Сюжет пен тартыс


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сюжет пен тартыс

Сюжет (француз сөзі-зат) -көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі жолы. Көркем шығарманың мазмұнындағы түрліше мінездер мен типтендірудің өзара қарым-қатынасынан туған шындық, оқиғалар тізбегі сюжетте адамдар мен заттардың тұтасқан ішкі-сыртқы әрекеті ретінде, қозғалыс, ждаму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, «сюжет дегеніміз, -дейді Горький, -жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы»

Сюжет өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі-өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс-әр түрлі адамдардың іс-әрекетіндегі немесе ой-сана, көзқарасындағы қарама-қайшылық. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен абысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы тартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімері, сөздері арқылы олардың характері ашылып, айқындала түседі. Көркем шығармадағы қақтығыстар, жеке суреттеулер арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара-бара логикалық тиянақтылық тауып, негізгі шиеленіс-тартыстың түйіндері әбден шешіліп, бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы толық ашылуы аса қажет.

Қалай десек те сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасында тығыз байланы, сабақтастық бар. Өткені, оқиға дегеніміз-адамның басынан кешетін жағдайы, немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал адам мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны дау тудырмаса керек.

Сюжет-бірнеше адамдардың қарым-қатынасындағы белгілі бір кезең, әлеуметтік тартыстың бір көрінісі, сюжеттің аяқталуы-баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, өз шешімін табуы. Жазушы бір не бірнеше оқиғаны суреттеу арқылы кейіпкердің характерін, мінез-бітімін айқын айтып көрсетуі ықтимал. Мәселе кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеу арқылы мінез-сипатын нанымды түрде көрсетуде. Неғұрлым кейіпкерлердің характерлері, бейне-тұлғасы дараланып, әсерлі көрінсе, соғұрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі.

Бір-бірімен қарым-қатынасындағы адамдар өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі тартып жату себебі де соған байланысты.

Тартыс (латын сөзі-қақтығыс, айқас) -өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамғатән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың нер туындысындағы жинақталуы, суреттеледі. Өнердегі өмірлік тартыс-көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, өнер туындысына тіршілік беріп тұрғн жұлын. Олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс-оның сюжет мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күші. Өнер туындысын өмірлік тартысқа құру деген сөз-шығарма сюжетін шиыршық атқан шымырлыққа, коомпозициясын ширақ та шынайы сұлулыққа жеткізу. Әдеби шығарманың оқырманды баурап әкетер тартымдылығы да осында жатады. Сюжеттің, оған өзек болған өмірлік тартыстың әрбір иінінде, бұрылысында оқырманға керегі-дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел (мотивировка) : образ үшін психологиялық дәлел, оқиға үшін логикалық дәлел. Ол жоқ жерде образ да жасанды, оқиға да жалған.

Сюжеттің жаны мен жүрегі тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап, қалыптастыратын-композиция.

Тартыс-(латынша-қақтығыс) -көркем шығармадағы сюжет желісінде арқау болатын, айрықша шиеленіскен түрде көрініс беретін қақтығыс, қайшылық, күрес. Конфликт драмалық шығармаларда ширақ, шиеленіскен түрде кездеседі. Ондағы характер*кейіпкер мінезі-қайшылығы мол әрекеттер арқылы ашылып отырады. Горький: «Егер характерлер мықты болса, олардың қақтығыспауы мүмкін емес», -деген. Көркем шығарма қаһармандарының арасындағы қайшылық, тарты олардың қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен, әр қилы көзқарастарынан да көрінеді. Әсіресе, драмалқ жанрда мұның екі түрі де анық байқалады. Сахнадағы кейіпкерлердің іс-әрекет тартысы болуымен бірге, іштей өзіндік психологиялық тартыстар да орын алмақ. Эпикалық прозадағы тартыс көбінесе қиншылығы мол оқиғалардың шиеленісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжет, тартыс және композиция түрлері
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Сюжет
Драмалық шығармаларды оқыту (Рымғали Нұрғали зерттеулері негізінде)ды оқыту
Әдебиеттануға кіріспе пәні
Көркем шығарманы талдау жолдары
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі
Драма және драматургия негіздері
Сюжет және фабула. Қимыл, іс-әрекет - көркемдік әлем ерекшелігін анықтайтын факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz