Жас бала — жаңа өркен жайған жасыл агаш тәрізді


Кіріспе .
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не?
"Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл агаш тәрізді"-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ, оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бой жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі қасиеттерін жас ұрпақтық бойына сіңіру, олардың айналамен қарым қатынасын, өмірге қөзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделтен этиқалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл-Фараби) .
" Тәрбие - біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету . . . Тәрбие бізге мәлім адамтершілік әдет-ғұрыпарын меңгеруді мақсат көздеп бір адамның екінші адамта ықпал етуі" (Л. Н. Толстой) .
"Тәрбие - кең мағынасында - бұл рухани жанынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс" (В. А Сухомлинский) .
"Тәрбие, кең мағнасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі" (М. Жұмабаев) .
"Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетәілдірудің ең күшті сыры бар" (Иммануил Кант) .
''Тәрбие тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процессі" (X. Й. Лийметса) .
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана -сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етін, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ол ыкдал етеді.
Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әреқеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессі.
Н. К. Крупская "Тәрбие" атты мақаласында (1929 ж. ) : "Тар мағынада алып қарағанда., "тәрбие" деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылтан және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы", ал кең мағынасында " . . . қоғамдық, мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді" - деп түсіндіреді
Осы жағдайға байланысты К. Д Ушинский "мектеп,
тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық, . . . және оның тілі болады", деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымының мәні зор екенін дәлелдейді.
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жүртшылық болын айпалысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата аналардың жеке тұлтаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекеттің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуте, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуте үйрету.
Тұлғаның тәрбиелеу принциптері.
Тәрбиелеу барысында қойылған максаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекінеліктері, қабілеттерін, дүниетанымы бірыңғай. Қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сырткы факторлардың да әсері мол.
Принцип деген ұғым латын тілінде "бастапқы", "негізгі' деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп - тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз.
1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс
практикасымен байланыстыльны;
- Еңбек арқылы тәрбиелеу;
- Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білімнің бірлігі;
5. Балалардың жас және дара ерекщеліктерін есепке ал;
6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
- Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.
Тәрбие принцинтері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат - тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.
Тәрбиенің келесі принциптерінің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғамның әлеуметтж-экономиқалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді Ол, мектептегі теориялық білімерді оқушыларға меңгертуде, оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т. б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте кезден араластыру өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу, ел азаматгарына, еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік, ізгілік ниетгерінің орнығуына, қысқасы, "өмір мектебінің" баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр-сырымен танысуға мүмкіндік туғызады.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиетерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанмен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған - еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл прнцип тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді.
Тәрбие үрдісіндегі тұлталық, кісілік қасиеттерін қалыптастыруда ықпал етстін факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше Тәрбиедегі даналық сол, оған тәрбиеленушінің өздерін белсенді түрде қатыстыру. Олардың болашағын өздерімен бірге ақылдасып шешу. Бұндағы көздейтін негізгі мақсат тәрбиенің міндеттеріне сай атқарылатын жұмыстар тұлтаның өзін-өзі тәрбиелеудегі міндеттері мен үштастыра жүргізу. Осындай жұмыстардың жалпы тәрбиелік мақсат пен міндетіер өз нәтижесін береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу, ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық, жетілу формасында көрінеді. Тұлғаның рухани жан дүниесі байып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген сайын олар мінез -құлқындағы, жүріс тұрысындағы кемшіліктерге, жолдастары мен ұстаздары және ата-анасы, туысқандары мен, араларындағы қарым-қатынасқа сын көзбен қарай бастайды.
Әдетте өзін-өзі тәрбиелеу процесі жеткіншек шағынан бастау алады. Осы кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өз бетінше әрекет жасау, өздерін көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы артады. Есейген сайын өздері мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен қарап, баға беруте, білтендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлері мен көгілдір экраннан көрген жағымды бейнелерге т. с. с. ұксаута тырысу басымырақ келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзіңді-өзін саналы, жоспарлы жүйелі түрде қолға алу деп тусіндіруге болады. Ол жеке тұлғаның өзіне қоятын талаптар жүйесін қамтиды, өз кезегінде бұлар қоғамның талаптарына тәуелді келеді. Бұндай өзара қатынас, тәрбие- жұмысының мақсатын нәтижелі етіп ұйымдастыруда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен өзара әрекетін жандандырады, тұлғаның саналы әрткеті мен белсендтлігін, құштарлығын дамытады.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы
Өзін-өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық-әлеуметік түрткі болуы керек. Түрткі - тұлтаның мақсатқа жетуде, оны саналы әрекеттке жетелейді.
Өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар тұлғаның өзінің қажетсіну сезімінің пайда болуының мәні зор. Түрткі мен қажетсіну өзін-өзі тәрбиелеудің қорғаушы күші болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі шарт, мотив пен қажетсінуді қамтамасыз ету. Олай болмаған жағдайда, өзін-өзі тәрбиелеуде нәтиже болмақ емес. Сонымен бірге жас және дара ерекшеліктерін ескеру міндетті
Жасөспірімдерде кездесетін бұндай жат қылықтардың пайда болуы кебінесе:
- Баланың айналасындағы жөнсіз ортадан:
- Әртүрлі қолайсыз жағдайлардан;
Отбасы және мектептің жіберген кемшіліктері әсерінен де пайда болады.
Осылардың негізінде жасөспірімдерді қоғамға жат қылықтарды істете, бұзақылық жасата, құқықтық нормаларды бұзуға итермелейді.
Қайта тәрбиелеу - қиын да ұзақ процесс. Ол ұстаздар тарапынан педагогиқалық аса шеберлікті қажет етеді Шеберлік - ұстаздың педагогтік жұмысының жоғары сатысы. Қайта тәрбиелеу жұмыстарын нәтижелі ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерді ескеру қажет деп есептейміз:
1 Балаға әсер ететін келеңсіз жағдайлардың себебін анықтау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіру.
2 Баланың мінез-құлқында кездесетін жат қылықтарын
зерттеп тану.
3. Баланың жеке басында кездесетін жағымды қасиеттерді анықтап, соған сүйене отыра әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру, жақсы қасиетгерін дамыту.
- Қоғамдық пайдалы жұмыстарға араластыру, қызықты істерге қатыстыру.
- Ұстаздар мен ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту.
- Баланың сенімі мен нанымын қалыптастыру, ол үшін оған жағдай туғызу, оған сенім арту.
- Мұғалімдер мен ата-аналардың қиын балаға деген ынтымақты қарым-қатынасын орнықтыру.
- Баланың бойында кездесетін жат қылықтардан арылу үшін жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.
- Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді қайта тәрбиелеумен ұштастыра жүргізу.
- "Қиын" деп ат қойған баланы аластау, басқа мектепке ауыстыру секілді мектеп тәжірибесінде кездесетін кейбір келеңсіз шараларды болдырмау т. с. с.
Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары,
олардың өзара байланысы
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйындастыру тәрбиеншілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында "заңдылық" деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Педагогиқалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін зандылықтар жатады.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл - табиғи заңдылық;
2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзар байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыс тылығы;
5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүрін отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Кезінде К. Д. Ушинский тек педагогақалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие зандылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретіңде қарастырмайды, керісінше оның зандылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің максатын анықтайды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысында онын бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді - деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім-тәрбие саласында ұстаның отырған бағытын анықтайды. "Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz