Тәлім-тәрбие, ұлгі дәстүрлері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тәлім-тәрбие, ұлгі дәстүрлері

Шілдехана. "Шілдехана" - жаңа туған балаға арналған той. Кешке жиналғандар сәбиге қүтты болсын айтып, ән салып, домбыра тартып тойлайтын болған.

Кіндік кесер. Қазақтарда "кіндік шеше" ұғымы бар. "Кіндік кесу" рәсімі ең құрметті әйелге, ақыл тоқтатқан әжеге тапсырылады. Бұдан кейін ол өйелге "кіндік кесер" жоралғысы тапсырылады. Кіндік кескен әйел ол отбасының ең құрметті адамына айналып, баланың екінші анасы саналады. Жаңа босанған әйелге әкелінетін ет тағамы "цалжа" деп аталады.

Ат қою. Қазақтар осы салтанатты рәсімге ерекше мән берген. Әдемі аттар мен атақты адамдардың есімдерін беру арқылы соларға балам ұқсас болса екен деген пиғылды аңғару қиын емес. ХҰШ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген адамдардың көпшілігі не "бай" атын (Мырзабай, Иманбай, Оңайбай, т. б. ) беру ата-аналардың дәулетке үмтылысы, балам бай болса екен сияқты армандарының нәтижесі деп түсіну қажет. Сонымен қатар, ат қоюға бала туған кезде қалыптасқан әр түрлі жағдайлардың ықпалы аз болған жоқ. Мысалы, Наурызда туғандар Наурызбай, жайлауда туғандар Жайлаубай, айтта туғандар Айтбай, т. с. с. болып кете берген. Баласы тұрмағандар, балаларын құлаққа түрпідей тиетін аттар қойып, ұрпағын сақтап қалуға тырысқан. Күшікбайлар, Тұлкібайлар, Қасқырбайлар осыдан келіп шыққан. Ылғи қыз туған ата-аналар ұл көру арманынақыздарына Ұлбосын, Ұлтуған, Жаңылсын, Ұл мекен аттарын қойып жетпек болған.

Бесікке салар. "Бесік" - халық ұғымында қасиетті және бала үшін өте ыңғайлы үя. Салт бойынша бесікке баланы ру анасы, жұрттың бәріне аса құрметті жасамыс ана салады. Салт дәстүрлі "Бесік жырымен" қабат жүреді. Бесікке бала салынғаннан кейін, әжеге "бесік салар" сыйы тарту етіледі.

Қырқынан шығару. Туғанынан бастап қырық күн өткен соң, әйелдер баланы суға түсіріп, шашын және тыр-нақтарын алады. Әйелдерге баланың ата-анасы сыйлықтар тарту етіп, жиналғандарды дастарқанға шақырады.

Тұсаукесер. Бұл салтанатты бала жүре бастаған кезде өткізеді. Жіңішке ала жіппен баланың аяғын түсаулағаннан кейін, шапшаң, пысық көп балалы салиқалы адамға түсау кесуді сеніп тапсырады. Салт ән-күймен, игі тілектермен қоса жүргізіледі. Ертеде түсауы кесілген балаға ат және ер тарту етілген.

Базарлық. Алыстан жолаушылап келген адамның жақындарына және таныстарына өкелетін аса қымбат емес сыйлары.

Бастаңгы. Ата-аналар үйден жолаушылап кеткенде, ересек балалардың өз қатарына ұйымдастыратын жастар кеші. Ол ойын-сауыққа толы болған.

Енші. Әке үйінен бөлініп, отау тігетін балалардың ұлесі. Ол дүние және мүліктен тұрған.

Көгентүп. Егер қонаққа туыс адам немесе жақсы та-ныс баламен келсе, үй иесі балаға мал (бүзау, құлын, қозы) тарту еткен.

Ашамайга мінгізу. Бұл салтанатты дәстүрдің бала тәрбиесі үшін ұлкен маңызы бар. Бала 6-7 жасқа келгенде, туысқандар жиналып, оны ерттелген атқа мшгізеді, ңолына қамшы береді, оған жігіт болдың дейді. Атасы бата беріп, өжесі шашу шашады, арты ұлкен тойға ұла-сады.

Сүндет тойы. Тақ жасқа (3, 5, 7) келген баланы сүндетке отырғызады. Ұлкен тойға көп адам жиналып, салтанат иесіне ат немесе басқа сый тарту етіледі.

Тұрмыстық дәстүрлер

Аманат. Отбасылың қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытңа сақтауға берілуі. Аманат сақтау ұлкен адамгершілік белгісі саналған. Халық сөзі "Аманатқа қиянат қылма" тегін айтылмаған. Аманат дәстүрі ел басына күн туған "Ақтабан шүбырынды, алңакөл сұлама" жылдары басталып, өз жалғасын Кеңестік саяси қуғын-сүргін жылдары тапқан шығар деп пайымдауға болады. Ертеде аманатқа балаларын да беріп отырған.

Ат тергеу. Ұлттық дәстүр бойынша келіндер атасының, қайнағасының, қайынсіңлісінің атын атамай, әртүрлі жағымды есімдер қойып ("Бай ата", "Мырзақайнаға", "Еркежан", "Көркем жігіт", т. с. с. ) атайтын болған.

Айып. "Айып, айып төлеу" - кінә, кінөлі болу; соған байланысты айып төленеді. Барымта, қылмыс жасағаны үшін қылмыскерге айып төлеткен. Айып түрлері көп, олар жасалған қылмысқа байланысты қолданылады. Ауыр қылмыс үшін "тоғыз айып", яғни түйеден бастап тоғыз мал төлеткен. Әсіресе, үрлық қатаң жазаланған.

Әмеңгерлік. Отбасында ңайтыс болған адамның әйеліне сол адамның інісінің немесе ағасының үйленуі. Бұл шараның астарында балаларды өзге руға жібермеудің амалы жатқанын түсіну қиын емес.

Бата. Елге сыйлы абыздар, ақсақалдар, азаматтар, аналар беретін бағалы рухани тілектер. Олар "дастарқан бата", "алғыс бата", "ел батасы", "жаңа ай батасы", "Нау-рыз бата", т. б. бөлінеді.

Теріс бата. Қарғыс. Ата-ана үмітін ақтамаған, руды үятқа қалдырған балаларға теріс бата берілетін болған. Ондай адамдар елден аласталған.

Дау. Дау - талас. Қазақтар арасында айып мөлшері, жесір, жетім, барымта, үрлық, жер, су үшін таластар туып отырған. Дауласңан адамдар әділдікті ңара қылды ңақ жаратын билерден іздеген. Олар дауларды әділ шешіп, төрелік айтқан. Аңсақалдар шешімі екі сөзге келмей, мұлтіксіз орындалған.

Жылу. "Жылу" - материалдық көмек. Әр түрлі нәубетке (өрт, жұт, топансу, т. с. с. ) ұшыраған адамдарға мал, дүние түрінде жиналатын халың көмегі. "Көп түкірсе көл" маңалы соны меңзейді.

Көрімдік. Жас келінді, жаңа туған перзентті немесе мал төлін көргенде беретін сыйлың.

Көрісу. Батыс Қазақстан қазақтарының арасында кең тараған, 14 наурыздан бастап, ағайындардың бір-бірімен сәлемдесуі. Көбіне жасы кіші адамдар жасы ұлкендерге барып көріседі. Бұл шараның жастарды имандылыққа тәрбиелеуге ұлкен маңызы бар.

Қалау. Тамыр-таныс адамдардың бір-бірінен өзіне үнаған нәрсесін сүрап алуы. Дос-жарандар қалаған нәрсені ңиналмай береді. Қалаушыға да шектен шықпағаны дұрыс.

Сүйінші. Қуаныш хабары. Сүйінші сұраушыға оның қалаған дүниесін беріп ризалайды.

Сыбага. Аса құрметті қонақтар мен жақын ағайындар үшін үнемі саңталатын ұлес. Мысалы, ақсаңалдар үшін бас, жая, жамбас, омыртқа, күйеулерге төс және әйелдерге ңұйымшақ сақталады.

Еңбек, кәсіп дәстурлері

Асар. Бұл ежелден келе жатқан ұлкен шаруа тұсында (үй салу, шөп шабу, қой қырңу, т. с. с. ) ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі. "Асар" - қазақ халқының бірлігін, жақынына қамңорлығын көрсететін белгі.

Қымызмұрындык, . Қымызды бірінші тату. Бүған салтанатты түрде, құрметті ақсақалдарды шақырып, батихаалған.

Өтініш. Ресми адамдар немесе ат-көлігі жоң жаяу адамдар бір ауылдан екінші ауылға көшіп-қонуға, баруға ат, арба, тарантас, т. б. сүрап алатын болған. Өтінішті ешңашан аяңсыз қалдырмаған.

Діни салттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Қазақта Баланы жастан
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz