Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету


Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Бегман Ақтолқын Әмірбекқызы
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
п. ғ. к., доцент м. а. Әуелбеков Е. Б.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы
Орындаған Бегман А.
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к., доцент м. а. Алимбекова С.
Түркістан 2015
Мазмұны
НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
Тәрбиелеу деп біздер үш нәрсені түсінеміз, ол :
- ақыл-ой тәрбиесі;
- гимнастикалық мектептерде және әскери жаттығуда берілетін дене
тәрбиесі;
- техникалық оқыту, барлық өндірістік процестердің негізгі принциптерімен танысу және бір мезетте барлық өндірістік қарапайым құралдарымен жұмыс жасау дағдылары.
Нұсқау - бұл көрсетумен сүйемелденетін түсіндіру.
Өндіру мөлшері-бұл мынадай өлшем бірліктегі: данадағы, тоннадағы, метрдегі; уақыт бірлігіндегі өнім (сағат, жұмыс ауысымы және т. б. ішіндегі) бірліктері.
Қызмет ету мөлшері- жұмысшының белгілі бір бұйым дайындаудағы жұмысшыға қажетті қондырғылар бірлігі, жұмысшы аудан мөлшерлері жатады.
Уақыт мөлшері, өндіру мөлшері және қызмет ету мөлшері жеке немесе топтық болуы мүмкін.
Еңбектің техникалық мөлшері-бұл еңбек объектісін дайындауда ұйымдастыру техникалық жағдайда өндірістік жұмыстың квалификациясына сәйкес еңгізілген уақыт.
Дағды - меңгеруді ең жоғары өлшемімен сипатталатын әрекет. Жаттығу - іс - әрекеті меңгеру немесе оның сапасын арттыру мақсатында сол әрекеттің жоспарлы түрде ұйымдастырылып, қайталай орындалуы деген сөз.
Білімді меңгеру үдерісі - бұл күрделі психологиялық іс - әрекет.
Іскерлік қалыптастыру деп - оқушыны белгілі әрекетті тез, дәл және сапалы орындауға дайындау үрдісі түсіндіріледі.
Дағдыны қалыптастыру деп - оқушының белгілі әрекетті автоматты орындауға алып келетін іскерлікті бекіту мен жетілдірудің күрделі үрдісі түсіндіріледі.
Білімді игеру деп - ғылыми ұғымдарды, фактілерді және басқа да мағлұматтарды(өз бетінше және мұғалімнің көмегімен) алу, бекіту және қолдану үрдісі түсіндіріледі.
Еңбек үрдісі - бұл берілген кәсіп үшін типтік белгілі аяқталған жұмыс түрінің орындауымен байланысты жүйелі жұмысшы әрекетінің жиынтығы.
Еңбек үрдісі - өндірістік үрдістің басты бөлігі. Ол операцияларға, тәсілдерге және жұмысшы қозғалыстарға бөлінеді.
Білімнің мазмұнын анықтау - бұл өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мазмұнын анықтау туралы мәселелерді шешуді білдіреді.
Білімді меңгеру үрдісі - күрделі бүтіндей психикалық іс әрекет.
Еңбек операциясы - бұл бір типті құралдарды, бейімдеу құралдарын, еңбек әдістерін қолданумен сипатталатын еңбек үрдісінің бөлігі.
Еңбектік іс - әрекет деп, еңбек затына және қондырғыларды басқару кезіндегі жұмысшының еңбектік іс - әрекеттерінің (дене және ақыл - ой) жиынтығы түсініледі.
Еңбектік іс - әрекетке өндірістік үрдістерді жоспарлау, дайындау, жүзеге асыру, бақылау, қызмет ету қатысты болып табылады.
Еңбектік іс - әрекетінің негізгі элементі жоспарлау болып табылады.
Жоспарлау - бұл алдағы іс - әрекетінің схемасын ойша тұрғызудың интеллектуальдық - еріктік үрдісі, алдын - ала, оның нәтижесі мен осы нәтижеге жету тәсілдері жөніндегі идеал түсінігі.
Бұйымды дайындау кезіндегі өзіндік бақылау деп, жұмысшының орындап отырған әрекетін және олардың нәтижелерін, жоспарланған әрекеттер мен қажетті болжамды жұмыс нәтижелерін жүйелі салыстыру түсініледі.
Әдіс (методос деген грек сөзі) - зерттеу немесе таным жолы, тәсілдер жиынтығы.
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.
Оқыту әдістері - мұғаліммен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды.
Әдіс (гректің - metodos деген сөзінен алынған) - ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық-теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Әдістемелік тәсілдер - оқу- тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғаліммен оқушының жекелеген әрекеті немесе әдістің құраушы элементтері.
Логикалық тәсілдер - оқушының ойлау қызметін қалыптастыру тәсілдері (ойлау тәсілдері) .
Техникалық тәсілдер мұғалім мен оқушы іс - әрекетіндегі құралдарды, яғни әр түрлі жабдықтарды, материалдарды, бейідеу құралдарын, техникалық оқу құралдарын және т. б тиімді пайдалануды қарастырады.
Нұсқау деп іс - әрекет барысында оқушының практикалық қызметінің оқушының практикалық қызметінің дұрыс және қауіпсіз орындалуын қалыптастыру бағытында еңбек іс - әрекет тәсілдерін көрсетуді және түсіндіруді түсінеміз.
Нұсқаулар - көрсету арқылы жүзеге асырылатын түсіндірулер.
Нұсқау - бұл өндірістік оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдеріне сәйкес формасы, ерекшелігі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;
Университет - Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті;
АКТ - Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
ЭЕМ - электр есептеу машиналары
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік - экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жасалып, жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер рухани өміріміздің жанды саласы мектеп, оның оқу-тәрбие жұмысын қамтиды.
Елбасы Н. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атады. Бұл орайда, әрине білім беру саласына, әсіресе, кәсіптік мамандар даярлау саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық [2] .
Дегенмен, ұлттық өнер, ұлттық нақыш тек технология сабағында ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез келген сабақта ұлттық педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс. Ол өскелең ұрпақты үлкен адамгершілікке, патриоттық сезімге, асқан ұстамшылдыққа тәрбиелейді [16] .
Міне, осы негізді басшылыққа ала отырып қолөнер сабағын әріден теріп, берімен жалғастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Технология сабақтарының сапалы өту оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту процесі үшін оқыту бағдарламаларының және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы қамтамасыз етілуі, мектептің оқу-материалдық базасының жақсартылуы, мұғалімнің әдістемелік және кәсіби шеберлігі сабақтың нәтижелігін арттырады.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып - біліп, салт - дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай қажеттіліктердің бірі - халық қолөнері. «Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді» деп М. Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру - педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.
Оқушылардың жас кезінен еңбекке қатыстыру, сабақ үстінде белгілі бір мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйретеді. Технология сабағы тәрбиелік өрісі өте кең сабақтардың бірі, ол оқушының ой-қиялын байытып, шығармашылық қабілетін, рухани байлығын арттырады. Сабақта қолданбалы өнерді пайдалану оқушыларға өнерде мағлұматтар беріп, жан дүниесін сезімдерге бөлейді [21] .
Еңбек тәрбиесі өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал жасайды. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа салаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді.
Оқу пәніне деген тұрақты қызығушылық мамандық түрін таңдауға, сонымен қатар қайсыбір кәсіп түріне деген ынта-ықпалын арттыруға әсерін тигізеді.
Қазақстанда ұлағатты мұра қалдырып кеткен орта ғасырдағы бірқатар философ ғұламалары мен демократ ағартушылары, оқу білім, өнер, тәлім-тәрбие туралы ғылыми еңбектері біршама, оның ішінде Әл-Фараби: « . . . адамдардың танып білетін мөр таңбасы-табиғат», -деп, табиғатты танып білуді, игеруді ұсынған. Ю. Баласағұн жеке тұлғаның қоғаммен қарым-қатынасын ескере отырып, адамдардың табиғи ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-этикалық, адамгершілік-психологиялық деңгейін анықтауды көздеген.
Халқымыздың ұлттық мәдениетінің тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы халқымыздың саңлақтары Ы. Алтынсарин [3], А. Құнанбаев[4], т. б., көркем өнердің халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов [28], М. Жұмабаев [29], М. Дулатов [30], Ж. Аймауытов [31] т. б. жас ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.
Этнографтар т. б. ғалымдардың еңбектерінде ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің даму тарихы, мәні, ою-өрнек жасалу технологиясы және мән мағынасы (Ә. Марғұлан [5], К. Ақышев [5], Т. К. Басенов [36], М. С. Мұқанов [10], Ә. Тәжімұратов [8] , С. Касиманов [6], Х. Арғынбаев [7], Ө. Жәнібеков [11] және т. б. ) қарастырылған.
Қазіргі кезде Қазақстанда оқу-тәрбие үрдісін ұлттық негізде тәрбиелеуді педагог ғалымдар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева және т. б. зерттеген.
Ә. Марғұлан «Казахское народное прикладное искусство» деген кітабында қазақ халқының ұлттық қолөнерінің шығу тарихын, экспедициялық материалдарды, тұрмыстық заттары мен жұмыстарына түсінік берген [5] .
X. Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері» деген еңбегінде қазақ халқының қолөнер үлгілерін этнографиялық тұрғыдан жан-жақты суреттермен түсіндіріліп, қолөнер салаларын: ағаш, металл, тас өндеу, тері өндеу, мүйіз ұқсату өнерін жанжақты кеңінен баяндайды [7] .
Ә. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» деген кітабына өнердің тілі ортақ дегендей халқымыздың ұлттық қолөнер бұйымдарын баршаға таныстырып, оның қыры мен сырын оқырманға қолөнердің әсем де, көркем нұсқаларын өнер байлығы жайлы әсерлі әңгімелейді [8] .
С. Төленбаев «Қазақ халқының ою-өрнектері» деген кітабында ою-өрнектердің түрлерін, табақша, әр түрлі формаға, бітпес ою-өрнектердің түрлері мен салыну технологиясын реттілікпен көрсетеді [30] . Сонымен қатар технология сабағының теориялық және әдістемелік негізін зерттеу мақсатында Н. С. Беляева [34], Ю. К. Бабанский [24], Р. П. Веселев [35], П. Р. Атутов [25], Е. А. Климов [36], О. Сыздықов [16], М. Қозыбақов [21], Д. Пошаев [20], Ш. Әбдуәлиева [31], С. Жолдасбекова [22], Б. Ортаев [23] т. б. еңбектерінде қарастырып, ашып көрсеткен.
Бүгінгі таңда оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге баулудың орны ерекше. Себебі кейбір ұмыт бола бастаған өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге, олардың қызығушылығын арттыру, осы кезде де алар орны ерекше екенін дәлелдеп шығу үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету» деп алдық.
Зерттеу мақсаты: ғасырлар бойы сақталып, бізге дейін мұра болып жеткен ата-бабаларымыздың қолданбалы қолөнер түрлерін ғылыми тұрғыдан талқылап, шығармашылықпен жұмыс жасай отырып оқушыларға қолөнер бұйымдарын көркем өңдеу жолдарын жаңа заман талабына сай үйрету жолдарына зерттеу жүргізу.
Зерттеу обьектісі : жоғары сынып оқушыларына технология пәні арқылы сәндік-қолданбалы өнерін оқыту.
Зертеу пәні: технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету барысы.
Зерттеу міндеттері :
- оқушыларды қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге баулу мәселелерін зерделеу;
- оқушыларды қолөнер бұйымдарын көркем өңдеу бойынша арнайы, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу;
- оқушыларды қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге баулудың және оның тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;
- қолөнер бұйымдарын көркем өңдеу мазмұнын, әдістері мен формаларын сипаттау;
- қолөнер бұйымдарын көркем өңдеудің технологиясын мазмұндау
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйретудің дидактикалық қамтамасыз етілу жолдары анықталып, кәсіптік білім берудің жолдары көрсетілді.
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, арнайы әдебиеттерді, мектеп оқулықтарын оқып үйрену және оларға теориялық талдау жасау; мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
І Технология сабағында жоғары сынып оқушыларын қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйретудің педагогикалық негіздері
1. 1. Оқушыларды көркем өңдеуге үйрету
Жан-жақтылық ұғымы жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымының рухани әлемін, ызығушылығын, қажеттілігін, мотивациялық сферасын қамтиды. Осы ойда жан-жақтылық кең әлеуметтік орта жағдайының барлығымен қалыптасады. Адам қандай болмасын өзінің өмірлік мақсатын іс-әрекет арқылы жүзеге асырады.
Қоғамның тарихи дамуының қазіргі кезеңінде мектеп пен өндірістің жақындауы оқушылардың шамасы жететін өнімді еңбегіне тәрбиелеу мен жалпы білім беретін дайындықтың жоғары деңгейінің өзара органикалық байланысты болжайды.
Кезінде А. В. Луначарский «сынып жағдайында балада күрескерді тәрбиелемесек онда гармониялық қоғамның пайда болуына кедергі болу мүмкін» [37] деп орынды айтқан.
Аздаған тарихи шолу жеке тұлғаның дамуы мен бұл процестегі еңбек тәрбиесінің орны қандай екендігі жөнінде түсінік береді.
Еңбек тәрбиесі идеясын алға тартушы ойшылдың бірі ағылшын гуманисті, утопияның социализмнің жақтаушысы Т. Мор болды (утопия-құрғақ қиял, іске аспайтын арман) . Т. Мордың ойынша (1516ж. “утопия еңбегі”) мектепте оқушылар жер ісі және онымен практикалық тұрғыда айналысуы қажет, зерделеуі керек. Осыдан басқа ол әрбір оқушы міндетті түрде бір кәсіпті игеруі керек деп санады.
Еңбек іс-әрекеті мен жеке тұлғаның дамуы арасындағы өзара байланысты орнатуға француздың философ-ағартушысы Ж. К. Руссо жұмыстар жасады. Міндетті сабақ үшін қолөнер кәсібінің түрін таңдауда күмәнді болды. Ол өзінің таңдауында ағаш өңдеу кәсібіне тоқталды. Ол бір кәсіпті бала кезінен терең меңгеру басқа кәсіптерді де терең танысуға мүмкіндік берді берді деп жорамалдады. XVIII ғ. ортасында Францияда кәсіп көп болмаған еді. Дегенмен оның тәрбиеленушісі еңбек операциясының элементар тәсілдері мен таныстыру прогрессивті ой болды.
Ж. Ж. Руссо баланы идеал тәрбиелеуді алға тартты. Тәрбиеленушінің қолы кәсіпкердің қолындай жұмыс жасауы керек, ал бұл уақытта оның басы, философтың басындай ойлау керек деді. Кәсіппен табиғи еңбек жағдайында танысуы қажет, ал кәсіп зиянды болмауы және кәсіп тәрбиеленушінің жынысына сәйкес ақыл-ой жұмысын талап ету керектігін көрсетті [13] .
XIXғ. басында педагогикалық ойлар швейцардың педагог-демократ И. Г. Песталосцидың идеясына зейін аударды. И. Г. Песталосци [39] . балаларды оқытуды кәсіптік еңбекпен ұштастыруға ұмтылды. Сабақтарда балалар “білім беру” әңгімелерін тыңдап, операцияларды ауызша есепте орындап және бір мезгілде еңбек етуге тырысты. Ол жетім балалармен бірге өмір сүріп, бірге еңбек етті.
Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Пестолосци еңбектері көптеген педагогтар мен қоғамдық қызметкерлердің арасында педагогикалық және тәрбиелік мәні бағаланды. Бұл проблемаға Л. Н. Толстой мен К. Д. Ушинский ерекше зейін аударды [40] .
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ағылшын социолист-утописі Р. Оуэнің оқытуды индустриялды еңбекпен ұштастыру жөніндегі ұсынысы пайда болды [40] .
К. Маркс бұл идеяны жоғары бағалады және осы кейінгі кезеңде қолдануды дамытты. К. Маркс әрбір бала 9-жастан бастап өнімді жұмыскер болуы қажет деп көрсетті, ол тек баспен емес қолмен де жұмыс жасауы керек деді. К. Маркс [41] жұмыс жасаушы бала еңбегін қорғау жөніндегі мәселені алға тартып, балалардың еңбегін қолданудың тәрбиелеу мен оның үйлесімді болуын былай деп жазды «Тәрбиелеу деп біздер үш нәрсені түсінеміз, ол :
- ақыл-ой тәрбиесі;
- гимнастикалық мектептерде және әскери жаттығуда берілетін дене
тәрбиесі;
- техникалық оқыту, барлық өндірістік процестердің негізгі принциптерімен танысу және бір мезетте барлық өндірістік қарапайым құралдарымен жұмыс жасау дағдылары.
Кез-келген еңбектің көрсеткіші уақыттың жұмсалуына байланысты. Дегенмен уақыт еңбектің өлшұем қызметін жеткілікті атқаруы мүмкін емес. К. Маркс [41] еңбек деп үш нәрсені түсінеміз деп көрсеткен: еңбек құралы, материал, еңбек процесі.
Бұл айтылған идеяларды И. Г. Песталоцци, И. К. Крупская, В. Н. Луначарский, П. П. Белинский дамытты және еңбектің жеке тұлғаны дамыт удағы ролін, орнын көрсетіп берді.
Кейіннен еңбектің жеке тұлғаны дамытуы жөнінде ой-пікірлерді С. Т. Шацкий [42], А. С. Макаренко [43], В. А. Сухомлинский [44] және т. б. дамытып, олар оқушылардың еңбектік іс-әрекетінің мазмұны мен мақсаты, өмірге, еңбекке дайындаудың формаларына, тәрбиелеуші ұжымның ықпал ету тәсілдерін және олардың мекеме ұжымымен байланысына зейін аударды.
Кез келген адамда дүние таным өзінен - өзі тез арада қалыптастырылмайды Дүние таным халықтың тәжірибиесімен ұштасудың негізінде қалыптасуы мүмкін.
Мектеп ісін реформалауда негізгі зейін барлық оқу пәндерін оқыту барысында оқушыларда материалистік түсінік, қоғам мен табиғат құбылыстарын дұрыс түсіндіре алу ептілігі, біздің дүние танымымызға сәйкес іс -әрекет жасауға үйрету болып табылған.
Жеке тұлғаның көзқарасының, сенімнің қалыптасуында ерекше роль ойнайды., еңбекке баулу сабақтары мен мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке баулуда олар тірі және өлі табиғатпен, материалдық мәдени обьектілермен жанасады. Бұл оқушылардың дүниенің диалектілігі мен материалдығы жөніндегі дүние танымдық ойдың негіздеріне жетуіне көметеседі.
Еңбектік іс-әрекет барысында оқушылар материалдық игілікте пайда етеді, еңбектік ұжымның өндіістік қатынасымен әрекеттеседі, өнімді бала -бақшаға тағы басқа жерлерге өткізеді немесе таратады, оқушылар мұнда еңбектің әлеуметтік функциясын түсінеді, сезінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz