Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру



Мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1)Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру.
2)Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері
3)Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау форматтары
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Компьютерлік графиканың түрлері: фрактальды, векторлық және растрлық графика.
Microsoft Word бағдарламасында графикамен жұмыс жасау мүмкіндігі өте кең. Графиканың екі негізгі типі бар: векторлық және растрлық. Растрлық графиканың объектілері жекелеген нүкетелердің яғни пиксельдердің көмегімен құрылған. Монитор экранында пикселдерден кескіндер құрылады. Бұндай нүктелердің саны дисплейдің және графикалық адаптердің типіне тәуелді. Әрбір пикселге пикселдін атрибутын: түсін және жарықтығын беретін бейнежадының бір немесе бірнеше байты сәйкес келеді. Демек, экранға енгізілетін кескін ол- әрбір элементі бір пиксель үшін атрибуттардың мәнін құрайтын бейнежадының массиві. Бағдарлама әр түрлі кескіндерді құра алу үшін, ол не атрибуттардың массивтерін сақтауы қажет, не болмаса, экранның әрбір пикселі үшін атрибуттарды құра білуі қажет.
Векторлық графикада растрлық графикаға қарағанда нысандардың математикалық сипатымен құрылады. Бастапқыдан векторлық графикада бейне құрылымы векторлық сызудан тұрады. Егер растрлық графикада бейненің базалық элементі пиксел болса, векторлық графикада - сызық болады. Сызық математикалық түрде тұтас объект ретінде беріледі, сондықтан векторлық графика құралдарымен көрсеткенде мәліметтер көлемі растрлыққа қарағанда аз болады. Сызықтың қасиеттері болады: формасы (түзу, қисық), қалыңдығы, түсі, сызылуы (толық, үзік). Тұйықталған сызықтар боялу қасиетіне ие. Олармен қамтылған кеңістіктербасқа нысандармен (текстуралармен) немесе таңдалған түстермен толтырылуы мүмкін.
Векторлық графиканың барлық нысандары сызықтардан құралады. Мыс: кубты алты тіктөртбұрыштардан құруға болады, оладың әрқайсысы төрт сызықтан тұрады. Сөйтіп куб 20 қосылған сызықтардан тұрады. Векторлық графиканы құрайтын нысандардың формасы, түсі және кеңістіктегі жағдайы әрқашанда компьютерлік командалармен математикалық формулалар көмегімен көрсетіледі. Векторлық графиканы жиі нысанды бағдарланған (объектно-ориентированный) графика деп атайды.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Фракталдық графика вевторлық графика сияқты матема-тикалық есептеулерге негізделген. Егер расторлық графикада растр (пиксель),ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фрактал-дық графикада матемтикалық формуланын өзі базалық элемент болып табылады,бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды,кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графиктік редакторлар
Модель және модельдеу ұғымдары
Өнердегі фракталдық графика
Компьютерлік графиканың даму тарихы
Paint растрлық графикалық редакторы
Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар
Компьютерлік графиканың түрлері: фрактальды, векторлық және растрлық графика
Компьютерлік графиканың даму тарихы туралы
Компьютерлік графика тарихы
3D studio Max бағдарламасы.
Пәндер