Темпераменттуралы алғашқы ой-пікірлер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызмегінің тума қасиеттерімен шарттас психикалык кұбылыс.

Темперамент адамның жалпы қозғалысынанда (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, түрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.

Темпераменттуралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, өр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ.

Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай - нехоле»- қара әт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.

Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тону сына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми кабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекгі орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837- 1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кендігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераментгердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип - жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сөйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі - ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ атасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы.

Темпераменттердің түрлері(Гиппократтерминологиясы бойынша):

Темпераменттердің түрлері

(Гиппократ

терминологиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері(Павловтерминологиясы бойынша):

Жүйке жүйесінің типтері

(Павлов

терминологиясы бойынша)

Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері: Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері
Темпераменттердің түрлері(Гиппократтерминологиясы бойынша): күші
Жүйке жүйесінің типтері(Павловтерминологиясы бойынша): тепе-теңдігі
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері: қозғал-ғыштығы
Темпераменттердің түрлері(Гиппократтерминологиясы бойынша):

Холерик

Сангивиник

Флегматик Меланхолик

Жүйке жүйесінің типтері(Павловтерминологиясы бойынша):

Ұстамсыз тип

Ширақ тип

Баяу тип

Әлсіз тип

Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері:

Күшті

Күшті Күшті Әлсіз

Тең емес (қозуы тежелуінен басым)

Тепе-тең

Тепе-тең

Қозғалғыш

Баяу қозғалады

Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.

Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттгеулер бізге төменгі сынып оқушылары арасынан темперамент - тердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік берді.

Оқушыларлың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н. И. Красногорскийдің баланың жоғары жүйке қызметі оның сөйлеу ерекшелікгеріне (атап айтқанда, дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу каркынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар, балалардын темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінін ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс - қимылдарымен де санаспауға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Математикалық логиканың элементтері
Логикалық ойлау қабілеті
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Алғашқы қауымдағы тәрбие
«Философия көзқарас ретінде»
Қазақ пәлсапасы
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Сөйлемдер мен пікірлер
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz