Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1. Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының
өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам
рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін
ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн.
Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен
болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін
азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға
ие."Тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи
зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы
қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре
білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.
Терминнің мәні

Тарих сөзі көне грек тіліндегі "сұрастыру", зерттеу" ұғымынан пайда болған.
Тарих оқиғалар мен фактілердің шынайылығын анықтау үшін қажет болды. Көне
Рим тарихнамасында (қазіргі заманда тарихнама тарихты зерттейтін тарих
ғылымының бір саласы) бұл сөз тану мақсатында емес, әңгімелеу мақсатында
қолданылған. Кейіннен тарих деп барлық оқиға, факт, ойдан құрастырылған
әңгімелерді айта бастады.

Тарихтың қалыптасып дамуы.Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне
сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған.Қазақ халқы оларды шежіре
айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Шежіре сөзі – есте сақтау,
жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді.Жазба тарихтың негізін
салушы б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы, жиһанкезі
Геродот болып есептеледі.Ол алғаш Тарих атты еңбек жазып, Батыс әлеміне
тарихтың атасы деген атпен белгілі болды.Ал Шығыста тарихтың атасы деп
Сыма Цяньді атайды.Ол б.з.б. 145-86 жылдар аралығында өмір сүріп, 130
тараудан тұратын Тарихи жазбаларды ( Ши цзи) қалдырды.Бір ескертетін
мәселе, өзге патшалықтар сияқты Қытайда да жылнамалар жазу дәстүрі ертеден
бар еді.Сыма Цянь солардың бәрін жинақтап, жүйеледі.Б.з.б. 3 мыңжылдықтан
бастап, өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты.Көне замандардан бастап,
ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған
тарихшылардың бірі Рашид ад – Дин болды.Ол кісі 1247-1318 жылдар аралығында
өмір сүріп Жами ат-тауарих (Жылнамалар жинағы,парсы тілінде) кітабын
жазды.Бұл кітап Ұлы дала өркениетінің көшбасшылары Алаша хан, Уыз хан
туралы аңыз-деректерден басталады.Тарихты жазудың құндылығын жекелеген
елдерде патшалар мен хандар түсінді.Олар өз сараай маңында болған
оқиғаларды жазатын арнайы адамдарды ұстап отырған.Мұндай адамдарды
жылнамашылар деп атаған.Осылай жазбаша тарих дәстүрі қалыптаса бастады, ол
тәрбие құралына, мектептерде оқылатын пәнге айналды. Тарихты оқып-білу не
үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып
үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай
екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет.Біз тарихымыз арқылы өте
маңызды оқиғаларды есте сақтаймыз.Туған жер, ата-бабаларымыздың батырлық,
ерлік дәстүрі, тыныс-тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз.Өнеге алып,
болашағымызды болжаймыз, қателіктерін қайталамауға тырысамыз.Өткен
замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас ұрпақтан ғана
елім-жерім деген ерлер шығады.Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды
тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге азамат баласының бүкіл тарихына ой
жүргізетін жол.Біздің мақсатымыз беру-халқымыздың әлем тарихында алатын
өзіндік орнын, атқаратын қызметін сезіну.

3. Геродот (гр. Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, тарихтың
атасы деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 –
425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге
келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған.
Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін
жеткен деген мәлімет бар.[1]

Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына Тарих атты
үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз
музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында
Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып,
олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған
бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449)
арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті,
мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың
төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы
баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады.
Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б.
тілдерге аударылған. Герадот сақтарды скифтер деп атаған.

Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама

Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама  өзара  арасалмағы, 
мифология  мен  діни  ұғымның жəне  сана өлшемдері мен тарихи  деректердегі
оның көлемін анықтауы  тиіс.  Бұл өте  терең,əрі күрделі мəселе
болғандықтан, оның өзімізге толық шешімін табуды міндет етпей, осы  алдағы
уақыттардағы бағыттығы ізденістің жолын ашуды мақсат етеміз. Бара-бара
түбінде,  бұл  зерттеудің тереңдей түсуі нəтижесінде қазақ тарихының
көшпелілер өркениеті туралы тарихтік фəлсəфа мəселелерін қамту арқылы
қорытылуы тиіс деп білеміз. Тарихи антропология дегеніміз адами ғылыми-
пəндік категория, сондай ақ адамның тарихи табиғатының  мəнін түсінуге, 
адамның тарихи білім,  таным, ой-сана үлгілерін тудырудағы ролін анықтауға
бағытталған ілім.  Əр адам əлемдегі  тарихи  жəне этникалық үрдістерде
өзінің орнын, тарихи кеңістік пен уақыт өлшеміндегі өзінің жəне өз ұлтының
орнын, оның кешегісі мен ертеңін білгісі келетіні белгілі. Əсіресе қазіргі
тəуілсіздік дəуірде, өтпелі кезеңнің қиын-қыстау уақытында кез-кезлген
адамның тарихи ойын қозғайды, тарихтың кешегісі  мен  тарихтыңертеңгісін
нақтырақ санаға түюді қалайды. Оның үстіне қоғамдағы өзгерістер əрқашан
адам санасының, қоғамдық сананың нəтижесі болып табылады. Қоғамдық, оның
ішінде тарихи сана қоғамдағы оң өзгерістердің əсерлі факторы. Көшпелілердің
дəстүрлі санасындағы, шежіре сақтаушы қариялардың тарихи танымдық жолын
қазіргі тарихи зерттеулердегі мамандармен салыстырар болсақ, мақсаты бір
болғанымен, міндетамалдарында, əрине, айтарлықтай айырмашылық бар. Бұл
жайында Құрбанғали  Халидтің еңбегінде Шығыс Түркістанда болған  оқиғалар
желісін бітірген соң, қазақ ахуалы  мен хандары  туралы жазуға кірістім.
Бұл халықтың тарихы жалпы ауызда бар. Алайда жекелеген  жазба тарихтары мен
естеліктері болмағандықтан, əркім əртүрлі пікір айтып, біреулер жаман
ниет,  арам оймен, енді біреулер тек мұқатуды мақсат еткен. Кезіндегі
бағзылар тарихты анығырақ түсініктеме беруге білімдері жете тұра, оған мəн
бермеген. Нəтижесінде мағынасы анық ел тарихы баяндалмады - дейді. Шежіре
деректері бір жағынан көшпелілердің дəстүрлі тұрмыстағы, өмірдегі
интеллектуалдық үлгі дəрежесін көрсетеді. Біз үшін көшпелілердің рухани
тұтастығын құрауда жатыр. Тарих маманы екі түрлі міндетті атқарып отыруы
тиіс: біріншісі - тарих ғылымын дамытатын нақты ғылыми мəселелермен
айналысу; екіншісі - тарих саласында жасалған зерттеулердің жетістіктерін
жалпы бұқараның санасына лайықталған, ғылыми категориялардан гөрі, жалпыға
түсінікті тілмен қоғамға қажетті мəліметті жеткізіп отыру. Қазақ
шежірелерін зерттеу барысында субъектіні тану үрдісі барысында шежірелер
қызмет еткен дəстүрлі көшпелі қоғам дəуірдегі адамның (адамдардың)
менталитеті, психологиясы мен санасын қарастыру мəселесіне келіп тіреледі,
оның санасында уақыт пен кеңістік, жəне сол сияқты басқа да сол дəуірдің
дүниетанымын айқындайтын категорияларды қарастыруға тиіс болады. Алғашқы
шежіре негіздері ескі дəуірлердегі наным-сенімдерден болған. Адамның пайда
болуын Адама ата мен Хауа анадан өрбітіп, адамзат жер бетінде содан кейін
тарлған дейді. Бірақ, археология, антропология, этнография саласы бойынша
заманауи ғылымдардың деректері адам баласының жер бетінде тіршілік еткеніне
бір миллионнан астам жыл өткенін ділелдеді. Қазақ шежірелерін тарихи таным
құбылысы ретінде зерделеу ең алдымен қазақ халқының тарихи санасын
айқындауды, халықтық санадағы уақыт, өткен замандар, жұрт, кеңістіктер,
əңгімелер, оқиғалар, тұлғалар туралы түсініктерді зерттеуді талап етеді.
Бұл мəселені шешу жолында біз өз алдымызға: Тарихи сана деген не? Оның
қалыптасу жолдары қандай? Қазақ халқының тарихи санасының қалыптасуындағы
қазақ шежірелерінің орны қандай? Шежірелердің ішкі мазмұнында қандай тарихи
сана элементтері сақталып келеді? Ол элементтердің сипаты қандай? деген
сұрақтар қоюуымыз керек. Тарихи сана, əсіресе, оның көшпелі тұрмыс пен
мəдениет жағдайында қалыптасқан ерекшеліктері, жеке зерттеудің объектісіне
айналатындай-ақ үлкен ғылыми мəселе. Бірақ оны ұлт мəдениетінің төл
феномендері арқылы ғана зерттеу мүмкін. Сондай мəдени феномен ретінде қазақ
шежірелерін алып қарасақ, оның ішкі мазмұнынан тарихи сананың көрінісін
іздеуіміз керек. Сонда біз осы күнге дейін əлі де бір жүйелі жауабы
табылмаған күрделі мəселені шешуге мүмкіндік аламыз. Тарихи сана өз бойында
тек аса маңызды мəні бар тарихи оқиғаларды сақтайды. Тарихи сананың
табиғаты тарихта өткен көрнекті тарихи тұлғалардың, сол сияқты, қалың
əлеуметтің белгілі қабаттарының жəне əлеуметтік топтардың, олардың
көсемдерінің іс-əрекеттерінен бастау алады. Тарихи сана дегеніміз қалың
əлеумет ортасында нақты қызмет атқарып тұрған қоғамдық сананың бір түрі.
Оның өмір сүретін болмысы белгілі қоғамда ұрпақтан-ұрпаққа, адамнан-адамға
беріліп, өз жалғасын тауып отырған тарихи мазмұндағы ақпараттардан
құралады. Тарихи сана дегеніміз өткен тарих туралы түсініктер мен білімнің
жиынтығы. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта болып жатқан шешуші тарихи
өзгерістер мен тарихи оқиғалар туралы түсінік пен білім жиынтығы. Тарихи
сананың мазмұндық сипатына ықпал ететін фактордың бірі - тарихи сана
үлгісін сақтаушы, оның əлеуметтік жүйедегі орны. Осы тұрғыда қазақ
шежірелері əр тарихи дəуір туралы белгілі бір көрініс қалыптастыратындай
тарихи-əлеуметтік мазмұндағы білімнен құралады. Тарихи білімнің табиғаты да
өз алдына əрқилы болып келеді. Халықтың өмір тəжірибесінен жиылған тарихи
білім мен ғылыми əдіс жолымен қалыптасқан тарихи білімның арасында үлкен
айырмашылық бар. Егер, тарихи сананың көзі тарихи білім деп түсінсек, онда
тарихи сананың сипатын да сол сананы тудырған тарихи оқиғалар туралы білім
қалыптастырады. Ондай тарихи білім халықтың ұжымдық жадында сақталуы тиіс.
Қазақтың тарихи танымы мен тарихи санасы, тарихи білімі мен тарихи
түсініктері, жалпы тарихтану дəстүрі ерте замандардан бастау алып бүгінгі
күнге дейін жалғасып келе жатқан жүйелі құбылыс. Мұны біз бір сөзбен
қазақтың халықтық тарихи жады деп түсінгеніміз дұрыс, немесе қазақ
шежіресі. Оның өзіндік ерекшеліктері мен ұлттық үлгісі қазақ шежіресі болып
табылады жəне ол дүние жүзінде өмір сүріп жатқан халықтардың тарихи танымы
мен дəстүрінің дамуына ұқсас жолмен қалыптасып келген. Сөйтіп, шежірелік
деректер көшпелілердің сан ғасырлар бойы тарихи даму жолында қалыптасқан,
жиған-терген білім-тəжірибе кешені, наным-сенімі, ой-ниеті, дүниетанымы,
ұстанымдары, құндылықтары, мəдени дəстүр, əлеуметтік əдеп пен əдет жиынтығы
болғандықтан жеке тұлғаның, сол арқылы қоғамның тарихи санасын
қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан шежірелер ұлттық болмыстың тарихи
кепілі ретінде қызмет атқарады.

Тарих түсінігі

Январь 21, 2014 Meshit Тарих 2 comments
Тарих сөзі тілдік тұрғыда уақыттың білінуі деген мағынаны білдіреді.

Тарих сөзінің этимологиясына келер болсақ түрлі көзқарастар бар.
Кейбіреулер тарих сөзі сами тілінен енген десе, кейбір зерттеушілер парсы
тілінен енген сөз екендігін алға тартады. Ибрани тілінде йәреах сөзі ай
деген мағынаны білдірсе махриз сөзі парсы тілінде айдың көрінуі деген
мағынаны береді. Ибн Манзур Лисану әл-араб атты сөздігінде тарих сөзінің
негізі араб тілінде емес, мұсылмандар кітап иелерінен алғандығын айтады.
Сонымен қатар кейбірейлері грек тіліндегі ескі мағынасындағы арх сөзімен
де байланыстырады. Археология сөзі арх сөзінен бастау алады.

Тарих сөзі италиян тілінде storia, француз тілінде histoire грек
тілінде storia сөздерімен келіп, хикая мағынасында қолданылады ағылшын
тілінде де story осы мағынада келеді. Араб тілінде тарих сөзі исламға
дейін хикая мағынасында қолданылған.

Ал терминдік мағынада:

Тарих — табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы, немесе
адамзат қоғамының өткенін жан жақты зерттейтін ғылым саласы.

Қоғам тарихы жер бетінде адамның пайда болуына байланысты туды, сондықтан
ол адамзат тарихы болып табылады. Қоғам тарихы адам баласының пайда
болуынан бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңде бастан кешкен оқиғаларының,
өркениеттердің жекелеген адамдар мен ұжымдардың атқарған іс әрекетінің
жиынтығы болып табылады. Тарихты жасаушы-халық.

Дегенмен, қоғам дамуының белгілі бір сәттерінде жеке тұлғалар халық
бұқарасының белсенділігіне ықпал етіп тарихта елеулі із қалдырады. Сондай-
ақ қоғам тарихы — халықтың зердесі. Ол болып өткен және түзетуге жатпайтын
өткен уақыт ретінде бүкіл қайшылықтармен, қаһармандық және қайғылы
беттермен қоса, қандай болса да нақ сондай, бүкіл алуан тірлігімен, тұтас
күйінде қабылданады. Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен
процестерді тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Өйткені қоғамдық
ғылымдар қоғам тарихының түрлі қырлары мен астарларын зерттеп, оны танып-
білуге өз септігін тигізеді. Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих алдына
қойған мақсатымен және зерттеу тәсілімен ерекшеленеді. Түрлі оқиғалар,
құбылыстар және процестер туралы деректер жинау-тарих білімінің бір қыры.
Бір бірімен тығыз байланысты жинақталған және зерттеген деректерді түсіну,
теориялық тұрғыдан қорытындылау-тарих ғылымының екінші қыры.  Тарих ғылымы
өзіндік ұзақ даму жолынан өтті. Тарих ғылымы да қоғамның  өткен дәуіріне
сай басқа ғылымдар сияқты жеке бөлімдерге бөлініп жүйеленеді. Оның бірінші
тобы жалпы тарих, алғашқы қауымдық қоғам, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа
заман кезеңдеріне бөлінеді; екінші аралас тобына жеке ғылымдардың
(жаратылыстану, әдебиет, философия, техника, мәдениет, экономика, әскери
өнер, т.б.) тарихы жатады. Жалпы тарих жекелеген елдердің, халықтардың және
аймақтардың да тарихы болып бөлінеді. (мыс: Азия және Африка елдерінің
тарихы, Таяу шығыс елдерінің тарихы, Орта Азия тарихы, Түрік халықтары
тарихы, Араб елдерінің тарихы, Батыс және Оңтүстік славяндар тарихы). Әрбір
елдің, халықтың тарихы өздері үшін Отан тарихы болып саналады.

Тарих ғылымы археология, этнология, деректану, тарихнама, тарихи
демография, т.б. көптеген салаларға бөлінеді. Мұндай салаларға бөліну тарих
ғылымының дамуымен тығыз байланысты.

Тарих адамзаттың жаратылысынан ғана басталмай, әлемнің жаратылысынан бергі
уақыт пен кеңістікте белгілі болған оқиғалар мен жәйттерді қамтиды. Бұны
ертеде келген тарихшылардың кітаптарынан байқай аламыз. Мысалы: әт-Табари,
Ибн Әсир секілді мұсылман тарихшылары мен Дүние тарихын жазған Herbert G.
Will Durant сынды ориенталистер кітаптарын әлемнің жаратылысынан бастаған.

Таным теориясы
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды.
Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі
таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге
адамның дүниені танып — білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты —
агностицизм деп атайды.Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс
жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным — бұл қоршаған болмыстың,
оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен
олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми
ұғымдардың санада бейнеленуі.Шындық пен нақты болмысты танудың
диалектикалық жолы – тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан
практикаға өту.Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру
əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне
адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану
арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы
ретінде қарастыруға болады.
Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу
мүмкін емес:
• таным –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар
табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни
ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным
толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық
деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді.
Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты
болып, шəкірттердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне
орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген əрі
қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен
бірге, оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама,
мұғалім болуын керек қылады, ал ғалым тұлғааралық қатынастарды көбіне
қажет етпейді.
•  жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми
ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып,
игеру жолы қысқа əрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі;
•  таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді
де, ал олардың шынайылығын практика дəлелдеуі тиіс. Оқу барысында
мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы жəне оны практикалық
ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.
Сонымен, таным мен оқу процесі арасында қаншалықты ортақтастық болса,
соншалықты айырмашылық та бар. Оқу процесі оқушының психикалық іс-
əрекеттерінде жүріп жататын заңдылықтар негізінде өзіне ғана тəн ішкі
қисындылық (логика) бойынша орындалады.
Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар,
әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын
қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде
табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным
объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы
айналады. Осыдан келіп, объект — субъект, субъект — объект қатынастарының
таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін
қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.
Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің,
ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін
обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің
арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді
кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті — үстіне жаңа
табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ
ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі
арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан
басқа формада қайта пайда болып отырады.
Сондай — ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің
субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен
қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз,
түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз — бұлар обьективтік
дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.

Тарихи зерттеулер мен онда қолданылатын ақпараттық технология

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық күннен-күнге артуда.
Демек, зерттеушілерге де өз кезегінде методологиялық және әдістемелік
білімдерін заман талабына сай жетілдіріп отыруға тура келеді. Немесе ғылыми
жұмыстардың сапасын жоғарылату мақсатында соңғы ақпараттық технологияны
пайдалану авторларға өз мүмкіндіктерін толыққанды ашуларына септігін
тигізеді.
Рефераттың мақсаты – ғылыми, оның ішінде тарихи зерттеулердің
методологиялық және теориялық аспектілерін талдау; мәселелердің мәнін,
ғылыми зерттеу процесі ерекшеліктері мен логикасын ашу; зерттеулердің
әдістемелік мазмұны мен оны жүзеге асырудың кезеңдерін көрсету. Ғылыми
білімді қалыптастыру, ғылыми жұмыстарды дербес жүргізе білу – алға қойылған
ғылыми мақсатты іске асырудың басты кепілі. Яғни оқу-ғылыми процесс
барысында түрлі жазба жұмыстарды орындай білуде ғылыми және практикалық
әдістерді жетілдірудің маңызы зор.  Шығармашылық ойлаудан соңғы ғылыми
еңбекке дейінгі әрбір зерттеуге тән әдістемелік тәсілдер бар.

Сонымен ғылыми шығармашылықтың методологиясы мен әдістері деген не?

Методология – ғылыми танымға жетудің жолы. Мысалы, тарих дүниежүзіндегі ең
көне ғылым. Оның дамуы тек тарих білімінің көбеюін ғана емес, сонымен бірге
оның сапасындағы өзгерістерді де байқатады. Тарихтың методологиясы туралы
алғашқы түсінік ежелгі гректерде пайда болды. Тарихи баяндардан мифология
біртіндеп ығыса бастайды. Қазіргі зерттеушілердің пайымдауынша, өткеннің
рационалды құрылысын тарих беретіні Геродоттан басталған. Шығарма, – деп
жазды Полибий (б.з.б. 201 – 120 жылдар) – егер онда шындық бұзылса оны
тарих деуге болмайды... Тарихи шығармаларда шындық бәрінен жоғары тұруы
тиіс. Бірақ тарихи зерттеудің пәні, оның әдісі қандай болуы керек?
Геродотқа тарих әлемдік мәдениетті зерттеу болса, ал Фукидид үшін
саясаткерлердің қызметі болды. Тарих деген 40 кітаптың авторы (бізге тек
аз бөлігі ғана жеткен) Полибий тарихты өмірлік ақылшы деп санады. Оның
айтуынша, тарихты жазушының мақсаты жалпы сипаттау емес, оқиғаларды
түсіндіру болуы тиіс. Мемлекетті басқару түрлерінің ауысуына билік
басындағылардың адамгершіліктен айырылуы себеп дейді бұл автор.

Қазіргі деңгейдегі ғылыми-теориялық ойлау жүйесі зерттелмек нысан мен
процестің мәніне ұмтылуға тырысады. Ғылыми зерттеу дегеніміз болашаққа зер
салу секілді іздену жолдары, ғылыми объективті көзқарас. Фактілерді
түсіндірілуі немесе практикалық қолданылуы қиын деп ысырып тастауға
болмайды. Себебі ғылымдағы жаңалық зерттеушінің өзіне де байқалмайды. Жаңа
ғылыми фактілер, тіпті жаңалықтар маңызы толық ашылмағандықтан ұзақ уақыт
бойы ғылым қорында жатып қалуы немесе практикада қолданылмауы мүмкін.

Идеяны толық шешілуіне дейін жеткізу ғылыми зерттеуді жоспарлы жүргізуде
ғана іске асады. Ғылымға кездейсоқ ашылулар да тән. Бірақ жоспарлы әрі
жақсы жабдықталған ғылыми ізденістер табиғаттағы объективті заңдылықтарды
тереңірек ашуға және тануға ықпал етеді. Ары қарай алғашқы ойды мақсатты
әрі жүйелі өңдеу жалғаса береді, өзгерістер, қосымшалар, нақтылықтар
енгізіледі де зерттеудің сұлбасы дами береді.

Ғылыми зерттеу нәтижесі түсінікке, заңға және теорияға айналатын нақты
мақсаттылық таным. Оған тән кейбір ерекшеліктер бар:

• бұл міндетті мақсатты процесс, оған жету жолындағы нақты шешілмек
міндеттер;
• бұл жаңа, шығармашылыққа, белгісізді ашуға, айрықша идеяларды іске
асыруға әрі қарастырылмақ мәселелерді жаңаша қарауға бағытталған процесс;
• ол жүйелілігімен сипатталады: яғни зерттеу процесі әрі оның нәтижесі
тәртіпке, жүйеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Пәндер