Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие және балалардың жас ерекшеліктері.
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу-оқыту мен тәрбие жүйесіндегі
негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті
мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай
мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері,
оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы
жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының
мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс
жүзінде асырылады.
Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске
алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүнне жүзінің ғалымдары жас кезеңі
проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл пробдема жөнінде зерттеу мәліметтері
әліде болса бірыңғай козқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдерінің
шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде
әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кеибір
ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінін негізгі жыныс бездерінің
жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын
тіс аттарына қарап топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының
пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір
мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл
қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді
емес, деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың
өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың
заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық
дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің елдің, ғалымдары-педагогтары балаларды тәрбие және білім
беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли
жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар
т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу практикада үйреншікті ұғымға айналған.
Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық далелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүние жүзілтік симпозиум
болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, ІІольша, Чехословакия
жәке Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған
жемісті талас пірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсаты мен
симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
I.жаңа туған бала.

ІІ. Емшек жасындағы бала.
ІІІ. Ерте балалық шақ.
IV. Бірінші балалық шақ.
V. екінші балалық шақ.
VІ. Жеткіншектік шақ.
VІІ. Жас өспірімдік шақ.
VІІІ. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі.
ІХ. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі.
Х. Кексе жас.
ХІ. Қарттық жас.
ХІІ. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерімен схемасына, яғни
туған баладан бастап жас өспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді. Олар 7
сатыдан тұрады.
1. Жаңа туған бала ( туған сәттен бір-екі айға дейін).
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін ).
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін ).
4. Мектепке ждейінгі балалық шақ (төрт жастан жеті жасқа дейін).
5. Бастауыш мектеп шағы (жеті жастан он бір-он екі жасқа дейін).
6. Жеткіншектік шақ (он бір –он екі жастан он төрт, он ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Қиын балалар, оларды тәрбиелеудің мектептегі жағдайы
Артпедагогика
Пәндер