ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жайлаубай Н
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН
АРТТЫРУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
«Бейнелеу өнері»
кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. к., доцент м. а Е. Ауелбеков
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
5В012000- «Кәсіптік оқыту»
Орындаған:
ӨКО-111 оқу тобы студенті Жайлаубай Н.
Ғылыми жетекшісі:
П. ғ. к., доцент м. а Күнпейіс Ж. Қ.
Түркістан 2015
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5
Мазмұны
Кіріспе. 7
1. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жоғары сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері . . . 11
1. 2 Мектеп оқушыларын ауылшаруашылық жұмыстары арқылы еңбек сүйгіштік қабілеттерін арттырудың жолдары . . . 16
1. 3 Мектеп оқушыларына ауылшаруашылық білім негіздерін оқытудың сипаты . . . 22
2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БАУЛЫП ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Технология пәнінде оқушыларды ауылшаруашылық жұмыстарына баулып оқытудың ерекшеліктері . . . 29
2. 2 Астық жинайтын камбайнның құрылысын мектеп оқушыларына оқыту жолдары . . . 36
2. 3 7-сыныпта технология пәнін оқытуда ауылшаруашылық жұмыстарына баулып оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 47
2. 4 Сабақ жоспарының үлгісі . . . 54
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер. . 60
Қосымша . . . 61
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.
Технология - деген ұғым грек тілінен аударғанда - іскерлік, шеберлік, білгірлік деген мағына береді.
Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі.
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысатын саласының бірі.
Іскерлік - бұл адамның алған тәжірибесі негізінде қандай да бір іс-әрекетті (қызметті) орындай білуге деген қабілеттілігі. Ептілік дағдылармен тығыз байланысты.
Дағды -меңгерудің ең жоғары өлшемімен сипатталатын әре-кет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана-сезімін бақылап байқау да аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен ептіліктің адам өмірінде зор маңызы бар.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті
ТОПБ - Технология оқу пәні бағдарламасы
Га-гектар
Ц-центнер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңда өркениетті дамушы елдер қатарына енуге ұмтылған Қазақстан Республикасы, алдында тұрған әлеуметтік экономикалық міндеттердің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани байлығы, елінің экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуі, ел тұрғындарының толыққанды жұмыспен қамтылуы мен қатар жастар арасындағы тәлім-тәрбие мен білім беруге байланысты екендігіне бүгінгі күні толықтай көз жеткізіп отырғандығы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған «Қазақстан-2030» жолдауында аталып өтілген[1] .
Халықтың бар күш жігері елінің экономикасын дамытуға қалай ұмтылса, оның ішінде экономика саласының басты саласының бірі ауылшаруашылық секторы болып саналады. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің тиімді экономикалық шараларын жан-жақты дамытуды көздейді. Осы міндеттерді орындау үшін бірінші кезекте бүгінгі қоғам жастарының білім мен еңбекті қоса ұштастыруды кеңінен талаптайды. Сондықтан бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру ісіндегі үдемелі өзгерістер, ғылыми техникалық прогрестің қуатты дамуымен тікелей байланысты. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне және еуропалық білім беру жүйесіне көшу мақсатында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында білім берудің жаңаша жүйесі құрылған. Оқу-тәрбие үдерісіндегі болып жатқан түрлі өзгерістерге барша ұстаздар қауымы білім беру қызметінде жаңаша қарауды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды және мұғалім іс әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Өйткені, өнерлі жас ұрпақ тек қана біздің өмірдің тікелей жалғастырушысы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Ал қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Бүгінгі таңда кез келген мамандық атаулының барлығы жоғары біліктілікті, ептілікті, шапшаңдықты талап ете білетін ерекше ойы ұшқыр ұстаздар қауымына жүктеледі. Ол үшін бойында жоғары да аталған қабілеттері бар әрбір ұстаз, әрбір оқушының жеке дара мүмкіндіктеріне орай оқыта білуді қажет етеді. Осы талаптарды орындаудағы бүгінгі мектеп реформасының өзекті мәселесінің бірі - мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жұмыстарын түбірімен жаңарту, әрбір мекемеде жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандар даярлау ең өзекті мәселе болып табылады. Жалпы мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігі мен еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастыруда және оларды жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек тәрбиесінің маңызы зор болып саналады.
Еңбек тәрбиесінің ғылыми-теориялық, ғылыми-әдіснамалық негізіне арнап еңбектер жазған Б. Момынбаев, К. Өстеміров, Ә. Мүсілімов, О. Сыздықовтар кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орындарындағы еңбек тәрбиесінің мәселесін қарастырса, О. Сатқанов, С. Қоңыратбаев, Б. Ортаев, Қ. Ақышев, Н. Рахметовалар оқушыларды еңбекке, оқу жүйесінде тәрбиелеудің мәселесін кеңінен зерттеген [2] .
Ә. Мүсілімов «Оқушыларды еңбекке даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» (2003ж), С. Қаламқалиев «Мектеп оқушыларын еңбекке баулуда шығармашылығын дамытудың педагогикалық негіздері», Қ. Шалғынбаева «Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі» (2006ж. ) атты ғылыми еңбектерінде этнопедагогика материалдары мен байланыстырып зерттеген [3] .
Аталған бұл ғалымдардан басқа да ғалымдардың соңғы кездерде Республикамызда еңбек тәрбиесіне қатысты оқу материалдарын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жөнінде С. Ұзақбаева, Т. Қоңыратбаев, Р. Төлеубекова, Т. Қоқымбаева, Қ. Болатбаев, С. Қасенов т. б. ғалымдарымыздың ғылыми диссертациялық еңбектерінде, ұрпақ тәрбиелеудегі халықтың құнды ой-пікірлеріне талдау беріліп, қалыптасқан дәстүрлерді кеңінен мазмұндап, ондағы адамгершілік, еңбектік, эстетикалық тәрбие берудегі әдістері мен жолдары сараланып берілген [4] .
Сондай-ақ казіргі қоғамдағы жастарға білім берудегі оқушының тәрбиесі мен дамуына назар аударылуы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңы” мен Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, жалпы орта білім беретін мектептердің құрылымы мен оның қызметіндегі өзгерістер қазіргі қоғам қажеттілігіне сай сапалы білім беруді талап етеді. Бағдарламада атап көрсеткендей жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін көптеген мүмкіндіктер берілгендігі атап көрсетілген [5] .
Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 атты жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының болашығына жауапты, және олар бар жігерін, білімін дамыта түсіп, өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады… деген сенімі жай айтылған сөз емес деп түсіндіреді [6] .
Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жоғарыда аталған жолдауында мектеп оқушыларын өз Отанын сүйіп, қорғай білуге дайын болуы мен бірге әрдайым шығармашылықпен оқуға, олардың ақыл-ойын жан-жақты дамытуда сапалы білім бере отырып, болашақ жастарды бүгінгі әлеуметтік- экономикалық, нарықтық қатынастарының талабына сай маман етіп шығару мүмкіндіктері көзделеді. Демек, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешілуі керек.
Мемлекеттің күш-қуаты, ең алдымен өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың сапасымен анықталатыны белгілі. Сондықтан да мектеп оқушыларының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен еңбекке құлшыныс қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі, өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр. Осы аталған негізгі талаптардың орындалуы ең бірінші кезекте мектеп оқушыларының өз мамандығына деген қызығушылық қабілетін дамытуда мектептегі өндірістік білім негіздерімен қаруландыратын технология пәнінің алатын орны ерекше. Елімізде Кеңестік кезеңде жүйеленген мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеу жұмыстары технология пәнінде жоғары сынып оқушылары қарапайым еңбектің түрінен бастап өндірістік еңбек негіздерімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі дами түсіп, олар өндірістік білім негіздерімен қаруланып білім деңгейлері жылдан-жылға артып отырады.
Сондықтан жоғары сыныптарда өтілетін технология сабақтарында оқушылардың ауылшаруашылық жұмыстары арқылы еңбек сүйгішітк қасиеттерін қалыптастырып дамытуда мүмкіндіктер көп. Дегенмен бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі технология сабағы өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұсынылған оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін, еңбексүйгіштік қабілеттерін қалыптастыра түсетін оқу-әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы осы мәселелердің шешімін табу мақсатында мектеп оқулықтарының мазмұнын зерделей отырып, пәнге арналған оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасап, өз ұсыныстарымызды жасауға “Технология пәнін оқытуда ауылшаруашылық жұмыстары арқылы еңбек сүйгіштік қабілеттерін арттыру “ деп таңдап алдық.
Зерттеу мақсаты - Жоғары сынып оқушыларының еңбек қабілеттерін зерттей отырып, балалардың бойындағы еңбексүйгіштік қабілеттерін қалыптастыруда ауылшаруашылық жұмыстарының ықпалдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері :
а) Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
ә) Жоғары сынып оқушыларының еңбексүйгіштік қабілеттерін дамыту үшін технология сабақтарында оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау.
Зерттеу әдістері -талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, т. б.
Зерттеу нысанасы - жалпы білім беретін орта мектептердің оқу- тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының еңбексүйгіштік қабілеттерін технология пәнінде дамыту.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жоғары сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері
Ел экономикасын қарқынды дамыту үшін алдымен бүгінгі жасұрпақты білімдар ету арқылы еңбекке саналы көзқараспен жан-жақты мамандар даярлап шығару, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өзі бастау көтеріп, үкімет алдында еңбір жауапты мәселе етіп, отырғанын барша қазақстандықтар біледі. Соның бір айғағы, еліміз егемендікке қол жеткізген күндерден басталған мектеп реформасынының өзекті мәселесінің бірі - оқушылардың еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беруді түбірімен жаңарту. Оқушыларды еңбекпен байланыстыру, әрбір мекеме орындарында жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандар даярлау болып қойылады. Осы орайда әрбір жас буын ең алдымен өз білімін өз еңбегімен жеке басына ғана емес, қоғамға да пайда келтіретін саналы азамат ретінде мектеп қабырғасынан бастау алуы керекті баса аталып өтілуде[7] .
Сондықтан да мектеп қабырғасынан балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, олардың болашаққа өз ұстанымын дұрыс бағытта дамытуды, олардың еңбекке белсенділіктерін арттыру арқылы еңбексүйгіштікке қалыптастыру. Жалпы жоғары сынып оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін, еңбексүйгіштік қабілеттерін дамытуда және оларды жан-жақты үйлесімді дамуында мектептегі өндірістік білім негіздеріне бағыттайтын еңбек тәрбиесінің немесе бүгінгі таңдағы технология пәнінің маңызы зор болып саналады.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі болып танылады. Жалпы жасұрпақты еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы, олардың оқуға деген саналы көзқараста тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі деп білеміз. Сондықтан еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді, ғылыми біліммен, еңбек етуге деген іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру.
Психологтардың зерттеуі бойынша мектеп оқышыларының әрбір жас кезеңінде еңбекке шығармашылық тұрғысынан баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екені дәлелденген. Ал бейімі бар балада еңбекке сүйіспеншілік міндетті түрде қалыптасып отырады. Дегенмен қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттермен қабілеттер, олардың жиынтығы. Өзбек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің «Ғажайып мәжілістер» атты еңбегінде, адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады[8] .
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын жүйке жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді.
Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Мектеп оқушыларының еңбекке құлшыныс қабілеттерін дамыту жөнінде И. П. Волковтың айтқан пікірі өте құнды деп санаймыз. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты деп түсіндіреді[9] .
Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, баланың еңбек әрекетінде еңбекке сүйіспеншілік тұрғыдан қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым болса, мектептің жоғары сынып оқушыларының еңбек ету белсенділігі басым болып тұрады. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді.
В. В. Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы, өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі нұсқаларын салыстыра алады деп түсіндіреді[10] .
Адамның жан-жақты дамуының әлеуметтік жағдайларға тәуелді екенін ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда алғашқы рет байқаған гуманистер, социал-қиялшылдар Томас Мор және Томмазо Кампанелла. Томас Мор жеке адамды дамытудың негізі- жалпыға бірдей және міндетті оқу, оқуды ана тілінде жүргізу, балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан теориялық білім беру, оны еңбекпен ұштастыру болады деп өзінің бұл пікірін Утопия кітабында сипаттайды. Ал Кампанелла адам баласының дамуы, жарасымды қалыптасуы, оның бақытты өмір сүруіне байланысты. Сондықтан баланың ақыл-ойын, қабілетін дамыту үшін игілікті, қажетті жағдайлар жасау керек деді [11] .
ХІХ ғасырдың басында қиялшыл социализмнің ілімін жасаушылар Ш. Фурье, Роберт Оуэн және Сен-Симон балаларды жан-жақты, қабілетті дамыту, яғни оларды біліммен қаруландыру, өмірге, еңбекке даярлау тәрбиеге байланысты деп түсінді. Бала үнемі оқу әрекетінің нәтижесінде еңбек етуге, ізденушілікке, келешекте арнаулы белгілі бір мамандықты дұрыс таңдауға қабілетті болып шығадыдеп түсіндіреді[12] .
Ф. Энгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, адамның рухани дамуының көзі - еңбек. Белгілі жағдайда адамды жаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, еңбексіз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек - адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда, қабілетіне қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.
Ал, педагогикалық тұрғыдан еңбек - баланы жан-жақты дамытып, қалыптастырудың күшті құралы. Бала жастайынан еңбек етуге талпынады. Оны еңбек дағдыларына үйрету үшін үйелмен мен мектепте еңбек тәрбиесі қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырылып жүргізілуі керек. Мектепте бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Олар: баланың өзіне-өзі қызмет етуі, қоғамдық пайдалы еңбек, өнімді еңбек. Әрекеттің мұндай түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іске асырылады. Сондықтан да еңбек әреті жүйесінде оқушылардың өзіне-өзі қызмет етуінің мәні зор.
Мектептегі қоғамдық пайдалы еңбек түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаттарына сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың өнімді еңбекке қатысуының үлкен тәрбиелік мәні бар. Олардың өнімді еңбек барысында жауапкершілігі артады, іскерлік қабілеті дамиды. Сонымен қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысу оқушыларды іскерлікке ғана үйретіп қоймай, олардың дене күштері мен ақыл-ойын дамытуға ықпал жасайды, сабақта алған білімдерін тереңдетіп жетілдіреді. Демек, еңбек іс-әрекетін оқумен ұштастырып отырса ғана, баланың әлеуметтік тәжірибесі молая түседі.
Қашаннан адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші фактордың бірі болып келеді. Сол себептен халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Кез-келген тұлға еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінуді қажет етеді. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Мектептегі оқу арқылы еңбек біліктерін арттырудың басты міндеттері: біріншіден, еңбексүйгіштік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен жете таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты дұрыс таңдауға дайындау.
Бүгінгі таңда балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйретуге септігін тигізеді. Бұл өте күрделі процесс- мұнда оқушылардың әдеті, сезімі қалыптасады.
Еңбек етуге әдеттену- бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу, - деді Н. К. Крупская [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz