Планды әуесуретте жер бедерінің әсерінен болатын нүктелердің бұрмалануларын анықтау


Зертхана жұмысы

Тақырып: Планды әуесуретте жер бедерінің әсерінен болатын нүктелердің бұрмалануларын анықтау.

Жумыстын мақсаты :

1. Жер бедері арқылы болатын a, b, c, d нүктелерінде бұрмалау көрсеткішін анықтау.

2. Горизонталды ӘБС-те квадрат болып шыққан, топографиялық картадағы үлескінің нұсқасын аныктау, егерде ӘБС-ң бас нүктесі болып квадратың диагональдарының қиылысуы келсе, ал квадратгардың жақтары суреттің жақтарына параллельді болып келеді.

Жұмыстын орындалу тәртібі;

Бұдырлы жергілікті жер әуесуретте бұрмаланып шығады. Бұл бұрмаланулар, картаның ортогональды проекциясына қарағанда, әуесуретте нүктелердің орындарынан ығысып кетуімен көрінеді.

Егерде жер бедері биіктіктерінің (нүктелер көрсеткіштері) ауытқуы (превышения) көбірек болса, онда жер бедеріне байланысты болатын бұрмаланулар да неғұрлым көбірек болады.

Әуесуретте нүктелердің жер бедеріне байланыты сызықты түрде ығысуы, суреттің бас нүктесімен косатын берілген нүктелердің радиусы бойынша болады. Жергілікті жердің барлық нүктелері алғашқы (орташа) жазықтың нүктелерінің биіктімен сәйкес келсе, онда олар (бас нүктеден қандай болсын қашықтықта орналса да) әуесуретте бұрмаланусыз шығады. Ал қалған нүктелер үшін жер бедерінен болатын бұмаланулар, суреттің шетіне қарай - бас нүктеден алыстаған сайын - көбейе береді.

Суретке түсіру биіктік биіктеген немесе фокустык ара қашықтық ұлғайған сайын бұмаланулар да азаяды.

Мысалы, А нүктесі (20-сурет) алғашкы Т жазыққа қарағанда +h - қа биік. нүктесі Т жазығында А нүктенің ортогональды проекциясы болып келеді.

Планды Р суретте А нүктенің шығуы а нүктесінде болады, ал -де. Т жазықтың үстіндегі А нүктенің биіктіге байланысты, aа 0 кескін А нүктенің ығысуы болып келеді. Оны ∆r белгілейміз.

SОжәне АА 0 арқылы вертикальжүргіземіз.

∆А АА , бұдан келесі теңдеу шығады:

∆rm (1)

- тең екені белгілі

немесе m = H/f k . Оны келесі көрсеткішпен ауыстырамыз да ∆rm=∆r* H/f k , O=aom= r*H/f k .

-ны бірінші теңдеудің орнына қоямыз, сонда ∆r H/f k h= rH/ f k H болады, одан ∆r = rH/Н шығады.

Сонымен, әуесуреттегі нүктелердің сызықты ығысуы бас нүктеден ара қашықтыққа және алғашкы жазықтық үстіндегі нүктелердің биіктігіне тура пропорциональды болып келсе, ал суретке түсіру биіктігіне кері пропорциональды болып келеді.

Планды әуесуреттегі жер бедері әсерінен болатын ∆r бұрмалануды анықтау үшін ∆r = r Н/Н немесе оны өзгертіп келесі формула пайдаланды:

∆r = r һ / f k m

мұнда h - жазықтық үстіндегі нүктенің биіктігі (АА 0 немесе ВВ 0 кескін) ; r - радиус немесе бас нүктеден берілген нүктеге дейін ара қашықтық (мм) ; Н- Т- жазыктық үстіндегі суретке түсіру биіктік (паспорттан алынады немесе есептелінеді, м) ; f k - фотоаппараттың фокусты ара қашықтығы (mm) ; m - әуесуреттің масштабы.

Жер бедерінің дөңестілігі артуына (+h) немесе нүкте Т алғашқы жазықтығынан жоғары орналасса, онда жер бедеріне байланысты бұрмалану - Т жызығының сызықты ығысуы ∆r - надир нүктесінен (суреттің бас нүктесінен) кері жылжиды. Сондықтан, берілген нүктенің шынайы көрсеткішін есептеу үшін, радиустың жалпы ұзындығынан ∆r көрсеткішін алып тастау керек.

Ал төменгі (-h) - жер бедерінің артуында - Т жазықтың үстінде керісінше надир нүктесіне (әуесуреттің бас нүктесіне) қарай жылжиды. Оның көресткішін есептеу үшін радиустың жалпы ұзындығына ∆r көрсеткішін қосу керек.

Т жазыктығының биіктігі әуесурет келеміндегі ең биік және ең төмен нүктелердің арифметикалык орташа көрсеткіші саналады. Оны топографиялық картадан алады.

Мысалы. Таулы аймақтың әуесуретінде О бас нүктесінен A', B', C', D' нүктелердің бұрмалануымен (ығысу) бағытын анықтау.

Егерде әуесуреттің орташа масштабы 1:17 682; f k =200 mm; Н=3536 м; нүктелердің абсолюттік биіктіктері: A =740 м; В=750 м; С=1492 м; D=1480 м; Т жазығының орташа биіктігі=1115 м.

Шешуі:

1) A, B', C', D' нуктелердің Т жазықтығынан биіктігін (h) табамыз:

м ,

м,

м ,

м .

2) әуесуретте бас нүктеден r радиустың ұзындығын A, B', C', D' өлшейміз:

мм; мм ; мм ; мм ;

3) ∆r = rH/H f формуласынан A, B', C', D' нүктелердің ығысу көрсеткішін есептейміз:

∆r = 54, 5- (-375) /3536=-5, 7 мм,

∆r =59, 5 (-365) /3536=-6, 1 мм,

∆r = 29, 5 (+377) /3536=+3, 1 мм,

∆r D =56(+365) /3536=+5, 8 mm.

Әуесуретте түзетілген ∆r енгізу үшін, О бас нүктесінен келетін радиусты А және В нүктесіне дейін созамыз да ∆r көрсеткішін қосамыз (себебі олардың биіктігі теріс (-) мағынаға ие), сосын А 0 және В 0 нүктелердің жаңа планды орынның табамыз (суретті қара) . С және D нүктелері үшін (олардың биіктігі + мағынаға ие) ∆r көрсеткіші, керісінше, радиустан алынады немесе радиус ұзындығы r көрсеткішке азаяды.

A, B', C', D нүктелерінде (h-бүрмалануы бар) суреттің масштабын (1/Мh) есептеу үшін мына формуланы қолданады:

бұл жерде 1/М - алғашқы жазыктыктың бейнелену масштабы.

Жұмысқа қажет материалдар:

1. Әуефотосуреті.

2. Сызғыш.

Есеп беру материалдар:

  1. Берілген тапсырмалардың нәтижелері.

Зертхана жұмысы

Тақырып: Стреоскоппен жұмыс істеу.

Жұмыстың мақсаты:

1. Стереоскоппен танысу. Стереоскоп арқылы суреттерді байқау. Стереоскопсыз Стереоэффектіні көру (тура және теріс) ;

2. Суреттердің ені бойынша жабылу пайызын анықтау;

Жұмыстың орындал у тәртібі:

1. Стереоскопты суреттер бойынша жаттығу орындау.

2. Суреттердегі бейнелердің салыстырмалы биіктігін анықтау.

3. Әуессуреттердің стерео қоссу реттері бойынша стерео модельдерді байқау.

Даладағы зерттеуші стереоскопсыз сурет бойынша жергілікті жердің көлемді моделін ажырата алу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нүктелердің параллакстарын анықтау
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Алматы облысы жайлы
Топографиялық карталар және пландар масштабтар және олардың дәлдігі
Көмір кен орындарды геометризациялау
Аэрофототүсіріс негіздері
Пландық геодезиялық торларды құру
Суреттерді өңдеудің әмбебап әдісі - әмбебап стерео көмегімен рельеф моделін бірнеше суретке түсіру
Мензуланы орнату
Жергілікті фототопографиялық түсірілім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz