Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Үндістан



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты Үндістан халқы мен отаршылдар
арасындағы қайшылықтар өсе түскен. Бенгалияны екіге бөлу әрекеті елдегі
наразылықты қатты күшейтті. 1905 жылы Үндістанда ереуілдер өршіп, қоғам
және саяси ұйымдар мен партиялар өзін-өзі билеу туралы тілектерді алға
тартқан. Үнді Ұлттық Конгресі (ҮҰК) жетекшілері Б.Г.Тилак, Б.Ч.Хал, А.Гхош,
Л.Л.Рай өте батыл қимылдар ұйымдастырып, ағылшын тауарларын сатып алмау,
свадеши (жеке іс, яғни өзінді өзің қамтамасыз ет), свараджа (жеке билік,
яғни озіңді-өзің биле) ұрандарын жандандырды. 1906 жылы елде Мұсылман
Лигасы (МЛ) атты партия құрылып, ол да күреске қатысқан.
Ұлт-азаттық қозғалысты басу үшін Англия 1905 жылы Үндістанға жаңа вице-
корольді тағайындады. Ол — либерал Минто болатын. Оның реформалар жөніндегі
жалынды сөздері тек феодалдық топтар мен МЛ жетекшілеріне жағымды естілді.
Бұқара халық свараджа ұранын қолдауды күшейтті. Кейбір аймақтарда қарулы
көтерілістер басталды. 1911 жылы енгізілген реформалар бойынша астана
Делиге кешіріліп, Бенгалия кайта біріктіріліп, Англия ұлт-азаттық күресті
бәсеңдеткен болатын.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Үндістан. Үнді буржуазиясы
Минто — Морли (Морли — Үндістан істеріне қатысы министр) реформаларына
қолдау көрсетіп, осы елдің өзінде өзінің саяси-экономикалық жағдайын
нығайтты. Шындығында, елде металл өнімі 30%-ға өссе, мақтадан жасалатын
маталар 39%-ға артты, Үндістан базарында сатылатын тауарлардың көбі елде
шығарылатын болды.
Халықтың тұрмысы нашарлап кетті. Салық төлемі күрт өссе, ақша құны
төмендеп, елді құнсыздану жайлады. Өндіріс заттары, тамақ қымбаттап, қала
тұрғындары мен шаруалар күйзеліске ұшырады. Миллиондаған шаруалар уақытында
салық төлей алмай, жерден айрылып, қаңғырып кетті. Жұмысшылардың жұмыс күні
14 сағаттан асты. Азық-түлік тапшылығынан қалаларда да, ауылдарда да адам
өлімі жиілей берді. Соғыс кезінде ашаршылықтан 5-6 млн адам қырылды.
Англия үкіметі әскер қатарына 1,5 млн үнділіктерді шақырып, оларды
Таяу Шығыста, Парсы бұғазында, Иранда майдан шебінде пайдаланды. Көптеген
шаруаларды қара жұмысқа салды.
Алдымен отаршыл өкімет Үндістанда өте қатаң заңдар енгізіп, елді қыңқ
еткізбей ұстауға тырысты. Екі саяси партия — ҮҰК және МЛ өз іс-әрекеттерін
сол заңдармен санаса отырып жүргізген. Соғыс кезінде ағылшын әйелі Энни
Безант бастаған Гомруль қозғалысы өршіді. Оған қатысушылар Үндістанға
өзін-өзі басқаруға құқық беруді талап еткен болатын.
Діни қозғалыстар да туындаған. 1915 жылы үндістер Хинду маха сабха
(Үндістердің ұлы одағы) ұйымын құрды. Сол жылы жетекшілігіне Мохаммед
Жинна келген.
Күш қолданбай қарсыласу. М.К.Гандидің ілімі мен саясаты. Соғыс
аяқталар кезде елдің жағдайы тыгырыкка тірелгендей болды. Провинцияларда,
ең алдымен Бомбейде, оның қасындағы Гужаратта, Панжабта, ішкі аймақтарда
қала тұрғындары, кедейленген шаруалар, қолөнершілер қатаң тәртіпке
қарамастан бас көтере бастады. Олар салық төлемеуге, ереуілдер
ұйымдастыруға байланысты шерулерге қатысты. Әлеуметтік жағдайды жақсарту
ғана емес саяси талаптарды алға қойып, отаршылдық өкіметті әшкерелеу, оган
бағынбау туралы шешімдер қабылдауга ҮҰК және МЛ-да барды. 1916 жылы Лакнау
қаласында екі партия өз мәжілістерін өткізіп, біріге отырып күресуді
қолдаған қарарлар қабылдады.
ҮҰК жетекшілері сол жылы Оңтүстік Африка Одағында аты шыға бастаған
М.К.Гандиді елге қайтып оралуын қалаған болатын.
М.К.Ганди (1869-1948) Гужараттан Оңтүстік Африка жеріне қоныс тепкен
брахмандар отбасында өмірге келді. Мектепті бітірген соң, Англияда жоғары
оқу орнына түсіп, адвокат мамандығын меңгерді. Ағылшындардың саяси
мәдениетің Еуропадағы ХІХ-ХХ ғғ. басындағы тартыстарды саналы түрде
сезінген, ол сол кезде көпшілікке танымал болған орыстың атақты жазушысы
Л.Н.Толстойдың зұлымдыққа озбырлықпен қарсыласпау көзқарасын қолдады.
Сонымен қатар көне үнділік философиясын жақсы меңгерген ол қоғамдағы
қайшылықтарды бейбіт түрде реттеу қағидаларын да есінен шығармаған.
Африкаға қайтып келгенде, нәсілшілдік пен отаршылдық тәртіптің тепкісінде
болған қандастарын қорғауға араласқан. Көп ұшмай-ақ Ганди есімі, оның күрес
тәсілдері бүкіл Оңтүстік Африкаға, өзінің туған елі Үндістанға жайылады.
Соның арқасында ҮҰК оны жетекшілікке шақырады.
Ганди Үндістанға келісімен өрши түскен ұлт-азаттық күреске килігіп
кетеді. Оның негізгі қағидасы - сатъяграха (ақиқаттағы батылдық) деп
аталады. Зұлымдыққа қарсы тұру, онымен батыл күресу, ақиқатты қолдау,
адамдардың құқығын қорғау, оның басты қағидасы болды. Осы ілімді Ганди өмір
бойы үгіттеп әрі пайдаланып кслді. Бұл ілім ежелде қалыптасқан философиялық
ахимса тұжырымына арқа сүйеген (ахимса — жануарларға қиянат жасамау).
Брахман кастасына жататынына қарамастан ең төменгі, зәбірленген, копшілік
кесапатты деп санаған каста мүшелерімен араласып, солардың мұңын шағып,
үмітін ақтауға күшін аямады. Кесапаттыларды ол харижандар (Құдай
жаратқандар) деп атап, олардың құқықтарын қалған азаматтардың құқықтарымен
теңестіруді көздеді.
Ганди ілімін, сондай-ақ күресу әдістерін үнді жеріндегі көпшілік дұрыс
қабылдады. Ол ағылшын отаршыларына қарсы күреске бұқара халықты қатыстыруға
талаптанды. Сонымен бірге Ганди әр уақытта Англиямен келісім жасасуға да
дайындық білдіріп капді. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталар кезде Үндістан
халқының наразылығы бұрын кездеспеген деңгейге жеткен болатын. Сол жылдары
елге 8 мындай сыртта өмір сүрген үнді ұлттық күрескерлері қайтып келді.
Соғыс біткеннен кейінгі Үндістанның дамуы ірі толқулармен және
көтерілістермен сипатталды. Өзі де әрең тұрған халыққа Ресейдегі оқиғалар
түрткі болды. Большевиктердің тәуелді елдердің бостандығын жақтау ұрандары
1917 жылдың соңында үнді газеттерінде басылған. Дели қаласында мұсылмандар
жиналыс шақырып, Ресейге өкілдерін аттандырған. 1918 жылдың көктемінде
М.Пратап Петерборға барып қайтқан. М.Пратап пен Баракатұлла 1919 мамырда
Мәскеуде болып, Кеңес үкіметінің жетекшілерімен келіссөздер жүргізген.
Негізгі басқарушы күш елдегі ҮҰК және МЛ болды. Осылардың бірігіп жасаған
қарсылықтары 1918-1919 жылдары үлкен нәтиже берді.
Ағылшын жағы да жағдайды байқап, алдын ала шаралар ойластыруға
кірісті. 1919 жылы Ұлыбритания парламенті бекіткен Монтегю — Челмсфорд
заңы жарияланып, орталық және провинциялық жиналыстарға қатысты сайлау
тәртібіне өзгерістер енгізілді. (Монтегю — Үндістан істеріне қатысты
министр, ал Челмсфорд - вице-король). Сайлауда үнділіктер мен мұсылмандар
бөлек тізіммен дауыс беретіндігі хабарланды. Сөйтіп, халықты дініне
байланысты бөлшектеу заң арқылы бекітіліп, оның салдары кейін елді екіге
бөлуге апарды. Сонымен бірге ағылшындар Роулетт заңын қабылдап, елді қыңк
еткізбей ұстауға тырысты. С. Роулетт ағылшын сотын басқарып жүрген, оның
атымен аталған заң бойынша шеруге және ереуілге қатысқандарды аяусыз
жазалау, абақтыға жабу, шетке айдау т.б. шаралар көзделді. Керек болса
полицияға оқ ату құқығы берілді.
Жаппай күрес кезіндегі Үндістан. Реформалар жобаларына қанағат етпеген
ҮҰК ағылшындарға қарсы қозғалыстар ұйымдастыруға кірісті. Гандидың ойынша
ол, ең алдымен, Англия тәртібіне көнбеушілік, ағылшын тауарларына бойкот
жариялау, қызметтен бас тарту, отаршылар ашқан мектептерге балаларды
жібермеу, сайлауға қатыспау, сотқа арызданбау түрінде өтіп, екінші кезеңде
салық төлемеуге дейін бару керек еді. Бұл жолда ахимса ұстанымын
бұлжытпай орындау белгіленген. Іс жүзінде шараларды орындау үшін бұқара
халық жаппай қимылдау керек болды.
1919 жылы сәуірдің басында Гандидің бастамасымен Бомбей, Ахмадабад,
Мадрас, Канпур қалаларында бір кезде хартсиі (жаппай ереуілге шығу)
ұйымдастырылды. 6 сәуір күні бүкіл өмір тоқтап қалғандай болды: бірде-бір
мекемеге үнділіктер бармай, көшеге шықпай, саудаға, оқуға қатыспай қойды.
Қала көлік жүйесі, кәсіпорындар жұмысын тоқтатып тастады. Үн-түнсіз қалалар
отаршылдардың зәресін алды. Харталдың жүруі өте ауыр жағдай болатын, оның
зияны халыққа да тиетіні белгілі. Бірақ ол істің насырға шабатынын
ағылшындар байқады. Сонда да олардың ішінде үнді халқын қарулы күшпен
шошындырудан бас тартпағандар болды. Бір апта өткенде Амритсар қаласындағы
орталық майданға жиналған бейбіт митингілеушілерді олар оқ астына алып,
мыңдаған адам өліп, жарақаттанды.
Бұл оқиға бүкіл елді алаңдаты. Панжабтан басталған толқын Үндістанның
шығысына, оңтүстігіне, батысына тарап, миллиондаған шаруалар, қала
тұрғындары ереуілдер мен шерулерге қатысты. Отаршыл билеу жүйесіне қауіп
төнді. Кейбір аудандарда халық қарулана бастады.
Ағылшындар қысымына қарсы бүкіл елде сатьяфаха қимылдарын өткізуге
дайындалу туралы шешім қабылдады. Сол арқылы қарсыласуды бейбіт түрде
дамыту мақсат етілді.
Сатьяграханың басталуы 1920 жылғы 1 тамызға белгіленді. Оның жүруіне
сол жылдары етек жайған халифатшылар қозғалысы өз үлесін қосты. Оған
мұсылман қауымы қатысып, халиф болып есептелген Түркия сұлтанын қолдаған.
Батыс елдері 1918 жылы Стамбұлды басып алып, ол елдің берекесін кетіріп,
бөлісуге кірісті. Бұл қозғалыс батыстың отаршылдық саясатына қарсы
бағытталып, Үндістанда ағылшын үстемдігін жоюға бет алды. Сөйтіп, 1920 жылы
сатьяграхага екі қауым біріге отырып қатысты. Сондықтан жаз-күз айлары
Үндістанда жаппай толқулар қаптады. Оның қимылдары князьдіктерді де қамти
түсті. Ереуілдер, шерулер Ганди бағдарламасындағы талаптар бойынша
еткенімен, кейбір аудандарда күш жұмсау байқалды.
Жұмысшылар мен шаруалар козғалысы нығайды. 1920-1921 жылдары 400-600
мыңға жуық адам қатысқан ереуілдер болды.
1922 жылы сатьяграха әрекеттеріне қатысушылар саны біртіндеп азайды.
Елдегі экономикалық жағдай жөнделе бастады. Ұлттық Буржуазия айтарлықтай
күшейіп алды. Ағылшындардың билігі әлі де болса сақталып тұрды. Олар 10
мыңдай қайраткерді қамап койды. Бірақ қарсыласу күресі үзілмей келді. 1922
жылы ақпанда Біріккен провинцияларда Чаури-Чаура атты шағын деревняда
жергілікті полиция қызметкерлері бейбіт шаруалар жиналысына шабуыл жасап,
бірнеше адамды өлтірген. Ашуланған шаруалар полиция бөлімшесіне от қойып,
ондағы полицейлерді өртеп жіберді. Ганди өз бағдарламасы бұзылғанын алға
тартып, сатьяграха қимылдарын тоқтатуды қалады. ҮҰК шешімі бойынша
ағылшындарға қарсы тұру аяқталды.
Үндістанның 20-30 жылдардағы дамуы. Революциялық күштер шегінуге
мәжбүр болды. Ағылшындарда 1927 жылға дейін тыныштық орнады. Отаршыл өкімет
тәртіпті қатайта түсті. Князьдіктердегі шаруалар козғалысын күшпен басуға
шешім шығарды. Үндістер мен мұсылмандар арасын алшақтатуға көп мән берді.
Олардың қолдауымен үнділік шовинизм тереңдей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Ұлы Морав мемлекеті
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Бірінші лейбористік үкімет
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
ХХғсоңындағы азия және африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама туралы ақпарат
ТРУМЭН ӘКІМШІЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ АМЕРИКАН-ЖАПОН ӘСКЕРИ-САЯСИ ОДАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер