Иммунитет теориялары


Иммунитет теориялары
Антидене синтезінің алғашқы теориясын Т. Эрлих жасаған. Ол бойынша әр жасушаның антидене жасай алатын ерекше құрылымы- бүйір тізбегі болады және ол кездейсоқ антигенге дәл келетін болады. Ол жасушадан бөлініп қанға түссе антиденеге айналады. Антиген молекуласы өзіне сәйкес келетін құрылымды таңдап тауып алып, оны дәл көбейтеді деп айтқан. Бұл алғашқы сұрыптау гипотезасы еді.
1930 жылы Ландщтейнер қолдан жасалған алуан түрлу антигендерге антиденелер жасалатынын көрсетіп, ол Эрлих теориясына қайшы келген соң американ ғалымдары Ф. Брейнль, Ф. Гауровиц, т. б. антигендерге қарсы антиденелер алдын ала болмайды деді. Антиген глобулин қалыптасуына өзі килігіп оның жиналуына әсер етеді деген. Бұл жағжайда антиген әсері нұсқаушы болып отырады. Бұл гипотеза антиденелердің көп түрлілігін оңай түсіндіреді. Л. Полиг 1941 жылы антигенде өзіне антидене синтезделетін матрицалық ролді болжады. Он матрица теориясы деп атады. Бұл тікелей матрица теориясы деп аталады. Алайда бұл теория қате болды, себебі белок синтезі теориясына сәйкестігі жоқ.
Ф. Бернет, Ф. Феннер 1941 жылы тікелей емес матрица теориясын жасады. Ол бойынша антиген ферменттердің қызметін өзгертіп (антидене жасайтын) қосалқы әсер етеді. Кейін инструктивті гипотезаның көп варианттары шықты, антиген мутаген сияқты ДНК-ға (Швит Р. Оуэн Р., 1957) және РНК-ға (Гольдштейн, 1960) әсер етеді. 1950 жылы Н. Ерне Эрлих идеяларына қайта келіп "табиғи сұрыптау" гипотезасын енгізді. Ол бойынша эмбрион сатысында айырша безде әртүрлі антидене молекулалары болады. Антиген организмге енгенде сәйкес келетін антиденемен әсерлесіп комплекс құрайды. Бұл комплекс жасуша ішіне кіргенде жасуша оны осындай молекулалар жасауға модель ретінде пайдаланады деді. Ерне органимзнің өз антигендеріне антидене жасалмайтынын постулат түрінде кіргізіп тек бөгде антигендер ғана танылатынын айтты.
Сұрыптау идеясының әрі дамуы Бернеттің клон сұрыптау теориясына байланысты. Бернет бойынша иммунитеті жетілген организмнің лимфа жүйесінде 10 5 дәрежесінде жасуша клоны болып, әртүрлі антигендерге қарсы әсер ете алады. Организмдердің өз антигендеріне реакция болмауын, Бернет ондай жасушалар эмбрион кезінде жойылып кетеді деп түсіндіреді. Бұл теория бойынша, органимзге енген антиген сәйкес антидене синтездейтін жасушаны таңдап тауып, оның көбейуіне қолдау жасайды. Қазір Бернет теориясының шындыққа жақын екендігін дәлелдейтін көптеген фактілер табылып отыр. Оның қазіргі өңделне күйін молекулалық биология, биохимия, иммунология саласындағы көптеген иммунолог ғалымдар қолдайды. Сонымен клон сұрыптау теорясы бойынша антигеннің жалғыз ғана қызметі, өзінің лимфа жасушаларымен жолығуы, олардың көбеюіне стимул жасауы. Жсаушаға басқа ақпарат бермейді. Осы теория бойынша организмде антигенмен кездескенге дейін дифференцияланған өте көп кіші лимфоциттер болады.
Белгілі антиген тану қасиеті бар лимфоцит клон құрайды. В-лимфоциттің әр клоны бір типті антидене жасауға ғана қабілеті бар. Ал антиген сол сәйкес лимфоциттің пролиферациясын жасайды. Иммунитеттің орталық мүшелерінің негізгі қызметі сүйек майында болатын өзгешелігі жоқ баған жасушаларды кіші лимфоциттерге айналдыру. Олардың әрбіреуінің тек өзіне тән ерекшелігі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz