Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оның пайда болу себептері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және оның пайда болу
себептері.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
заңдар.
37 Төтенше.жағдайларды анықтаудың маңызы.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе
парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі,
техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады.
Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде
шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады.
Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті
өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар
жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр
болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке
берілетін өкілеттіктер дәрежесі елКонституциясында анықталады.  Төт енше
жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін,
олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші
объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір
дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе
бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта
туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи
сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел,
көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы
аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен
зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдайлар.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен
жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
- Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және
т.с.с).
- Көлік жүйесіндегі апаттар.
- Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ
құбырларында,
энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан
өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске
енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму
экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатка әкеліп соғу кауіпі де
туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны,
материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, кауіпсіздік шаралары
орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі
туындайды.
Апаттың тағы бір себептері - улы, тез тұтанғыш, жарылғьш заттарды
сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі
қателіктерге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс
істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің
жетіспеушілігіне, техниканы және оның каупсіздік сақтау ережелерін жете
меңгермегендігіне көп байланысты.
Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға,
қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады.
Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио зауытында жарылыс болып, өндіріс орны
қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станцияда ірі
жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мұндай жағдай Атырау химия,
мұнай айыру зауытында да болып тұратындығы ықтимал.

Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және
басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және
биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария,
үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті
қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ.
Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және
келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және
жаһандық болып бөлінеді.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөнiндегi шараларға азаматтық қорғаныс күштерiнiң қатысуы
      Азаматтық қорғаныс күштерi (әскери бөлiмдер, аумақтық және
ведомстволық әскерилендiрiлмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық-
құтқару қызметтерi) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың
алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртiппен қатысады.
 Ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
мiндеттерi
      Ұйымдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
саласында: 
      - өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге; 
      - төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы
туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары туралы
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Радиациялық қауіпті объектілер
Табиғаттағы экстремалды жағдайлар
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Сейсмикалық аудандастыру
Техногенді сипаттағы апаттар.
Пәндер