Сұранысқа әсер ететін факторлар
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС НЕГІЗДЕРІ
Сұраныс Заңы
Сұраныс қисық сызығы
Сұранысқа әсер
ететін факторлар
Сұраныс - сатып алушылардың осы тауарға осы баға бойынша төлем төлеуге қабілетті қажеттілігі. Сонымен, экономикалық теорияда қажеттілік пен сұраныс ұғымдары әр түрлі. Бұл түсініктер арасында сандық ара
қатынас бар. Әдетте сұраныс қажеттіліктерден аздау, себебі кез келген баға сатып алушылар санын шектейді. Төтенше экономикалық ахуалдарда сұраныс қажеттіліктен асып түсуі мүмкін, себебі басқа факторлардың ықпалын көрсетеді (инфляция, үрей, бедел және т.б).
Сонымен, сұраныс - қалыптасқан бағаға байланысты тауардың мүмкін сатып алынатын көлемі. Сұраныс - әлеуетті сатып алу, бірақ ол бола ма, болмай ма, көптеген себептерге байланысты екендігін ұғыну өте маңызды. Нарық жүйесінің серпіні үшін мүмкін сатып алу ретіндегі сұраныстың болғаны жақсы, өйткені ол кәсіпкерді табысты өндіріс көлемдерімен, ал саудагерлерді ұсыныс көлемдерімен реттеуге мәжбүрлейді.
Өнім бағасы мен сұраныс шамасы араларындағы кері байланысты кесте түрінде көрсетуге болады (7.1), көлденең өсі сұраныс шамасын, ал тік өсінде - бағаны көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша адамдар жоғары бағаға қарағанда, төмен бағамен өнімнің көптеу санын сатып алады.
Бұл сұраныс қисық сызығының төмендемелі бағытында өз көрінісін тапқан.
7.1- суреті. - Жеке сұраныстың қисық сызығы
Жеке сұраныстың қисық сызығы ДД төмендемелі қисық сызығы түрінде көрсетілген, өйткені баға мен сұраныс шамасының араларында кері байланыс бар. Өз талдауында экономист баға сатылып алынатын кез келген өнім санының ең маңызды детерминантасы деген болжамнан шығатынын көрсетеді. Бірақ сатып алуларға ықпал жасайтын басқа да факторлар бар. Оларға бағалық емес детерминанталар немесе сұраныстың өзгеру факторлары деп аталатындар жатады:
1) тұтынушылардың ұнатымдары, артықшылық беруі;
2) нарықтағы сатып алушылар саны;
3) тұтынушылардың табыстары;
4) қатар өндірілетін өнімдерге бағалар және
5) келешек бағалар мен табыстарға қатысты тұтынушылардың болжамдары.
Сұраныстың бір немесе бірнеше детерминанталарының өзгеруі ұсыныстың өзгерісіне әкеледі. Сұраныстың көбеюі сұраныс қисық сызығын оңға қарай жылжытады, мысалы Д1-ден - Д2-ге қарай. Сұраныстың азаюы сұраныс қисық сызығын солға жылжытады, мысалы Д1 - Д3-ке қарай. (7.2- сурет)
7.2-сурет. - Сұраныстағы өзгерістер
Сұранысқа ықпал жасайтын факторлар:
1. Тұтынушылардың ұнатулары: жарнамамен немесе сәннің өзгерістерімен пайда болған тұтынушы ұнатуларының немесе артықшылық берулерінің қолайлы өзгеруі, сұраныстың бағаға қарамай өсуін білдіреді.Тұтынушылардың артықшылық берулеріндегі қолайсыз өзгерістер сұраныстың азаюына және сұраныс қисық сызығының солға жылжуына әкеледі. Басқаша айтқанда, жаңа өнімнің пайда болуы тұтынушылардың ұнатуларының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, компакт-дисктердің пайда болуы ұзақ ойнайтын пластинкаларға сұранысты қысқартуға әкеліп соқты.
2. Сатып алушылар саны: нарықта сатып алушылар санының көбеюі сұраныстың жоғарылауын, ал азаюы - сұраныстың қысқартуын ұйғарады. Тікелей байланыс.
3. Табыс: көптеген тауарларға қатысты табыстың жоғарылауы сұраныстың көбеюіне әкеледі. Сұраныс ақша табысының өзгеруіне тікелей байланысты тауарлар қалыпты тауарлар деп аталады.
4. Қатар өндірілетін тауарларға (сарымай мен маргарин) бағалар. Екі өнім бірін-бірі алмастыратын болса, біреуінің бағасы мен екіншісінің сұранысы араларында тікелей байланыс бар. Өнімдердің басқа жұптары да бірін-бірі толықтыратындар. Оларға деген сұраныс бір мезгілде пайда болады, яғни оларға сұраныс түйіндес. Мысалы, бензин мен мотор майына сұраныс түйіндес - бұл бір-бірін толықтыратын тауарлар. Екі тауар өзара толықтыратын болса, біреуінің бағасы мен екіншісіне сұранысы арасында кері байланыс байқалады.
Сонымен бірге көптеген тауарлар жұптары өзара байланысты болмайды. Бұл тәуелсіз, жеке тауарлар. Мысалы, картоп пен темекі сияқты тауарлар жұптары үшін бір тауарға бағаның өзгеруі екіншіге деген сұранысқа аз ықпал етеді немесе ешқандай ықпалы болмайды.
5. Тұтынушы күтулері: келешекте бағалардың жоғарылауына тұтынушылардың күтулері бағалардың күрт өсуінің алдын алу үшін көбірек сатып алады; осылай, табыстардың көбеюін күту тұтынушылардың ағымдағы шығындарын азырақ шектеуге әкеледі. Мысалы, бағалардың түсуін және табыстардың төмендеуін күту тауарларға ағымдағы сұраныстың қысқаруына жол береді.
Сұраныстағы өзгерісті сұраныс шамасының өзгерісімен араластыруға болмайды. Сұраныс шамасының өзгеруі сұраныстың тұрақты қисық сызығында бір нүктеден екінші нүктеге, яғни баға - өнім саны комбинациясынан екіншіге көшуін, біздің кестеде - а-дан б-ға жылжуын білдіреді. Сұраныс шамасының өзгеру себебі: осы өнімге бағаның өзгеруі.
Сонымен, жоғарыда айтылғандай, сұраныс заңының мәні мынада: бағаның төмендеуі сұраныс шамасының өсуіне әкеледі. Және керісінше, бірдей жағдайларда бағаның жоғарылауы сұраныс шамасының сәйкес азаюына себеп болады. Осыдан, сұраныс заңы - баға мен сұраныс шамасы арасындағы теріс немесе кері байланыс шығады.
Тауар бағасының төмендеуі оған деген сұранысты неге жоғарылатады?
1. Көзге түсетіні: тауардың арзандауы оны сатып алуға ақшасы жоқ сатып алушылар санаттары үшін қолжетімді болғаны. Ал сатып алушылар санының өсуі осы тауарға сұраныстың өсуін білдіреді.
2. Бағаның төмендеуі барысында тауарды сатып алу көлемін жоғарылатып, осы тауардың бұрыңғы сатып алушыларының мінез-құлқын түсіндіру қиындау болады.
Сатып алушылардың жартысы осы тауарды қажеттілігінен аз көлемде сатып алды, енді бағалардың төмендеуінің арқасында сұраныс көлемін нақты қажеттіліктерге дейін жеткізеді деп ұйғаруға болады. Жоғарыда келтірілген екі түсінік әділ, бірақ сұраныс заңының шеңберінен шығады, өйткені баға серпінінің байланысын сатып алушылар біресе сонымен, біресе қажеттілік шамасымен ашады. Сондықтан экономистер тауарға бағаның төмендеу барысында пайда болатын үш нәтиже түріндегі түсінікті ұсынды.
А. Пайданың өсу нәтижесі. Кез келген сатып алудың объективтік шегі - тауарды сатып алу шығындары мен пайдалылығының теңдігі.
Бағаның төмендеуі тауардың бұрыңғы пайдалылығы барасындағы шығындарды азайтады, яғни тауарға кеткен шығындар мен оның пайдалылығының ара қатысын сатып алушының пайдасына өзгертеді. Сондықтан, шығындардың бұрыңғы көлемдерін сақтай отырып (бұл бағаны төмендету арасында тауарға сұранысты жоғарылатады), сатып алушы, бұрыңғыға қарағанда, көбірек пайдаға (пайдалылыққа) ие болады.
В. Табыс нәтижесі. Төмендетілген баға осы тауарға шығындардың бұрыңғы сомасына көбірек көлемде сатып алу мүмкіндігін береді. Бұл сатып алушының ақша табысының көбеюіне тең, бірақ осы тауарға қатысты, осы тауарды сатып алу барысында. Сондықтан, сатып алушы арзандаған тауарды неғұрлым көп алса, соғұрлым ол өзінің іс- қимылдарымен табысын көбейту мүмкіндігін жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, нарық экономикасының әр қатысушысы өз табысын ұлғайтуға ұмтылады; осы тауарға бағаның төмендеуі оған осы мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді - тек қана осы арзандаған тауарды сатып алумен.
С. Айырбас нәтижесі. Арзандаған тауар басқа тауарларды салыстырмалы қымбаттатады, тіпті өз бағалары өзгермесе де. Сондықтан, басқа тауарларды арзандаған тауармен ауыстырып, сатып алушы өзіне табыстың қосымша нәтижесін қамтамасыз етеді.
Сонымен, жеке тауарға бағаның төмендеуі, бағаның өсуі сияқты, көптеген салдарларды туғызады.
Сұраныс заңы - нарық экономикасының ұлы заңы, себебі ол сатушылар мен сатып алушылардың мінез-құлқына дәл экономикалық қисын береді, ал бұл бағаның өзгеруіне олардың кері әсерін болжауға мүмкіндік береді.
Сұраныс заңы осы, жоғары даму деңгейіндегі ел экономикасының жетістіктерін көрсететіндігімен маңызды - сұраныс бағаның төмендеу барысында алғыс айта жоғарылайды немесе бағаның өсу барысында наразылық білдіріп азаяды (тапшылық жоқ жағдайда), ал тапшылық бар болған жерде сатып алушының пікірі маңызды емес, бәріне де өндіруші өктемдік жасайды; ал шынын айтқанда, нағыз нарық - ол сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ұсыныс заңы.
Ұсыныс қисық
сызығы.
Ұсынысқа
әсер ететін
факторлар
Нарық ұсынысы - осы жағдайлардағы уақыт бірлігінде сатушылар нарыққа жеткізуге дайын тауарлар мен қызмет көрсетулердің барынша мүмкін саны. Бүгінгі таңда экономикалық теорияда ұсыныс деп белгіленетін түсінік әр алуан, оны тіпті жалпы жіктеу де қиын.
Қазіргі уақытта ұсыныста тауарлардың бес тобын айыруға болады:
1) шикізат (ресурстар)
2) өндірістік белгіленуі бар тауарлар (жабдық және т.б);
3) еңбек (жалдамалы);
4) капитал (өндірістік және ақшалай);
5) тұтыну белгіленуі бар тауарлар,солардың ішінде:
а) ұзақ пайдаланатын өнімдер (автомобильдер, тоңазытқыштар, телевизорлар, кір жуғыш машиналар, киім, жиhаз);
б) қысқа мерзімді пайдалану өнімдері (тамақ өнімдері, косметика);
в) қызмет көрсетулер (олардың барысында пайдалы нәтижеге жетеді. - мейрамханалар, туризм).
Ұсыныс құрамы үнемі өзгеріп отырады, көлемі көбейіп, жаңарады, жаңа тауарлар қосылады (ақпарат, лицензия, патенттер, ноу - хау). Әр тауар тобы өзінің ерекше жергілікті нарығын туғызады.
Ұсынысты оның шамасы тұрғысынан қарастыру қажет. Әр түрлі баға бойынша тауардың қанша саны ұсынылады деген сауалдың орнына тауардың әр түрлі сандарын ұсыну үшін өндірушіге түрткі болған бағалар қандай болуға тиісті деп сұрақ қоюымызға болады.
Ұсыныс заңының мәні мынадай: бағалардың жоғарылауымен ұсыныс шамасы да өседі: бағалардың төмендеуімен ұсыныс та азаяды. Ұсыныс заңы өндірушілер төмен бағамен емес, жоғары бағамен өз өнімінің көптеу санын әзірлеп ұсынуға дайын екендігін көрсетеді.
Баға мен ұсыныс шамасы араларында тікелей байланыс бар.
Ұсыныс шамасы мен өнім бағасы араларындағы тікелей байланысты графикалық түрде көрсетуге болады: бұл ұсыныстың қисық сызығының ұлғаймалы бағытында білінеді.
7.3-сурет. - Жеке ұсыныстың қисық сызығы
Кестеде жеке ұсыныстың қисық сызығы SS ұлғаймалы қисық сызық түрінде көрсетілген, солай болғандықтан ұсыныс шамасы мен баға араларында тікелей байланыс бар: ұсыныс заңы бойынша өндірушілер өнімнің көптеу санын өндіреді, егер оған деген баға өсе берсе, экономист ұсыныстың қисық сызығын салу барысында баға - кез келген өнімнің ұсыныс шамасының негізгі детерминантасы деген болжамнан шығады.
Бірақ ұсыныстың қисық сызығы, сұраныстың қисық сызығы сияқты болжамда салынады, оған сәйкес белгіленген ұсыныс шамасының бағалық емес детерминанталары алдын ала беріліп, өзгерістерге тап болмайды. Егер ұсыныстың осы бағалық емес детерминанталарының бірі шынында да өзгеріске тап болса, ұсыныс қисық сызығының жағдайы да өзгере бастайды.
Ұсыныстың негізгі бағалық емес детерминанталарына мыналар жатады:
1) ресурстарға бағалар;
2) өндіріс технологиясы;
3) салықтар мен демеу қаржылар;
4) басқа тауарларға бағалар;
5) бағалардың өзгеруін күтулер;
6) нарықтағы сатушылар саны.
5.4 -сурет. - Ұсыныстағы өзгерістер
Ұсыныстың көбеюі ұсыныс қисық сызығын оңға қарай жылжытады, S 1-ден S2-ге, a-дан b-ға дейін жылжуы ұсыныс шамасының өзгеруін білдіреді. (7.4-сурет).
Ұсынысқа әсер ететін факторлар:
1. Ресурстарға бағалар: ресурстарға бағалардың төмендеуі өндіріс шығындарын төмендетіп, ұсынысты көбейтеді, яғни ұсыныс қисық сызығын оң жаққа жылжытады. Және керісінше, ресурстарға бағалардың жоғарылауы өндіріс шығындарын көбейтіп, ұсыныстарды солға қарай қысқартады.
2. Технология: технологиялардағы жаңа енгізілімдер өнім бірлігін тиімділеу өндіріп, ұсынысты көбейтеді.
3. Салықтар мен демеу қаржылар: кәсіпорындар көптеген салықтарды өндіріс шығындары ретінде қарастырады. Сондықтан салықтардың жоғарылауы өндіріс шығындарын көбейтіп, ұсынысты қысқартады. Керісінше, демеу қаржылар теріс салық деп саналады. Мемлекет бір тауардың өндірісін қаражаттандырғанда, ол негізінде шығындарды төмендетіп, оның ұсынысын көбейтеді.
4. Басқа тауарларға бағалар: басқа тауарларға бағалардың өзгеруі де өнім ұсынысының қисық сызығын жылжытуға қабілетті. Егер футбол ойнайтын доптарға баға көтерілсе, спорттық тауарларды шығаратын фирма баскетбол ойнайтын доптардың ұсынысын қысқартуы мүмкін.
5. Күтулер: өнімге бағаның келешекте өзгертуін күтулер қазіргі уақытта нарықта өнімге деген ұсынысқа ықпал жасауы мүмкін. Мысалы, жақын келешекте автомобильдерге бағалардың әжептәуір жоғарылауын күтулері осы өнімнің ағымдағы ұсынысын қысқартуы мүмкін.
6. Сатушылар саны: өндірушілер саны неғұрлым көптеу, соғұрлым нарық ұсынысы көптеу. Салаға көптеген фирмалар санының кіру барысында ұсыныс қисық сызығы оң жаққа қарай жылжиды. Салада фирмалар саны неғұрлым аз, соғұрлым нарық ұсынысы да аз. Бұл саладан фирмалардың шығу барысында ұсыныстың қисық сызығы сол жаққа жылжитындығын білдіреді.
Сонымен, ұсыныстың бағалық емес детерминаталары ұсыныстағы өзгерістерге әкеледі. Ұсыныстағы өзгерістер мен ұсыныс шамасының өзгерістері араларындағы айырмашылық сұраныстағы өзгеріс пен сұраныс шамасының өзгерістеріндегі айырмашылығы сияқты. Ұсыныстағы өзгеріс барлық ұсыныс қисық сызығының жылжуынан білінеді: ұсыныстың көбеюі қисық сызықты оң жаққа жылжытады, ал ұсыныстың азаюы оны сол жаққа жылжытады. Ұсыныстың өзгеру себебі - ұсыныс детерминанталарының біреуінің немесе бірнешеуінің өзгерісі.
Керісінше, ұсыныс шамасының өзгеруі ұсыныстың тұрақты қисық сызығында бір нүктеден екіншіге жылжуды білдіреді, яғни баға - өнім саны комбинациясын екіншіге, біздің кестеде а-дан b-ға. Қарастыратын өнімге бағаның өзгеруі бұндай жылжытудың себебі болып табылады.
Сұраныс пен
ұсыныстың өзара
ықтималдастығы. Нарық тепе- теңдігі
Сұраныс пен ұсыныс араларындағы өзара әрекеттестігін сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарын бірге қарастыра отырып түсінуге болады. Тауардың бағасы төмендегенде, сұраныс өседі, ал ұсыныс бағаның өсуімен
бірге көбееді. Сұраныс пен ұсыныс кестелерін сәйкестендіру жолымен олардың өзара әрекеттестігін түсінуге болады. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары тепе-теңдік нүктесі деп аталатын А нүктесінде қиылысады. Ол тауарға сұраныс көлемі оның ұсыныс көлеміне нарық бағаларының тең болған жағдайын сипаттайды.
Сатулар мен сатып алулар көлемдерінің теңдігі арқылы анықталатын нарық тепе-теңдігі белгіленген шарттардың сақталуын ұйғарады. Біріншіден, біз оны бір жеке тауарға қатысты қарастырамыз, басқа тауарлар бағаларының өзгеруі барысында дерексіздендіре отырып, оларды өзгермейді деп санаймыз. Шынайы нарықта бұл шарт орындалмайтындығы анық, бірақ талдау үшін құбылыстар мен факторларды әрқашан жеке, бір-бірден қарастыруға тура келеді, тек сонан соң ғана түзетулер мен күрделендірулер енгізіледі. Екіншіден, бұның барысында сатып алушылар табыстарының, осы тауармен бәсекелес болып тұрған басқа тауарлардың бағаларының өзгерісі байқалмайды. Сондықтан, сұраныс пен ұсыныстың, сонымен бірге нарық тепе-теңдігінің шарттарын тұжырымдай отырып, көрсетілген ара қатынастар тек қана басқа тең шарттар барысында деп айтылады.
Сонымен, тауар бағасы қолайлы болып, сатып алушылар сатып алғысы келген тауардың көлемі өндірушілер сатқысы келіп отырған тауардың көлеміне дәлме-дәл тең болған жағдайда нарық тепе-теңдігі орнатылады.
Сұраныс заңына сәйкес, тұтынушы сатушы мінез-құлқына өндіруші өз тауар ұсынысын құрған ұсыныс бағасы итермелеуші күш болады. Әрине, ұсыныс бағасы - тауардың бастапқы бағасы, ол сонан соң сұраныс бағасымен, яғни тұтынушы төлейін деп отырған және төлеуге қабілетті бағамен соқтығысады. Әдетте шынында да сатылып және сатып алынатын тауардың нарық бағасы түріндегі ымыраға жетеді. Нарық бағасын сонымен бірге тепе-теңдік бағасы деп атайды, сатушы сатуға әлі дайын (төмендеу бағамен сату залалды), ал сатып алушы алуға дайын (жоғарылай бағаға сатып алу залалды). Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының деңгейін (А нүктесі) нарық бағасының деңгейін (тепе-теңдік бағасының) анықтайды. (7.5 - сурет). Бұл нақты тепе-тең, теңдестірілген баға, себебі кез келген басқа нүкте төлем қабілетті сұраныс пен оған сәйкес тауар ұсынысы араларындағы үйлестірушілікті білдіреді.
OF - тепе - тең баға
OD - тауар ұсынысы мен төлем қабілетті сұраныстың тең көлемдері
7.5-сурет. - Тепе-тең баға
Баға сұраныс жаққа (В нүктесі) ауытқып кетті дейік. Осы баға бойынша сатып алушылар саны А деңгейдегі бағаға қолдары жетпейтін тұлғалар есебінде өседі. Демек, сұраныс шамасы да өседі. (ОД-ға ДЕ қосылады). Бірақ нарық бағасының төмендеуі (OF-тан ОК-ға дейін) сатып алушылар санын қолдары осы бағаға жетпейтіндердің есебінен азайтады, себебі ол тіпті шығындарды да ақтамайды. Нәижесінде, сұраныстың ұлғайып кеткен шамасына (ОЕ) әжептәуір аз тауар массасы (ОL) қарсы тұрады. Осыдан бәрімізге өте мәлім тауар тапшылығы құбылысы пайда болады (біздің кестеде ол LE кесіндісімен көрсетілген. Осыдан: әр кезде, тұтынушыларға ұнап қалу үшін жасанды - дәл жасанды, басшылық түрде төмендеу бағаны белгілейді, бұндай жақсылықтың салдары - тапшылық, өндірушілердің күйзелуі, қара нарық (өйткені ұсыныстың аз шамасына төмен бағамен сатып алушылардың көптеу санын шақырады).
Егер баға сатушылардың пайдасына ауытқыса (С нүктесі) жаңағының бәрі қайталанады. Бұл жағдайда сатушылар санының шығындары көптердің есебінде өседі. Демек, ұсыныс шамасы да өседі. (ОД-ға ДЕ қосылады).
Бірақ енді нарық бағасының жоғарылауы (OF-тен - OR-ға дейін) осы бағаға қолы жетпейтіндердің есебінде. Нәтижесінде ұсыныстың ұлғайған шамасына (OL) сатып алушылардың төлем қабілеті бар санының аздауы қарсы тұрады. Бағаларды ырықтандыру нәтижесінде бізге жақсы мәлім тауарларды салыстырмалы артық өндіру пайда болады: тауарлар бар, бірақ сатып алушылардың көбінің қолы жетпейтін бағамен. Сонымен қатар өндірушілер де ұтылады, өйткені алғысы келсе де, сатып алушылар OL-ден көп сатып алуға қабілетті емес.
Бағалардың тепе-тең деңгейіне қайтып келуіне екі жағдай кедергі жасайды:
а) сатушының (немесе сатып алушының) монополизмі, бағаны өз пайдасына әдейі ұстап тұруы,
б) бағалардың әкімшілік реттеуі (осыдан, жеке алғанда, мемлекеттің бағаны белгілеу үшін жауапкершілігі көрінеді, бұл, әдетте тапшылыққа немесе тауарларды артық өндіруге әкеледі).
Сонымен, мүмкін бағалардың кең ауқымы барысында да олар жергілікті классикалық нарықта тепе-тең деңгейге ұмтылады.
Тепе-тең баға уақыт ағымымен өзгереді. Уақыттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz