Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Қысқартылған
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ІІ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...3

I. Тарау. Таяу Шығыстың саяси, тарихи сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.1. Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Израиль мемлекетінің құрылуы және оның аймақтағы
саяси
жағдайға әсері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...16
1.3. Таяу Шығыстың қақтығыс ошағына айналуы және саяси
дағдарысты реттеу мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
1.4. Таяу Шығыс мәселесін реттеуде ірі мемлекеттердің және
Қазақстанның ұстанымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

II. Тарау. Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс мемлекеттерімен
саяси-экономикалық қарым-қатынастары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

2.1. Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс аймағында
орналасқан
Араб мелекеттерімен қарым-қатынастары (Египет,
Сирия Ливан
Иордания, Сауд Арабиясы Королдігі)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .45
2.2. Қазақстан Республикасының Таяу Шығыс, Араб елдерімен

ИЫҰ, МЭЕҰ(ОПЕК) шеңберінде өзара іс-
қимылы ... ... ... ... ... ... ..57
2.3. Қазақстан-Израиль қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..62
Пайдаланған әдибиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 65

Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері сыртқы саясатта
көпвекторлы бағытты ұстана отырып, әлемнің көптеген елдерімен қарым-
қатынастар орнатты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” стратегиясында:2030 жылы
біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып
қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның
орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың —
Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен
мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады, немесе Таяу
және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде
нығая береді деген Қазақстан Республикасының белсенді сыртқы саясаты
жөнінде сөз қозғалады.
2012 жылы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында
Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.
Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға
ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең
дамыған 30 елінің қатарында болуы болып табылады.   Біздің басымдықтарымыз
өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен,
сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту
мәселесі болып табылады, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы
таяудағы мақсат Еуразиялық экономикалық одақ құру екенін, осыған орай
мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдеді. Бұл ретте саяси
егемендікке қысым көрсетілмейді. Сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік
істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық
туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды
дамыту дегенді білдіреді. Алайда халықаралық ахуал және геосаяси орта
қарқынды  өзгеруде және әрқашан жақсы жағына қарай ойыса бермейді.
Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан Солтүстік-Шығыс Азияға дейін
тұрақсыздықтың алып белдеуі созылып жатыр. Күштердің ара салмағы жаһандық
деңгейде де, сонымен қатар жер шарының жекелеген аймақтарында да елеулі
өзгерістерге ұшырауда. Соған сәйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және
басқа аймақтық қауіпсіздік тетіктерінің рөлі арта түседі. Орталық Азияда
ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер пайда болды. Мұндай ахуалда
Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі саясаты сияқты жаңғыртылуға тиіс, – деді
Ұлт көшбасшысы[1]. 
Өзіміз көріп отырғандай, Қазақстан сыртқы саясатының аса
маңызды бағыттарының бірі ислам әлемімен достық қатынастарды
ұстану болып табылады.
Бұндай ұстаным елдің сыртқы позицияларының күшеюіне әкеліп,
Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа саяси және
экономикалық интеграциялануына көмектесіп, қазақстандық дипломатияның
азиялық таяушығыстық, мұсылмандық сияқты маңызды бағыттарындағы
мүмкіншіліктерінің кеңеюіне жол ашады.
Қазақстанның мұсылман әлемімен өзара қатынастарының
негізгі ажырамас бөлігіне араб елдерімен байланыстары жатады.Араб әлемі
еліміздің тәуелсіздігін үлкен қуанышпен қарсы алып, оның барлық ішкі
және сыртқы акцияларын қолдады, Қазақстан мемлекетімен жан-жақты
байланыстарды орнатуға белсенді қатысты. Қазақ және араб
халықтарының рухани жақындастығы да елеулі рөлін қосып,
мемлекеттердің бір-біріне тартылуына әкелді.
Араб елдерінің Қазақстанға басқа елдермен салыстырғанда жақын
географиялық орналасуы да маңызды болып отыр. Және де олардың
көліктік-коммуникациялық әлеуеті, сонымен қатар қазақстандық
тауарлар үшін нарығының кеңдігі еліміздің қызығушылығын
туғызуда.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы көптеген араб
елдерімен
қарым-қатынас орнатып, олармен саяси, экономикалық, мәдени
т.б. байланыстарды дамытып келеді. Атап айтсақ төмендегідей араб
елдерімен дипломатиялық қатынастар орнатылған: Бахрейн Корольдігі,
Египет Араб Республикасы, Марокко Корольдігі, Ұлы Социалистік Халықтық
Либия Араб Жамаһириясы, Сирия, Катар мемлекеті,Оман сұлтандығы, Біріккен
Араб Әмірліктері, Палестина мемлекеті, Алжир Халықтық Демократиялық
мемлекеті, Ливан Республикасы, Ирак Республикасы.
Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі – Қазіргі халықаралық қатынастарда
жаңа қатерлердің белең алуы, саяси тұрақсыздықтардың артуы халықаралық
қауіпсіздік мәселелерінің көкейстілігін одан әрі арттыра түседі. ХХ-
ғасырдың ортасынан бастау алған Таяу Шығыстағы қақтығыстар әлем
жұртшылығының алаңдаушылығын туғызған үлкен мәселелердің бірі болып
табылады. Таяу Шығыстың қақтығыс ошағына айналуы және оны реттеу мәселелері
саясаттанушылар мен халықаралық қатынастар саласы мамандарының назарынан
тыс қалған емес. Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастар жүйесінде
өзінің ролі мен орнын бекіту үдерісінде халықаралық мәселелерде өзінің
ұстанымы мен бағытын белгілеуі аса маңызды болып есептеледі.
Энергоресурстарға бай Таяу Шығыс елдерімен экономикалық-саяси ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығын жоғалтқан емес. Сыртқы саясатта
көпвекторлы бағытты ұстанған Қазақстанның Таяу Шығыс елдерімен
ынтымақтастығы осы тұрғыдан алғанда өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты –
Таяу Шығыстағы дағдарыстың тарихына тоқтала отырып, осы аймаққа
бағытталған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын зерттеу болып
табылады Осы мақсатқа сәйкес автор төмендегідей міндеттерді алдына қойды:
- Таяу Шығыс мәселесінің себептері мен тарихына тоқталу;
- Таяу Шығыстағы қазіргі саяси ахуал және дағдарысты шешу
жолдарын зерттеу;
- Таяу Шығыс мәселесі бойынша ірі мемлекеттердің және
Қазақстанның ұстанымдарын айқындау;
- Қазақстанның Таяу Шығыс мемлекеттерімен саяси-экономикалық
ынтымақтастығы мен әріптестігіне тоқталу;
- Қазақстанның халықаралық ұйымдар шеңберінде Таяу Шығыс
мемлекеттерімен саяси – экономикалық ықпалдастығын қарастыру;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды және
пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I – тарау. Таяу Шығыстың саяси, тарихи сипаты
1.1. Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Палестинаның ислам әлемінде алатын орны ерекше. Исламның саяси және
діни тарихында, ислам дінінің қалыптасуында бұл аймақтың маңызы зор.
Мұсылмандардың қасиетті кітабы “Құранда” “Израильдің балаларының”
Египеттен Палестинаға қоныс аударуы туралы айтылған. Меккедегі Кааба храмы
арабтардың саяси орталығына айналуымен қатар, Иерусалим де исламның
қасиетті мекеніне айналды.
Құранның бір сүресінде “түнгі көшіру” (аль – исра) туралы айтылған,
онда Меккедегі Каабадан Иерусалимдегі храмға көшіру жайлы әңгімеленген . (
б.з.б. Х ғасырда Соломон патшаның басшылығымен салынған. ) Аль – исра
кезеңінде Мұхамед өзінің Аллаға оқыған дұғаларын Библия
елшілігіне бағыштады .
622 ж Хижра кезеңінде Меккеден Ятрибқа ( Мадина ) қоныс
аударуында Мұхаммед дұғаларын Иерусалимге қарай бағыттады . Көп
ұзамай дұғаның оқылу бағыты Меккедегі Каабаға бағытталады , ал
Иерусалим исламдағы өз орнын сақтап “ алғашқы құбыла ” ( уля ль –
киблатейн) деген атпен қалды . Бұл қала “ Қасиетті үй немесе
Киелі мекен ” (аль-бейт аль- мукаддас , бейт аль – макдис) деп
аталды.
Палестина территориясы Омар Халифтың (634-644) билігі кезінде Византиядан
тартып алынды. Омардың нұсқауымен Юстиан I-ші кезеңінде салынған храм
мешітке айналды. Ол Аль -Акса деп аталды[2].
Иерусалимнің мұсылман әлемінде діни орталыққа айналуы Омейядтар (661-
750) династиясымен байланысты болды. Иерусалимде Муавия I династиясының
негізін қалаушы өзін халиф деп жариялады. Абдель Малик (685-705) халифтың
билігі кезеңінде Аль-Акса мешіті жанынан Куббат ас-Сахра атындағы жаңа
мешіт бой көтерді. Ортағасырлық мұсылман сәулетінде оның алатын орны
ерекше. Иерусалимдегі Аль-Акса және Куббат ас-Сахра ең маңызды мәдени
кешендер болып табылады. Иерусалимдегі мұсылмандардың тағзым ететін негізгі
кешендері осылар[3].
Абдель Маликтің кезеңінде Иерусалим, Мекке мен Мадинамен теңестірілді.
Иерусалимнің діни, саяси орталыққа айналуы исламда жік туғызды.
Омейядтарға қарсы Хиджазда күш туды .Омейядтар халифаты құлағаннан
кейін оның орнына Аббасидтер династиясы келді . Халифаттың астанасы
Бағдадқа көшірілді, Иерусалимнің ислам әлеміндегі маңызы төмендеді
.ХI ғасырда Палестина ислам мен христиан діндерінің арасындағы
қақтығыс аймағына айналады. Фатимидтердің шиттік династиясының халифы
Әл-Хаким аймақта ислам дінінің маңызын өсіре отырып , христиандарды
қуғындауға ұшыратты. Сонымен қатар иудейлер де қуғындалады. Халифтың
бұйыруымен Иерусалимдегі бірқатар шіркеулер қиратылды. Бұл жағдайды
Рим шіркеуі крест жорықтарының бағытын мұсылмандарға қарсы
қолданудың сылтауы ретінде пайдаланды. 1099 жылы Иерусалимді
крестшілер жаулап алды, және олар мұсылмандарды ғана емес иудейлерді ,
шығыс христиан шіркеуінің өкілдерін тонады . Иерусалим қаласының
құлауы ислам әлемінде туындаған саяси бөлінумен байланысты еді .
Крестшілер өздерінің жаулап алған жерлерінде латын мемлекеттерін
құрды, осындай мемлекеттің бірі Иерусалим корольдігі болды . 1187
жылы Иерусалимді ислам әскерлерін басқарған Салахаддин алъ- Айюб
қайтарып алды.Алайда мұнымен Иерусалимді толық қолға алу аяқталған
жоқ еді.
Герман императоры Фридрих II мен сұлтан Әл- Малик Әл-Камил (1218-
1238) арасында бейбіт келісім жасалды. Келісім нәтижесінде Иерусалим
мен Назарет христиандарға қайтарылды[4].
Тек 1244 жылы ғана мұсылмандар Иерусалимді қайтара алды. 1516 ж
Палестинаны түрік- османдары жаулап алды. Осы кезеңнен бастап бұл
аймақ Осман империясының құрамына кірді. Палестина империяның
құрамында болғандықтан , сұлтан өзінің сенімді өкілін аймаққа
басшы етіп тағайындады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін бұл
аймақ Осман империясының құрамында болды. Еуропаның отаршыл
державалары Осман империясының жерлерін бөлуді өздерінің мақсаты
етіп қойды. Ағылшындар империяны әлсірету үшін арабтарды
түріктерге қарсы қойды. Сонымен қатар сионистерде түріктерге қарсы
шаралар қолданды. Иерусалимнің осы кезеңде діни маңызы арта түсті.
Аймақты жаулап алуда діни фактордың маңызы төмен болған жоқ.
Еуропа елдері отарлаудың алғашқы қадамы ретінде діни миссияны
жүргізді.XIX ғ басында басталған бұл қызмет 40 жылдары күшейе түсті.
Миссионерлер Сирияда, Палестинада мектептер ашып, христиан дінін
тарата бастады. Шығыстағы белсенді бірінші уағыздауды католиктік
лозяристер мен иезуиттер бастады. Олардың жұмысын Ватикан бақылап,
Франция қолдап отырды. Олар көптеген мектептер мен семинариялар
ашты. 1846 ж папа крест жорықтары кезінде өмір сүрген Латын
Иерусалимдік патриархатты қайта орнатты. 1820 ж Бейрутте алғашқы
американдық пресвитириандар пайда болды. 1860 ж олардың қарамағында
30- дан астам мектеп, баспаханалар болды. 1866 ж ол Американ
университетіне айналған.
XIX ғ орта шенінде Палестинадағы еврей халқының саны 11 мыңға
әрең жететін еді. Көпшілігі дін қызметкерлері қажылар еді, олардың
бұл жерде орналасуының басты себебі де діни көзқарастан еді.
Шығыстағы 1839-41 жылдардағы дағдарысқа байланысты ағылшындар архивтен
Бонопарттың Палестинада еврей мемлекетін құру туралы жоспарын
шығарды. 1838 жылы лорд Шэфтеберн мен Иерусалимдегі британ консулы
Джеймс Фини евреилерді Палестинаға көшіріп, еврей мемлекетін құру
туралы жобаның бірнешесін халық алдында ұсынды.
Шығыстағы бақталастық рухани миссиялардың бір-бірімен үнемі
күресінен көрінді. ұрыс-керіс, “ қасиетті жерлерге ”, деген қызығушылық
кішігірім жанжалдарға, кейіннен 1856 жылы халықаралық дағдарысқа алып
келді. Бұл дағдарыс нәтижесі Осман империясы үшін ауыр болды.
Нәтижесінде державалар Түркияға шетел капиталының өсуіне жол
ашқан ұжымдық протекторат құрып, Сұлтан үкіметіне реформалаудың
жаңа бағдарламасын шығартты.
XIX ғасырдың соңында Еуропаның отаршыл державалары Осман
империясын бөлуге ұмтылды . Осы кезде ағылшындар және сионистер
Абдул Хамид II – ге Палестинаны еврей мемлекетін құру үшін беруін
сұрайды . Сұлтан оған келіспеді де , 1900-1901 жылдары Палестина
жерінде шетелдік еврейлердің 3 – айдан артық болмауы туралы жарлық
шығарды . Одан басқа ол Палестина жерін еврей саудагерлеріне
сатуға шек қойды .
1902 жылы бай – дәулетті еврей топ өкілдері сұлтанға Туркияның
бар қарызын төлеуге , сонымен қатар Стамбулға 35 млн алтын
динар қаржы беруге ұсынды . Алайда сұлтан барлық ұсыныстардан
бас тартты. Абдул Хамид Теодор Герцлге жауап хатында былай
деп жазды: “Мен Палестина жерінің бір бөлігін де сатпаймын,
өйткені бұл менің меншігім емес... Мен Палестинаның мұсылман
әлемінен бөлінгенін көргенше өзімнің бір мүшемді кесіп
тастағаным жеңіл. Осыдан соң еврейлер Осман империясын
құлатудың барлық мүмкін жолдарын қарастыра бастады. Оның
ішінде олар 1907ж елдегі билікті өз қолына алған Иттихад
от Терраки ұйымымен байланыс орнатты. Жаңа үкімет
Стамбулдағы еврей эмиграциясы , жер сату мәселесін шешіп
берді[5].
Англия мен Франция өздерінің араб әлемінде отарлау
саясатына “еврей мәселесін” белсенді түрде қолданды .
Лондон әуел бастан-ақ Палестинаны Таяу Шығыстағы маңызды
стратегиялық пункт ретінде қолына алғысы келген еді.
Палестинада билік құру арқылы Англия Мағрибты ( Солтүстік
Африка ), Машриқтан ( Араб Шығысы) бөліп тастауды көздеді.
1840ж Египет басшысы Мұхаммед Али түрік сұлтандарына бағынудан

бас тартып Сирияға жорық ұйымдастырғанда, Англия премьер- министрі
лорд Палмстрон сұлтанға хат жолдады, онда ол Палестинаға еврейлердің
эмиграциясы Мұхаммед Алидің шабуылына тосқауыл болатынын
жеткізді.
1840 ж наурыз-сәуірде еврейлік банкир миллионер Ротшильд
лорд Палмстронға хат жолдады “ Мұхаммед Алидің жеңілуі мен оның
Египеттегі (Мысыр) билігінің қысқаруы жаңа араб одақтарының
пайда болуына тосқауыл қоюға жеткіліксіз... . Егер картаға үңілсек
Палестинаның Египетті Азия арабтарымен қосар көпір екенін
көруімізге болады. Палестина әр қашан Батысқа қақпа болған.
Мұның жалғыз шешімі бұл жерге дуал қызметін атқаратын,
арабтардан келер қауіпті қайтарар әр түрлі күштер енгізу
керек. Палестинаға еврей имиграциясы осы ролді атқаруы
мүмкін. Бұл тек өз жеріне оралатын еврейлер үшін ғана
қолайлы болып қана қоймай, Англия үшін де өте ұтымды
болады. Британ империясына күшті араб мемлекетінің пайда болуы
мен Египет пен басқа араб елдерінің байланысы қолайсыз жай болады”,-
деп жазды.
Бұл ағылшын премьері мен еврей миллионерлерiне тиісті екі
құжат біртұтас араб мемлекетінің пайда болуына жол бермеуге, екі
жақтың да қызығушылығының бар екенін көрсетеді. Ол үшін араб
әлемінің жүрегіне жау мемлекет құру керектігі түсінікті еді.Осы
жоспарлар туралы 1907ж британ премьері Генри Кампбэлл Банзман
басқарған арнайы комитеттің палестина мәселесін зерттеуі бойынша
шығарылған шешімдерінен де мәлім болып отыр. Комитеттің ұсыныстарында
араб елдерін бытыраңқы жағдайда ұстап тұру үшін Азия арабтарын
Африка арабтарымен қосар көпірді жабу керектігі айтылады[6].
Бұл жоспардың көп бөлігі 1916ж Сайкс –Пико келісімінен кейін
іске аса бастады. Келісімге сәйкес Франция Сирияның бір бөлігін,
Шамның оңтүстік бөлігін, Ирактың Мосул қаласын қол астына алды.
Англия Сирияның оңтүстігін, Бағдад пен Басраны қоса алды. Сонымен
қатар Парсы шығанағынан Акка мен Хайфаға дейінгі территорияларға
ие болды. Соңғы екі қала Англия мен Францияның бірлесе басқаруында болды.
Ал, Палестинаның басқа бөліктерінде халықаралық билік орнатылды. Араб елін
екіге бөлу, жасанды тосқауыл жасау жоспарын Лондон мен Париж басшылығы
жүзеге асыра бастады. Осыдан соң еврей көсемдері Ротшильд пен Вейцман,
Британ басшылығымен байланысты белсенді түрде қалыптастырды. Палестинада
еврей ұлттық ошағын құру үшін “Бальфур декларациясы” қабылданды.
1917 жылы Осман империясының құрамында болған Палестина әкімшілік
жағынан Сирия мен Бейрут вилаятына, Иерусалим аймағына бөлінді.
Экономикалық сипаттама беретін болсақ артта қалған ірі жер иеленушілігі бар
мемлекет. Араб шаруалары помещик жерінде жұмыс істеп, өндірген өнімінің бір
бөлігін беріп отырды. Палестинада ұсақ кәсіпкерлік ұлғайып, онда орташа
есеппен ондаған адам жұмыс істеді. Алғашқы кәсіпорындар XIXғ. 90 жылдарында
пайда болды. Олардың негізгі кәсібі сабын шайқау, тамақ салалары бойынша,
киім тігуге маманданған. Елде көп тараған май шығару кәсіпорындары бар.
Яффе және Хайфа қаласында кіші қолөнер шеберханалары көп шоғырланған.
Халықтың 10% кәсіпорындарда және шеберханаларда жұмыс істейді. Экономиканың
нашар дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің аздығы елдің сауда балансы
төмен екендігін көрсетеді.
XIX ғ соңында Палестинада сионистік топтар өздерінің жобаларымен шыға
бастады. Еврей ұлттық буржуазиясы реакциялық формада қалыптасып, өздерінің
шовинистік, экспансиялық әрекеттерімен көріне бастады. Шовинистік
әрекеттердің белгілерін олардың бағдарламаларынан кездестіруге болады.
Сионистер мынадай идеяны алға тартты “біртүтас еврей халқын” қалыптастыру,
“мәңгілік антисемиттік” саясатқа душар болған халықты “ата мекенге” көшіру.
Палестинаны бүкіл әлемдегі еврейлердің “рухани және ұлттық орталығы”
деп жариялап, оны “Израильдің жері” деп атады. Бірінші құжатта бағдарлама
бойынша Палестинадағы жергілікті халықты түгелдей қуу көзделді, бұдан араб
халқының құқының бұзылуын аңғаруға болады. Тағы да бір алға қойған
мақсаттарының бірі еврей еңбекшілерінің бас көтеруіне жол бермеу. Бастапқы
кезеңде сионистер өздерінің Палестинада еврей мемлекетін құру туралы
ұсынысын, ашық түрде айта алмады. Оларға ең алдымен қолдау жасайтын күшті
әскери қуаты бар одақтас қажет еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басында
сионистер империалистік Германиямен одақ жасауды ойластырған болатын,
ондағы мақсаты Палестинаны өз бақылауына алғысы келді. Алайда сионистер мен
герман басшыларының арасында қарама- қайшылықтар болды.
Сионистер қолдауды Англия басшыларынан іздеді, Суэц каналының
ағылшындарға өтуі (1882 жыл), олардың Палестинаға қызығушылығын тудырды.
Ағылшындар Палестинаны маңызды байланыс орталығы ретінде қолына алғысы
келді. 1897 жылы Базель қаласында болған сионистердің бірінші конгресінде
“еврей ошағының” құрылуы жайында бағдарлама қабылданды, яғни ол еврей
мемлекетінің қалыптасуының алғы шарты болатын. ¤здерінің бағдарламаларында
көрсетілген картада тек палестиндіктердің жері ғана емес, көрші араб
елдерінің территориялары да көрсетілген. Базель конгресінде құрылған
“Дүниежүзілік сионистер ұйымы” өздерінің экспансиялық мақсаттарын
экономикалық жолмен жүргізе бастады. Оның жарқын көрінісі бірнеше еврей
банктерінің құрылуы: колониалды Еврей банкі, және бөлімдері, Еврей ұлттық
фонды, Ағылшын – палестин банкі т.б. Әрине ұзақ уақыт өтсе де “Дүниежүзілік
сионистер ұйымы” жаппай иммиграциялауды және де ашық түрде отарлауды жүзеге
асырмады, өйткені сенімді одақтас әлі де тапқан жоқ еді. Сонымен қатар
еврейлердің қоныс аударуын, Еуропадағы еврейлер толығымен қолдаған жоқ
еді[7].
XIXғ. 80 жылдарында Палестинаға діни уағызбен Еуропадан еврей
иммигранттары жаппай ағылып келе бастады. Сионистердің ықпалының өсуі
арабтардың ұлттық езгіге түсуін күшейтті. Еуропадан шыққан иммигранттардың
көпшілік бөлігі Палестинаға емес, АҚШ – қа қарай ағыла бастады. 1882 – 1900
жылдар аралығында Палестинада еврейлердің саны 24 мыңнан 50 мың адамға
дейін өсті. (XIXғ. Ортасында Палестинада еврейлердің саны 10 мыңнан
аспайтын).
Еврей буржуазиясына сүйенген сионистердің жер көлемі Палестинада
жылдан жылға ұлғайды: 1899 жыл мен 1914 жылды салыстырсақ 247 мыңнан 450
мың дунамға дейін өскен.
XXғ. бірінші жартысында иммиграциялық ағым төмен дәрежеде болды.
Палестинада жаңа елді мекендер пайда бола бастаса да, ауыл шаруашылығымен
айналысатын еврейлердің саны аз болды. 1914 жылы Палестинаға 85 мың еврей
қоныс аударса, оның 7,5 мыңы ғана ауыл шаруашылығымен айналысты. XXғ.
басында арабтардың сионистердің жүргізген саясатына қарсы баскөтерулері
болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, Таяу Шығыста болған әскери
әрекеттерде Англия араб феодалдарын өз жағына тарта бастады. Оларға
тәуелсіз араб мемлекеттерінің құрылатындығына уәде берді. Англия жағынан
келіссөздерге қатысқан Генри Мак – Магона және Мекке қаласының билеушісі
Хусейн Әл - Хашими арасында келісім болды. Ағылшындардың айдап салуымен
Хусейн 1946 жылы түріктерге қарсы қозғалысты бастады. Қозғалыс бүкіл араб
әлемін шарпыды. Араб елдеріне тәуелсіздік алып беремін деген уәделер
шындыққа сай келмейтін еді, өйткені ағылшын үкіметі Таяу Шығыстағы
арабтардың жерлерін өзінің отарына айналдыруды мақсат етіп қойған. Оған
дәлел Сайкос – Пико келісімі, бұл келісімді ағылшындар ұтымды
пайдаланды[8].
XIXғ. соңында Палестина аймағы төңірегінде империалистік державалардың
арасында қарама - қайшылықтар туды. Осымен бірге еврей ірі буржуазиясы да
өздерінің наразылықтарын білдірді. XIXғ соңы мен XXғ бірінші жартысында
сионистердің Палестинаны отарлауы күшейе түсті, оны Вейцманның мына сөзінен
аңғаруға болады. “Англия қаншалықты ағылшындардікі болса, Палестина
соншалықты еврейлердікі болуы қажет.” Сионистердің бүл есебі шындыққа сай
келмейтін еді, өйткені палестина халқының көпшілік бөлігін арабтар
құрады.Сионизмнің негізін қалаушылардың бірі Т.Герцл “арабтардың мәселесін
” шешуде бір ғана жол арабтарды шетелге қуғындау деп түсіндірді. 1946ж
Палестинада 1237 мың араб және 608 мың еврей тұрды. Осы жылдары сионистік
ұйымдардың қолында Палестина жерінің 6 % болды. Израиль мемлекетінің
қалыптасуына негіз жасаушылар , арабтарды жаппай қудалай бастады.
1945 жылы 26 маусымда Сан Францискода БҰҰ құрылғанда, Палестина құрама
Корольдіктің мандаты астындағы территория болатын. Ұлыбритания қолдау
көрсеткен Палестинаға еврей иммиграциясына палестиналықтар қарсы шықты .
Құрама Корольдік 1947 жылы ақпанда Палестина мәселесін БҰҰ талқылауына
беруді ұйғарды.
1947 жылы 27 ақпандағы Бас Ассамблеяның бірінші арнайы сессиясында-ақ,
Палестина мәселесі бойынша арнайы комитет құрылды. 5 араб елі – Египет,
Ирак, Ливан, Сауд Арабиясы және Сирия сессияда Палестинаның мандатын алып,
тәуелсіздігін жариялау туралы мәселені күн тәртібіне қоюға тырысқанымен
ешнәрсе шықпады. Арнайы сессияда Палестина мәселесі бойынша 11 мемлекет
өкілдерінен тұратын комиссия (ЮНСКОП) құрылды. Бұл комиссияға 1947 жылдың
қыркүйегіндегі сессияға дейін Палестина мәселесі бойынша сұрақтарды
зерттеуді және шешуге өзінің ұсыныстарын беруді тапсырды.
Араб елдері лигасы тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын талап
етті. Арнайы комитет өз жұмысын 1947 жылы 31 тамызда аяқтап, комитет
мүшелері мандатты тоқтатуды, тәуелсіздік жайында және БҰҰ рөлі туралы
келісімге келді. Комитеттің көпшілігі (Канада, Чехословакия, Гватемала,
Нидерланды, Перу, Швеция, Уругвай) Палестинаны 2-ге Араб және Еврей
мемлекеттеріне бөліп, Иерусалим қаласына халықаралық статус беріп, БҰҰ
қанаты астына өткізуді ұсынды. Ал, қалған мүшелері (‡ндістан, Иран,
Югославия) Араб және Еврей мемлекеті қосылып федеративтік құрылымда
болуын, Иерусалим қаласын Федерация астанасы етуін ұсынды. Тек бір ел
Аустралия – екі жақтың да ұсынысына даусын бермеді, және дауыс беруден бас
тартты. БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің екінщі сессиясында (1947ж 29 қараша)
Палестинаны бөлу туралы 181 резолюцияны қабылдады. Бөлу жоспары –
резолюцияның бас құжаты – британ мандатын тоқтатуды және әскерін шығаруды,
сонымен бірге екі ел және Иерусалим арасында шекараларды белгілеуді
қамтыды[9].
Ол бойынша Палестина 8 бөлікке бөлінуі тиіс еді, 3 – бөлігі
еврейлерге, 3 – бөлігі араб еліне, 1 – бөлігі Яффа қаласы – еврей
территориясындағы араб анклавын құруы тиіс еді. Ал соңғы бөлігі Иерусалимге
халықаралық режим орнатылуы қажет болатын.
Жоспарда сонымен бірге екі елдегі тәуелсіздік беру, азаматтылық,
транзит, экономика жөнінде және де Киелі жерлерге бару, діни құқықтар
туралы шаралар қаралды. БҰҰ 181 – резолюция арқылы Палестина мәселесі
жөнінде комиссия құрып, Қауіпсіздік Кеңесіне барлық ұсыныстар орындалуы
үшін шараларды қолдануды тапсырды. 181 – резолюция қабылданғаннан кейін
Палестинада зорлықшыл қақтығыстар көбейді. Осыған байланысты Бас Ассамблея
Қауіпсіздік Кеңесі 1948 жылы 16 – сәуір мен 14 мамыр арасында болып өткен
арнайы жиналысын шақырды. Бас Ассемблея Палестина мәселесі бойынша
Комитетті таратады. Оның орнына бейбіт келісімге келтіруге көмек үшін араға
адам салды.
20 – мамырда Швед Қызыл Кресті президенті Фолке Бернадотт
Палестинадағы БҰҰ өкілі ретінде сайланды.
181- резолюцияның шешімі бойынша Палестинада араб және еврей
мемлекеттері құрылуы тиіс еді, және осы екі елге территория бөлініп
берілді, Изральге 14,1 мың км2, ал Палестина араб мемлекетіне 11 мың км2.
Күрестер 29 – мамырда Қауіпсіздік Кеңесі шақыруымен 4 апталық бейбіт
келісіммен аяқталды. Бұл келісім БҰҰ органы бақылауы астында болды. Делдал
күшіне қарамай 8 – шілдеде қақтығыстар қайта басталып кетті.
1948 – 1949 жылдары Палестинадағы арабтардың көпшілігі көрші араб
елдеріне кетуге мәжбүр болды. 1948 жылы Палестинадағы арабтар халықтың 69
процентін құраса, сол жылдың күзінде бар жоғы 22% - ті құрады.1947 жылы БҰҰ
Бас Ассамблеясында Палестина мәселесі қаралған кезде, Израильдегі
арабтардың да құқықтары қаралды. 1949 – 1950 жылдары аралығында Израиль жер
туралы заң шығарды, ол бойынша өз жерін тәулік ішінде тастап кеткен адам
барлық мүлкінен айрылды. Израиьлдің тағы бір саясаты “қауіпсіздік аймағы”
дей отырып мыңдаған адамдарды өз жерінен қудалады. Осы жерлерде әскери –
базалар құрылды.
1948 жылы Израильде 585 араб елдi мекені болса, 70 жылдардың соңында
бар жоғы 107 – сі ғана қалды. Араб елді мекендерінің орнына жаңа еврей
қоныстары пайда болды. 1964 ж араб басшыларының отырысында 2000 000
өз жерінен қуылған палестиндіктердің құқын қорғау үшін Палестинаның
Азат ету ұйымы құрылды. Палестинаның Азат ету ұйымының билік басына Ахмад
Шукри (Аhmad Shugaim) келді, басқару Палестинаның ұлттық Кеңесімен жүзеге
асырылды[10].
Алғашқыда ұйым географиялық принцип бойынша құрылған еді, 1968 ж
ұйымда әртүрлі партизандық қозғалыстар әрекет етті. ұйымның негізгі
мақсаты Израиль мемлекетін тарату, еврейлерді Палестинадан қуу және
демократиялық зиялы мемлекет құру болып табылды. Мақсатқа жетудің құралы
партизандардың рейдтерімен жүзеге асырылатын Израильмен қарулы күрес
болды. Басты топтар : Палестина ұлттық Азат ету қозғалысы, Палестина Азат
ету халықтық фронты, Әл-Сайка (Ал-сайка), Палестинаны Азат етудің
демократиялық фронты. ұйымның басқаруында террористік “Қаралы Қыркүйек”
(Черный Сентябръ) тобы және Палестина ұлттық Азат ету қозғалысы да әрекет
етті. ұйым қызметі бірлескен араб режимі және жеке азаматтардың қалтасынан
қаржыландырылды. 1969 ж ұйымның билік басына ФАТХ (ұйымның ірі тобы)
тобының көсемі Ясир Арафат келді. ұйымның басты партизандық базасы
Иорданияда болды.
Шешілмеген сұрақ сол бойынша қалып, қақтығыстар одан әрі жалғасты.
1967 ж Таяу Шығыста бұрылыс болды, осы жылы Израилъ Палестинаның британ
мандаты астында болған территориясын басып алуды көздеген еді.1967 ж 5-
шілдесінде Израилъ мен Египет, Иордания, Сирия арасында әскери қақтығыстар
тұтанды. Қақтығыс аяқталған соң Израиль мен араб елдері арасында келісім
жасалынды, ол бойынша Израиль Синай, Газа секторын, Батыс жағалауды, Шығыс
Иерусалим және Голан шыңдарын қосып басып алды.[11]
1967 ж Қауіпсіздік Кеңесі 237- резолюциясын шығарды, резолюцияда
қақтығыстар болған аудандарды, олардың тұрғындарын аман сақтап қалу және
осы жерлерден қашып кеткен тұрғындарды қайтару қарастырылды.[1]Бұдан
кейінде аракідік қақтығыстар басылған жоқ.
Кейінірек 1967 жылы 22- қарашада Қауіпсіздік Кеңесі бір ауыздан
Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт реттеуді көздейтін 242- резолюцияны
қабылдады . Резолюция бейбітшілікті орнатуда екі принципті қарастырды:
“Израиль әскерін қақтығыс кезінде басып алған жерлерден алып кету” және
“әрбір мемлекеттің егеменділігін, территориялық бөлінбейтіндігін мойындап
соғыс жағдайын тоқтату”. Резолюцияда “босқындар мәселесін әділ шешуде”
қарастырылды. 242 -резолюцияны Араб елдері мойындады, Израиль әскерді
шығару және босқындар мәселесі Араб елдерімен бас қосудан соң
шешілетіндігін жария етті.
1967 жылы соғыстан соң Палестина мәселесі кең саяси ауқымда
түсінілетін болды. Палестиндіктердің өз құқығына жетуге деген құлшынысы
арта түсті. 1964 жылы құрылған Палестинаның азат ету ұйымы (ООП), 1968 жылы
өзінің жаңа ұлттық уставын шығарды. Бұл құжатта Халықаралық Одақ өз
жауапкершілігін орындай алмағандығы айтылып, палестина халқын ұлттық құқын
мойындату үшін күреске шақырды. 1969 жылы желтоқсанда Бас Ассамблея
Палестина мәселесінің шығуы БҰҰ Уставында және Бүкілхалықтық Адам құқы
деклорациясында жазылған бөлінбес құқын айырғандықта екенін мойындады.
1970 – 1971 жылдары Иордания королі Хусейн ұйымға қарсы әскери
операция өткізді, осыдан соң ұйымның штаб пәтері Ливанға көшірілді.
Палестина ұлттық Азат ету қозғалысы ультра оңшыл ұйымдармен тіл табысып,
іскерлік қатынас жүргізді. 1972 жылы “Қаралы Қыркүйек” тобының террористері
Мюнхендегі олимпиядада тоғыз Израиль спортшысын өлтірді. 1971 жылдың
қыркүйегінде БҰҰ - ға мүше 56 ел “Палестина мәселесін” Бас Ассамблеяның күн
тәртібіндегі пункт ретінде қоюды ұсынды. Олардың ұсынысы қабылданып, содан
бері Палестина мәселесі күн тәртібіндегі мәселелердің бір бөлігі болып
қалды.
3236 (XXIX) резолюция (1974 жылы 22 – қараша) арқылы Бас Ассамблея
палестина халқының құқын бекітті, бұл бойынша олар сыртқы араласусыз ұлттық
тәуелсіздікке, егемендікке және өз ошақтарына оралуына құқықты болды. 1974
жылы Бас Ассамблея бекіткен палестина халқының құқықтары жыл сайын қайта
бекітіліп келуде. 1974 жылы ұйымды Араб елдері мойындады. Ал, палестина
халқының жалғыз заңды өкілі ретінде Арафат БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз
сөйледі. 1975 жылы Бас Ассамблея бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп, олардың
құқын жүзеге асыру үшін комитет құрды.
Ливаннан әрекет еткен ұйым Израиль қаћарына ұшырады, штаб – пәтер
орналасқан Бейрут қоршалып, ұйым өкілдері бейбіт Араб елдеріне қашты. Ясир
Арафат Туниске жасырынды. Израиль әуе күштері 1. 10. 1985 жылы Тунистегі
ұйымның штаб – пәтеріне шабуыл жасады. 1987 жылы Арафаттың үндеуімен
“Интифада” арабтардың қарулы көтерілісі басталды. 1987 жылы желтоқсанда
Газадағы оқиғадан кейін Батыс жағалау және Газа секторындағы палестиндіктер
Израиль жаулап алушыларына қарсы көтеріліске шықты. Палестиндіктер
интифаданы келесі жылдары да қайталады.
1920 жылдан бергі Палестина жеріндегі жағдай интифаданың жандануына
алып келді. Халықтың барлық тобы – жастар, саудагерлер, жұмысшылар,
әйелдер, балалар демонстрацияға шығып, салық төлеуге қарсы шықты, және
басқа да талаптар қойды. БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі арнайы комитеті және
Таяу Шығыс агенттігі бұл құбылыстарды өз назарына алды. Олар Израильдік
басып алушылардың демонстранттарға қарсы қатаң шаралары туралы баяндама
жасады. Интифада кезінде 1000 – нан артық адам қаза тауып, 10000 – нан
артық палестиндік жараланды, 1000 – дағаны Израиль түрмелеріне жабылды.
Баяндамада сонымен бірге түрмелердегі зорлық – зомбылық, көзден жас
шығаратын газдарды пайдалану туралы айтылған[12].
1988 жылы 15 – қарашада Алжирде Палестина ұлттық кеңесінің XIX
сессиясында, палестина мәселесі талқыланды. БҰҰ - ның Израильдің басып
алған территориясын босатуын талап еткен 242 және 338 – резолюциялары
мойындалды.Онда Израильге мынадай талаптар қойылды: 1967 жылы
оккупацияланған араб территориясынан, Иерусалимнің шығыс бөлігінен израиль
әскерлерін шығару, еврей қоныстарын бұзу т. б. 1988 жылы 15 – қарашада ұйым
“Палестина мемлекеті” құрылуын жария етті. 1988 жылы 18 – қарашада КСРО
“жарияланған палестина мемлекетін” мойындап, онымен дипломатиялық қатынас
орнатты. 1989 жылы Палестина ұлттық кеңесі Арафатты квази мемлекеттің
президенті етіп тағайындады.
1990 жылы 20 –желтоқсанда Қауіпсіздік Кеңесі Бас Хатшыдан Израильдік
төртінші Женева конвенциясын қолдануын талап етті. Алайда Израиль,
конвенцияның құқықтық қолданылуын мақұлдаудан бас тартты. 1974 жылы
Москвада ашылған Палестина Азат ету ұйымының өкілдігі, 1990 жылы палестина
мемелекетінің елшілігі ретінде өзгерді. 15 –қараша тәуелсіздік күні ретінде
тойланады.1993 жылы Арафат және Израиль басшылары келісімге отырды, Израиль
ұйымды мойындап, онымен іскерлікті дамытуға келісті, 1996 – 1997 жылдары
Палестина автономиясын құруға жол ашылды. Елдегі саяси құрылымның өзегі
Палестинаның Азат ету ұйымы болып табылады. Араб елдерінің лигасына мүше,
ислам елдерінің конференциясына қатысады, БҰҰ - ның және басқа да
халықаралық ұйымдардың қадағалауындағы мемлекет. Әлемнің жүзге жуық
елдерінде өкілдігі бар. Палестинаның Азат ету ұйымының жоғары органы ұлттық
кеңес болып табылады. (480 мүшесі бар). Онда палестиндік бірнеше ұйымдар
мен қозғалыстардың қайраткерлері қатысады[13].
Палестина Азат ету ұйымының орталық кеңесінде жүзге жуық адам қызмет
атқарады. Палестина Азат ету ұйымының атқару комитетінде 18 адам (төрағасы
Я. Арафат). Палестинаның Азат ету ұйымы бағытына қарай шыққан топтар :
Палестина халықтық Азат ету фронты, Палестина демократиялық азат ету
фронты, Хамас және т. б. Палестиндік арабтар ұзақ уақыт 181- резолюцияны
мойындамаған болатын, ондаған жылдар бойы қарулы күрес жүргізіп келуде,
бірақ белгілі бір нәтижеге қол жетпеді. Батыс Жағалау (5879 км2) мен Газа
секторында (387 км2) бүгінде 2 млн. – нан астам палестиндік арабтар тұрады
(100 мың Израиль қоныс аударушы). Палестиндік арабтардың көпшілігі араб
елдерінде тұруға мәжбүр болды. Халқының көпшілігі ислам дінін ұстайды,
христиан мен иуда діндері де кең тараған. Палестинаға экономикалық және
қаржылай араб елдері, БҰҰ - ның фонды үлкен көмек көрсетуде. Негізінен ауыл
шаруашылықты мемлекет.

1.2. Израиль мемлекетінің құрылуы және оның аймақтағы саяси
жағдайға әсері

XIX ғ. соңында сионистер халықаралық аренаға “еврей мемлекетінің”
құрылуы деген ұранмен шықты. Т. Герцл еврей мәселесін шешудің жолы, еврей
мемлекетін құру деп атап өтті. 1897 ж Базельде болған Дүниежүзілік
сионистер ұйымының I конгресінде “ Палестинаны еврей халқының ошағы” деп
жариялады. Сионистер бұл кезеңде ашық еврей мемлекетін құруды талап ете
алмады. ДСұ еврей мемлекетін болашақта құру үшін, империалистік
державалармен келісімге келе бастады. ДСұ сол елдердің саяси қоғамдық
өміріне араласа бастады.
Т.Герцл еврей капиталистеріне барон Гиршуға, Ротшильдтке
жолдау жіберіп, еврей халқына біртұтас саяси басшылық
керектігін айтты.“Біздің бақытсыздығымыз осы уақытқа дейін саяси
басшылығымыздың болмағандығында”,- деп атап көрсетті
ол.Т.Герцлдің жасаған саяси бағдарламасын еврей буржуазиясының
кейбір топтары қолдаған жоқ. Еврей буржуазиясының ірі топтары
Англияда, Германияда, Францияда және АҚШ-та саяси және
экономикалық ықпалын күшейтуді ойлады. Палестинада еврей
мемлекетінің құрылуын, көптеген еврей капиталистері қолдаған жоқ.
Ротшильдтің өзі алғашында Герцлдің саяси бағдарламасын қолдамады.
Бальфур деклорациясы жарияланғаннан кейін,еврей буржуазиясының
ірі топтары “Палестинада еврей ошағын” қалыптастыру жобасына жаппай
қолдау көрсетті. Ұлыбритания үкіметі “Палестинада еврей халқының
ошағын” құруды өз міндетіне алды. ДСҰ - ның көсемі Х. Вейцман,
Палестинада еврейлердің санын ұлғайту қажеттігін айтты.
Бальфур деклорациясы ағылшын отаршылдары мен сионистердің байланысын
мықтады. ДСұ шыққан тегі еврей саясаткерлерімен байланысты
ұлғайтып , өздерінің саяси және экономикалық ықпалын өсіруге тырысты.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ДСұ-ның орталығы Германия болса,
соғыстан кейін сионистердің саяси орталығына АҚШ айналды.
ХХ-ғасырдың 20-жылдары Палестинада сионистердің орталығы қалыптаса
бастады. (Палестина еврей қоғамы) Палестинада осы жылдары ерекше саяси
ұйым Ишува құрылды, оны кейде мемлекет ішіндегі мемлекет деп те
атайды. Британ әкімшілігі қолдауындағы еврейлердің саяси ұйымы
Палестинадағы ағылшын мандаттығының шартымен, Еврей агенттігі
құрылды. Бұл еврей мемлекетінің қалыптасуының алғашқы қадамы еді. ДСұ-
ның органдары мен Еврей агенттігінің бірігуі халықаралық сионизмнің
ықпалын өсірді. 40- жылдары сионизм көппартиялық құрылымға айналды, оны
әр түрлі тап өкілдері біріктірді.

Палестинада да сионистік партиялардың бөлімдерінің ашылуы, бұл
жерде де билік үшін бәсекені туғызды. Сионистік орталықтың пайда болуы,
бұл жердің сионистердің отарына айналуына себеп болды. Саяси және
экономикалық билік олардың қолына шоғырлана бастады. Екінші
дүниежүзілік соғыс кезеңі Палестинадағы сионистердің орталығы күшейген
уақыт. Ишуваның экономикалық және саяси бақылауды қолына алуы,
Лондондағы сионистердің ықпалын әлсіретті. Дәл осы кезеңде
Палестинадағы сионистер орталығы, АҚШ –пен байланыс орнатты. ДСұ-ның
және Еврей агенттігінің төрағасы Д. Бен Гурион АҚШ-пен байланысты
ұлғайту арқылы “ еврей мемлекетін” құруға болатындығын айтты. 1937
жылы ол Ишува базасында тәуелсіз еврей мемлекетінің құрылатындығын
ашық жариялады, алайда оған американ сионистері қарсы шықты. ¤йткені
американ сионистері еврей мемлекетінің Палестина территориясының
шағын бөлігінде құрылуын қаламады[14].

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде АҚШ халықаралық сионизм
орталығына айналды. 1942 жылы АҚШ-қа Бен Гурион келді, ол “Ақ үй
әкімшілігі” басшыларымен келісімге отырды.Д.Бен Гурион “Билтмор
бағдарламасын” мынандай сөздермен сипаттады: “Билтмор бағдарламасы
еврей мемлекетінің құрылуындағы ең бірінші ресми құжат болып
табылады”.1946 жылы ДСұ-ның XXII конгресінде еврей мемлекетінің
құрылуын американ сионистері мен палестиндік сионистер бір ауыздан
қолдады. Нью-Йоркте американ сионистерінің бөлімі ашылды,және оның
төрағасы А.Сильверан болды.
1947. жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Палестина мәселесі
қаралды.1947 жылы 12 - сәуірде ДСұ-ның кеңесінде Палестина
мәселесінің шешілуіне қарамай, “ұлттық әкімшіліктің”
құрылғандығы жарияланды. Американдық авторлар Б. Постал мен Г.
Левидің айтуына қарағанда “ұлттық әкімшіліктің” құрамында 37 адам
қызмет етеді. Израиль үкіметінің басына Д. Бен. Гурион келді, ал
сыртқы істер министрі болып М. Шертан тағайындалды.
Израиль мемлекетіндегі сионистер тек қана билікке ұмтылған жоқ, олар
мемлекеттің құрылымына да өздерінің бағдарламаларын енгізуге тырысты. Олар
БҰҰ - ның жасаған бөлу жобасын сөз жүзінде қолдағанымен, іс жүзінде оны
асыруға талпынбады. Израиль мемлекетінің ресми идеологиясы сионизм болды.
Израильдің алғашқы премьер - министрі Д. Бен. Гурион еврей халқына мынадай
үндеу тастады: “Израильдің тағдыры жер шарына шашырап кеткен еврейлердің
қолында”.
1948 жылы 14- мамырда Израиль мемлекеті Палестина мандаттығының
территориясында құрылды. 1947 ж БҰҰ-ның 181- резолюциясы бойынша Израиль
мемлекетіне 14,1 мың км2 жер бөлінді. Дәл осы кезеңде Д Бен. Гурионға
қарсы, “Иргун цваи леуми” ұйымының басшысы М. Бегин күрес жүргізді, “ Иргун
цваи леуми” ұйымының басшысы радиода сөз сөйлеп, онда палестиндіктерді
қудалау туралы ой тастады. Израильдік сионистер “ еврей мемлекеті”
концепциясын ұсына отырып, бүкіл еврейлерді Израильге қоныс аударуға
үгіттеді. Израиль басшылары БҰҰ-ның Палестинаны бөлу
резолюциясын өрескел бұзды. Израиль үкіметі елдің аумағын
ұлғайту арқылы, еврей қоныстарының санын өсірді[15].
АҚШ- тың сионистерді қолдауы, олардың өз мемлекетін
құруына әсер етті. Израиль мемлекеті құрылмай тұрып, оның
жасақшыларын КСРО қаруландырды.Сталин Израиль мемлекетін құруды
құптай отырып, Чехословакияда еврейлерді қаруландырды. КСРО- ның
мұндағы мүддесі жаңадан құрылатын Израиль мемлекетін Таяу Шығыстағы
Кеңес плацдарымына айналдыру еді. 1950ж Израильде еврей қоныс
аударушыларына арналған заң қабылданды. Онда әрбір еврей Израильге
келуге құқылы деген мәлімдеме жасалынды.
1952ж Израильде “Азаматтық туралы заң” қабылданды. 1948-49ж.ж
соғыстың нәтижесінен мыңдаған палестиндік арабтар азаматтығынан
айрылды. Израиль мемлекетінің құрылуымен қатар, елдегі жаңа
парламент ( Кнессет) бірқатар заңдар шығарды. Онда 1947 ж 29- қарашадан,
1948 ж 9-қаңтарға дейінгі кезеңде елден кеткендерге кіруге тыйым салды,
және олардың меншігі мемлекет тарапынан тартып алынды. Осы кезеңде
мыңдаған арабтар мыңнан аса акр жерінен айырылды, (өздерінің тұрғылықты
жері және өңделген жерлер). Израиль мемлекетінің құрылуы мыңдаған
арабтардың өз отанын тастап кетуіне мәжбүр етті. Израиль мемлекетінің
азшылығын құрайтын арабтардың көпшілігі қалаларда жұмыс істейді. Израиль
мемлекетінің барлық аймақтарында арабтар қудаланды. Олардың жері арзан
бағаланып, араб жер иеленушілерінің біразы сол бағада сатуға мәжбүр болды.
Яффе қаласы бір уақытта арабтардың тығыз орналасқан мекені болса, ал
қазір араб үйлері туристердің негізгі көрмесіне айналды. Яффе қаласы Тель-
Авивтен алыс емес жерде орналасқан. Ал, қаланың жергілікті тұрғындары
бүгінде босқындар лагерінен баспана тапқан. Израиль үкіметі Галилей
ауданында араб жер иеленушілерінен жерді сатып алуды ұлғайтты. Арабтардың
көпшілігі жерді сатуға қарсылық білдірді, алайда израильдіктер “қауіпсіздік
шарасы” деген желеумен олардың жерлерін тартып алды. Израиль мемлекеті
құрылғанға дейін арабтар өздерінің көп жерлерінен айырылған еді. Арабтар
бір кездері жер өңдеп егін ексе, бүгінде олардың көпшілігі жұмысшыларға
айналды.
Израиль жұмысшыларының көпшілігін құрайтын арабтардың тұрмысы
еврейлермен салыстырғанда ауыр болды. Араб шаруаларының күйзеліске ұшырауы,
оларды қалаға кетуге итермеледі. Израиль мемлекетінде ауыл шаруашылығымен
айналысатын арабтардың үлесі аз.Израильдегі арабтардың жалақысы төмен
болды, және олардың көпшілігі құрылыс алаңдарында жұмыс істеді. Израиль
халқының 12% - ін осы кезеңде арабтар құрады, жалпы саны 350 мың.
Израильдегі арабтар мен еврейлердің тең құқылы еместігін, әлеуметтік
жағдайларынан көре аламыз. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету
салаларында да әділдік жоқ. Оған жарқын мысал: арабтардың 40% - ті
медициналық сақтандыруға алынса, ал еврейлердің 98% - ті алынған.
Араб елді мекендерінің көпшілігінде әлі күнге дейін электр жарығы жоқ.
Араб шаруаларында ең қиын мәселе судың болмауы, ал еврей шаруалары үшін бұл
мәселе шешілген. Арабтардың балалары көбінесе орта біліммен шектеледі,
жоғары оқу орнына түсу өте қиын. Иерусалим университетінде арабтар 1,5%
құрады, яғни ол ең төмен көрсеткіш еді. Арабтар барлық жерде кемсітушілікке
ұшырады. Израильдік ғалым Амитан Бен – Иены өзінің бір сөзінде: “араб
ғалымдары еврейлерге немесе Израиль үкіметіне қарсы бір сөз айтса, жұмыстан
шығып кетер еді”,- деп ашық айтқан болатын. Кейбір Израиль бұқаралық
ақпарат құралдарында арабтарды шектен тыс жау ретінде бейнелейді.
Шын мәнінде арабтарға қарсы бағытталған кітаптардың бірі “Хеброндағы
ұрылар және Нахшанның бандасы”. Бұл кітап бастауыш мектеп оқушыларына
арналған, және білім министрлігі тарапынан қолдау тапқан еді. Арабтарға
қарсы саясат құқық органдары тарапынанда жүзеге асты. Израильде қаржының
негізгі бөлігі еврейлерге бөлінеді, ал ол қаржы шетелдік еврейлердің көмегі
еді. Ол арабтарға жұмсалмауы қажет. АҚШ – тың қаржылай көмегімен Израиль
индустриалды, милитарланған елге айналды. Израиль араб территориясын
оккупациялағаннан кейін, ол жерлерде бақылауын орнатты. Израиль әскерлері
бірнеше араб елді мекендеріне шабуыл жасап, оларды өз жерлерінен қудалады.
Оған мысал ретінде Израиль шекарасында орналасқан Икрит және Бирам елді
мекендері төңірегіндегі жағдайды айтуға болады. Америка Құрама
Штаттарындағы бірқатар газет баспалары, осы екі елді мекен туралы сөз
қозғады. 1948 жылы өздерінің тұрғылықты жерінен көшіп, кейін қайтып
келетіндігіне уәде берген Израиль үкіметі бұл шартты орындамады. 1953 жылы
қыркүйекте Израиль әуе күштері осы екі елді мекенді бомбаның астына
алды[16].
1967 жылмен 1970 жылдар аралығында 7 мыңға жуық үйлер бұзылған. 1972 жылы
Иордан өзінінің батыс жағалауында 12 мыңға жуық үйлер жойылды. Соғыс
аяқталғаннан кейін бірнеше елді мекендер жойылды, мыңдаған адамдар
баспанасыз қалды. Иерусалимде, Вифлеемде тұратын арабтардың саны
қысқарды.Израиль әскерлері араб территориясына енгеннен кейін, олар
арабтарды қудалады. Газа ауданы мен Патхат – Рафиахта еврейлердің жері
ұлғайды. 1972 жылы Рафах аумағында мекен еткен араб бәдәуилері жаппай
қуғынға ұшырады.
Газа секторы территориясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзінің саяси картасы
Тарих сахнасында Ислам мәдениеті мен ғылымының орны
«Палестина-Израиль» қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалы
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Араб мемлекеті
Халықаралық қауіпсіздік
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру
Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс
Араб - Израиль соғысы
Пәндер