КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... .5
1.1. Кірістер мен шығыстардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Кірістер мен шығыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 18 Түсім Қаржылық есепберудің халықаралық стандарты ... ... ... ... ..8

II. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ...14
2.1. Кірістер мен шығыстардың есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Кірістер мен шығыстардың есептілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға қүқығы бар.
Бүгінгі кәсіпорындарда кірістер мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. "Қосымша құн" мен "Пайда" категорияларының экономикалық мазмүны іс жүзінде бара - бар. "Табыс" категориясының "Қосымша құн" категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.
Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы табыс кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдык қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шарттарда анықталады.
Шығыстар өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ма, сатылған өнімнің көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды. Атап айтқанда:
- жалпы және әкімшілік шығындары;
- пайыз бойынша шығыстар;
- тауар - материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.
Үлестірмелі шығыстар - бұл амортизация және сақтандыру шығындары.
Оларға сәйкес активтер таза табыс әкеледі деп күтілетін кезең ағымына да жүйелі үйлестіріледі.
Үстеме шығыстары бұл өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды. Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты -- шығыстар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстары тікелей белгілі бір бұйымға жатқызуға қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.
Курстық жұмыстың мақсаты шығыстарды және табыстардың есебін жүргізу ерекшеліктеріне тоқталу, және оларды толық зерттеу. Сонымен қатар, оқу мерзімі уақытында алынған теориялық білімді практикада жүзеге асыру. Осыған байланысты курстық жұмыста төмендегідей міндеттер қойылады:
oo Сатылған тауарлардың өзіндік құнының және негізгі қызметтерінің шығыстарының есебін жүргізу ерекшеліктерін жүзеге асыру.
oo Кезең шығыстарының есебін жүргізуді ұйымдастыру.
oo Төтенше жағдайлар және тоқтатылған операциялардан түсетінтабыстардың есебі жүргізу ерекшеліктерін қарастыру.
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын табысты көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.

1. КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

0.1 Кірістер мен шығыстардың мәні

Жалпы кірістер болып - белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорынның күнделікті өндірістен түсетін пайдасын қарастырамыз, ал шығыстар - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал - жабдықтары, материалдар және шикізат т.б. жұмсалынатын қаржылай активтер болып табылады.
Кірістер мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін өолданылады:
1. Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындайды.
2. Ақшалай ағымның өзгерісін болжайды.
Кірістер мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі болуы мүмкін:
1. Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бұл жерде таза табыстар немесе зиян табыстардың түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.
2. Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен шығыстар тіркеледі.

1 Бөлімде кірістер мен шығыстар есебінің бірнеше түрлерге бөлінуін қарастырайық:
oo негізгі қызметтен алынған табыстар;
oo негізгі емес қызметтен қызметтен алынған табыстар;
Негізгі қызметтен алынған кірістер деп - кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндіріс шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Кәсіпорындармен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары деп - кәсіпкердің нақтылы негізгі қызметінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстары жатады.
Негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметінен алыған табыстарының қосындысы жалпы жиынтық табысты береді.
Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған түрімен байланысты емес, шаруашылық жүргізуші субъект еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
oo Жалпы және әкімшілік шығыстар;
oo Пайыз бойынша шығыстар;
oo Тауарлар мен материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады. Ал, мәлімеден шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәліменің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтері үшін төленген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, яғни, ескі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарлардан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәлімеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда, мәлімемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал, бұл сатушының сатқан тауары үшін келісімшартта көрметілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
oo Есеп беру күніне мәліменің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
oo Мәлімені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәлімеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәлімеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.
Қызмет көрсетудің, яғни мәлімнің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

1.2 Кірістер мен шығыстардың түрлері

Табыс, Түсім - шотқа түскен ақша.
Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай - ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды.
Түрлері:
1. Материалдық табыс - сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы;
2. Негізгі құрал-жабдық (қор) табысы - кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы;
3. Саудадағы тауарлар табысы - тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары;
4. Жалпы табыс - бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома;
5. Сыртқы төлем табысы - шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы;
6. Тарату табысы - мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды, фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма - қол қаражат;
7. Қорланған табысы - қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс;
8. Күтулі табыс - ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.
Шығындар - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде пайдаланылатын ресурстардың сомасы. Немесе қарапайым тұрғыда: шығындар - ресурстарды бағалау болып табылады.
Шығындар - басқарушылық есептің тұжырымдамасы, ал шығыстар - бухгалтерлік есептіліктің ұғымы. Шығындар мен шығыстарды арасындағы байланыс осылай анықтауға болады: шығыстар - шығынның бір бөлігі, және табыс көзі ретінде қызмет етеді.
Түрлері:
1. Еңбекақы (Қызметкердің жалақысы) - қызметкердің біліктілігі, күрделілігі, саны, сапасы мен шарттары, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру төлемдеріне байланысты еңбекке ақы төлеу.
2. Шикізат немесе шикізат материалдары -- адам әсерінен елеусіз әсер еткен еңбек объектісі, және одан әрі өңдеу үшін арналған. Шикізат, ең алдымен, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы өнімі болып табылады.
3. Амортизация (латын. amortisatio -- өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл Өтемпұл -- жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі.
1.3 18 Түсім Қаржылық есепберудің халықаралық стандарты

Қаржылық есептілікті дайындау және таныстыру концепциясында капитал мүшелерінің салымдарына қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңнің ішіндегі активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы түрінде туындаған табыс экономикалық пайданың ұлғаюы түрінде танылады. Табысқа ұйымның табысы да, басқа кірістер де кіреді. Ұйымның табысы - оның қызметінің әдеттегі түрлерінен келіп түсетін кіріс, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер түрінде болуы мүмкін. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын табысты есептеу тәртібін анықтау болып табылады.
Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс ұйымның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Осы Стандарт аталмыш белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша табыс танылады. Сонымен қоса, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша тәжірибелік нұсқаулар бар.
Осы бухгалтерлік стандарт мынадай операциялар мен жағдайлардан пайда болатын табысты есептеуде қолданылуы керек:
oo тауарларды сатудан;
oo қызметтер көрсетуден; және
oo пайыздар нәтижесінде, лицензияланған төлемдер және дивидендтер алынатын ұйым активтерін басқа жақтардың пайдалануынан.
Осы Стандарт 18 Табысты тану (IAS) ХҚЕС-ын алмастырады.
Тауарларға ұйымның сату үшін шығарған, немесе қайта сату үшін сатып алған өнімі кіреді, оның ішінде, бөлшек саудамен айналысатын саудагердің қайта сату үшін сатып алған тауарлары немесе жер және басқа да мүлік жатады.
Қызмет көрсетуге ұйымның белгілі бір мерзім ішінде келісімшартта бекітілген міндеттерін атқаруы кіреді. Қызметтер бір кез немесе одан да көп кезеңдерді қамтуы мүмкін. Қызмет көрсетуге арналған кейбір шарттар құрылыс шарттарымен тікелей байланысты, мысалы, жоба жетекшілері және архитекторларға қызмет көрсетуге арналған шарттар. Бұл келісімшарттардан келетін табыс осы Стандартта қарастырылмайды, бірақ 11 Құрылыс келісімшарты (IAS) ХҚЕС-пен белгіленген құрылыс шарттарының талаптарына сәйкес көрініс табады.
Мынадай терминдер осы Стандартта көрсетілген мағыналарда пайдаланылады:
Табыс - ұйымның әдеттегі қызметі барысында, акционерлердің жарналары есебінен болатыннан капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.
Әділ құн - осындай мәмілені жасауды қалайтын және жақсы хабардар бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасағанда активке ауыстыруға болатын немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.
Табысқа тек ұйыммен алынған және оның тек өз жеке шотына түсуге тиісті экономикалық түсімінің жалпы кірісі кіреді. Үшінші тараптың пайдасына түскен сатылым салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты сомалар ұйымға түсетін экономикалық пайда болып табылмайды, және жеке капиталдың өсуіне әкелмейді. Сондықтан олар табыстан шегеріледі. Агенттік қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны ұйымның меншікті капиталының ұлғаюына әкеліп соқтырмайтын принципал пайдасына жиналатын сомасынан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар табыс болып табылмайды. Табыс делдалдық сыйақы сомасы болып табылады.
Тауарлар немесе қызметтер сипаты және көлемі жағынан бірдей тауарлар немесе қызметтерге айырбасталған жағдайда, айырбас табыс пайда болатын операция ретінде қаралмайды. Бұл белгілі бір жерде уақытша негізде сұранысты қанағаттандыру үшін әртүрлі жерлерде жабдықтаушылар қорды ауыстырған кезде май немесе сүт өнімдерінде жиі болады. Ерекшеленетін тауарлар немесе қызметтер тауарлар сатылғанда немесе қызметтер көрсетілгенде айырбасталса, онда айырбас табыс туындататын операция ретінде қарастырылады. Табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына түзетілген алынған тауарлар немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. Алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшене алмаған жағдайда, табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.
Осы стандартта ұсынылған тану талаптары әдетте әр операцияда бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайда оның мазмұнын көрсету үшін операцияның бөлек бөлінген элементтеріне қолданылу керек. Мысалы, тауардың сату бағасы әрі қарайғы қызмет көрсетуі үшін белгілі бір сомаға ие болған жағдайда, бұл сома қызмет көрсетілу кезеңінің ішінде табыс ретінде тасымалданады және танылады. Және керісінше, тану критерийлері олардың байланысы коммерциялық тиімділігі жалпы мәміле топтамасына сілтемесінсіз анықталуы мүмкін болған жағдайда екі немесе одан да көп мәмілелерге бірдей қолданыла алады. Мысалы, ұйым тауарды сатып, осы уақытта болашақта тауарларды сатып алуға бөлек мәміле жасай алады, осылай бірінші операцияның нәтижесін төмендетеді; осындай жағдайда екі мәміле бірге қаралады.
Табыс ұйымға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынының пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана танылады. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы ұсыныс алмағанға дейін немесе барлық белгісіздіктер анықталмайынша дейін ол ықтимал бола алмайды. Мұндай белгісіздік, мысалы, осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылған сату бойынша тиісті қарама-қарсы ұсыныстарды жіберуге шетел мемлекеттерінің органдары рұқсат беруіне қатысты болуы мүмкін. Рұқсат берілгеннен кейін белгісіздік жойылады және табыс тиісінше танылады. Алайда табысқа қосылып кеткен соманы инкассациялау туралы белгісіздік пайда болған кезде соңына дейін алынбаған сома, немесе алынуы ықтимал болған сома басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.
Табысты операцияның аяқталу кезеңі бойынша тану көбінесе дайын болуына қарай әдісі деп атайды. Осы әдіске сәйкес табыс қызмет көрсету кезінде танылады. Табысты осының негізде тану қызмет көрсету бойынша қызмет масштабы туралы және есепті кезең ішіндегі қызмет нәтижелері туралы маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді. 11 Құрылыс келісімшарты (IAS) ХҚЕС-та табыстың тануын осы негізде қажет етеді. Аталған Стандарттың талаптары жалпы табысты және қызмет көрсетуді болжап отырған мәміле бойынша тиісті шығыстарды тану үшін қолдануға болады.
Ұйым әдетте қызметке қатысқан басқа жақтармен келесілерді, яғни:
oo ұсынылуы және тараптардың алуы тиіс қызметіне қатысты әрбір жақтың пікір білдіру құқығын;
oo болжанып отырған қарама-қарсы ұсынуды;
oo өзара есеп айырысу тәртібін және талаптарын келісіп бекіткеннен кейін сенімді бағалауды жүзеге асыра алады.
Ұйымда әдетте қаржылық жоспарлау мен есептіліктің тиімді ішкі жүйесі болуға тиісті. Ол келісімшарт бойынша қызметтерді орындалуына қарай табыс пен шығындарды бағалауды тексереді және қажеттілігіне қарай қайта қарайды. Мұндай қайта қараулардың қажеттілігі операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтынын білдірмейді.
Келісімнің аяқталу сатысы әртүрлі тәсілдермен анықталуы мүмкін. Ұйым орындалған жұмыстың жоғары дәрежеде сенімді өлшенуін қамтамасыз ететінін әдісті қолданады. Мәміленің сипатына қарай мынадай әдістер қолданады:
oo орындалған жұмысты бақылау;
oo есеп беру күніне ұсынылған қызметтердің қызметтің жалпы көлеміне пайыздық арқатынасы.
ҚЕХС (IAS) 18 Түскен ақшаға сәйкес, табыс бұл жеке капитал қатысушыларының жарналарына байланысты емес жеке капиталдың артуына алып келетін белгілі бір кезең үшін кәсіпорынның әдеттегі қызметі барысында экономикалық пайданың жаппай түсуі. Түскен ақша деп кәсіпорынның өз есебіне алған және алынуға тиіс экономикалық пайданың жаппай түсуі тұспалданады. Сатудан, тауарға және көрсетілген қызметке, қосымша құнға салық сияқты үшінші тараптан алынған сома кәсіпорын алатын экономикалық пайда болып табылмайды. Және жеке капиталдың артуына әкелмейді, сондықтан олар түскен ақшадан алынып тасталады.

Кесте 1 - ҚЕХС (IAS) 18 ге сәйкес операциялар мен жағдайлар, түскен ақшаны тану анықтамалары мен шарттары

Операциялар мен жағдайлар
Анықтамалар
Түскен ақшаны тану, табысты есептеу шарттары
1
2
3
Тауарларды сату
Тауарлар деп мыналар айтылады:
Кәсіпорының сату үшін өндірген өнімі
әрі қарай сату үшін сатып алынған тауарлар
1)кәсіпорын тауарларға арналған меншік құқығымен байланысты айтарлықтай тәуекелді және сыйақыны сатып алушыға берді;
2)кәсіпорын әдетте меншік құқығымен орайластырылатын дәрежеде басқаруға қатыспайды және сатылған тауарларды бақыламайды;
3)түскен ақша сомасы дәйекті өлшене алады;
4)операциямен байланысты экономикалық пайданың кәсіпорынға түсу ықтималдығы бар;
5)операциямен байланысты ұшыраған немесе күтілетін шығындарды дәйекті өлшеуге болады.
Көрсетілетін қызметтерді ұсыну
Көрсетілетін қызметтер:
уақыттың белгілі бір есепті немесе бір кезеңнен артық кезеңі ішінде кәсіпорынның шартта келісілген тапсырманы орындауы.
1)операциямен байланысты экономикалық пайданың кәсіпорынға түсу ықтималдығы бар;
2)операциямен байланысты ұшыраған немесе күтілетін шығындарды дәйекті өлшеуге болады.
3)есепті күндегі жағдай бойынша операцияның аяқталу сатысы дәйекті өлшене алады;
4)операцияны орындау кезінде келтірілген шығын және оны аяқтауға қажетті шығын дәйекті өлшене алады.
Кәсіпорынның пайыздар, роялти және дивидендтер әкелетін активтерін басқа тараптардың пайдалануы
Пайыздар - ақшалай қаражат пен эквивалентті пайдаланғаны үшін немесе кәсіпорын алдындағы берешек сомасынан алныатын төлем,
Роялти - кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерін,мысалы, патенттерді,саудалық марканы, авторлық құқықтарды және компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланғаны үшін төлем;
Дивидендтер - акционерлік капитал иегерлері арасында, олардың белгілі бір класс капиталына олардың қатысуына пропорционалды бөлінген пайда.
Кәсіпорынның пайыздар, роялти және дивидендтер әкелетін активтерін басқа тараптардың пайдалануынан туындайтын табыс мынадай жағдайларда мойындалады:
1) егер операциямен байланысты экономикалық пайданың кәсіпорынға түсу ықтималдығы бар болса;
2) түскен ақша дәйекті өлшене алатын болса.
Пайыздар ҚХЕС 39 (IAS) Қаржы құралдары: мойындау және өлшеуде белгіленген пайыздың тиімді ставка әдісі бойынша танылады.
Роялти тиісті шарт мазмұнына сәйкес есептеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық шығындар кәсіпорынның баламалы шығындары
Кірістер мен шығыстар
Кәсіпорын кірістері
Табыстар мен шығыстар есебі
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қаржы жұмсауға аудит
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Кірістер мен шығыстардың есептілігі
Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснің құрылымы
Пәндер