Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 3-4
II. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .. 5-20
1. Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты
ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 5-9
2. Техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдау тәсілі ретінде.
... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
. 10-12
3. Техницизм қоғам туралы қазіргі батыстық теориялардың
методологиялық негізгі ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-20
ІІІ. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 21
IV. Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Кіріспе.

Техника философиясының тұтқиылдан пайда болу себебі неде? Неге бүгін
адамзатты техника келешегі мазалайды? Х.Скоминовскиидің пікірінше,
философиялық зерттеулердің бұл саласының пайда болуы еуропалық өркениеттің
пайда болуы мен жойылуындағы техника ролін келе мойындауды байқатады. Оның
ойынша техника философиясы таза схоластикалық пән емес. Техника
философиясы ең алдымен біздің өркениетті сыни тұрғыдан бағалау нәтижесінде
пайда болғаның ескеру қажет. Ол аналитикалық тұрғыда ойлаушы философтар
үшін талдау жасайтын омаң ретінде қалыптасып, дамып отырған жоқ.
Біздің өркениет шексіз көп техникаларды өндіріп шығарды, бірақ оның
лингвистикалық-аналитикалық алуан түрі техника мәселесін шешіп бере
алмайды. Философтардың, ойшылдардың, тарихшылардың, инженерлердің және
көзі ашық азаматтардың парызы – өркениет ретінде біз тудырған
мәселелерге жауап табу.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін техника философиясында өзге
мәдени құндылықтарға ғана емес, қандай да болмасын бөтен өркениеттік
болмысқа деген сағыныш күшие түсті.
Батыстық философтарды мынадай сұрақтар мазалай бастады: Еуропа
жалған жолмен жүріп өткен жоқ па, батыстық рух мәдени-өркениеттік болошғы
таңдауда қателескен жоқ па? Батыстың бүгінгі қасіреттері әуел баста
адамзаттың өркениеттік даму жолын дұрыс таба алмау себебінен емес пе екен?
Қазіргі батыстың философияда адамзаттың бастапқы кезеңінде тарихи
перспективаның әр түрлі нұсқалары болған деген идея қалыптасты. Оның бірі
– бүкіл ішкі ресурстарды адамзат рухын өзіндік тануға шоғырландыру.
Ертедегі шығыс халықтары осы жолмен жүрді, мұның дәлелі ретінде олардың
діндерін алуға болады. Шығыс діндері адамның абсолютпен, болмыспен толық
бірігуін уағыздайды. Адамды табиғаттан тыс құбылыс емес, оның бөлігі
ретінде қарастыру, әлемге сіңіп кетуге ұмтылу, рух кеңістігінде барлық
Ғаламның үнін естуімен, ежелгі шығыстық ілімдер мен діндердің насихаттары
осындай. Егер де еуропалық өркениет осы жолмен жүргенде, батстық
философтар пікірінше, онда ол антропологиялық және рухани ресурстарын
жамытып, ғарышқа, Ғалам универсумына жақындай түсер еді.
Бірақ батыстық өркениет өзге жолмен жүрді. Оны таным мен әлемді
қанау құшарлығы шектеді. Адамзат жан мен тәнді жаттықтыру қабілетін
жоғалтып, техника көмегімен бүкіл әлемді өзіне бағындыру пиғылына берілді.
Адамдар өз табиғатына сенуден қалып, рухты дамыту мен жетілдіруден бас
тартты. Техникамен қарулана отырып, олар өздерінің күш-жігерін ішкі әлемге
емес, сыртқы әлемге бағыттады. Хайдеггер терминімен айтқанда техника адам
Болмысына айналды.

Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде.

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде,
талдауда әр түрлі тәсілдер, принцептер, критерийлер қолданылады. Олардың
қатарына экономикалық , географиялық , биологилық , діни, гуманистік
детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам
өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні техникалық
детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм – бұл қоғамдық
дамудағы техниканың анықтаушы ролі туралы көзқарастардың, пастулаттардың
біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияның
маңызы, ролі орасан зор.
Адаммен бетпе-бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, -- деп
жазады К.Ясперс, -- қазіргі уақытта техника біздің ахуалымыздың түсінудің
басты мәселесіне айналды. Қазіргі техниканың барша өмір салаларына
енгізілуін және оның өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген сандарын
қайта бағалау мүмкін емес.
Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел жамуының маңызды
факторына айналды және техника ықпалын тигізген адам өмірінің бірде-бір
саласы қалмады. Қазіргі коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең
шалғай аудандарға дейін қамтып, кез-келген уақытта әр шаңырақтан өз
құдіретін сездіре алады. Техника әсерімен терең үдерістер орын алады,
еңбек өнімділігі қарышты қарқынмен өседі. Оның үстіне адамда өзгереді.
Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің
өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып
жатса, ал қазіргі табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен
өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген
жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қанша да таусылмайтын жаңа
мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам
мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа мәселелер толассыз
туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін
зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі
туындайды.
Техника философиясы – бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан
кешіп жатқан батыс философиясының бағыттарының бірі. Батыста техника
философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен және 1777 жылы басылып
шыққан оның Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар
мен мануфактураларды тану деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ
көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы
жарияланған және жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың
Техника философиясының негізгі белгілері деп аталатын жұмысы болып
саналады.
Техника философиясы – қазіргі әлемдегі техника феноменін
философиялық-методологиялық және дүние танымдық тұрғыда зерттеуге
негізделген қазіргі философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда
Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда
кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясынынң бастапқы
өкілдері қатарын Э.Каппп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді,
Хайдеггерді Ортега-и-Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллингті және т.б. жатқызуға
болады. Бірақ, сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да
кездеседі. Мысалы, еңбектің табиғи және жасанды органдары арасындаға
анология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель
қолды құралдың құралы деп атаса, Гегель де осы идеяны қайталайды. Гегель
техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің пікірінше
техникалық жабдықтар обьект табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан
жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы
болып табылады. Гегель былай деп жазады: адам өз мақсатныда сыртқы
табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие
болады. Антик әлемі авторлары мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың
кейінгі философтары Э.Копп және Я.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі
идеясы техника феноменін органопроекция негізінде түсінумен сипатталады.
Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам
органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни
техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы,
оларды сыртқы әлемге проекциялау арқылы жүзеге асады.
Техник феноменін түснідіруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған
философнеотолист Ф.Дессауэр бодлы. Ф.Дессауэр Э.Канн және Я.Нуаре ұсынған
технолоигияның биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат
заңдылықтарымен байланысты және оның шектерінен тысқары шықпайды деп
есептейді. Алайда бұл да ешнәрсені айқындамайды, техниканың автономды да
мәні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адам ақылында пайда болмайды,
ол ақылдың көмегімен ашылады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының
құдыретті ақыл-ойының көрінісі.
Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бірін
алады және көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл
тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы Техника туралы мәселе деп
аталады. Бұл жұмысында Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа
қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: техниканың мәні белгілі бір мағынада
техника емес. Сондықтан да біз ол туралы жай ғана ойлағанда, оны
қолданғанда, басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген
өз қатынасымызды ешқашан да сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны
қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та, біз техникаға құлдар
секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техникамен бейтарап нәрсе деп
есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өріс
алған мұндай көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады.
Хайдеггерге дейін техника Ақыл-ой мен Қайырымдылықтың салтанатты
шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы
шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер түсті нәсілдер еуропалықтардан
техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбінде
техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам
үшін үлкен қауіп-қатер деп есептеді. Техниканы түсіндірудегі Хайдеггердің
тағы бір жаңалығы, оған дейін техника адамзат тарихы мен мәдениеті дамуы
байланысындағы көртеген факторлардың бірі ретінде қарастырылып келсе, ол
бұл неміс ойшылының пікірінше техника қазіргі дәуірдің болмысы болып
табылады. Және Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мәдениет философиясы
мен тарих философиясының және тек кейін ғана антропологияның мәселесі
болып келсе, ол М.Хайдеггер одан метафизиканың мәселесін шығарды.

Техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдау тәсілі ретінде.

Хайдеггерде де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың
маңызды тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз,
бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс нәрсенің жасырын жағын ашып көрсетуге
мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның
үнін естиді. Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін, өйткені техника адамды
өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.
К.Ясперс техниканы түсіндіруде хайдеггерлік түсінікке жақын келді.
Ол өзінің Тарихтың қайнар көздері мен мақсаты деген еңбегінде техниканы
әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа факторы ретінде қарастырады. К.Ясперстің
пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: Қазіргі уақытта біз
тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын-ақ
бұл кезеңді антик әлемі дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал кейінірек
оның тек Еуропа мен Батыс мәдениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орасан
зор маңызы бар екендігі байқалды. Бұл – техника ғасыры өзінің барлық
салдарымен қоса, адамның еңбек, өмір, ойлау саласындағы, символика
саласындағы сыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау-таштық қандырмайтын
сияқты. Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығыда өзгерді. Ең алдымен,
К.Ясперстің пікірінше, адамның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам
техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына
түседі, табиғат адамның тиранына айналды. Техника адамның барлық
күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол бүкіл өмір сүруді белгісіз
техникалық механизм әрекетіне, ол бүкіл планетаны тұтас фабрикаға
айналдырды. Сонымен бірге адамның өзтүбірінентолық ажырауы жүзеге асты
және бұл бүгінгі күні де жалғасуда. Адам отансыз әсердің тұрғынына
айналып, дәстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен
оқып-үйрену қабілетіне айналды. Ары қарай К.Яспера былай деп жазады:
Мына нәрсе күшәнсіз техника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді
өзі қалыптастырған техника ықпалынан босалып шыға алмайды. Және техникада
шексіз мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауып-қатердің де бар екендігі күдік
туғызбайды. Адам өзі техниканың билігі астына қашан және қалай түскенін
аңғармайда қалды. К.Ясперстің пікірінше, техниканың маңызы мен ролінің
құдіреттілігі сонша, оның мәнін ашпай қазіргіақуалды пайымдау мүмкін емес.
Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бет бұрысқа әкелді, біз
адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен, оның
барлық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкерлердің де қолынан келмейді.
80-жылдары техника философиясында антропологиялықаспект, прогрестің
адамзаттық өлшеміне көңіл аудару күшейе түсті. Көптеген батыстың
философтар техника мен технологияны тек тарихи алғашында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника философиясы
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Философия (лекциялар)
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Техника философиясы өркениетті тұрғыда бағалау ретінде
Заттардың табиғаты туралы поэманың авторы
Орта ғасыр философиясының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері
Пәндер