Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы


ЖОСПАР
Кіріспе3
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы4
2. Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет6
3 Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет9
4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi11
5. Қазақстан - Президенттiк Республика12
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары14
7. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi22
Қорытынды24
Қолданылған әдебиеттер тізімі26
Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан - елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар - Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция - франциялықтардың, АҚШ - американдықтардың Отаны.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы
«Конституция» деген сөздiң латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды бiлдiредi. Ежелгi Римде император билiгiнiң кейбiр актiлерi осылай аталған. Ең бiрiншi конституция дүние жүзiнде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейiн қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бiрiншi конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кiрген одақтас республикалар егемен, тәуелсiз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасн құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлер қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық кесiмдер Қазақстанның тәуелсiздiгiн, дербестiгiн жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негiздерiн қалады.
Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.
Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады:
“Бiз, ортақ тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, - делiнген. Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi.
2. Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет
Халықтың билiк етуi жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi - халық. Халыққа, негiзiнен мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын анықтау құқығы берiлген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттiк өмiрдiң маңызды мәселелерiн шешуге қатысады. Президенттi де тiкелей халық сайлайды.
Егемендiк және тәуелсiздiк жарияланды. Егемендiк - мемелекеттiк билiктiң бiрлiгiн, үстемдiгi мен тәуелсiздiгiн анықтайтын мемлекеттiң мәнi болып табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттiң азаматтарын жалпыға бiрдей тең құқықпен мемлекеттiк - құқықтық бiрлiкке топтастырып отырған Қазақстан Республикасынының осындай егемендiк жайына толық сипат бере алады.
Мемлекеттiң билiгiнiң бiртұтастығы Қазақстанды тәуелсiз, толық билiктi бөлiктерге бөлiнбейтiн бiр ғана мемлекеттiк билiктiң болуы мүмкiн және бар екендiгiн бiлдiредi.
Республика мемлекеттiк билiгiнiң тәуелсiздiгi - оның мемлекетаралық қатынастағы егемендiгi. Қазақстан мемелекетiнiң басқа бiр мемлекеттiң билiгiне бағынбауы, оның дербестiгiн, сөзсiз сыртқы саясаттық құқықтық субьектiлiгiн бiлдiредi. Ешқандай басқа мемлекеттiң Қазақстанның iшкi iстерiне араласуға құқығы жоқ, өйткенi ол - егемендi ел.
Қазақстан мемлекетiнiң тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекетiмiздiң аумағы бiртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының аумағын күшпен басып, қосып алу не ыдыратып жiберу халықаралық қауымдастық тарапынан елдiң аумақтық тұтастығына қол сұғушылық және жалпыға бiрдей халықаралық құқық принциптерiн өрескел бұзушылық болып табылады. Қай жақтан шықса да, мұндай озбырлық әрекеттердiң кез келгенiне Қазақстан Республикасы өзiнiң қарулы Күштерiнiң барлық қуатымен тойтарыс беруге хақылы. Бұл - оның мемлекет ретiндегi егемендiк құқы. Сондықтан Конституцияның 2-ші бабында: “Республика егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi”- деп атап көрсетiлген.
Конституцияда жарияланғандай Қазақстан басқа көршi елдермен татулық принципiн сақтау және олардың iшкi iсiне араласпау, дауларды келiсiм арқылы шешу, бiрiншi болып қарулы күштердi қолданбау саясатын жүргiзедi.
Бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiну принциптерi - Қазақстан Республикасының негiзге алынатын конституциялық құрылысы, елдегi билiктi күшпен иемденiп кетпеуiне қоғам алдында кепiлдiк беретiн принцип.
Республикадағы мемлекеттiк билiк бiртұтас, өйткенi оның бiрден-бiр бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Әйтсе де, бұл билiк өзiнiң бөлiну принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 3 - бабы) . Осыған орай, Конституция Парламенттiң, Үкiмет пен Жоғарғы Соттың мiндеттерiн дәл белгiлеп, шек қоятын және бiртұтас мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiлiгi қисынды шешiмiн тапқан.
Республика Парламентi белгiленген жағдайда ел Үкiметiне сенiмсiздiк бiлдiрiп, Президенттi қызметiнен босатуға «қауiп» төндiре алады. Президент өз тарапынан Парламенттi таратып, Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтатуға, Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға және Үкiметтiң актiлерiн өзгертуге не тоқтатуға құзыры бар.
Үкiмет өздерi ұсынған заң жобасы қабылданбаған жағдайда, Парламент Палаталарының бiрлескен мәжiлiсiне Премьер-министрдiң бастауындағы Үкiметке деген сенiм мәселесiн қоюға құқылы.
Егемендiктiң тағы бiр белгiлерi: өз азаматтығының және басқа мемлекеттермен қарым-қатынас қабiлеттiлiгiнiң болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, басқа да құқықтық-нормативтiк кесiмдерде көрiнiс тапты. Қазақстан Республикасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесi, көптеген шет мемлекеттермен елшiлiк қатынастарын жолға қойды.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi: Елтаңбасы, Туы, Гимнi бар. Әр адам мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге мiндеттi. Заңдарда оларды пайдаланудың тәртiбi белгiленген.
3 Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тiкелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретiнде Қазақстан әлеуметтiк және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшелiктерiне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi.
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында дiни мекемелер мен дiн ұстаудың мемлекеттен бөлектiгiн бiлдiредi және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелiк, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бiрдей қатысты. Мемлекет органдары қағидалық заң негiзiнде емес, Конституция негiзiнде құрылып, жұмыс icтейдi. Сонымен бipгe, әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар. Наным немесе атеизм мәселесi адамның жеке басының шаруасы болуы тиiс.
Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесiн қорғайтыны, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделiп құрылған мемлекет. Ол принциптер: заңның үстемдiк eтyi; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот билiктерiне бөлiнуi; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейiнде кепiлдiк берiлуi; тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығының болуы, т. б.
Әлеуметтiк мемлекет - жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететiн мемлекет. Ол мемлекеттiк қаржы көздерi есебiнен барлық азаматтарға мүмкiндiгiнше бiрдей мөлшерде игiлiктер көрсетiп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтiк теңсiздiктi жеңiлдетуге әрекет етедi.
Қазақстан өз мемлекетiнiң әлеуметтiк сипатын Конституциясында кепiлдiк берiлген бiлiм беру, денсаулнқ сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтiк жұмысбастылық, еңбектi қорғау, әлеуметтiк қамсыздандыру және табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтiк игiлiк iстер арқылы анықтаған.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан бiртұтас, Президенттiк басқару жүйесiне негiзделген мемлекет. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады да, Премьер-министрдiң басқаруындағы, өзiнiң алдында жауапты Үкiметтi тағайындайды.
Қазақстандағы президенттiк басқару нысанының ерекшелiгi сол билiк бөлiсу жүйесiнде Президент “билiк буындарының үстiнен қарау” құқығына ие әрi олардың келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Ол Конституциялық тәртiпке сәйкес Үкiметтiң өкiлеттiгiн ғана тоқтатып қоймай, Парламенттi де тарата алады, соттарды тағайындап және қажет болған жағдайда заңдық күшi бар жарлықтар мен заңдар шығарады (Конституцияның 45 бабы) .
Қазақстанның бiртұтастығы оның әкiмшiлiк аумақтық бөлшектерден құрылатындығын (облыс, аудан, қалалық аудан, ауылдар мен селолар), автономияға бөлiнбеуi. Әкiмшiлiк аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазiргi замандағы ерекшелiктерiн бейнелейдi.
4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi
Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады : төте сайлау және жанама сайлау. Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Президенттi конституциялнқ заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды.
Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығының негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттiң, жұмыс iстеп тұрған сайлану өкiлеттiлiгiнiң, мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Жергiлiктi органдарды - мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тек, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге халық сайлайды. Жиырма жасқа толған азамат мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бip мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр екi жыл сайын қайта сайланып отырады.
5. Қазақстан - Президенттiк Республика
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, елдiң жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президентi Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, былайша айтқанда, түрлi ұлттар арасында, әлеуметтiк топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттiк билiктiң түрлi буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе қайта қарау үшiн керi қайтарады.
Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өз Жарлығымен қабылдай алады. Сонымен қатар, Республика Президентiнiң заңдар жобасын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл - Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап, бiр ай iшiнде қарауға міндетті екендiгін бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар жарлық қабылдай алады.
Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлеттi органы. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Үкiмет - Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйeciн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет өзiнiң бұл қызметiнде Республика Президентiнiң алдында жауап бередi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот ғана жүзеге асырады. Сот жүйесiне Республиканың Жоғарғы соты және жepгiлiктi соттар кiредi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтаығы icтiң жай-күйiне жауап беретiн жергiлiктi өкiлеттi (мәслихаттар) және атқарушы органдар (Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болнп табылатын әкiмдер басқаратын) жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары
Конституцияның 12-шi бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекетi мойындайтын әрi кепiлдiк беретiн өз азаматтарының белгiлi мiнез-құлқының заңдық мүмкiндiктерiн бiлдiредi. Осының нәтижесiнде өркениеттi мемлекеттердегi адам мен азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекiтiлген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық, және әлеуметтiк топтарға бөлуге болады.
Жеке құқықтар мен бостандықтар.
Өмip сүру құқығы . өмiр сүру құқығы - ол ешкiмнiң қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негiзгiсi. 1948 жылғы “Адам мен азамат құқығының жалпыға бiрдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмiр сүру құқығы жарияланған.
Өмiр сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмiр сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейiн өз мәнiн сақтайды. «Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмiрдi қолдаушы аппаратура тек өлiм расталған жағдайда ғана қызметiн тоқтатуы мүмкiн екендiгi айтылған.
Ешкiмнiң, өз бетiнше, адам өмipiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн, ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кeшipiм жасау туралы арыздану құқығы берiледi.
Әркiмнiң өзiнiң жеке басының құқығы бар және адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы - өзiнiң болмысынан туындайтын оның бөлiнбейтiн және абсолюттi құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады.
Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.
Адамның қадiр-қасиетi мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткенi ол өзiн және өзiнiң жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегiдей сезiнетiн кез-келген жеке адамға тән. Қадiр-қасиет - саналы түрде сезiнген, айналып келгенде, оның жеке iшкi және сыртқы қасиеттерiне айналған “қанына сiңген” жеке тұлға ретiнде сипаттайтын, адамның дамушы iзгi мiнез-әрекеттерiнiң сырттай бейнеленген көрiнiсi ретiнде түсiнiледi. Адамның қадiр-қасиетi оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсiпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты.
Әрбiр адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық . Заң әрекеттерiн қолдану кезiнде (мысалы: куәландыру, сұрыптау, тiнту, сұраққа жауап алу, беттестiру, корреспонденция алу, ұстау, тұтқындау секiлдi басқа түрлi тергеу жұмыстарын жүргiзу барысында) адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауы жөнiндегi мiндет Конституцияда қатаң көрсетiлген.
Қинауға, күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын қатынас пен жазаға тиым салынады. Заң адамның қадiр-қасиетiн, ар-ожданын қоғау мүмкiндiктерiн белгiлейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 347-1 бабына сәйкес тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән немесе психикалық зардап шектiруiне жол берiлмейдi. Егер сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiрсе немесе абайсызда адам өлiмiне апарып соқса, онда оны үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметтердi атқару құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылғы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ұлттық және дiни салалардағы құқықтар мен бостандықтар және олардың кепiлдiктерi: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы» деген конституциялық тұжырыммен айшықталған - көп ұлтты, саяси алуан пiкiрлi және көп конфессияланған қазақстандық қоғамдағы адам жағдайын бейнелейдi. Ұлттық, партиялық немесе дiни болмысты анықтау - ол адамның өзiн-өзiне iштей ұқсастыруының нәтижесi. Мысалы, төлқұжат жеке басты куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын басты құжат болып табылады. Төлқұжатта азаматтың ұлты оның иесiнiң еркi бойынша көрсетiледi. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар.
Дегенмен, ұлттық белгiнi жеке адамның заңи мәртебесiнен алу ұлтаралық қатынас сияқты аса маңызды саладағы оның рөлiн төмендету емес. Тiл мен дiннiң қызмет етуi, өз мәдениетiн толыққанды пайдалану, ұлттық және рулық болмысындағы белгiлерi бойынша кемсiтушiлiкпен күрес мәселелерi мемлекетте қолданылатын заңдармен егжей-тегжейлi реттелген, ұлттық-мәдени орталықтары және Республика Президентi жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сондай-ақ әртүрлi қоғамдық бiрлестiктердi қоса алғанда мемлекеттiк органдардың тұрақты назарында.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi . Онымен қоса мемлекеттiк ұйымдарда жергiлiктi басқару орындарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Тiлдердiң өмiр сүруiнiң құқықтық негiздерi, оларды зерделеу мен дамыту, мемлекеттiң өз ауқымында қолданылатын тiлдердiң бәрiне бiрдей құрмет сезiмiн қамтамаснз ету үшiн қолайлы жағдай жасау мiндеттерi «Қазақстан Республикаснндағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданған Заңмен белгiленген және ынталандырады.
Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде тұратын әрбiр адамның, заңда арнайы көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты елдi мекендi өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуiне, республика азаматтарының кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және өздерiне тұрғылықты мекендi қалауынша тағдауға құқылы. Алайда, оларға белгiлi бiр тиiстi шектеулер нормативтiк кесiмдермен белгiленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz