Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т. б. ) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс - әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан - ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.

Адамның дүниеге қарым - қатынасының мәнін ашу - негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан - жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған.

Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады) - тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері

Вольтер (1694-1778) - жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді.

Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге В. қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұятеркіндігін ерекше қарсы қойған. В. пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ. В. басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Алреформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.

Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. "Тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.

Пәлсапа -адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б. з. д. 7-6 ғ. ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

  • Мифология(гр. Myfos-аңыз, logos-ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т. б.
  • Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
  • Философия- дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
  1. Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
  2. Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік) .
  3. Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады) .

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б. з. д. 384-322 ж. ж. ) .

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында) ; гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология -адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Материя -адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т. б.

Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

-Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

-Субьектвті идеализм (Беркли, Юм) .

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экзистенциализм - рухани қайшылықтар философиясы
Экзистенциализм жайында
Түпнұсқалар негізінде адам мәселесін экзистенциалдық түсіну туралы сараптамалық шолу
Болмыстың негізгі түрлер
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Жеке тұлғаның дамуы, баланың дамуына сынып ұжымының ықпалы
Табиғат болмысы
Құндылықтардың жіктелуі
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz