Тарих философия


Тарих философия
Тарих философиясының іргелі категорияларына мәдениет және цивилизация ұғымдарын жатқызуға болатын сияқты. Көп жағдайларда олар бірмағыналық дәрежеде пайдаланылатыны да рас. Мәдениет деген түбі араб сөзі «қалалық», ал цивилизация деген латын сөзі де қыалғаш уақытты «қалалық», «азаматтық» деген мағынамен сөздіктерге кірген. Ал Орта ғасырларда «қала» деген ұғымды «қоғам» ретінде түсінсе, онда олардың бір-бірімен ұласып кететіні де рас. Сонымен, кең түрде алғанда, мәдениет деп тағы алғашқы табиғатқа қарсы тұрған, адамдардың іс-әрекетгері арқылы өзгертілген дүниені айтамыз. «Культура» деген сөздің өзінің тұп мағынасы «ѳндеу», «ѳзгерту». ал «культ» деген сез белгілі бір нәрселерге табыну, көну деген мағына береді. Ал өзгертілген дүниенің (оны кейбір кезде «екінші табигат» дейді) ерекшелігі неде? Өзгертілген заттарда адамның ақыл-ойы, шығармашылық іс-әрекеттері заттанады. Сол заттарды игеріп, пайдаланган кезде ондағы заттанған рух тағы да «жалт етіп жанып» адамның санасының құрамдас бөлігіне, яғни оның ішкі дүниесіне айналады.
Кең түрде мәдениетті екі салаға бөлуге болады. Олар -материалдық және рухани мәдениет, Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы - адамға керек қажеттіліктерді өтеуде. Егерде белгілі бір зат адамның физиологиялық, материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандырса, оны материалдық, ал - рухани сұраныстарын етесе - рухани мәдениет құндылықтарына жатқызамыз.
Енді цивилизация ұғымына келер болсак, біріншіден айтып кететін жайт - бұл ұғымның көпмағыналығы. «Civilitas», деген латын сөзі «қалалық», «азаматтық» деген мағына береді. Енді бұл ұғымға берілетін бірнеше негізгі түсініктерді атап өтейік. Біріншіден, цивилизация алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келетін адамзат тарихынын сатысы (Л. Морган, Ф. Энгельс) .
Екіншіден, цивилизация дегеніміз - қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-сезімдік өмірлік бағытына көшуі, руханияттын азғындауы (О. Шпенглер, Ж. Ж. Руссо) .
Үшіншіден, цивилизация дегеніміз, белгілі бір географиялық ойкуменада (аймақта) қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір салты, мәдени құндылықтар, шаруашылық формалары (А. Тойнби, В. Данилевский) . Тортіншіден, ендіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқтарының бұлжымай орындалуы, «тқтыну қоғамының» орнауы (Д. Бэлл, З. Бзежинский) . Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып келгенде, дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан қоғам (В. Мак-Нил, С. Хантингтон) . Әрине мұндай көпмағыналық ұғым тарихи үрдісті әртүрлі тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді.
Енді тарихи үрдісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау әдістемелеріне келер болсақ, осы ұғымдардың көпмағыналығына сай әртүрлі тұжырымнамаларды көруге болады. Алғашқы рет адамзат тарихына көз жіберіп «циклдік», яғни белгілі бір шеңберде дамып, соңында бастапқы сатысына қайта оралу идеясын философияға енгізген Джанбатисто Вико (1668-1774 жж. ) болатын. Осы шеңберде белгілі бір мәдени қауымдастық, ұлт үш дәуірден өтеді екен. Бірінші - діни, екінші - батырлық, үшінші - азаматтық, содан кейін бастапқы діни сатыға қайта оралады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің халықтың тарихи батырлық сатысы, шамасы, Алтын Орда мемлекетінің заманында болса керек. Қазір біз азаматтық қоғам орнату үрдісіндеміз.
Жүре келе, мүндай «циклдік» идея біршама тарихи-сопылық көзқарастардың негізіне алынды. Тарихи бірінші болып «мәдени-тарихи типтер» ұғымын енгізіп, соның арқасында тарихты сопылап керген орыс ғалымы Н. Я. Данилевский (1822-1885 жж. ) болғанды. Ол Батыс Еуропа елдерінің «германо-романдық» тарихи даму жолын жан-жақтын деп есептемей, керісінше, оның рухани-адамгершілік дағдарыста, болашағының жоқ екенін көрсетеді. Оның ойынша, адамзат тарихының дамуы «мәдени-тарихи типтердің» өзара бір-бірімен күресі жолында дамиды. Бірақ бұл күресте алға шыққан негізі мен құрылымы жағынан мықты тип тарихи үрдістің негізін құрайды. «Мәдени-тарихи типтер» сол қауымдастыққа кіретін халықтардың ортақ тілін талап етеді. Екіншіден, ол халықтардың саяси дербестігі болуы қажет, үшіншіден, ол толыққанды болуы үшін әртүрлі халықтар мен ұлыстардан тұруы қажет. Қарап отырсақ, аз-мұз жетілген бұрынғы Ресей империясы көз алдымызға келеді. Оның ойынша, егер славяндардың тарихи болашағы мол болып, олар көштің басынлн болса, ғұндер мен түріктер тек қана қиратуға жаратылған халықтар екен.
Сонымен XX ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар постиндустриалдық (post - кейінгі) сатыға кетеріледі. Оны кейбір кезде информациялық (ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриалдық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте оларды «алтын миллиард» деп атап кеткен) . Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т. с. с. жатқызуға болады.
Постиндустриалдық қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезінгенмен, іс жүзінде, биліктегілердің байқалмай т ын нәзік ықпалының шеңберінен шыға алмайды. Оны іске асыратын -сол елдердегі «Mass-media» (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану тілінде оны «public relation», қысқаша, «P. R. » (бұқаралық қарым-қатынас) деп атайды. Ол әсіресе сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір «қара» жақтары біздің елімізге де кепіл жетті емес пе?
«Осындай өмір салтының негізінде Батыс қоғамдарында тұлғалық ерекшеленуліктің орнына біркелкілік келіп, іс жүзінде халық бұқарасының көпшілігі массаға (біркелкі адамдарға) айналды», - деп қорытады XX ғ. испан ойшылы Х. Ор т ега-и-Гассет. Оған себепкер болған өндірісті конвейерлеу, миллиондаған бір-біріне толығынан ұқсас заттарды жасау және оны тұтыну, орташа, тіпті тұрпайы талғамға сәйке с келетін мәдениет туындыларын жасау және оны миллиондаған адамдардың тұтынуы т. б.
Саясат философиясы
Қоғам өмірінің келесі саласы - саяси-құқтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Ұлы Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде-ақ атап кеткен болатын. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың т. с. с. үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі, Олай болса, саясат миллиондаған ортақ мүддесі бар адамдардың мақсат-мұраттарын шындап, қогам өміріне әкеледі. Саясаттың екінші жағы - әртүрлі мүддесі бар топтардың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу болмақ.
Олай болса, заңды сұрақ туады: саясаттың қандай қасиеттері қоғамның біртұтастығын сақтап, әртүрлі топтардың мүдделерін бір-бірімен ретке келтіреді? Оны біз биліктен табамыз. Бірақ саяси билік - жалпы әлеуметтану категориясы ретіндегі биліктің бір түрі ғана. Расында да, біз тұлғаның өз-өзін билейтіні, адамның табиғатты, әкенің баланы, қылмыскердің банданы т. с. с. билейтіні жөнінде айтамыз. Тіпті. керек десеңіз, жануарлар үйірінің шеңберінде де билікке ұқсас, зоологиялық күшке негізделген ретке келтірушілік бар. Сондықтан да болар, уақытында Ф. Ницше «билікке деген ырықты» субстанциялап, жалпы дүниенің негізінде жатқан құбылыс деп есептеді.
Әрине, қоғам күрделі дәрежеде ұйымдасқан жүйе ретінде әрқашанда белгілі бір тәртіпсіз өмір сүре алмайды. Олай болса, билік - адамзаттың мәңгі серігі.
Билектігілер өз ырқына халықты қалайша көндіре алады, ол мүмкіндік қайдан пайда болады? Ол арнаулы әлеуметтік ұйымды құру арқылы іске асады екен. Оны біз мемлекет дейміз. Олай болса, мемлекет саяси-құқтық саланың өзегі болып табылады.
Мемлекет- қоғам өміріндегі негізгі қатынастарды заңга негізделген билік арқылы ретке келтіріп, өмірде пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, қалыптасқан экономикалық, саяси тәртіпті қорғайтын құрылым.
Мемлекет - өте көне қүрылым. Оның дүниеге келуі жөнінде әдебиетге сан қилы болжамдар бар.
Теологиялық қағидаларға келер болсақ, олар мемлекетті Құдайдың шығармашылық жолдағы тудыруымен байланыстырады.
Патриархалдык тұжырымдар мемлекетті ру, тайпа, фратрияның (туысқан тайпалардың бірігуі) жалғасы деп түсінеді.
Қоғамдық келісім теориялары мемлекетті тарихтың белгілі бір сатысында адамдардың саналы түрде жасаган келісімі арқылы құрылғаны жөнінде айтады.
Зорлық-зомбылық теориясы мемлекеттің тайпалардың арасындағы соғыс, зорлық арқылы жеңілгендерді көндіріп. оларға салық салу арқылы пайда болғанын көрсетеді.
Маркстік теория өндіргіш күштердің тарихи даму негізінде жекеменшік пайда болып, үстем таптар өз мүддесін қорғау барысында мемлекетті құрғаны жөнінде айтады.
Әрине мемлекеттің дүниеге келуі - өте "күрделі құбылыс. Онда зорлық-зомбылық та, келісім де болуы мүмкін. Бірақ негізгі фактор - тарихи жеке меншіктің дүниеге келуі болса керек.
Енді мемлекеттің функцияларына (қызметіне) келер болсақ, оларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады. Ішкіге экономикалық (шаруашылық) мемлекеттің іс-эрекетін жатқызуға болады. Ол негізінен заңдар арқылы шаруашылық субъектілерінің белсенді іс-әрекеттеріне жағдай жасау, елдің негізгі шаруашылық бағыттарын жоспарлау, шетелден инвестициялар (қаржы) тарту, кейбір шаруашылық салаларына жеңілдік жасау т. с. с. арқылы жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz