ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қожақов Азамат

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН

ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

(8-сынып)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы

Түркістан 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

«Бейнелеу өнері»

кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а Е. Ауелбеков

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

(8-сынып)

Орындаған:

ӨКО-111 оқу тобы студенті Қожақов А.

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент м. а Күнпейіс Ж. Қ.

Түркістан 2015

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Анықтамалар . . . 5

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 6

Кіріспе. 7

І. МЕКТЕП ҮДЕРІСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқу үдерісінде мектеп пәндерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың педагогикалық мәселелері . . . 10

1. 2 Технология пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары . . . 16

1. 3 Технология пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі ерекшеліктері . . . 20

ІІ. ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУ НЕГІЗДЕРІ

2. 1 Бейнелеу өнері пәнімен технология пәнін өзара байланыста оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру жолдары . . . 28

2. 2 Физика пәнін технология пәнімен өзара байланыс негізінде оқытудың ерекшеліктері . . . 32

ІІІ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3. 1 Технология пәнін оқытуда кіріктіру әдістерінің ерекшеліктері . . . 36

3. 2 Технология пәнін ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 44

3. 3. Сабақ жоспарының үлгісі . . . 40

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер. . 63

Қосымшалар . . . 65

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

Университеттің ішкі нормативтік ережемі:

  • УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
  • УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Технология - деген ұғым грек тілінен аударғанда - іскерлік, шеберлік, білгірлік деген мағына береді;

Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі;

Интеграция -пәндердің өзара байланысын жоғарлату деңгейінде нақты түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымды бір-бірімен біріктіреді;

Математика - кеңістік формалары мен сандық қатынастар туралы ғылым;

Ою-өрнек - латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу дегенді білдіреді;

Композиция - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру;

Симметрия - ою-өрнектің екі жағының тең болуы;

Колорит - ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы;

Ритм - ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі;

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті

ТОПБ - Технология оқу пәні бағдарламасы;

АҚШ - Америка Құрама Штаттары;

ЭЕМ - Электрондық есептеуіш машина

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі . Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылымды кәсіби шыңдауға бағытталған білімді игеру үшін қажетті жағдайлар жасай отырып, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім жүйесін одан әрі дамыту көзделеді[1] . Бұл міндеттерді шешу үшін барлық білім беру ұйымдарының оның ішінде мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті шығармашылық ізденісте жаңаша қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Қойылып отырған талаптарға байланысты білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Бұл деген педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болды. Осыған орай озық педагогикалық тәжірибелерді заман талабына сай қолдану арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың ерекше маңызға ие болып отырғаны баршамызға аян. Өйткені, қазіргі кезеңдегі заман талабына сай білім берудің негізгі мақсаты - оқушының жеке тұлғасын дамыту, оның жан-жақты ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы қоғамдық ортада өз мамандығының тетігін таба білуге, оқушылардың бейімделуіне жағдай жасау қажеттігі туындап отыр.

Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептердің орта білім беру сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартының үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған.

Оның үстіне жоғарыда атап кеткендей еліміз бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру кеңістігіне ену арқылы білім берудің жаңа жүйесі құрылып отырғаны мәлім. Сондықтан да ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы маңызды болып отыр.

Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және еңбек дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап- білім сапасы оқушының алған білімін жеке басын одан әрі қарай дамытуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады.

Осы бағытта мектепте өтілетін кез-келген пәндерді пәнаралық байланыс оқыту арқылы оқушы тұлғасының жан-жақты қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор деп ойлаймыз. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығырмашылық мұмкіншіліктерінің психологиялық құрлымы болып табылады. Мұның барлығы әрбір жеке тұлғадан арнайы ізденісті қажет етеді. Соңғы жылдары Кеңестік кезеңде бастау алған зерттеу жұмыстарында психология, педагогика ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілген. Атап өтер болсақ: Я. А. Понамарев, Н. С. Лейтес т. б білім берумен оқыту теориясында пәнаралық байланыс жөнінде өзіндік пікірлерін ұсынған педагог ғалымдар, олар педагогика ғылымының даму тарихына өз үлестерін қосты[2] . Чех педагогы Ян Амос Коменский, Д. Локк, Л. Н. Толстой, И. Г. Песталоций және қазақ ғалымдары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. оқыту процесіндегі пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Кәзіргі кезеңде пәнаралық байланыс бағдарламасын педагогикалық, психологиялық жағынан зертеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов т. б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өз-ара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі тығыз байланыста болады. Ол үшін кез-келген тұлғаның өз болмысын тануға көмектесуді, қабілетін оятуда жаңа рухани күш беру, кез-келген жекелеген пәндерден берілетін білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Негізінен, мектепте өтілетін оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу арқылы ғылым негіздерін меңгерту. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке ғылыми деректерді, нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, кез-келген тақырыптың мазмұнына орай пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Сондықтан да жалпы білім беретін орта мектептердің жоғарғы сыныптарында оқытуды пәнаралық байланыс негізінде жүзеге асырудың тиімділігін айқындау мақсатында тақырыптың өзектілігі диплом жұмысының зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындыйды. Дипломдық жұмысымыздың өзектілігіне орай диплом жұмысының тақырыбын «Технология пәнін оқытуда кіріктіру әдістерін қолдану жолдары (8-сынып) » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты : жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының білім алу мүмкіндіктерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың ықпалын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

а) мектептерде өтілетін ғылыми пәндерді пәнаралық байланыста оқыту мәселелерін зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.

ә) оқушылардың шығармашыл еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін еңбекке баулу (технология) сабақтарында пәнаралық байланыста оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерге талдау жасау.

б) жоғары сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының әдістері : талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, тест т. б.

Зерттеу жұмысының нысанасы : жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: мектептің жоғары сынып оқушыларының еңбек біліктері мен еңбектік қабілеттерін дамытудағы пәнаралық байланысты технология пәнін оқытуда жүзеге асыру

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. МЕКТЕП ҮДЕРІСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқыту үдерісінде мектеп пәндерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың педагогикалық мәселелері

Казақстан республикасының білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, Үкіметтің, Білім және ғылым министрлігінің құжаттарыңда көрсетілген идеялар кешенін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында және 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында» атап көрсетілгеніндей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға калыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді[3] .

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы - тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан - жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға - адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.

Сонымен, білім беру жүйесіндегі жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты мәселенің бірі - кез-келген тұлғаның білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Осы орайда жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рольге ие. Осындай жігерлікті талап етіп отырған қоғамда білім беру жүйесінде қызмет етіп отырған барша ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «ҚАЗАҚСТАН-2030» бағдарламасында жоғары білім сапалығы, адамгершілікті және ғылымдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән берілгендігі белгілі. Демек, интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейлігін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылғандығына ешкімнің дауы жоқ. Соңғы жылдары әлемдік білім беруге көшуге орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырыннан зерттелуде. Оқытумен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға Ресей ғалымдары Н. В. Малахов, Ч. А. Лашкарева, И. Д. Зверев, В. И. Максимова, Т. Г. Рамзаева, Н. Н. Светловская, И. Я. Виленкин, Л. И. Буров, т. б. зор үлес қосқанын атап кетуге болады[4] .

Диплом жұмысының мазмұнында интеграция мәселесі қарастырылып отырылғандықтан интеграция сөзінің мазмұнына талдау беруге тура келеді. Демек, интеграция дегеніміз-пәндердің өзара байланысын жоғарлату деңгейінде нақты түрде іске асыру. Сондықтан да интеграция мен пәндердің өзара байланыс ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымды бір-бірімен біріктіреді. Осы тұрғыдан алсақ, интеграциялық оқыту мәселесінің педагогикалық ролі, мәні мен мазмұны, әсіресе білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмысы да арта түседі. Өйткені, педагогиканың мәніндегі қоғамдық әлеуметтік даму үдерісін адам санасындағы күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар болашақтың жасампаз маманы деп түсінуге болады.

Қазақстандық ғалымдар арасынан жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі біліммен тәрбие үдерісіндегі интеграцияның педагогикалық мәселесін Б. Т. Набиева, А. Р. Аббасова, А. А. Абдиев т. б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалық негізін Г. К. Мендіғалиева, мектепке дейінгі білім мазмұнының интеграциялық мәселесін К. Жунисова, Ә. Мұханбетжановалар т. б. қарастырған[5] .

Ғалымдардың зерттеу жұмыстары бойынша интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, баланың танымдық қызығушылығы арттыру, білім сапасын арттыру мен қатар бір сабақпен бірге бірнеше пәндер мақсатының бірігуіне мүмкіндік беретінін дәлелдейді.

Қазіргі заманғы оқушының басты мақсаты - көптеген пәндерден, олардағы ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәнісін, өздеріне қажетті білімдерді тани білу. Демек, бұл мәндік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады деп тұжырымдайды.

Қазіргі кезде кез-келген пәндерден берілетін барлық білімнің кіріктірілуін қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру пән мұғалімдерінің ғылыми негізде ізденуінің нәтижесінде іске асырылады. Пәндерді кіріктіре оқытуда мектепте оқытылатын ғылыми пәндерді бір-бірімен байланысы әлсіз болғанымен, әрбір пән өзіне тән математика, физика, технология, бейнелеу өнері, информатика және т. б. пәндермен өзара тығыз байланысқан. Онсыз берілген білімнің негізі төмендеу болуы мүмкін. Мұндай сәттерді біздер онша мән бермей жататынымыз дәлелді.

Біздің көзқарасымыз бойынша кіріктіру - педагогикалық категорияға жатады. Нысандар арасындағы кіріктірілген қатынастар, нақты әрекеттегі құбылыстар мен процесстер, оқу формасында және оқу-тәрбие әдістерінде көрініс табады. Осы арада мектептің оқу-тәрбие үдерісін пәндерді кіріктіре оқыту негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, оқушылардың интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.

Осындай талаптарды орындауда мектеп қабырғасынан берілетін еңбекке баулу (технология) сабағы - мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, өндірістік технологиямен таныстырып, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі.

Технология (еңбек) сабақтарын жоспарлауда, оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдаланып мектеп оқушыларының еңбекке деген сүйіспеншілігін тудыруда мектеп оқушылары өндірістік білім негіздерімен етенге таныс ететін негізгі пәннің бірі.

Оқушылар технология сабақтарында еңбекке қатысты нақты білім мен білікті теориялық жағынан, практикалық жағынан толықтай игере білулері қажет. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық - технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады. Ол үшін тек қарапайым бұйымдарды танып, оқып, дайындап қана қоймай қазіргі заманауи білдектер түрлерімен таныс болып, оларды басқару жүйесін сабақтар барысында үйренуі тиіс. Егер біз айтып отырған мәселерді дер кезінде оқытпа-сақ, болашақта өндіріс орындарында жұмыс атқаруға қызықпайды. Неғұрлым ерте бастан өндірістік мамандар туралы, олардың атқаратын қызметтері туралы мәліметтер берілуі тиіс. Ол үшін кез келген тақырыпта мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлай отырып, оқытудың әдістері мен түрлерін, олардың техникалық шығармашылыққа деген құлшынысын тудыра білуіміз керек. Сонда ғана кез-келген оқушының технология сабағына деген құлшынысы туып отырады.

Қазіргі кезде мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығына аса мән беріліп, олардың еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. Жалпы шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жас өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді. Мектеп пәндрінің ішінен технология пәні мектеп оқушыларына кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі - ұсақты темір, ағаш өңдейтін кішігірім станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету керек. Бала бойындағы еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне сүйене отырып тиімді түрде ұйымдастыра білулеріміз қажет. Сол үшін мектеп мұғалімдері оқушылардың физикадан, математикадан, сызудан, сурет пәндерінен игерген білімдерін сабақтастыра пайдаланатынын ескеру қажет. Мектеп шеберханасында ағаш, метал білдектермен жұмыс атқаруда оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірибесінде жұмысты пән мұғалімі атқарады. Оладың қызметі - топтың еңбек үдерісін ұйымдастыру, сапаны бақылау, талдау. Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін бағалайды. Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардың орындалуын ерекше назарда ұстау керек.

Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс. Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану керек. Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін, жаңа тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен кірісетін және алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады. Бұл топқа сурет салуға, жалпы өнерге бейімділігі бар оқушылар жатады.

Екінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан қысылады және не істерін білместен жұмыстарын тоқтатады. Мұндай оқушыларға көбірек көңіл бөліп, оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту керек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын жетістіктерін атап өтіп, жұмысқа деген құлшынысын ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп, олардың жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын айтып, көңілдерін көтеріп отыру керек.

Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайтын оқушылар жатады. Олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Олар кез келген жұмысқа белсенді және сеніммен кіріседі. Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойламастан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан, өздеріне басқа жұмыс беруін өтінеді. Егер мұғалім басқа жұмыс бермесе, жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл жағдай жұмыс істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты беріп алғашқы қиындықтар кездескенде мұғалімді шақырулары тиіс екндігін түсіндіреді. Оқушы жұмысқа толық кірісіп кеткенше оның қасында болып, оған көмектесуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУ
Химия мен ағылшын тілі пәндерімен кіріктіре оқыту
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz