Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Айтымов, А. К.
Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан
қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің
бейімделу үрдісі [Текст] А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина Қарағанды ун-
тiнiң хабаршысы. Биология.Медицина.География сер.= Вестник
КарГУ.Сер.биология.. - 2010. - №1. - С. 89-93 б.
Адамның ағзасы жаңа климаттық-географиялық ортаға маңызды организм
қызметтерінің жұмысын қайта құру арқылы бейімделеді. Олар бірден іске
аспайды. Үрдістің денсаулыққа жəне ағзадағы қызметтерге зиянсыз жүруін əр
түрлі тиімді шараларды қолдану арқылы қамтамасыз ету үшін, оны толығымен
зерттеп, ғылыми негіздерін жасау керек [1].
Техногенді ластаушы физикалық, химиялық жəне басқа себептер осыны өз
қолымен жасаған адамдардың денсаулығына көптеген ауыр əсерлер тигізіп,
организмнің түрлі патологиялық жағдайлардың пайда болуына себепші болады.
Мемлекетіміздің көптеген ірі өндіріс қалалар аймақтарында қалыптасқан
экологиялық жағдайларды биогеохимиялық апатты жағдай деп қарастыруға болады
[2].
Теміртау қаласының барлық аумақтары қоршаған орта жоғары дəрежеде
техногендік əсерлерге ұшырап, өмір сүруге жайсыз орта қалыптасқандығын
анықтады. Бұл қоршаған ортаға, оның ішінде атмосфералық ауада, суда жəне
топырақта ауыр металдар шоғырлану деңгейі қалыпты гигиеналық шамадан
жоғарылауына əкеліп соғады.
Теміртау атмосферасының ластануына себеп болатын негізгі көздер қала
маңында жəне аймағында орналасқан металлургиялық өнеркəсібі, металдарды
өңдеу, химиялық өнеркəсіп, автокөліктер жəне электроорталық болып табылады.
Өндіріс орындарының аумағы онда жұмыс атқаратын адамдардың үнемі немесе
уақытша тұрғыны ретінде жəне белгілі бір құрамдағы атмосфералық ауаның
пайда болатын аумағы ретінде үлкен маңызға ие. Ластанған ауа өндірістік
ортаға жəне өндірістік ошақты айнала орналасқан қоршаған ортаға таралады.
Ауаның таралу заңдылықтары өндірістік ластаушы заттарды қоршаған ортадағы
таралу ерекшеліктерін де анықтайды. Ауаның таралу заңдылықтарын есепке
алмай жоспарланған қала мен өндірістік ошақтың құрылысы қоршаған өмір сүру
ортасының барынша жоғары дəрежеде ластануына алып келеді [3].
Қоршаған табиғи ортаның химиялық заттармен ластануы, оның ішінде
антропотехногендік химиялық заттармен ластануы иммундық жүйенің əр түрлі
бөлімдеріне айтарлықтай əсерін тигізіп, ағзаның оған тəн емес иммундық
реакциялардың қалыптасуына алып келеді. Осындай өзгерістерге химиялық
заттардың болмашы көлемдегі əсері де алып келуі мүмкін. Себебі əр түрлі
химиялық заттардың ағзаны уландырғыш əсері əр түрлі болады. Бұл жерде
Теміртау қаласының өмір сүру ортасында кездесіп отырған ауыр металдар, оның
ішінде ауыр металдар өзінің ағзаға зияндылығы жағынан өте қауіпті улы
заттардың қатарына жатады. Осыдан қоршаған орта нысандарының ластануына
байланысты ағзаның қорғаныс механизмдерінің бұзылуы жəне оның жаңа
экологиялық-гигиеналық ортаға бейімделуіне тигізетін əсерін зерттеудің
маңызы артып отыр. Бұл жағдай əсіресе ағзасы жарақатқа тез шалдығатын
балалар организміндегі иммундық жəне бейімделгіштік реакциялардың жағдайын
тексерудің маңыздылығы аса жоғары екенін көрсетеді [4, 5].
Балалар мен жасөспірімдер қауымы республика тұрғындарының ең көп санды
топтарының қатарына жатады. Олардың тұрғындар арасындағы үлес салмағы 40 %
дейін жетеді. Оралман балалар ағзасы қоршаған өмір сүру ортасының көп
бағытта əсер ететін əлеуметтік, қоғамдық, экономикалық, табиғи, климаттық,
оқу-тəрбиелік, тұрмыстық жəне тағы басқа себептердің əсеріне бейімделуі
тиіс.
Бұл жағдай оралман балалардың жүйке, қан айналу мен жүрек, тыныс алу
жүйелеріне жəне жалпы ағзаға күшті қысым түсіреді, бейімделгіштік
механизмінің қызметін іске қосады [5].
Мектеп жасындағы оралман балалардың жаңа климаттық жəне географиялық
ортаға бейімделуі қазіргі таңдағы ерекше маңызы бар мəселелердің бірі болып
саналады. Жаңа өмір сүру ортасы оралман балалар ағзасына айтарлықтай қысым
түсіріп, олардың сыртқы əсерге төзімділік қасиетін өзгеріске ұшыратады.
Жаңа өмір сүру ортасына оралман балалар ағзасының бейімделу жылдамдығы
бірнеше факторларға байланысты болады. Олардың ішінде жалпы жəне
иммунологиялық қорғаныстың қуатын айтуға болады. Бейімделгіштік үрдіс ішкі
ағзалар мен жүйелер қызметінің қайта құрылуы арқылы жүзеге асады. Ол
организмнің иммундық-физиологиялық белсенділігінің өзгеруіне байланысты
[6].
Қоршаған өмір сүру ортасының тұрғындар денсаулығының ең қатты əсер
ететін себептерге жергілікті жерде қалыптасқан, баяу өзгеретін климаттық-
географиялық жағдай болып табылады.
Берілген себептер мектеп жасындағы оралман балалардың организмдерінде
əр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Балалар организмінде жүретін
физиологиялық үрдістерді бақылау, организмдер мен жүйелердегі физиологиялық
ауытқуларды тез анықтап, қажетті сауықтыру шараларының ғылыми негіздерін
құрастыруға жағдай туғызады. Осының арқасында ғылыми ұсыныстарды оралман
балалардың жергілікті климаттық-географиялық ортаға жайлы бейімделуіне
тиімді етіп қолдануға алып келеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу сапасы, қолданылған сынамалардың
тиімділігіне тікелей байланысты. Тəжірибе жүргізу барысында жіберілетін
қателер алынатын деректердің құндылығына нұқсан келтіріп, теріс деректер
алуға негіз болады. Бұл ауытқулардың бірнеше себебі бар. Оның негізгісі
тəжірибе кезінде анықталған физиологиялық қалыпты көрсеткіштердің таралу
ауқымы өте кең. Зерттеуге алынатын нысандар саны көп болмағанымен,
жүргізілетін сынақтардың күрделілігі жəне зерттеу нысандарын қасиеттеріне
қарай бөлудің күрделілігімен анықталады. Сонымен қатар берілген қиындықтар
зерттеудегі статистикалық сараптау жұмысын барынша ауырлатады. Көбінесе
зерттеушілердің шамасы өзгерістердің бағытын тіркеуге немесе иммундық
қызметтің салыстырмалы тұрғыдағы нашарлауын белгілеуге ғана келеді.
Зерттеу жұмысын лабораториялық сынамаларды жасап, климаттық-
географиялық себептердің оралман балалардың ағзасында туындататын
бейімделгіштік өзгерістерін анықтауға негізделді.
Осының арқасында мектеп жасындағы оралман балалар ағзасындағы
физиологиялық ауытқуларды тіркеуге жағдай туды. Теміртау қаласының
климаттық-географиялық жағдайын сəйкесінше айқын жəне таза етіп көрсететін
бақылау аумағы ретінде қаланың оңтүстік-шығыс тұрғын аймағы алынды.
Осы тұрғын аймақта соңғы 10 жыл бойы тұрақты өмір сүретін жəне осы
аймақтағы № 8 орта мектепте оқитын балаларды (жергілікті) бақылау аймағының
балалары ретінде, ал осы аймаққа соңғы 5 жылда келіп қоныстанған мектеп
жасындағы оралман балаларды бақылау аймағына қоныстанған оралмандар ретінде
қарастырдық. Осы жергілікті қаланың оңтүстік-шығыс аймағында өмір сүріп
жатқан мектеп жасындағы балалар мен осы аймаққа қоныстанған оралман балалар
ағзасындағы физиологиялық өзгерістерге динамикалық бақылау жүргізу жəне
алынған деректерге ғылыми
тұрғыда баға беру, климаттық-географиялық жағдайдың ерекшеліктері оралман
балалар ағзасындағы иммундық жүйенің бейімделу үрдісін анықтауға жағдай
туғызды. Бұл жерге қоныс аударған балалардың иммундық жүйесіндегі жүріп
жатқан бейімделу үрдістің бағытын анықтау мақсатында, мынандай
иммунологиялық сынамалар қолданылды: лейкоциттер мен лимфоциттердің жалпы
санының өзгерістері, лейкоциттер миграциясын тежеу реакциясының қуаты,
нейтрофильдердің фагоцитарлық белсенділігі жəне қан айналымындағы иммундық
комплекстер санының өзгерістерін анықтап, баға беру. Бұл сынамалар белгілі
бір деңгейде түсірілген физикалық
ауыртпалыққа, бала ағзасының жауабы иммундық жүйеде қандай өзгерістер
туғызатындығы арқылы бағаланып отырылды.
Зерттеліп отырған оралман балалар екі топ болып жіктелді. Бірінші
топты солтүстік жəне шығыс мемлекеттерден, яғни Ресейден жəне ауа райы
салыстырмалы тұрғыда салқын жəне ылғалдылығы жоғары республиканың солтүстік
аймақтарынан, келген балалар құраса, екінші топты географиялық жағдайы
айқын континентальді, ауа температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен оңтүстік,
оңтүстік-батыс бағытта орналасқан Өзбекстан, Түркіменстан Республикаларынан
келген мектеп жасындағы оралман балалар құрады.
Адам біртұтас организм болғандықтан, ол сыртқы қоршаған ортамен тығыз
байланысты. Ағза ол барлық рефлекстерді сыртқы ортаға бейімделу реакциясы
ретінде қарастырады. Адамның өсіп-өнген, тəрбиеленген, жұмыс атқарған
ортасы мен оны қоршаған табиғи орта себептерімен қатынасын есепке алмай,
оның өсу жəне жетілу заңдылықтарына баға беру барлық кезде мүмкін болмайды.
Адамның өмірі тоқталмай, үнемі өзгеріп отыратын құбылыс. Гетерохронды өсу
бала организміне ғана тəн құбылыс емес, олардың ішкі органимздердің дамуына
да тəн.
Қазіргі кезде оралман балалардың жаңа қоныс аударған жердегі олардың
денесінің адаптациясы организмнің кез келген жаңа өмір сүру ортасына
бейімделуі кезінде ең басында кардиореспираторлық жүйе қызметінде
өзгерістер туады [7].
Оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделуі
үрдісі бойынша жұмысты жүргізу үшін Теміртау қаласында орналасқан № 15
гимназияда №№ 8, 23, 14, 4, 5 орта мектептерінде оқып жүрген 80 жергілікті
жердің ұлдары мен қыздары жəне 80 оралман балалары қатысты.
Кардиореспираторлық жүйенің қызметтік жағдайын физиологиялық тұрғыда
бағалау оқу жылының (2009–2010 оқу жылы) басында жəне ортасында іске
асырылды. Оның барысында мынандай көрсеткіштер зерттелді: өкпенің өмірлік
көлемі, тыныс алу жиілігі, жүректің жиырылу жиілігі. Бұған спирометриялық,
электрокардиография аспаптары қолданылды. Алдын ала балалардың
антропометриялық сипаттамасы анықталды, оның ішінде бойының ұзындығы мен
салмағы тексерілді.
Кардиореспираторлық жүйе қызметі кез келген сыртқы ортаның қысымына
дер кезінде, қысымның қуатына сай жауап қайтара алады. Осы үшін ағза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz