Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктері


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгін мемлекетіміз қиын тұғырықтан шығып, экономикалық тәуелсіздік, демократия, тұрақтылық, қоғам өміріндегі сапалы өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатыр деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев бұл жағдайда уақыт озуына қызмет ететін жастарға сүйенуіміз керек деп атап көрсетті [1] . Дайындық кезеңінен өткен Қазақстан саяси, экономикалық білім берудің әлемдік қоғамдастығына кіруге дайын [2] .
Жастарға білім беру және тәрбиелеу саласында тарихи кезеңнің ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамды гуманизациялау міндеттеріне байланысты анықталған мақсаттары бар. Әр адамның даму тенденциясы тәрбие үрдісіне жаңа тұрғыдан келу қажеттілігін айтады. Шығармашылық ойлау қабілеті бар, ұлттық сана-сезімі дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға, жалпы адами құндылықтарды меңгеру дағдылары қалыптасқан, айналадағы өмірдің өзгерген жағдайына тез бейімделетін көп мәдениетті тұлға тәрбиелеу тәрбиенің стратегиялық бағыты болып табылады [3] .
Бұл ойлар «Мектеп және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында»/1995 ж. / [4], « Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында»/1996 ж. / [5] « Қазақстан Республикасында этно-мәдени білім беру концепциясында»/1996 ж. / [6], «Білім туралы» Заңда /2007 ж. / [7], « Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбиенің кешенді бағдарламасында»/2000ж. / [3], «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 ж. ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы»/ 2010 ж. / [8], мектептен тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің құжаттарында орын алды.
Жеке тұлға тәрбиесі уақыт талабына сәйкес өзгерістерге ұшырай отырып жүзеге асырылады. Әр адамның тәрбиесінің деңгейі сол заманның мәдениетінің деңгейін анықтайды.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» педагогика ғылымының жоғары интеллекті жастар тәрбиелеу міндетін шешуде жетекші роль атқаратын бірден-бір ғылым екендігіне ерекше тоқталған[3] . Әсіресе, гуманистік педагогикасының тәрбиенің еркін табиғи сәйкестілік идеясына негізделген тәрбиенің ізгі мұраттарына назар аударудың басымдылығын көрсеткен болатын. Мұндағы басты шарт - баланың өз белсенділігі. Тәрбие ең алдымен әртүрлі міндеттерді атқаруға бағытталған дидактикалық материалдарды тәжірибеде қолдану тәсіліне сүйенеді. Сонымен бірге, оқу мен тәрбиені жеке даралап жүргізуге, тұлғалық ерекшеліктерді ескеруге үлкен мән беріледі.
Қазақстанда қазіргі уақытта тәрбие жұмысын жаңа арнаға түсіру, оның тұлғалық-бағдарлы мазмұнын қатамасыз ету тетігін айқындау барысында біршама жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, алыс және шетел педагогикасының озат тәжірибелері талқыланып, олардың Қазақстан жағдайында тиімділігі зерттелінуде. Френе, Вальдорф ұсынған Батыс педагогикасының ерекшеліктері зерттелініп, дәріптелінді. Бұл тәрбие ағымдары әрбір баланың даму ерекшелігін ажырата отырып, оның даралығын, яғни ойлау, мінез, ерік, ес, және т. б. психикалық қасиеттерін түсінуді басты қажеттілік ретінде қабылдап, осы негізде даралап тәрбиелеудің әдістері мен формаларын ұсынды. Баланың іс-әрекеті оның көңіл-күйі мен ой-өрісімен ажыралмас тұтастыққа келтірілетіні насихатталды.
Қазіргі қоғам жалпыадами және ұлттық құндылықтардың қабылдануына қайта өрлеуіне мұқтаж болып отыр. Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің өзара байланысты проблемаларын түсініп, аша білу керек, өйткені оқытудың қорытынды мақсаты-адамның өзін-өзі жетілдіруі. Тәжірибе көптеген жастардың азаматтық парыз, жауапкершілік, қоғамдық қызмет сияқты құбылыстарға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Олар білімді өмірлік құндылық деп қарастырмайды. Сонымен қатар халықтың білімді бөлігінің өзінде мәдениеттіліктің және тәрбиеліліктің жетіспеушілігі орын алды[9] .
Қоғамдағы мәдениеттіліктің төмендеуі қоғамның тәрбиелеу институты мектептің мәдени деңгейінің төмендеуіне ықпалын тигізбей қоймады. Мектеп өмірінде жауапкершіліксіздік, қарым-қатынаста және іс-әрекеттерге салақтық, мінез-құлық сапаларының төмендігі, сөйлеу мәдәниетінің төмендігі фактілері орын алды. Білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарында формализм, жеке тұлғаның тәрбиесін жетілдіруде белгісіздік, тәрбие жұмысын агитацияға айналдыру, тәрбиеленушілермен жүргізілетін жұмыстардың сандық есебі (жиналыс, үйірме, сынып сағаттары, көрме, жарыстар), тәрбие жұмыстарының сырт формаларына қызығушылық, тәрбие әдістерін қолдануда жеке, дара ерекшеліктеріне көңіл бөлмеуі қарым-қатынаста әкімшілік-бұйрық стилі орын алды. Осының бәрі тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның бойында негативтік сапалардың қалыптасуына әкелді. Тәрбие жұмысы екінші деңгейдегі сипатқа ие болды, оның басты себебі тәрбие мен оқытуға екі әр түрлі үрдіс ретінде қарау орын алғаны белгілі болып отыр.
Өйткені, балалардың жас ерекшелік психологиясындағы, қабілеттері мен қызығуларындағы әр түрлілік міндетті түрде ескеру; олардың интеллектуал және көңіл-күй белсенділігін мақсатты түрде ынталандыру; барша оқу кезеңдерін қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру; мектептің өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру; жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу мәселелері жетекші тәрбие бағдарлары ретінде негізге алынбауы байқалып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүргізілген реформалар жоғарыда қарастырылған шетелдік тәрбие жүйелерінің еліміздің қоғамдық-әлеуметтік даму ерекшеліктеріне толық жауап бере алмайтынын, жаңа қоғамдық формацияның мүмкіндігі толық есепке алынбайтындығын көрсетті.
Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында жас ұрпақтың тәрбиесіне жаңаша мазмұн беру, білім беру мазмұнын гуманитарландыру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар мазмұнында шешілуі тиіс деп танылып, бүгінгі БАҚ насихатталу жұмыстары жүргізілуде.
Тәрбие проблемасы педагогика тарихында әрқашан маңызды орын алып отырған, көптеген ғалымдар мен педагогтар оны адамзат және жекелеген халықтардың дамуы мен өркендеуінің негізгі жағдайының бірі деп зерттеген (К. Д. Ушинский [12], Ы. Алтынсарин [13], А. Құнанбаев [14], Ж. Аймауытов [15] , А. Байтұрсынов [16], М. Жұмабаев [17], Н. К. Крупская [18], А. С. Макаренко [19], В. В. Сухомлинский [20], В. З. Смирнов [21] , Л. И. Рувинский [22], Г. Г. Ақмамбетов [23], М. Г. Тайчинова [24], Н. Ф. Талызина [25], Р. Б. Байназаров [26], А. В. Мудрик [27], Х. Қ. Арғынов [28], Н. Н. Полетаева [29], Ш. А. Амонашвилли [30] , Г. А. Победоносцев [31] және басқалар) .
Қазіргі ғылымның жетістіктері, сонымен қатар отандық педагогтар мен психологтардың еңбектері болашақ педагогтардың кәсіптік дайындығы қазіргі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі екендігін дәлелдейді. Болашақ мамандардың өз қызметінің мазмұны мен мақсатын өз бетінше саналы түрде қабылдауы аталған үрдістің нәтижелілігінің негізгі жағдайы болып табылады.
Онда: «Ізгіліктік - тарихи алмасатын адами көзқарастар жүйесі, рухани құндылықтарды жеке тұлға ретінде мойындаушы, оның бостандыққа, бақытқа, дамуы мен өзіндік қабілетті көрсету құқығы, адам игілігі әлеуметтік институттардың қызметтік бағалау белгісімен есептелетін, ал теңдік, әділеттілек, адамгершілік принциптері адамдар арасындағы көңілдің тілектелген нормасы болып табылады» - деп айтылған тұжырымның өміршеңдігін зерттеу маңызды педагогикалық мәселе екендігі бүгінгі күні есепке алынған.
Елімізде білім саласындағы ресми мемлекеттік құжаттарда ізгіліктік тәрбиенің негізгі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлерде білім беру мекемелерінің жұмыстарының қажеттілігі, олардың болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеудегі орны жоғары бағаланып отыр. Онда жас ұрпақ тәрбиесі туралы қазақстандық педагогтардың еңбектеріне шолу және талдау жасау, олардың тәрбиелілік потенциалын пайдалану қажеттігі расталған. Бүгінгі таңда қазақстандық педагогтардың тәрбие жұмыстары зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденістері көп болғанымен, олардың мазмұнына жүйелі талдау және сараптау жұмыстары жеткіліксіз деңгейде жүргізілуде.
Әлемдік және Ресей педагогикалық ғылымдар жүйесінде жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстары бойынша зерттеу жұмыстары жеткілікті талданған және олардың пайдалы әсер коэффициенттері айқындалған. Қазақстанда сол мемлекеттерде қабылданған тәрбие бағыттарын қолдану әлі күнге дейін жалғасын табуда. Сондықтан Елбасы айтқандай: « . . . тәуелсіз елде ұлттық мұраттар бағытында отанын сүйетін, отанына адал қызмет ететін ізгі ниетті азаматтар тәрбиеленуі тиіс және олар ұлттық дәстүрді берік сақтау бағдарын көздеуі қажет» [5] .
Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының тәрбие жүйесін жаңа бағытта жетілдірудің ең басты шарттарының бірі - тәрбие жүйесінің мазмұндық идеологиясын дұрыс бағдарлау. Ғарыштану заманында, ғылыми-техникалық прогрестің технократиялық зияндылықтарын бастан кешіру кезеңінде жас ұрпақты ата-баба мұраларына адал етіп тәрбиелеу аса маңызды міндеттердің бірі.
Міне, осы күрделі мәселелерді шешуде қазақстандық педагогтарда өз үлестерін қосуда. Олар жас ұрпақ тәрбиесінің аса тиімді мазмұнын ізгіліктік педагогикасынан іздейді жөн деп санап отыр. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалып, ізденістер жүргізілуде. Г. К. Ахметова [40], В. П. Беспалько [41], С. Т. Каргин [42], К. Ж. Кожахметова [43], С. А. Ұзақбаева [43], А. А. Молдажанов [44], К. С. Мусин [45], А. Н. Нысанбаев [46], В. А. Сластенин [47], А. Ш. Ыстыбаева [48], Н. Д. Хмель [49, 50], М. Н. Сарыбеков[21], Қ. Бөлеев[18], Н. М. Көшеров[31], т. б. еңбектері жас ұрпақтың тәрбиесі проблемасына арналған.
Алайда, олардың тақырыптық жіктелуі мен сарапталуы жеткілікті көңіл аударылмай келе жатқан мәселелердің бірі. Осы мақсатта біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі, бастауыш мектеп оқушыларының тәрбие жүйесін ұйымдастырудың жаңа формалары мен мазмұнына қатысты алывнып отыр. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесінің бағыт бағдарын айқындауға арналған зерттеу жұмыстарына талдау жасау парыз. Тәрбие мазмұны мен оның құралдары туралы көрнекті ғалым - психолог Л. М. Божович [37], А. Г. Ковалев [38], Н. А. Рубинштейн [39], С. А., Қ. Б. жарықбаев [40], А. А. Бейсенбаева [41], С. Қалиев [42], С. А. Ұзақбаева [36], Х. А. Өтешова [43], т. б. өздерінің зерттеулерінде ізгілікті қарым-қатынастардың тәрбие жүйесіндегі орны мен қалыптасып дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістемелеріне арналған жұмыстарын атауға болады.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына сапалы тәрбие беру проблемасын зерттеуде Ш. А. Амонашвили, В. Н. шацкий [30], Н. Л. Грозденская, Д. Б. Кобалевский, Н. А. Ветлугина, т. б. ауқымды үлес қосса, қазақстандықтардан Н. Д. Хмель [32], М. Н. Сарыбеков [31], Р. К. Дүйсенбинова [33], Ш. С. Ахымбекова [34], Б. Махметова [35], т. б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларда ізгілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А Бейсенбаеваның [41], мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Х. Т. Наубаеваның [45] балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемованың [42] оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеппен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы келелі мәселелер көтерілген.
С. А. Ұзақбаеваның [36] халықтық педагогика арқылы гумандық қарым-қатынастарын қалыптастыру, Г. А. Уманов [46], Л. К. Керімовтердің [47] қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Н. Н. Ханның [48] тұтас педагогикалық процесте болашақ ұстаздардың педагогикалық қарым-қатынастарын тәрбиелеудің келелі мәселелерін зерттеген.
Сонымен бірше, жоғарыда қарастырылған жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес олардың тәрбие жүйесін жетілдіру мәселесінің зерттелмегені айқындалды. Яғни жас ұрпақтың тәрбиесі жүйесінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың тиімді формаларын анықтау мәселесінің өзектілігі мен оның жас ұрпақтың жас ерекшеліктері арасындағы байланыстың толық белгілі бір педагогикалық қайшылықты тудырып отыр.
Сондықтан бастауыш мектепте тәрбие жүйесін ұйымдастырудың басты өлшемі ретінде технологиялық қатынасты есепке алудың қажеттігі күн тәртібіне қойылып отыр. Осы тұрғыдан Қазақстанда соңғы жылдары тәрбие жүйесінде орындалған жұмыстардағы жетекші ой-пікірлер жан-жақты талданылуы керек, оның мазмұнындағы тәрбиенің мазмұн құраушы элементтері мен олардың өзара байланысын ұйымдастыру жұмыстары арасында нақты қайшылықтардың бар екендігі айқындалып отыр.
Аталған қайшылықтарды шешу үшін біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жүйелері мен қатыстарын айқындау
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі
Зерттеу пәні : Бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық қатыстары
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау және олардағы оқушыларға ізгіліктік тәрбие беру туралы ой-пікірлерін сараптау нәтижелері оқушылардың тұлғалық-бағдарлы сапаларын дамытуға мүмкіндік беретін болса, онда жас ұрпақтың тәрбие жүйесін ұйымдастырудың технологиялық сипатының бар екендігін негіздеуге толық мүмкіндік болады, яғни тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді әрекеттік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасалынады. Бұл мәселе арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттар ретінде бастауыш мектеп оқушысының тәрбие мазмұнын мақсатты-жоспарлы түрде анықтауға және оны оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланудың әдістемелік кешенін дұрыс таңдауға негіз бола алады. Осы негізде талдауға алынған ғылыми ұстанымдар мен озат тәжірибелерді сараптау нәтижесінде ізгіліктік тәрбиесінің ізгіліктік мазмұны тұжырымдалады. Яғни, бастауыш мектеп оқушысының тұлғалық тәрбиесінің қалыптасуы аталған процесті басқару қызметінің ерекшелігіне тәуелді болатыны және оның бірнеше кезеңді қамтитындығын, жеке тұлғаның әрекеттерінің рухани құндылықтық мазмұнын тәрбие мақсатымен сәйкестендіре алатындығымен байланыстылығы расталады. Оқушы тәрбиесін ұйымдастырудың тиімді технологиялық қатысқа негізделуі тәрбие жұмыстарының нәтижелілігінің жетекші күші екендігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Зертеудің міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиесі және оны қалыптастырудағы әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерге сараптау жұмыстарын жүргізу;
- Зерттеу тақырыбы бойынша «тәрбие жұмыстары», «тәрбие жұмыстарының мазмұны», «тәрбие технологиясы», «тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген анықтамалар беру;
- Бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мазмұнының жетекші бағыт-бағдарын анықтау;
4) Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық қатыстарының тиімділігін көрсету.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау-сараптау, салыстыру жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Қазақстанда бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиесі жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерінің нәтижелері сарапталды;
2. «Тәрбие жұмыстары», «тәрбие жұмыстарының мазмұны», «тәрбие технологиясы», «тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген анықтамалар берілді;
3. Бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мазмұнының жетекші бағыт-бағдары анықталды;
4. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық қатыстарының тиімділігі көрсетілді.
Зерттеу орны: Тараз қаласы, №20 қазақ орта мектебі
Зерттеудің негізгі кезеңдері :
Бірінші кезеңде Қазақстанда жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудың дәстүрлі формалары мен мазмұндарына, сонымен бірге қазақстандық ғалым-педагогтардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен еңбектеріне талдау жасалынды. .
Екінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша «тәрбие жұмыстары», «тәрбие жұмыстарының мазмұны», «тәрбие технологиясы», «тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген анықтамалар берілді, яғни зерттеудің ғылыми аппараты ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді.
Үшінші кезеңде бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мазмұнының жетекші бағыт-бағдарлары анықталып, оқу-тәрбие үдерісінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық қатысты қолданудың тиімділігі көрсетілді.
Зерттеудің мазмұны: Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі анықталған. Осы проблема бойынша зерттелген ғылыми-педагогикалық еңбектерге шолу және талдау жасалынған. Зерттеудің ғылыми аппараты әзірленіп, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы анықталған.
1-ші бөлімде зерттеу тақырыбы бойынша «тәрбие жұмыстары», «тәрбие жұмыстарының мазмұны», «тәрбие технологиясы», «тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделген анықтамалар берілді, яғни зерттеудің ғылыми аппараты ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді.
2-ші бөлімде бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мазмұнының жетекші бағыт-бағдарлары анықталып, оқу-тәрбие үдерісінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық қатысты қолданудың тиімділігі көрсетілді.
Қорытындыда бастауыш мектеп оқушыларының тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі тәрбие қатыстарымен қатар технологиялық қатысты пайдаланудың тиімділігі мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру жолдары тұжырымдалған.
Қорғауға ұсынылады:
1. Қазақстанда жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудың дәстүрлі формалары мен мазмұндарына, сонымен бірге қазақстандық ғалым-педагогтардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен еңбектеріне талдау нәтижелері.
2. «Тәрбие жұмыстары», «тәрбие жұмыстарының мазмұны», «тәрбие технологиясы», «тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологиясы» ұғымдары негізінде әзірленген зерттеудің ғылыми аппараты;
3. Бастауыш мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мазмұнының жетекші бағыт-бағдарлары мен оқу-тәрбие үдерісінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы технологиялық қатыстың тиімділігі.
.
1. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазақстандағы тәрбие жүйесінің мазмұны мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Тәрбие жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттілігі халықтың тәрбиесінің, мәдениеттілігінің, руханияттылығының деңгейіне байланысты проблемалар-дың шиеленісуінен туындайды. Жеке адамға деген қатынасты, адамның болмысын өзгертіп, оның қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру қажет. Тұжырымдама әлеуметтік педагогикалық проблемаларды шешудің алғашқы бағыттаушысы болды. Тәрбиенің негізгі мақсаты болып ғасырлардың тереңінен келе жатқан жан-жақты дамыған тұлға идеясы қалады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің негізгі бағыттары халықтың мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің ықпалының, көп мәдениеттің өзара байланысуының, ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің негізінде жетілуі тиіс.
Әлеуметтік институттар өздерінің күш-жігерін келесі міндеттерді шешуге жұмсауы тиіс:
- жастар санасына гуманизм және демократизм зарядтарын беретін алдыңғы қатарлы қоғамдық мораль мен жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиені қайта бағыттау, бұл істе қоғамдық, гуманитарлық пәндердің алатын орнын анықтау, оларды адамгершілік тәрбиесінің, жас ұрпақтың тұлға ретінде азаматтық қалыптасуының негізгі тірегіне айналдыру;
- жеке тұлға ретінде адамның құқығының әлеуметтік, рухани қауіпсіздігін қорғау;
- қоғаммен, басқа адамдармен, өз-өзімен келісімді өмір сүруге қажетті баланың жеке тұлға ретінде дамуының негізі болатын дарындылығын, адамгершілігін, ақыл-ойын, денесін дамыту, денсаулығын нығайту;
- өзін-өзі, адамдардың құқығы мен негізгі бостандығын, олардың ұлттық-мәдени болмысын сыйлау сезімін тәрбиелеу;
- жас ұрпақтың бойында психологиялық ғылымның, халық тәжірибесінің негізінде диалектикалық дүниетанымды қалыптастыру;
- халықтың дәстүрлі мерекелерін, салтанатты кештерін даярлап, өткізуге оқушыларды белсенді қатыстыру;
- жаңа мазмұнды шығармашылық, танымдық клубтардың қызметін ұйымдастыру;
- мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарының конкурстарын, көрмелерін үнемі өткізіп отыру;
- жас суырып салма ақын, халық аңыздарын, поэмаларын оқитындардың сыныптарын ашу;
- оқушылардың ғылыми қоғамын құру, тарихи-этнографиялық материалдарды, тарихи ескерткіштерді, сауда жолдарды, ата-бабамыздың жауынгерлік жолдарының тарихын зерттейтін клубтар («Ұлы Жібек Жолы», «Жоңғар қақпасы» т. б. ) зерттеу экспедицияларын, саяхаттар ұйымдастыру және өткізу;
- киноклубтар жұмысын жетілдіру, кино өнерінің болашағы мен өткенін зерттейтін инициативті топтар құру, оқушыларды кино ерекшеліктерін, оны мақсатты мазмұнды қабылдауын үйрету;
- ұлттық ойын және спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру;
- ішкі істер органдарымен және басқа да құқық қорғау мекемелерімен оқушы жастар арасында түсіндіру, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру (әңгіме, кездесу, «дөңгелек стол», сұрақ-жауап кештері. Тақырыптары «Қылмыс және құқық бұзушылық» «Адам және заң» «Абыройды ерте бастан» және басқалар) ;
- «Халық педагогикасы университеті» арқылы тәрбие үрдісінің бірлігі мен нәтижелілігін ата-ана мен қоғам үшін қамтамасыз ету, өзін тәжірибеде ұтымды етіп көрсеткен әлеуметтік-педагогикалық комплекстердің қызметін жетілдіру, «Ашық есік» күндерін, атам, әжем, әкем, анам және мен - «спорттық жанұя», «Әжелер мектебі» «Аналар мектебі» т. б. мерекелерді өткізуді дәстүрге айналдыру [4] .
Балалар интернаттарында тәрбие үрдісін ұймдастырған кезде, ол жерде тұратын балалар ата-анасынан алыс тәрбиеленіп жатқанын, олармен үнемі қарым-қатынаста болу мүмкіндігінің жоқ екенін ескеру керек. Бұл жағдайда балаланың жеке басының қалыптасуына жанұяның ықпалы төмендейді. Балалар өз жанұясында тәрбиеленуі үшін шағын комплектілі мектептердің жүйесін құру маңызды. Әр мектептің жетістігі болып, ұжымды біріктіретін, өзінің қайталанбайтын тәрбие жүйесін құру болып табылады. Ол ұжымда дәстүрлер мен рухани байлықтар орын алып, оқушылар мен педагогтар өздерін қорғауда екенін сезінуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz