Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 377.016.026:543:665.6 (574) Қолжазба құқығында

ЖУКЕНОВА САЙЛАУХАН САТЫБАЛДИЕВНА

Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны
арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
(мұнай, газ өңдеу мамандықтары бойынша)

02. - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (химия)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы
Шоқыбаев Ж.Ә.


Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы
Шайхеслямова Қ.О.

педагогика ғылымдарының кандидаты
Жакеева Л.Ә.

Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті

Қорғау 2010 жылдың ____ ___________ күні сағат ____ Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде
өтеді. Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4- қабат, 415
бөлме

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,
30)

Автореферат 2010 жылдың ____ ___________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысының м.а. Аймағамбетова Қ.А.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл
28 қаңтардағы Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына жолдауында: Кәсіптік және техникалық
білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық
қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек, - деген. Бұл қағида
Республикамыздағы техникалық кәсіптік білім беру жүйесінің оқу-тәрбие
жұмысының деңгейін көтеруді талап етеді. Техникалық және кәсіптік білім
беру оқу орындарының міндеті өзгеріп тұратын әлеуметтік талаптар жағдайына
сәйкес қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті орта буын маманның кәсіптік
тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру жолдары
Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және
кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан.
Дегенмен, бұл жүйені дамыту барысында қабылданатын шараларға қарамастан,
білікті кадрларға жылдам өсіп отырған сұраныс отандық еңбек ресурстарының
есебінен қанағаттандырылмайды, мұның өзі Қазақстанға жұмысқа тартылған
шетелдік мамандар санының өсуіне әкеледі, олардың елеулі бөлігін техникалық
және қызмет көрсетуші персонал құрайды.
Ал, мұнайхимия саласынан кәсіптік білім беретін колледждер мен кәсіптік
лицейлердегі оқу процесінің сапасын арттыруда оқу-әдістемелік құралдардың
жетіспеушілігі мұнай өңдеу кәсібіне араласатын жастардың білім сапасының
төмендеуінің басты себебі болып отыр. Сонымен қатар бұл салаға байланысты
кәсіптік пәндер мен арнайы пәндерді байланыстыра оқытуға қатысты
мемлекеттік тілдегі ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың тапшылығы теориялық
білім мен біліктілікті жетілдіруге қиындық келтіреді.
Бұл тұста пәнаралық байланысты арнайы сөз ететін себебіміз, техникалық
және кәсіптік білім беруге арналған пәндер мазмұн жағынан да, іскерлікті
қалыптастыруға арналған біліктілік тұстарымен де өте тығыз байланысты
қарастыруды керек етеді.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі ретінде
Қазақстанда, ТМД және шетел ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келеді. ТМД
көлемінде В.В.Гузеев, Э.Ф.Зеер, М.В.Кларин, Г.К.Селевко, С.Я.Батышев,
А.П.Беляева, Б.С. Гершунский, Н.И. Думченко, А.А. Кирсанов, И.Д.Клочков,
М.И.Махмутов, И.Т.Сенченко, Н.С.Антонов, И.Ф.Борисенко, И.Д. Зверев, Д.М.
Кирюшкин, К.П. Королева, П.Г. Кулагин, И.Я. Лернер, Н.А.Лошкарева, В.Н.
Максимова, В.Н. Федорова т.б, Қазақстанда А.А.Бейсенбаева,
Қ.А.Аймағамбетова, Ә.Мұханбетжанова, Ә.Түркменбаев, Р.Г.Лемберг,
М.Ә.Құдайқұлов, Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров,Д.С.Байгожанова, О.В.Будникова,
Н.А.Оразханова, Г.К.Шолпанқұлова және өзге де ғалымдардың еңбектерінің
зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғалымдардың еңбектерінде пәнаралық
байланысқа әр түрлі анықтамалар беріледі: оқу пәндері арасындағы
байланыстарды жүзеге асыруға қажетті нақты деректерді негіздеген; пәнаралық
байланыстардың дүниетанымдық функциясына ерекше көңіл бөлінген; түрлі
пәндердің пәнаралық байланыстарының деңгейін көрсететін әдістемелік
нұсқаулар ұсынылған. Алайда, пәнаралық байланыстың кәсіптік білім беру
саласында жүзеге асыру жолдары мен әдістеріне байланысты мәселелер назардан
тыс қалып отырған. Ал, қазіргі таңдағы техникалық және кәсіптік білім беру
саласын күшейтуге қойылып отырған талаптар және мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартының мамандар біліміне қоятын талабы оларды
дайындауда тиімді оқыту әдістерін іздестіруді, білім беру мазмұнын
жетілдіруді керек етіп отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беруде Қазақстандық әдіскерлердің
пәнаралық байланысқа қатысты еңбектері жоқтың қасы. Осы тұрғыдан тек қана
Г.А.Айғараеваның электротехника мен арнайы пәндерді байланыстыруға арналған
еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте электротехника мен арнайы пәндердің
байланысын саралай отырып, әдістемесін ұсынған. Бірақ, бұл саладағы пәндер
мен мұнайхимия саласы бойынша меңгерілетін білім мазмұны бір -біріне сай
келмейді.
Жоғарыда келтірілген ғылыми-әдістемелік жағдаяттар біздің зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын анықтауға және техникалық және кәсіптік білім беруде
кездесіп отырған қайшылықтарды саралауға мүмкіндік берді:
- ғылыми еңбектерде орта мектеп және жоғарғы оқу орындарындағы
пәнаралық байланыс жалпы педагогикалық негізде қарастырылғанымен,
техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша пәнаралық байланыстар
туралы мәселелер зерттелмеген;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы техникалық және
кәсіптік білім беру сапасына пәнаралық байланысты күшейтуге қойылатын
талаптардың артуы мен оның өз дәрежесінде орындалмауы;
- техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың
потенциалдық мүмкіндіктері мен оларды дамытуда пәнаралық байланысты
қолдануға арналған оқу-әдістемелік нұсқаудың жоқтығы;
- техникалық және кәсіптік оқу орындары білім алушыларының табиғатқа
біртұтастық көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын жалпы кәсіптік
пәндер мен химияны байланыстыра оқытуға көңіл бөлінбейтіндігі;
- техникалық және кәсіптік оқу орындарында жаратылыстану пәндері
арасында пәнаралық байланыс ұстанымының жүзеге аспай отырғандығы.
Осы айтылған қайшылықтар зерттеу тақырыбын Техникалық және кәсіптік
білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту
әдістемесі деп алуға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: техникалық және кәсіптік білім саласы студенттеріне
Аналитикалық химия пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні: техникалық және кәсіптік білім оқу орындарында
аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: мұнай, газ өңдеу және мұнайхимия саласы
мамандықтарында аналитикалық химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытудың
теориялық және ғылыми әдістемелік негізін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, аналитикалық химия пәнін арнайы
пәндермен байланыстыра оқытудың жолдары және әдістері сараланса,
қолданылатын құралдар іріктелсе, оқу - әдістемелік кешендер дайындалса және
пәнаралық байланыстар мен пәнішілік байланыстар негізделсе, онда техникалық
және кәсіптік білім алушыларының білімді саналы меңгеруі мен біліктілігі
сапалы дамып, дүниенің біртұтастығы туралы көзқарасы қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:
- мұнайхимия саласында кәсіптік білім беруде аналитикалық химия
курсын арнайы пәндермен байланыстыра оқудың теориялық негізін
саралау;
- аналитикалық химия мен арнайы пәндерді байланыстыра оқытудың
кәсіби біліктілікті көтерудегі педагогикалық мүмкіндіктерін
анықтап, оның модулін беру;
- техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химия мен
арнайы пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін ұсыну;
- зерттеуге байланысты ұсыныстар мен әдістемесін педагогикалық
эксперименттен өткізу, қорытындысын жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: аналитикалық химияны арнайы пәндермен
байланыстыра оқыту қазіргі заман талабына сай кәсіптік білім алушылардың
дайындық деңгейін көтеріп, білім сапасын арттырады, дүниенің біртұтастығы
туралы көзқарасын қалыптастырады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: кәсіптік еңбек
әрекеті туралы философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық тұжырымдар;
кәсіптік білім беру мазмұнын құрудағы қазіргі кездегі тұжырымдамалар;
кәсіби білім беру технологиялары саласындағы зерттеулер; техникалық
мамандықтарға химияны оқыту үлгілері мен әдістемелерін жетілдірудің
теориялық - әдіснамалық дәлелдемелері алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- мұнайхимия саласында техникалық және кәсіптік білім беруде
аналитикалық химия курсын арнайы пәндермен байланыстыра оқудың
теориялық негізі сараланды;
- техникалық және кәсіптік білім берудегі аналитикалық химия мен
арнайы пәндерді байланыстыра оқытудың кәсіби біліктілікті
көтерудегі педагогикалық мүмкіндігі анықталды;
- кәсіптік білім беруде аналитикалық химия мен арнайы пәндерді
байланыстыра оқыту әдістемесі жасалып, моделі берілді;
- зерттеуге байланысты ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар
педагогикалық эксперименттен өткізілді.
Зерттеудің көздері: Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, педагогтар
мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігінің ресми құжаттары, Қазақстан Республикасы
Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу
бағдарламалары, озық тәжірибелер, диссертанттың педагогикалық және
зерттеушілік іс- тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық әдістемелік
құжаттарға теориялық талдау жасау, Мұнай және газды қайта өндеу
технологиясы мамандығы бойынша құжаттарды зерделеу, диагностикалық әдістер
(сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау,
тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық экспериментті математикалық
статистикалық тұрғыда өңдеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- мұнайхимия саласында кәсіптік білім беруде аналитикалық химия
курсын арнайы пәндермен байланыстыра оқудың теориялық негізі;
- аналитикалық химия мен арнайы пәндерді байланыстыра оқытудың
кәсіби біліктілікті көтерудегі педагогикалық мүмкіндіктері;
- техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химия мен
арнайы пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесі мен моделі;
- педагогикалық эксперимент барысы және оның нәтижесі.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу проблемасын
жан жақты әдіснамалық және теориялық талдаумен, педагогикалық зерттеудің
логикасымен, зерттеу барысында педагогика әдіснамасының талаптарының
сақталуымен, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс тәсілдерді жүйелі
түрде нақты қолдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа
сәйкестігімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен
қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеудің нәтижелері бойынша Мұнай
және газды қайта өндеу технологиясы мамандығы үшін аналитикалық химияны
арнайы пәндермен байланыстырудың оқу бағдарламасы жасалды; зертханалық
жұмыстар жинағы, жұмыс дәптері құрастырылды, техникалық анализ және
өндірісті бақылау пәнінен оқу құралы дайындалды.
Зерттеу бойынша дайындалған оқу- әдістемелік құралдарды мұнай, газ өңдеу
және мұнайхимия саласы мамандар дайындайтын оқу орындарының химия және
арнайы пән оқытушылары, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру институттарында іс тәжірибеде қолдана алады.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2006-2007 ж.ж.) – білім берудің мемлекеттік стандарты,
типтік бағдарлама, оқу жоспары, қазіргі әдістемелік аумақты қамтитын
әдебиеттер, психологиялық, педагогикалық еңбектермен танысып, талдау
жасалды. Осы жұмыстар негізінде аналитикалық химияны арнайы пәндермен
байланыстыруға қажетті материалдар мен тапсырмалар жүйесі анықталып,
оқытудың әдістемелік тұстары жасақталды. Зерттеудің мақсаты мен міндеті
анықталды.
Екінші кезеңде (2007-2008 ж.ж.) – оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді
әдіс-тәсілдері айқындалды. Оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік
кешендер жасақталды, дәріс сабағының толық бағыты құрастырылды, зертханалық
– сарамандық сабақтарға әдістемелік нұсқау құралы жасалды.
Үшінші кезеңде (2008-2009 ж.ж.) – зерттеу нәтижелерін, эксперимент
жұмысын түйіндеуді, оқытудың түрлі үлгілеріне құрастырылған материалдарды
тәжірибе жүзінде тексеруді, зерттеу нәтижелерін статикалық әдістерді
пайдалана отырып, өңдеу және қорытындылау кезеңін қамтиды.
Зерттеу базасы: О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ
колледжі, Жаңаөзен политехникалық колледжі.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру
тәжірибелік эксперимент жүргізу барысында іске асты және диссертациялық
жұмыстың негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда, мұнайхимия мамандықтары бойынша республикалық оқу-
әдістемелік бірлестігінің отырысында, О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен
мұнай және газ колледжі, Жаңаөзен политехникалық колледжінің әдістемелік
кеңестерінде баяндалды, зерттеу жұмысының мазмұны 16 еңбекте: жарияланған
мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдарда, бағдарламаларда көрініс тапты.
Диссертация құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшылардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде: зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты,
нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеудің әдіснамалық және
теориялық негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері
беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға
ұсынылатын қағидалар баяндалды. Сондай-ақ зерттеу жұмысының дәлелдегі мен
негізділігі, тәжірибеде ендірілуі сипатталады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы
пәндермен байланыстыра оқытудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде
техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химия мен арнайы
пәндерді байланыстыра оқытудың теориялық негіздері сараланған. Сонымен
қатар аналитикалық химия мен арнайы пәндерді байланыстыра оқытудың мамандық
студенттерінің кәсіби біліктілігін көтерудегі педагогикалық мүмкіндігі
анықталған, техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химия мен
арнайы пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесі жасалып, моделі берілген.
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химия мен арнайы
пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесі және педагогикалық эксперименттің
нәтижесі атты екінші бөлімде мұнайхимия саласынан кәсіптік білім беруде
аналитикалық химия мен арнайы пәндерді оқытудың жолдары мен әдістері
анықталып, тәжірибелік эксперименттің жұмыс нәтижелері көрсетіліп,
әдістемесі ұсынылады.
Қорытындыда теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті
тұжырымдар және ұсыныстар, зерттеу келешегі көрсетілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚР Президентінің 2008 жылғы №626 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып, бүгінгі
білім берудің мақсаты Қазақстан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі
дамуының Стратегиялық жоспары негізінде техникалық және кәсіптік оқу
орындарында білім беру сапасын көтеру, көп сатылы білім берудің ұлттық
жүйесін жетілдіру.
Қазақстан дүниежүзілік мұнай елдерінің біріне айналып отырғандықтан,
болашақ жастардың осы мамандыққа бет бұрып, бағдар алуы өте көкейкесті
мәселеге айналды. Қазақстанның 2030 даму стратегиясында: Қазақстан үшін
индустриялық технологиялы стратегия жасау қажеттігі дүниежүзілік
тәжірибемен анықталған. Шикізаттың бір түрін ғана шығаратын ел болып қалмас
үшін біз мұнай және газ өңдеу, химия және мұнай-газ химиясын өте қарқынды
дамытуымыз керек, – деген. Осыған қарамастан, техникалық және кәсіптік оқу
орындарының мұнай, газ өңдеу және мұнайхимия саласы студенттеріне білім
берудің сапасын көтеруге көмегін тигізетін әдістемелік құралдар
жеткіліксіз. Мұнай және газды өңдеу мамандықтарының студенттеріне білім
беруде негізгі пәннің бірі аналитикалық химия. Бұл пәннің мазмұны арнайы
пәндер мазмұнымен тығыз байланысты. Солай бола тұра, осы кезге дейін
пәнаралық байланыстың жүзеге аспай отырғандығы байқалады.
Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын
үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді,
оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге
келтіреді. Пәнаралық байланыс студенттің меңгерген білімін кешенді түрде
пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті –
оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Г.К.Шолпанқұлова еңбегінде жоғары оқу орындарындағы пәнаралық байланысты
талдай келіп, оны ғылымдар арасындағы интегративті фактор бола отырып,
оқыту процесінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндетін атқарып,
тұлғаның дамуына әсер ететін фактор ретінде қарайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында аналитикалық
химиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А.П.
Крешковты, А.А.Ярославцевті, К.М.Ольшанованы, З.А.Барсукованы атауға
болады. Жоғарыда келтірілген деректерден байқайтынымыз техникалық және
кәсіптік оқу орындарында білім беру мәселесі бойынша зерттелген санаулы
еңбектердің мұнайхимия саласының арнайы пәндерімен пәнаралық байланыс
мәселесіне арналмағандығы. Дегенмен, бұл ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді
қағидаларды біз өз жұмысымыздың барысында пайдалануға тырыстық.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық
байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі,
пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі
осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін
дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен
қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен
оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де
қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру
үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған
ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің
біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді
шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын,
мақсатын, әдістерін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің, мысалы Мұнай
және газдың химиясы мен технологиясы, Техникалық анализ және өндірісті
бақылау, т.б. бағдарламаларын, мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға
қойылатын талаптарды жете білуі қажет. Сондықтан аналитикалық химия пәнін
оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын
оқытушылар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.
Аналитикалық химияны пәнаралық байланыста оқыту үрдісін жүзеге асыруда
әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді
қамтиды:
- аналитикалық химияның оқу бағдарламасын талдап, оның пәнаралық
байланыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау.
Аналитикалық химияның теориялық материалдарын тірек ете
отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға
болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде
игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;
- пәнаралық байланыстағы тақырыптық сабақ жоспарларын құру;
- нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге
асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта
қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды
тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер
бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды
іріктеу;
- оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын
саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді
семинарлар т.б.);
- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен
бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау
(пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін
анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);
- пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қолданылатын белсенді
технологияларды іріктеу.
Оқушыларды пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде
түсіндірмелі- иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы
пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс
түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда
пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан
кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және
шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың атқаратын жұмыстары
мен орындайтын оқу әрекеттері де түрліше болады:
- білім алушылардың аналитикалық химиядан алған білімдерін қайта
жаңғырту, еске түсіру және оларды жаңа материалды игеру
кезінде қолдану;
- арнайы пәндерден алған білімдерін іске қосатын, білім алуда
белгілі бір танымдық мақсатты жүзеге асыратын пәнаралық
міндеттерді орындауға көмектесетін тапсырмалар мен сұрақтарды
орындау;
- бағдарламалық материалдарды терең және тиянақты игеруге,
құбылыстар арасындағы себеп- салдарлық байланыстарды анықтай
білуге мүмкіндік туғызатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар
орындау арқылы әр пәннің мазмұндық сабақтастығына көз жеткізу;
- пәнаралық сипаттағы хабарлама, рефераттар, көрнекі құралдар,
кестелер, сызбалар дайындау;
- пәнаралық байланыс бойынша алған білімдерін қолдану барысында
химиялық эксперимент жүргізу.
Бізге дейінгі пәнаралық байланыстар туралы берілген еңбектерде негізінен
оқу пәндері арасындағы байланыстар екі түрлі жолмен жүзеге асады. Олар:
- уақытша (хронологиялық);
- мазмұндық.
Пәндердің хронологиялық жолмен байланыстары оның оқылу уақытын
белгілеуді керек етеді. Мазмұндық – бұл негізінен ғылыми ұғымдарды
байланыстырып түсіндіру.
Бұл пікірлерді біз де қолдаймыз. Дегенмен, біздің зерттеуімізде
пәнаралық байланыс төрт түрлі жолмен жүзеге асырылды:
- теориялық-мазмұндық байланыс. Мұнда пәндер бағдарламасындағы
теориялық материалдардың сабақтастығын жүзеге асыру;
- пәндер мазмұнына сәйкес жүргізілетін тәжірибе жұмыстарының
байланысы;
- біліктілікті қалыптастыратын сарамандық жұмыстардың байланысы;
- пәндердің мазмұндық байланысын күшейтуге бағытталған сыныптан
тыс жұмыстардың байланысы.
Пәнаралық байланыстар зерттеу әдістерінің ортақтығы бойынша да ашылады.
Химия пәнін арнайы пәндермен байланыстырудың үш кезеңі бар:алдын ала,
ілеспе, болашақта орындалатын. Алдыңғы пәнаралық байланыстар – аналитикалық
химия курсы материалдарын оқыту кезінде кәсіптік пәндерден бұрын алған
білімдеріне сүйенеді. Ілеспе пәнаралық байланыстар – бұл бірқатар теориялық
мәселелер мен ұғымдар бір мезгілде аналитикалық химия бойынша да, арнайы
пәндер бойынша да қатар жүзеге асып оқытылатын байланыстар. Болашақта
орындалатын пәнаралық байланыстар арнайы пәндерде аналитикалық химия
пәнінен бұрын алған білімдерін қолдану. Бұл жағдайда арнайы пәнді оқыту
аналитикалық химиядан берілген білімге негізделе жүргізіледі.
Аналитикалық химия жалпыкәсіптік пәндер тобына еніп, 2-курста оқытылады
да, осыдан кейінгі курста арнайы пәндерді оқыту жүзеге асырылады. Бұл
арнайы пәндердің материалдарын іріктеп модульге бөліп пайдалануды керек
етеді. Колледж оқушыларын кәсіптік бағытта дайындауда аналитикалық химия
пәнінің алатын орыны ерекше болатын себебі, техникалық білім беруде осы
пәннің теориялық негізін терең білмейінше мұнай өнімдерінің сандық және
сапалық қасиеттерін талдау мүмкін емес. Сондықтан да оқушылар техникалық
анализ және өндірісті бақылау, бұрғылау ерітінділері және оны дайындау
технологиясы пәндерінен меңгерген білімі мен аналитикалық химиядан алған
білімдерін сабақтастыра отырып қана, кәсіптік біліктілігі мен іскерлігін
көрсете алады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен пәнаралық байланысы оны оқыту үрдісінде
материалдардың мазмұндық бірлестігін, сабақтастықтарын табуды көздейді. Өз
кезегінде пәнаралық байланыстар оқу пәндері құрылымын қалыптастыруға, білім
мен біліктің жүйеаралық компоненттерін оқу-танымдық қызметтің жалпылама
ұғымдары мен тәсілдерін бөліп қарауға әсер етеді.
Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар
мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық
өндірістік т.б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді.
Пәнаралық байланыс ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың
себебіне айналады. Оқушылардың іс - әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін
пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық,
құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді. Әдістемелік
әдебиеттердегі тиімді ұсыныстар, оқытудың алдыңғы қатарлы үлгісі және
өзіміздің іс-тәжірибеміз пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың төмендегі
түрлерін саралауға негіз болды:
- оқытылатын материалдардың мазмұны бойынша;
- қалыптастыруға тиісті білік түрлеріне байланысты;
- оқытудың әдістері мен құралдарына байланысты (кесте1)

Кесте 1 - Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру түрлері
Пәнаралық байланыс Қалыптастырылатын Оқытудың әдістері мен
мазмұны біліктілік құралдары
1. Аналитикалық Теориялық мазмұн Проблемалық эвристикалық,
химияны арнайы байланысын дәлелдейтін репродуктивтік, алгоритм-
пәндерде оқытылатын іс әрекет (ауызша және дік,шығармашылық, көрнекі
заңдар мен құбылыстар-жазбаша шешім қабылдау, лік зерттеу т.б.
дың теориялық жоспарын құру т.б) Құралдары: слайдтар,
негіздері- мультимедиялық,техникалық
мен байланыстыру. құралдар т.б.
2. Аналитикалық химия Бақылау өлшеу аспаптарынТәжірибе, бақылау,
сабақтарында заңдар пайдалана білу; талдау, салыстыру,
мен құбылыстарды ерітінділерді дайындау; қорытындылау.
бейнелей титрлеу операцияларын Құралдары: зертханалық
тін және арнайы пәндерорындау және т.б. аспаптар мен құралдар,
бойынша ұйымдастырыла қондырғылар т.б.
тын зертханалық жұмыс-
тар мазмұнын байланыс-
тыру
3. Оқылатын Есептерді математикалық Химиялық реакциялар
материалдар бойынша өңдеу, графикалық немесежүргізу, нәтижесін
деректер, құбылыстар, технологиялық шешу; шығару, есептер жүргізу,
ұғымдарды меңгеруге мағыналық шешу, шешім тестік тапсырмалар
бағытталған алгоритмін ойша есеп орындау
студенттердің өзіндік құрастыру Құралдары: химиялық
жұмыстарын ұйымдас- реактивтер, тестік
тыруды байланыстыру тапсырмалар
4. Аналитикалық химия Студенттердің интеллек Сөздік әдіс,
мен арнайы пәндердің туальдық біліктілігін дәлелдеу,салыстыру,
деңгейлік тапсырмаларыкөрсететін жауаптарының қорытынды шығару
мен сұрақтарын дәлелділігі, Құралдары: деңгейлік
байланыстыру аналитикалық химия мен тапсырмалар, жұмыс
арнайы пәндердің ұқсас дәптері
құбылыстары мен
заңдылылықтарын салысты-
ру
5. Үй тапсырмалары Реферат дайындау, Практикалық іс әрекеттер
арқылы аналитикалық баяндама жасау, орындауға бағытталған
химия мен арнайы терминологиялық әдістер
пәндердің байланысын сөздіктер, слайдтар Құралдары: слайтар,
қамтамасыз ету құрастыру сөздіктер т.б.
6. Аналитикалық химия Топсаяхат кезінде Тесттердің түрлері,
мен арнайы пәндерді өндіріс зертханасындағы ғылыми тақырыпты қорғау,
байланыстыруға анықтау- олимпиадалық есептерді
арналған сыныптан тыс ларды оқу зертханалық шығару
жұмыстар жұмысымен салыстыру,
бақылап көргендері
бойынша талдау

Техникалық және кәсіптік білім берудегі аналитикалық химияны арнайы
пәндермен байланыстыра оқыту төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік
береді:
- студенттердің жалпы және кәсіптік пәндерден алған білімдерін
іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыруға;
- жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім беруді
ақпараттандыруды кеңінен қолдануға;
- оқу материалын студенттердің білім деңгейіне лайықтап
пайдалану арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға;
- кіріктірілген білім негіздері арқылы болашақ мамандардың
өндірістік қызметіне қажетті ұғымдарды саналы меңгеруіне
мүмкіндіктер туады.
Колледж студенттерінің химиялық дайындығының психолого –педагогикалық
негізін талдау нәтижесінде колледж түлектерінің кәсіби білім сапасын
жоғарлату және болашақ кәсіби қызметінде аналитикалық химия бойынша алған
білімі мен білігін қолдана білуге дайындығы химиялық пәндерді оқытудың
негізгі бағыттарын жетілдіру арқылы жүзеге асады. Студенттерге
аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра отырып оқыту барысында
теориялық модель дайындалды.
Төменде техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында аналитикалық
химия мен арнайы пәндерді байланыстыра оқытудың құрылымдық – мазмұндық
моделін береміз (сурет 1).
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін оқытушыға төмендегідей
талаптар қойылады:
- оқу үрдісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында
оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін
білу;
- білім беру жүйесіндегі пәнаралық байланыстардың ролін түсіну
және оларды дамыту перспективаларын көру;
- оқу үрдісінде пәнаралық байланыстардың мазмұндық, іс-әрекеттік
ерекшеліктерін білу;
- оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың
психологиялық-педагогикалық негізін білуі.
Пәнаралық байланыстың студенттердің кәсіптік дайындығында педагогикалық
мүмкіндігін анықтау барысында ең алдымен техникалық және кәсіптік білім
беру жүйесіне арналған мемлекеттік жалпыға міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Химияны оқыту құралдарын топтастыру
Химияны оқыту жолдары
Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері
Орта мектептерде химияны оқытудың мақсаттары
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Болашақ химия пәні мұғалімдерін дайындау кезінде кәсіби бағыт беріп оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәндер