды тікелей қатыстырып отырады.
Қосымша құралдар болмай, әңгіме тек ғылыми мәселелер туралы болғанның
өзінде де мұғалім, - ал енді мұның себептерін қарастырайық, неліктен осылай
болды екен, қазіргі кезең үшін осы тұжырымның қандай маңызы бар, осыдан
қандай қорытынды жасауға болады, осы теориялық қорытындыға тарихтан нақты
мысалдар келтіріндер деген сияқты сұрақтардың, тапсырмалардың көмегімен
оқушыларды осы материалды оқып үйренуге қатыстырып отырады. Демек сабақты
ауызша баяндағанның өзінде де мұғалім айтатын әрбір сөйлем, белгілі ой
оқушыларды ойландыратындай, олардың ойлау қызметін көздеп отырған мәселені
шешуге бағыттап, жетелеп отыратындай болып құрылғаны дұрыс.
Сабақтың алғашқы күрделі мәселесінің қалған бөлігін, немесе екінші
күрделі мәселе бойынша алдымен оқушылар өздігінше жұмыс істеп, оқулық,
тарихи құжат, сызбалар, кестелер, т.б. , соңынан сұрақтар қойып
әңгімелесіп, мұғалім қорытынды жасаса тиімді болмақ.
Жаңа сабақты оқып үйренуге оқушыларды қатыстырудың тағы бір жолы -
дидактикалық материалдармен, тарих дәптерімен жұмыс істеу. Оқушыларға
арналған мұндай жинақтар қазір 5-7 сыныптар үшін "Атамұра" баспасынан көп
тиражбен шықты. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тарих не "Жұмыс
дәптерімен" үнемі жұмыс істесе олардың білімінің берік болатыны белгілі.
Шәкірттерді 5 сыныптан бастап тарих дәптерімен жұмыс істеуге бір-бірте
үйрете отырып, жоғары сыныптарда сабақтың ең қажетті мәліметтерін:
тақырыбын, негізгі мәселелерін, ұғымдары мен терминдерін және олардың
анықтамаларын, негізгі даталарды, кісі аттары мен атауларды өздігінше жазып
отыратын дәрежеге жеткізген дұрыс. Жоғары класс оқушылары тарих дәптеріне
өтіліп отырған мәселенің толық жоспарын, тезисін тіпті конспектісін де жаза
алады.
Жаңа сабақ материалының негізгі мәселесін оқушылар сыныпта біліп кетуі
үшін оның ішіндегі тірек білімдерді-ұғымдарды, теориялық, қағидаларды,
негізгі оқиғалар мен олардың даталарын бірнеше рет қайталау керек. Оқушылар
оларды толық меңгеру үшін сабақта 5-6 рет әртүрлі жағдайда, түрлі әдіс-
тәсілдің көмегімен қайталаған дұрыс. Мәселен, белгілі бір ұғымды әуелі
ауызша хабарлап, өз сөзімен түсіндіреді; ұғымды және оның анықтамасын
тақтаға жазады, оны оқушылар дәптеріне көшіреді; оқушыларды жаңа терминді
дұрыс, дәл айтуға жаттықтыру үшін мұғалім бір-екі оқушыға дәптерге
жазғандарын оқытады және олардың қалай түсінгендігін өз сөздерімен
айтқызады; сабақты пысықтау кезінде осындай жұмыс орташа оқитын оқушылармен
жүргізіледі; бүгінгі сабақты қорыт-қанда және үйге тапсырма бергенде бұл
мәселелерге тағы да назар аударылады.
Жаңа сабаққа оқушыларды белсендіре қатыстырып отырудың тағы бір жолы -
оларға түрліше сұрақтар қойып отыру. Бірақ көбіне олар ойланып барып жауап
беретіндей сипатта болғаны дұрыс. Мұғалімнің қойған сұрағына байланысты
оқушылар сабақтардан, немесе басқа пәндерден, сондай-ақ басқа да білім
негіздерінен білетіндерін айтып береді, танымдық сипаты бар сұрақтарға
ойланып жауап әзірлейді, тарихи құжатты, оқулықты, көрнекі және т.б.
құралдар мен деректерді пайдалана отырып жауап дайындайды.
Пысықтау және жаңа материалды саналылықпен меңгеру. Мұғалім қаншалықты
жақсы түсіндіргенмен жаңа материалды оқушылар бір айтқаннан түгел меңгере
алмайды. Оны ойдағыдай ұғындыру үшін, өсіресе оның негізгі мәселелерін,
ұғымдарын, кейбір теориялық қағидаларын, терминдерін, атауларын, даталарын
т.б. берік есте сақтауы және де оқушылар көп уақытқа дейін бұл білім
негіздерін ұмытпауы үшін жаңа материалды міндетті түрде пысықтау және
саналылықпен ұғындыру қажет. Мұны жаңа сабақты түгелдей немесе оның әрбір
мәселесін түсіндіріп болысымен өткізш отыруға болады. Егер жаңа сабақтың әр
мәселесі жаңа тарихи құбылысты, оқиғаны, фактіні, немесе теориялық қағиданы
баяндайтын болса, оның негізгі мәселелері мазмұны жөнінен бір-бірімен онша
тығыз байланысты болмаса және жаңа сабақтың негізгі мәселелері күрделілеу
болып, оқушылардың түсінуіне қиындық келтірсе, жаңа материалды пысықтауды
әрбір мәселені түсіндіріп болғаннан кейін, яғни ілестіре жүргізіп отырған
дұрыс. Ал, басқа жағдайда, яғни, жаңа материал онша күрделі болмаса
сабақтың бұл элементін бүкіл сабақ материалын түсіндіріп болғаннан кейін
ұйымдастырған пайдалы.
Мұғалім жаңа сабақты баяндап тұрып, оны оқып үйренуге оқушыларды
қатыстыра отырып, ойландыратындай сұрақ қойып, өтіліп жатқан материалды қай
оқушының қаншалықты меңгергенін байқайды, қандай мәселені оқушылардың
бірінші түсіндіргенде шалалау ұғатынын да біледі.
Оның үстіне қазіргі басты талап – жаңа материалды оқушылар берік, яғни
оның ең басты мәселелерін ұмытпайтындай дәрежеде меңгеруі тиіс. Оқытылған
тарихи факті, оқиға, не құбылыс сол уақытта берік меңгеріледі, егер
оқушылар олардың негізгі белгілерін айыра білсе, бүгін өтілген уақиға мен
құбылысты осыларға ұқсас, бұрын өтілген оқиғалармен, құбылыстармен
салыстырып, олардың ұқсас белгілерін және айырмашылықтарын ажыратып бере
алса. Мұны да мұғалім сабақты түсіндіріп тұрып байқайды. Міне осы
айтылғандардың бәрі жаңа материалды пысықтауды, оқушылардың бүгінгі алған
білімін жинақтап, жүйеге келтіруді талап етеді.
Пысықтау үшін барлық материалды қамтитындай сұрақтар қою міндетті емес.
Қойылған сұрақтар оқушыларды ойландыратындай, күрделілеу мәселені
шешуге бағыттайтындай болғаны дұрыс.
5-6 сыныптар мен 9-11 сыныптарда өтілетін пысықтаудың айырмашылығы бар.
Мәселен, 5 сыныпта өтілген әңгіменің ең маңызды мәселелері жөнінде
оқушылардың түсінігін тындауға болады, оның өзінде де бұл тәсіл оқулықты,
көрнекі құралды т.б. пайдалана отырып жүзеге асырылса пайдалы болмақ. Бұл
сыныптарда пысықтау сұрақтары ұсақтап беріледі және оған жауап беруге
бірнеше оқушы қатысып, соңы әңгімелесуге дейін ұласады.
Жоғары сыныптарда сұрақтар саны аздау болады да, бірақ күрделірек
жауапты талап етеді. Сондай-ақ бұл сыныптарда пысықтау кезінде оқушылар
қиындау мәселені берік әрі саналылықпен меңгеру үшін өздігінше жұмыс
істейді. Сол мәселенің толық жоспарын жасайды, хрестоматияда берілген
құжаттар бойынша мұғалім қойған сұрақтарға жауап әзірлейді т.б.
Пысықтауға мүмкін болғанынша оқушыларды көбірек қатыстырған, әсіресе
орташа үлгіретін оқушыларды басқалардың жауаптарын толықтыруға жиі-жиі
шақырып отырған дұрыс. Жаңа бағдарламаларда біліктерді қалыптастыруға
айырықша мән берілгенін ескере отырып, оған әр сабақ сайын назар аударған
дұрыс. Бұл туралы кейін арнайы тоқталамыз.
Үйге тапсырма беру. Бұл сабақ сайын жүзеге асатын қажетті элементтердің
бірі. Тапсырма бергенде оқушыларға оның міндеттері мен орындалу жолдары
нақты көрсетілуі тиіс. Алдымен өтілген сабақтың тақырыбы, параграфтың рет
саны, оның оқулықтағы беттері дәл көрсетілуі керек. Сонымен қатар
тапсырманы орындау ретінде, яғни қандай басты мәселелерге көңіл аудару
қажеттігін, қай мәселелер қиындық келтіретінін, оларды қалай еткенде толық
орындап, берік меңгеруге болатындығын түсіндірген дұрыс. Оқулыққа қоса
пайдаланылатын материалдар: анықтамалық құралдар, тарихи құжаттар, баспасөз
материалдары т.б. көрсетіледі. Егер оқушыларға өтілген материалдың жай не
толық жоспарын жасау, хронологиялық не басқадай кесте, сызба сызу, тарихи
құжатпен, қосымша материалмен жұмыс істеу сияқты тапсырмалар берілсе оларды
орындау туралы барлық оқушы түсінетіндей толық нүсқау берген дұрыс.
Әдетте оқушылардың белгілі бөлігінің сабаққа үйге берілген тапсырманы
орындамай келетіні жиі кездеседі. Бұл көбіне мына екі жағдайға байланысты
болады. Не, тапсырма орындауға қиын, шамадан тыс көп, сондықтан көп уақыт
алатын болады, немесе оқушылар тапсырманы орындау тәсілін білмейді.
Түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды оқытып үйретуге арналған
сабақ. Көптеген тарихшы мұғалімдердің тәжірибесімен танысу, жүргізілген
зерттеу жұмысының нәтижесі сабақтың осы түрін қазақ тілінде оқытатын
мектептер үшін тарих сабақтарының екінші типі етіп ұсынуға мүмкіндік беріп
отыр. Сабақтың бұл түрімен 8-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы сабақтарының
15-20 пайызы оқытылады. Бұл типтің қажеттігі жоғары сыныптардағы тарих
оқулықтарында көлемі мен мазмұны жөнінен оқушылардың меңгеруіне қиындық
келтіретін оқу материалының барлығынан.
Осы жағдайдан келіп сабақтың түгел немесе түгелге жуық жаңа материалды
оқып үйренуге арналатын типінің қажеттігі туады.
Сабақ негізінен төмендегідей элементтерден құралады: ұйымдастыру
кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды қорыту және оны жаңа
сабақпен байланыстыру, оқушыларды жаңа материалды оқып үйренуге дайындау,
жаңа материалды оқытып үйрету және оны саналылықпен меңгерту, үй
тапсырмасы, сабақты қорытып нәтижесін шығару. Бұларға сабақ уақытын шамамен
төмендегіше бөлген дұрыс. Ұйымдастыру - 1-2 минут, үй тапсырмасын тексеру —
6-10 м. ; өткенді қорытып жаңа сабақпен байланыстыру, оны оқып үйренуте
сыныпты дайындау — 3 м. ; жаңа материалды оқып үйренуге және оны
саналылықпен меңгеруге
30 м. ; үйге тапсырма беруге — 1-2 м. ; және сабақты қорытып, нәтижесін
шығаруға — 1-2 м.
Сабақ осы типпен ұйымдастырылған жағдайда үйге берілген тапсырманы
тексеру мына екі бағыттың бірімен жүргізілгені дұрыс. Мұғалім оқушыларға
сұрақ қойып, олардың тапсырманы қаншалықты орындап келгендігін анықтап
алады да, тапсырмаға берілген материалдың негізгі мәселелері бойынша
оқушылармен әнгімелеседі.
Немесе үй тапсырмасының белгілі бір күрделі сұрағы бойынша бір-екі
оқушының жауабын толық тыңдайды да, тапсырманың қалған мәселелері бойынша
бүкіл сыныпты қатыстыра отырып, шолып әңгімелеседі.
Мұнан әрі мұғалім өткен сабақты қорытады, оны бүгінгі сабақпен
байланыстырады, өткен сабақ бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
Әсіресе оқушылардың назарын жаңа сабақтың маңызына, негізгі мәселелеріне,
оның ішінде күрделілеріне аударып, бүгінгі материалды толық меңгеру үшін
оқушылардың барынша жұмылып, жұмыс істеуі қажеттігін ескертеді.
Жаңа материалды оқып үйренуге, оны саналылықпен меңгеруге бөлінген
уақытты барынша тиімді пайдалану үшін мұғалім алдын ала бүгінгі материалмен
мұқият танысып, оның ең негізгі мәселелерін іріктеп, оларды оқытып үйрету
әдістерін белгілейді. Материалдың қай бөлігін мұғалім баяндайтынын, қандай
материалды оқушыларға өздігінше жұмыс істеу арқылы оқытып үйретуге
болатынын анықтайды.
Жаңа материалды пысықтау немесе саналылықпен меңгерту міндеті оның
мазмұнына байланысты не жаңа сабақты оқып үйрену барысында жүзеге асырылады
немесе жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін оқушылар әлі толық
меңгере алмаған мәселелер бойынша жүргізіледі.
Сабақтың бұл екі элементі бойынша жұмыс жүргізілген уақытта оқушылар
тарих дәптерлеріне тек сабақтың тақырыбы мен негізгі мәселелерін немесе
жоспарын ғана емес, сонымен қатар жаңа ұғымдар мен терминдерді, атауларды,
тарихи даталарды т.б. жазып отырады. Егер оқушылар тарихи құжаттармен жұмыс
істесе, өздігінше жұмыстың басқа да түрлерін атқарса, оның да нәтижесі
тарих дәптерлерінде болуы тиіс.
Үй тапсырмасын бергеннен кейін мұғалім бүгінгі жаңа сабаққа қысқаша
қорытынды жасайды: тақырыпты, оның мазмұнын, сондай-ақ негізгі мәселелерін
тағы да оқушылардың есіне салып, сабақтың нәтижесін талдайды.
Түсіңдірмелі оқу сабағы. Орта мектепте тарих пәнін оқыту әдістемесіне
арналған әдебиеттерде тарих сабағының мұндай типі көрсетілмеген. Мұндай
сабақ типі көбіне бастауыш мектепте, онда да оқу сабақтарында (ана тілі
пәнін оқытуда) кездеседі.
Ана тілі пәнінің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін жүзеге
асыруда сабақтың бұл типі ерекше маңызды. Мұндай сабақта оқушылардың сөйлеу
тілі, жазу сауаттылығы, ойлау қызметі дамытыла түседі. Мәнерлеп оқу да
осындай сабақтарда жүзеге асады.
Тарихты оқыту әдістемесіне сабақтың бұл типін ұсынуымызға төмендегідей
жағдайлар себеп болды. Мектептерде тарихты оқытуда орын алып отырған
кемшіліктердің бірі — 5 сыныптағы тарих пәні мен бастауыш сыныптардағы
пәндердің, әсіресе 3-4 сыныптардағы ана тілі, дүние тануды оқытуда
сабақтастықтың ескерілмейтіндігінен екен. Бұған кінәлі мектеп басшылары.
Жалпы білім беретін мектепке арналған оқу жоспары бойынша 4 сыныпта 7
пән оқытылады, ал 5 сыныпта жаңадан екі пән қосылады. Олар: шет тілі және
тарих. Бұл пәндердің алғашқысын оқып, меңгеру оқушыларға онша қиындық
келтірмейді, өйткені тіл пәні бойынша істелетін оқу қызметі оқушыларға
бұрыннан таныс. Ал, тарих бастауыштан келген оқушылар үшін мүлде жаңа пән,
маңызы жөнінен ерекше. Мектепте жеті жыл бойы оқытылатын осы пәннің алдына
қойылған аса маңызды мақсаттар мен міндеттерді ойдағыдай орындау оның 5
сыныпта қалай оқытылғанына, кім оқытқанына байланысты. Осы сыныпта тарих
пәні алғашқы күннен бастап талапқа сай оқытылса оқушылар өмір бойы бұл
пәнге қызығатын болады, оны ынталана оқиды, ал сапасыз оқытылса тарих
оқушылардың көпшілігі үшін, "сүйкімсіз" пән болып қала береді.
Соңдықтан мектеп басшылары бұл мәселеге өте жауапкершілікпен қарағаны
дұрыс. Атап, айтқанда: келесі жылы 5 сыныпта тарихтан сабақ беретін мұғалім
биылғы қыркүйекте ескертіледі, ал ол бастауыш сыныптарда сабақ беру
әдістемесімен, әсіресе ана тілін, дүниетану пәндерін оқыту әдістемесімен,
осы пәндердің бағдарламаларымен, оқулықтарымен танысады, аталған пәндердің
сабақтарына қатысады, оқушылардың үлгерімін бақылап байқайды, түсіндірмелі
оқу әдістемесін меңгереді, мәнерлеп оқуға қойылатын талаптармен танысады.
Жыл аяғына қарай осы сыныпта сабақ беретін ұстазбен бірлесе отырып, тарихшы
мұғалім кейбір оқушыларға жазғы каникулға тапсырма береді, бұл әңгімеге ата-
аналарда араластырылады.
Мектеп басшылары 5 сыныпқа тарихтан сабақ беретін мұғалімді тандауға да
аса талғампаздықпен қарағаны дұрыс. Жоғары білімді тарихшы, ежелгі тарихты
терең білетін, педагогикадан, балалар психологиясынан, тарихты оқыту
әдістемесінен мол хабардар екенін былай қойғанда, ол қазақша өте түсінікті
сөйлейтін, балалар тілін жақсы білетін, оқушыны жанындай жақсы көретін,
таза ұлтжанды, еңбекқор, өзінің міндетіне асқан жауапкершілікпен қарайтын
т.б. ерекшеліктері бар ұстаз болуы шарт.
Кейінгі жылдарда жүргізілген зерттеу жұмыстары іс жүзінде жоғарыдағы
талаптардың орындала бермейтін көрсетіп отыр: 1) бірде-бір мектеп басшысы
(директор, оқу ісінің меңгерушісі) бір жыл бұрын ескертпейді; 2) сол
басшылардың 12-13% ғана оқу жылының екінші жартысында ескертеді; ал
қалғандары оқу жылы аяғында, тіпті тамыз айында хабарлайды; 3) 5 сыныпқа
тағайындалған мұғалімнің тең жартысынан көбі талапқа сай келмейді (жоғары
білімді тарихшы емес, әдістемені, әсіресе бастауыш мектептің оқыту
әдістемесін жөнді білмейді, бастауыш мектеп оқушылары психологиясынан
хабары жоқ т.б. ). Осылардың салдарынан 5 сыныптағы тарих пәнінің алғашқы
сабақтары сапасыз өтеді, мұның өзі оқушылардың осы пәнге деген
қызығушылығын төмендетеді.
Осы жағдайларды ескере келіп, 5 сыныпта оқу жылының бірінші жартысында
екі курстан да "Тарихқа саяхат — тарихқа кіріспе" деген бөлім ендіріліп
отыр. Бұл кіріспе бөлім оқушыларды тарих пәнінің жүйелі курстарын ойдағыдай
оқып үйренуге дайындайды. Осы кіріспе бөлім сабақтарының көбі түсіндірмелі
оқу әдісімен өткен тиімді. Бұл сабақтардағы негізгі әдіс — оқулықтағы
тарихи мәтінді оқушылар кезекпен оқиды, сол мәтіннің мазмұнын оқушы өз
сөзімен айтып береді. Сондықтан да бұл әдіс "түсіндірмелі оқу" деп аталады.
"Түсіндірмелі оқу" кезінде басқа да жұмыстар орындалады, атап айтқанда
мәнерлеп оқу, мәтінге тақырып қою, негізгі ойды табу т.б. "Түсіндірмелі
оқу" негізінен 5 сыныптағы оқу жылының алғашқы жартысында қолданылады. Бұл
туралы "Ежелгі Қазақстан. Оқыту әдістемесі 5" деген әдістемелік құралда
толық айтылған.
Біліктерді қалыптастыру сабағы. Мектеп оқушыларында 1-сыныптан бастап,
мектеп бітіргенше белгілі біліктердің қалыптасуы қажет екендігі өткен
ғасырдың 60 жылдарының орта кезінен-ақ талап етілген болатын. Өйткені
бағдарламаға қарап отырып, бұрынғы сыныптарда оқушыларда қандай біліктер
қалыптасуы тиіс екенін, ал биылғы оқу жылында олардың қандай түрлері
қалыптасатынын ескеріп, өзінің әдістемелік жұмысын осыған қарай бейімдей
алады.
Біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы
аса зор. Оқушы белгілі білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасай
отырып, тарихи мәтін бойынша жай не толық жоспар жасау, хронологиялық не
синхрондық кесте сызу, тарихи оқиғаларды салыстыра отырып, ұқсастықтары мен
айырмашылығын табу т.б. өтілген тарихи материалды қайта есіне түсіреді,
оның негізгі мәселелерін ой елегінен өткізіп, ең қажеттілерін пайдаланады.
Бұл негізгі білімді оқушы көп уақытқа дейін ұмытпайды. Оқушы өткенді еске
түсіріп, оны талдап, салыстырып және қорытындысын белгілі логикалық жүйемен
қағаз бетіне түсіру үшін барынша ойланады, бірнеше ойлау операцияларын
жасайды. Мұның бәрі оқушының таным қызметін, ойын және ойлауын дамытады.
Берілген тапсырманы орындай отырып, оқушы бұрыннан меңгерген біліктерін
одан әрі жетілдіріп, бекіте түседі. Олар бірте-бірте тез және сауатты
жазатын, сызатын болады, қойылған сұраққа дәл және шапшаң жауап беруге
жаттығады, жоспар, хабар, тезис, конспект жасауға машықтанады. Мұның бәрі
оларға келешекте, еңбек ете жүріп, түрлі практикалық жұмыстарды қиналмай
орындауға, өз білімін үнемі өздігінше толықтырып отыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан да біліктерді қалыптастыру жұмысы тарих сабақтарында үнемі,
жоспарлы, жүйелі әрі алдын ала әзірленген үлкен дайындықпен жүргізіліп
отыруы тиіс.
Қарастырылып отырған мәселенің осындай маңызын ескере келіп, алдымен
тарих сабақтарындағы біліктердің көлемі және оларды қалыптастыру жайы
туралы қысқаша, сосын оларды сабақта жүзеге асыру туралы баяндайық.
Тарих пәнінің енді ғана пайдалануға берілген бағдарламаларында 5-9
сыныптарда, яғни оқушылар негізгі мектепте тарих пәнін бес жыл оқығанда
оларда әртүрлі 80 білік қалыптасуы тиіс деп көрсетілген.
Бастауыш мектепті бітірш, 5-сыныпта тарих пәнін оқуға кіріскен оқушы:
минутына 90-140 сөзді шапшаң, дұрыс мәнерлеп оқи алуы; оқыған мәтіннің жай
жоспарын жасауы; өзі жасаған жоспары бойынша 90-100 сөзден құрылатын
мәтінді сауатты жазуы; сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып айтуы;
оқыған мәтінге тақырып қоюуы; онда негізгі ойды аңғара білуі т.б. орындай
алуы тиіс. Осының бәрі одан әрі оқытылатын тарихтың жүйелі курстарын жақсы
меңгеру үшін қажет.
5 сыныпта бастауыш мектепте үйренген біліктерін одан әрі жетілдіре
отырып, тарихтағы жыл санауды дұрыс қолдана білуге; оқиғаларды талдауға
және олардың негізгі себептерін табуға; контур картаны толтыруға;
ұғымдардың белгілерін айырып көрсетуге; тарихи картадан елдердің
георафиялық орнын көрсете білуге; фактілерді талдап, салыстыра отырып,
қарапайым қорытындылар жасауға; оқулықта берілген сұрақтар бойынша түрлі
тапсырмаларды орындауға, негізгі тарихи даталарды берік есте сақтай білуге
т.б. орындауға жаттықтырылады. 6-7 сыныптарда оқушылар бұған дейінгі
меңгергендерін одан әрі бекіте отырып, синхрондық кестелер сызады, тарихи
текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың,
үрдістердің қысқаша салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен
құбылыстарды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи
карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы
кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгеру, сыныптастарының жауабына ауызша
пікір айту сияқты басқа да біліктерді меңгереді.
Ал, 8 сыныпта оқушылар конспект, баяндама, карта-схема, салыстырмалы
кесте, диаграмма жасауға жаттығады; көрсеткіш әдебиеттерді — сөздіктерді,
түрлі деректерді, каталогтарды пайдалана алады, басқа оқушылар дайындаған
баяндамаларға пікір айтады; тарихи фактілерді талдап, қорытынды жасайды;
күрделі емес тарихи ұғымдарға өздігінше анықтама береді; алған тарихи
білімдерін, жаңа тарихи білімдерді талдағанда, оларды бір-бірімен
салыстырғанда және қорытынды жасағанда пайдаланады; қоғамдық-саяси,
мемлекеттік құжаттар үзінділерімен жұмыс жасауды үйренеді; тарихи оқиғалар
мен құбылыстардың себептерін, салдарын, маңызын және таптық мәнін талдап,
салыстыра алады т.б.
9 сыныпта талап бұрынғыдан да қиындап, біліктер күрделене түседі. Енді
оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен бірнеше деректерді
пайдалана отырып, өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды;
бұрын алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, оқытылып отырған тарихи
оқиғалар мен фактілерге баға береді; мектепте қолданылатын кез-келген
тарихи картаның мазмұнын толық оқып, ашып береді; төменгі сыныптар
оқушылары, ата-аналар алдында хабар, баяндама жасайды т.б.
Біліктерді қалыптастырудың аса маңызды екеніне қарамастан мектептерде
жұмыстың бұл түріне тиісті дәрежеде көңіл бөлінбей келеді. Сондықтан да біз
біліктерді қалыптастыру мәселесіне арнайы тоқталдық. Шығармашылықпен
ойластырған жағдайда күнделікті сабақтың ең болмағанда бір-екі элементінде
түрлі біліктердің бір не бірнеше түрі бойынша жұмыс жүргізуге болатынын
озат мұғалімдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Кейде, әсіресе жоғары
сыныптарда бүкіл сабақты біліктерді қалыптастыруға арнауға болады. Мұнан
бұл сабақтарда тек белгілі бір біліктерді қалыптастыру мақсат етіледі деген
ұғым тумауы тиіс. Өйткені ол сабақтарда да үйге берілген тапсырма
тексеріліп, жаңа материал оқытылып үйретілуі мүмкін. Бірақ сабақтың барлық
элементтері де белгілі бір біліктерді қалыптастыруға жұмылдырылады.
Осы параграфтың басында көрсетілген тарих сабақтарының типтерінен біз
қорытып — қайталау сабақтарына тоқталған жоқпыз, өйткені бұл туралы осы
еңбекте арнайы тарау беріліп отыр.
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары
Тарих пәнінен оқушылардың алған білімін, қалыптасқан біліктерін одан
әрі дамыта түсу, тәрбиелілігін жақсарту мақсатында, сондай-ақ олардың талап-
тілегін қанағаттандырып, таным белсенділігін арттыра түсу үшін тарихты
оқытудың сабақтан басқа да түрлері қолданылады. Олар дидактикада ғылыми-
әдістемелік тұрғыда дәлелденіп, мектеп тәжірибесінде көптен пайдаланылуда.
Бұлардың қатарына тарихты оқытудың мектептік семинары, мектептік лекциясы,
лабораториялық-практикалық т.б. формалары жатады.
Біз бұған дейінгі шағын монография түріндегі әдістемелік еңбектерімізде
Қазақстан тарихынан оқытудың мұндай түрлеріне тоқталған жоқпыз. Оның басты
себебі ол кезде мұғалімдер мен оқушылар үшін қосымша құралдардың жоқтығы
еді. Қазір мұндай құралдар жеткілікті.
Қазақстан тарихының мектептік семинары. Әдетте кейбір мұғалімдер
семинарды оқытудың конференция - сабақ, қайталау сабақтарымен шатастырады.
Ондай жаңылысуларға жол бермеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек.
Семинарды конференциямен жаңылыстыру тәжірибеде кездесетін
қателіктердің бірі. Ұжымдық талқылаусыз семинар болмайды. Тағы бір қателік
— семинарды қорытынды-қайталау сабағымен жаңылыстыру: онда оқушылар тек
тақырыпта оқып үйренген материалға ғана сүйене отырып сөйлейді.
Үшінші қателік — семинарды лабораториялық-практикалық сабақтармен
шатастыру. Осы жағдайлар мектептік семинардың кейбір белгілерін атап
көрсетуді қажет етеді.
а) семинарға әзірлену барысында оқушылар жаңа шыққан әдебиеттерді,
алғашқы деректерді өздігінен оқып үйренеді; семинарда міндетті түрде жаңа
материалды да оқып үйрену көзделеді;
ә) семинарда жоспардағы негізгі мәселелер бойынша ұжымдық талқылау
жүзеге асады.
Сонымен семинардың алдында барлық оқушы өздігінше жұмыс істеулері
қажет. Тіпті, жекелеген оқушылар мұғалімнен ерекше, жеке тапсырмалар алған
күнде де, қалған оқушыларға өздігінен жұмыс істеуді және оны қорытындылауды
мақсат етеді.
Қазақстан тарихынан мектептік семинар 8-11 сыныптарда оқу жылында 3-4
рет ұйымдастырылса жеткілікті. Алынған тақырыптың көлемі мен мазмұнына
қарай бір не екі сағаттық болып ұйымдастырылуы мүмкін.
Семинардың тақырыбын таңдағанда төмендегілерді ескерген дұрыс.
1) Семинар көбіне енді оқытылатын жаңа тақырып бойынша ұйымдастырылады,
бірақ онда қарастырылатын бірқатар мәселелер оқушыларға бұрыннан таныс
болғаны тиімді.
2) Алынған тақырып білімдік, тәрбиелік, оқушылардың ойлау қызметін
дамытушылық жағынан маңызды әрі қызықтыратын болуы тиіс. Демек семинардың
өтіліп жатқан үлкен тақырыптың орта тұсында немесе соңғы жағында
ұйымдастырылғаны тиімді.
3) Барлық оқушыда оқулыққа қоса 2-3 қосымша әдебиет болуы керек.
4) Оқушыларда өздігінше жұмыс істеудің бірқатар біліктері қалыптасқан
болуы тиіс: қысқаша хабар, баяндама жасау, талқылауға қатысу, басқа адамның
жауабына пікір айту т.б.
Семинар-алғашқы тақырыпты қайталауға да, кейінгі екі тақырыпшаны толық
оқытып үйретуге де мүмкіндік береді. Өйткені, бұл тақырыпшалардың мазмұны
бір-бірімен тығыз байланысты, әрі қосымша пайдаланатын әдебиеттер де
жеткілікті.
Семинарды дайындауға және өткізуге төмендегідей әдістемелік талаптар
қойылады:
а) Семинардың болатыны 3-4 апта бұрын оқушыларға ескертіледі, қаралатын
мәселелер, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі беріледі. Бір сағаттық
семинарға 3-4 сұрақ жеткілікті;
ә) Оқушылардың келісімімен негізгі және қосымша баяндамашылар
белгіленгені дұрыс. Міндетті, қосымша әдебиеттерді оқушылардың бәрі оқиды,
оған қоса шағын кітапша не бір-бір мақала оқыса өте жақсы;
б) мұғалім баяндамашыларға кеңес-консультация береді, әдебиеттер
таңдауына, кітапханада каталогтар мен ғылыми, мемуарлық әдебиеттермен жұмыс
істеуіне, үзінділер, цифрлар, фактілер, сөздіктер алуына, библиография
жасауына көмектеседі;
в) мұғалімнің өзі де жақсы дайындалуы тиіс. Семинардың мақсатын дәл
анықтап, жоспарын ойланып жасайды, уақытты дұрыс пайдалануды жоспарлайды.
Ұсынылған әдебиеттердің бәрін өзі оқып шығады, кіріспе, қорытынды сөзін, әр
сұрақ бойынша сөйлейтін сөздерін күні бұрын ойланады.
Мектептік лекция. 9-11 сыныптарда кейбір тақырыптарды лекция етіп
өткізуге болды. Ол үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
1) тақырып көлемді әрі күрделі, қоғамдық — саяси мазмұны бар,
құбылыстар мен оқиғалардың заңдылығын ашып көрсететін, жан-жақты, терең
ғылыми талдауды қажет ететін болуы тиіс;
2) бағдарламалық материалдың теориялық жағы басым болса ("ҚР-ның
келешектегі қоғамдық-саяси дамуы", Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030"
еңбегін пайдалана отырып);
3) жыл аяғында өтілген материалды қайталау кезінде, әсіресе тарих пен
"Адам және қоғам" пәндерінен мектеп бітіретін сыныпта шолу лекциялар
ұйымдастыруға болады.
Мектеп лекциясына қойылатын ғылыми — әдістемелік талаптар:
1) лекция оқушыларды пәнге қызықтыруда, олардың саяси-қоғамдық, тарихи
білімдерін толықтыруда, дүниеге ғылыми көзқарасын, тарихи ойлауын
қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Мұның өзі мұғалімге үлкен
жауапкершілік жүктейді, ол тақырыпты ғылыми жағынан терең білуі, жақсы
сөйлеуі тиіс;
2) лекцияның мазмұны оқулықтан әлдеқайда кең болып, жаңа деректерді
қамтуы керек;
3) лекцияның ішкі мазмұны көрнекі, бейнелі болып, өткен тарихты
оқушылардың көз алдына елестете алуы, сонымен қатар саяси-қоғамдық, тарихи
оқиғаларды талдап жинақтаудың үлгісін көрсетуі тиіс;
4) лекцияның мазмұнын оқушылар толық меңгеруі үшін мұғалім өзінің
сөйлеу өнерін жетілдіре түсуі қажет: ғылыми жағынан тереңдігі, баяндауының
қисындылығы, ауқымдылығы мен оқушыларға түсініктілігі сияқты сапалық
жақтарына баса назар аударған дұрыс.
Лекцияны дайындағанда мұғалім төмендегідей әдістемелік ұсыныстарды
басшылыққа алса пайдалы болады:
1) тақырыпты анықтап, мақсатын белгілегеннен кейін лекцияның жоспары
жасалады. Бұл қысқа жоспарда лекцияның негізгі мәселелері көрсетіледі. Одан
әрі оқытушы әдебиеттерді оқуға кіріседі (деректер, монографиялар, баспасөз
материалдары т.б. ). Осыдан кейін лекцияның жоспарын жасауға, мазмұнын
белгілеуге болады. Мұнда негізгі идеялары дәлденеді, жоспары өңделеді, оны
сапалы ететін кейбір қосымша материалдар іріктеледі. Мазмұнын дайындап
болғаннан кейін әдістемелік мәселелер қарастырылады;
2) оқушылар лекцияны тыңдай отырып, оның толық жоспарын, не тезисін,
немесе конспект жасайды. Бұларды орындау үшін оларда бұл біліктер бұрын
қалыптасқан болуы тиіс. Оқушылардың таным қызметін дамыту жолдарын
ойластыру керек, мәселен, оларға бірнеше фактілерді салыстыруға, өздеріне
қорытынды жасаттыруға болады, ара-тұра олармен әңгімелескен де пайдалы;
3) жоғары оқу орынындағы лекциядан мектеп лекциясының айырмашылығы 30,
40 немесе 45 минут қана болады. Мұғалім лекциясын бірнеше рет үзіп,
оқушыларға ойланатын сұрақтар қояды. Лекция кіріспемен басталып,
қорытындымен аяқталады. Лекцияны 9-да 1 сабақ материалы бойынша, 10-11
сыныптарда 2-3 сабақ материалы бойынша ұйымдастыруға болады. Ондайда
лекциядан кейін қайталау, немесе білім тексеру сабағын ұйымдастырған дұрыс.
Тарих пәнін оқытудың мектептік лабораториялық-практикалық формасы.
Оқытудың бұл түрі — оқушылардың мұғалім басшылығымен түрлі деректермен
өздігінше жұмыс істеуі. Осының барысында олар бұрын алған білімдерін осы
сабақта пайдаланады, тарихи зерттеулердің әдістерімен танысады, жаңа
білімді және практикалық біліктерді меңгереді. Бірақ оқытудың бұл формасын
тек біліктерді меңгерту деп қарасақ дұрыс болмайды. Жұмыстың мақсаты —
негізгі деректердің мазмұнын меңгеру, соның барысында бұрыннан қалыптасқан
біліктерді одан әрі жетілдіре түсу.
Оқытудың практикалық түрін дайындағанда төмендегі талаптарды ескеру
қажет: бүгін жұмыс істейтін деректерге оқушылардың бұрын тарихтан алған
білімдерінің қайсысы тереңірек білімдер бола алады? Олар бұрын меңгерген
қандай ұғымдар мен теориялық білімдерін бүгінгі сұрақтарды шешуге пайдалана
алады? Оқушылар бүгінгі сабақта қандай маңызды білімді меңгере алады?
Деректермен жұмыс істеу барысында және сабақ соңында қандай қорытындылар
жасалуы тиіс; деректермен жұмыс істегеңде оқушылар бұрын меңгерген қандай
біліктерді пайдалана алады? Білім меңгерудің, зерттеудің қандай әдіс,
тәсілдермен таныса алады? Бұл сабақ оқушыларды тәрбиелеуге қалай және
қандай үлес қосады?
Практикалық сабақтың негізгі білімдік мақсаты: деректерде баяндалатын
оқиғалар мен құбылыстардың себептік-салдарлық байланыстарының,
зандылықтарының мәнін түсіну және осы деректердің мазмұны мен сипатына сай
келетін деректермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру.
Тарих пен "Адам және қоғам" пәндерінен практикалық сабақтарды
ұйымдастырудың басты шартының бірі - оқушыларда тарихи деректердің,
құжаттардың басқа да материалдардың не олардың мәтіндерінің болуы.
Бұлармен қатар білім беруді ұйымдастырудың басқа да түрлері (формалары)
бар. Олар: экскурсия, кеңес-консультация, әңгімелесу сияқты түрлері.
Қазақстан тарихын оқыту әдістері
Оқушылардың таным-ойлау қызметін дамыту әдістерінің қолданылу жайы
қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық жіктеліп-
сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі
еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегінше жіктеліп-сарапталады: 1.
Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша
баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесуі
жатқызылды; 2. Тарихты көрнекі құралдар көмегімен оқыту әдістері: бұған
бояулы суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және
портретті, карикатураны, картаны, экрандық және басқа да техникалық
құралдарды пайдалану жатқызылды; 3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен
жұмыс істеу әдістері: бұған оқулықпен, тарихи құжаттармен, көркем
әдебиетпен жұмыс істеу әдістері қосылды.
Оқыту әдістерін бұлайша жіктеу-сараптауда мұғалім мен оқушының сабақ
үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал
(тарихи құжат, көрнекі не техникалық құрал, оқулық т.б. ) шешуші рөл
атқарды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, соның
ішінде дидактика едәуір дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі -
жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы
қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы
керек. Оқушылардың меңгерген білімі олардың өздерінің ойлау қызметінің іс-
әрекетінің нәтижесі болуы тиіс. Сонда ғана алған білім берік болады.
Сөйтіп, сабақта оқушылардың таным, ойлау қызметін, іс-әрекетін дамыту
бірінші кезекке шықты, басты міндет етіп қойылды.
Осыған сәйкес оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар
ғалымдар барлық пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп-
саралады:
Иллюстрациялап түсіңдіру әдісі — бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және
әңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалық,
көрнекі т.б. құралдар, көркем әдебиет т.б. ) қамтиды. Бұл әдісті қолдану
барысында мұғалім де, оқушылар да қызмет етеді.
Репродуктивті әдіс — оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды
көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген
білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші
әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезіңде оқушылар
мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет
және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады.
Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен
салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал
бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, теориялық
қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар
келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі - мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар
алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мөселесін түсіндіруге кіріскенде
оқушылардың алдына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам
жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нүсқаларын ұсынады. Оқушылар
мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын
қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардың, шығарылған
қорытындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын, дәлелділігін аңғарады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс — оқушыларды бірте-бірте
белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді
көздейді, осыған қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мәселен,
бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып,
проблеманы шешуге үйретеді; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz