Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
2.1. Лабораториялық сабақтардың жоспары.
Лабораториялық сабақ № 1.
Тақырыбы: Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және
орны
Мақсаты: Тәрбие мен оқыту жүйесіндегі психологияның мақсаты мен
міндеттерін білу.
Тақырыптың қысқаша мазмұны : Психология – психикалық құбылыстардың
пайда болуы, дамуы және қалыптасуы заңдылықтарын зерттейді. Ерте заманда
пайда болып, ғасырлар бойы, соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың
көзқарастарына да насихаттап келген түсініктер бойынша, адамда тәннен
тәeуелсіз жан болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық
тіршілігінің иесі де, себепшісі де. Психолохия ғылымының тарихы да бір-
біріне қарама-қарсы аталған (материализм, идеализм) екі бағыттың үздіксіз
ой-пікір тартысына толы.
Оқытылған заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша
студенттерде білімдерді жүйелендіру, психологиялық фактілер мен
теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық
дағдылар мен ептіліктерді дамыту, дүние жүзілік және кеңістік психология
ғылымдарының идеяларымен, негізгі принциптерімен таныстыру. Жалпы
психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде
студенттерде психологиялық ойлауды дамыту, кәсіби көзқарастарының ғылыми
принциптерін және психологиялық құбылыстарды жүйелі ептіліктер мен дағдылар
қалыптастыру. Бір қарағанда біздің әрқайсымызда оңай, тіпті таныс сияқты
болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп
қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Психикалық өмірде
де адамның құрылысы сияқты жан көзбен қарап ажырату қиын. Адамның
психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен
танысуымыз керек. Жантану ғылымның жеке салаларынан мағлұматтар беру қажет.
Сонымен қатар тұлғаның, жеке тұлғаның жеке-дара өзгешеліктерімен,
психологиялық сипаттарымен тәрбиелеу мәселесімен таныстыру керек.
Этнопсихологиядан жекелеген мағлұматтар беру қазақтың ұлттық мінез
бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері мен өзгешеліктерінен ұғым дамыту,
және қалыптастыру.
Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға
алынып, оларды ұлт өміріне ойластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы
тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық
мәселелері мал шаруашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ лицей,
гимназия, колледж шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық
проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қос
тілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық
экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жәйттар
алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған ғылыми мәселелер болып табылады.
Лабораториялық жұмыс тапсырмасы.
Тәрбие жүйесіндегі психологияның атқаратын қызметі мен ролі
Оқу білім жүйесіндегі психологияның атқаратын ролі
Негізгі әдебиеттер:
1.Жалпы психология Қ.Жарықбаев, Алматы, 2004.
2.Психология Ж.Аймауытов, Алматы, Рауан, 1995.
3.Жалпы психология Т.Тәжібаев, Алматы, Қаз.Университ.,1993.
Қосымша әдебиеттер:
1.Жалпы психология, Ә.Алдамұратов, Алматы, Білім, 1996.
2.Жас және педагогикалық психология М.Мұқанов, Алматы, 1982.
3. Проблемы развития психики Леонтьев А.Н., М. МГУ,
1981
Лабораториялық сабақ № 2.
Тақырыбы: Психологияны оқытудың мазмұны пән ретінде
Мақсаты: Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні туралы түсінігін
дамыту. Оның ғылыми пәні қандай тұрғыда оқытылуы туралы түсінік беру.
Тақырыптың қысқаша мазмұны : Қазіргі кезде психология ғылымы – көптеген
салалармен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән.
Бұл салалар мен тармақтар дамуымен қалыптасуы жағынан адамның түрлі
тәжірибелік іс - әрекеттерін қамтитын әр қилы сында тұр.
Адамның нақты іс - әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының
дамуын төмендегіше жіктейміз.
1.Тәлім – тәрбие психологиясы.Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оқыту
мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар.
2.Жас кезеңдерінің психологиясы - әр психикалық процесстердің табиғи
негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық
салаларын зерттейтін бұл салатармақтары: балалар психологиясы, жеткіншектер
психологиясы, қарт адамдар психологиясы және т.б.
Жан туралы алғашқы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы
Аристотель 384 – 322) есімімен байланысты.
Психология тарихы екі кезеңге бөлінеді.Оның біріншісі –шашамен 2400 жылға
созылып,көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой –
пікірлердің ілгі тарихы. Осы кезеңде Герофил, Эразистрат, Гиппократ, Гален,
Әбу әлі Ибн Сина,Декарт, Гоббс және т.б. ғұламалар адамның Жан дүниесінің
сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан. Жан туралы қазақ
ойшылдары да аз айтпаған Асан – Қайғы, Шалкиіз, Мұхамед хайдар Дулати,Шал,
Дулат, және т.б.ақын жыраулар мен ғұлама – ойшылдардың шығармаларында
көшпенді ата- бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.
Психология тарихының бірінші кезеңінде осынау ғылым ілім- білімдердің
басқа салалары мен қосақтаса дамып келген. XX ғасырдың алғашқы ширегінде
жан қуаттарының, заңдылықтарын ашумен айналысатын психология ғылымының
дағдарысы айқын байқала бастады. Кейінірек шетел психологиясында
необихевиоризм, неофрейдизм,гуманистік психология дейтін бағыттар пайда
болды.Бұлар адамның жан қуаттарының заңдылықтарын түрліше зерттеу әдістері
арқылы түсіндіретін болды
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу обьектісі
болып келеді. Өз тарихы мен қалай пайда болатынын, биологиялық табиғаттан,
тілі және әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған
емес. Ал ос таным жолында жатану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам
болмысының табиғатына, оның саналы қоғамшеңберінде өркендеуі мен
қалыптасуына, тәнірегідегі басқа адамдармен қарым – қатынасының
ерекшеліктеріне деген психологиялық дамуының негізінде жатқан қызықшылығу
уақыт озуымен бірге өрістей түскен.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде? Оның ғылыми пәні не?
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихын іздеп,
психологияның әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген
қөзқарасының өзгеріп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгі де,
өте жаста ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы
әлі алда. XIX ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында танымал ғалым
Г.Эббингауз психология жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психология тарих
алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп
отырғанымыз психологияның фәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен
ұштасып, өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі.
Пән атының өзі де грек тілінен аударғанда психология жан туралы ғылым
дегенді аңғартады. XX ғасырдың екінші он жылдығында психологияның және
бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады:
ол психикада емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының
жиынтығы - әрекет – қылық еді. Бұл бағыт бихевиоризм аталып, психология
пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады.
Материяның дамуы – бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға
жетілуі, қарапайым қозғалыстан жоғарғы қозғалысқа өтуі.Бейнелеу теориясы
психология ғылымының мәнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер,
түсініктер, тұжырымдар тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық,
бағдар рөлін атқарады.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
1. Жалпы психология Қ.Жарықбаев,Алматы,2004.
2. Психология Ж.Аймауытов,Алматы,2004.
3. Қызықты психология Ә.Алдамұратов,Алматы,1992.
4. Жалпы психология Т.Тәжібаев,Алматы,1993.
5. Психология Ф.Гонобалин,Алматы,1973.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Ә.Алдамұратов.”Жалпы психология”Алматы 1995ж.
2. Қ.Жарықбаев.”Жантану негіздері”Алматы 2000ж.
3. Р.С.Немов:”Психология кн-1”Москва 2000г.
4. С.Л.Рубинштейн”Основы общей психодогии”Москва 2003г.
Лабораториялық сабақ № 3
Тақырыбы: Білім берудің дәстүрлі және инновациялық ұйымдастыруының
–психикалық айырмашылықтары.
Мақсаты: Білім беру саласындағы оқытудың дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлері
бойынша білімін дамыту, оның айырмашылықтарын психикалық тұрғыда түсіндіру.
Тақырыптың қысқаша мазмұны :
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім бе-
рудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Қазіргі қоғам
талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы оқытуды жетілдіруді, оқытудың
жа-
ңа технологиясының озық үлгілерін тәжірбиеге енгізуді талап етіп отыр. Соны-
мен бірге жаңа типтегі жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды жасауды, білікті
ма-
мандар дайындауды, техникалық құралдармен жабдықтаудыайрықша қажет ету-
де. Осыған орай оқу пәндері ғылымы барған саиын даму, өсу, тәжірбие
жинақтау үстінде. Жаңа ізденістер пайда болды. Оқушының мүмкіндіктерін
ашуға, қызығу-
шылығын арттыруға, белсенділігін дамытуға бағытталған әдістемелер қалыптаса
бастады.
Солардың бірі- инновация. Инновация – жаңалық енгізу деген мағынаны білді-
реді. Ғылыми әдебиеттерде жаңалық енгізуге ортаға жаңа тұрақты элементтерді
енгізетін мақсатты өзгеріс, соның негізінде белгілі бір жүйе бір қалыптан
екін-
ші қалыпқа өзгереді деген анықтама береді.Кез келген жаңалық жаңарумен
байланысты.
Дегенмен кез кез-кезген жаңалық жақсы нәтиже беріп жатпайды. Ол мынадац
себептерге байланысты.
-Жаңалықтың бәрі кез-келген мектептің өзекті мәселелерін шешу құралы
болып табылмайды.
-Әрбір құрал нақтылы жағдайда туады және белгілі бір педагогикалық
міндетті шешуге бағытталады. Сондықтан ол кез-келген басшының алға қойған
мақсатымен сай келмеуі де мүмкін.
-Кез-келген жаңалық сынақтан өтуі тиіс, себебі оның тиімділігі барлық
ортаға сай келе бермейді.
-Кез-келген жаңа құралдың өзіндік технологиясы, оны қолдану ерекшелігі
болады.
Жаңа-бұл ескінің орнына келген жаңа, өткеннің орнына келген таяудағы
немесе бүгінгі, көпке өте таныс емес, жаңа пайда болған, жасалынған, жаңа
құрылған дегенді білдіреді.
Жаңалық- бұл (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) құрал,
жаңарту- осы құралдарды игеру барысы. Дұрыс сұрыпталып, оц елегінен,
сынақтан, өткізілген жаңалық максималды жетістікк жетуге кепілдік
беретіндей болғаны жөн. Инновациялық процес- осы жаңалықты енгізетін,
қолдануға жағдай жасайтын кешенді әрекет.
Қазіргі кезде мектептердегі оқыту процесінде мынадай жаңалықтар кездеседі
- о қ ыту мазмұнында
- әдсітеме , технология, әдіс-тәсілдері оқу-тәрбие барысында
қолдануда.
- оқу -тәрбие барысын ұйымдастыру.
- мектепті басқару.
Жаңашылдық прогресивтік аз уақыт ішінде материальдік және моральдік
күштерді, күш-қуатты аз жұмсай отырып, жаңа жоғары нәтижеге жетудің жолы
болуы тиіс. Сондықтан кез-келген жаңалық мектеп тәжірибесіне енгізіліп,
сынақтан өтілуі тиіс.
Инновациялық оқыту негізінде оқушының дербес қабілеті белсенділігін
қалыптастыру, оқу материалдарын өздінен пайдалану арқылы танымдық
белсенділігін арттыру алға шығады.
Мұның ерекшеліктері негізінен
-оқушының белсенді іс-әрекетіндамыту
-оқушының дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру
-оқушының танымдыұ барысқа белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігін
қарастыру
-көрнекілк құралдарын тиімді пайдалану арқылы сезіміне,қабылдау
эмоциясына әсер ету болып табылады.
Инновация оқушының оқу-танымдық барысқа қатысу кезеңдерін анықтауға
мүмкіндік береді.Инновациялық оқыту жүйесінде білім берудің арнайы бір
үлгілік моделі болад, ол модель оқушының жай ғана іс-әрекетіне емес,
сонымен бірге шығармашылық дербес қабілетіне негізделеді. Бұған мынадай
жағдайда қол жеткізуге болады.
-білім алудың дерек көздерін пайдалану арқылы сезім арқылы қабылдаудауды
іске асыратын көрнекіліктер\
-оқудағы іс-әрекет түрлері арқылы
-танымдық барыстың логикасы ойлау әрекеті және ой қозғалысы даулын туғызу
арқылы .
-таным барысының психологиясын ескеру арқылы.
Демек, инновация жүиесі оқушының жеке дара қабілетін, арнайы
мүмкіндіктерін, сондай-ақ өзіндік шығармашылық ізденістерін дамытуға
тікелей септігін тигізеді.
Арнайы іріктеліп және үйлестірілген формаларың, әдістердің, тәсілдердің,
айлаларын, тәрбиелік құралдардың белгіленген психологиялық және
педагогикалық шарттарының жиынтығы педагогикалық болып
табылады.Технологиялық құралдардың оқушылардың білім, білік, дағдыларды
игерудегі, бір немесе бірнеше іргелес ауқымдағы оқу тәрбие құлықтық
сапаларын дамытудағы тиімді нәтижелерін жету мүмкіндігін қамтамамасыз
етеді. Педагогикалық барыста технология оның жалпы әдіснамасынан,
мақсаттары мен мазмұнын ашық өмір сүре алмайды. Педагогикалық технология
педагогикалық барыстың ұйымдастыру-әдістемелік құрал-жабдықтары болып
табылады.
Педагогикалық технолгия нақты технолиялық барыста жүзеге асады.
Технологиялық барыс нақты педагогикалық нәтижелерге бағытталған нақты
технолгилық бірліктердің жүйесі ретінде көрінеді, тәрбие теориясында
технологилық барыстардың қатарына, мысалы, ұжымды ұйымдастыру әдістемес,
біріңғай талапты ендіруді,өзін-өзі басқаруды жарысты, сыныптағы немесе
мектептегі тәрбие жүйесін ұйымдастыруду жатады. Инновациялық процес –осы
жаңалықты енгізетін, қолдануға жағдай жасайтын кешенді әрекет.
Тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға технологиялық тұрғыдан қарау, ақыл-ой
дарынын өлшеу тестілері, ұғындыру және дағдыларға жаттықтырудың түрлі схема-
карталары, оқытудың тірек-схемалары өзін-өзі басқаруды, жарысты, өзіне-өзі
қызмет етуді қалыптастырудың ұжымдық құрылымдары, жаңашыл мұғалімдер
еңбектерінде мыналар бар ,сабақта оқу барысын тиімді ұйымдастырудың нақты
технологисы ақыл –ой әрекетін бізізді кезеңді қалыптастырудың технологиялық
барысы.
Бүгінгі таңда педагогикалық ғылымның сөздігінде иехнология ұғымы терең
тамыр жайды. Технология дегеніміз-өндірістік пройестерді жүргізудің
әдістерімен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.
Модельдік оқыту мазмыны білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей
алу қарқыны, оқудың
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан- жақты
Дамыған жеке тұлғаны қалыптыру болғандық, жаңа технология бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан
танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендіруі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің басқа бөліктерініңде мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының өзара байланысы қалпында өзгертуін талап етеді. Мұны орындау
үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндк іздену іс-әрекетінінің әдістерін меңгеру талап
етеді. Өткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы оқыту әдістемесі
деп отырғанымыз, оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз
байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз
бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері
болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат- оқушыға деген сенім,
оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір- қасиет
сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальді түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау
мен түзету енгізуде ғана пайдаланады.
ХХ ғасырдың бас кезінде ғылыми білімнің ең алдымен дамыған
сұраныстарының салдарынан санада интроспективтік психологияның тоқырауы
байқалды. Интроспективтік психология тәжірибелік талдауды талап ететін
проблемалардың алдында әлсіздік танытты. Капитализмнің тез қарқынмен дамуы
анықталатын тәжірибенің сұрақтарын бұрынғы субъективтік әдістермен
қанағаттандыу мүмкін болмады.
Сонымен, ХХғ. Бас кезінде эксперименталдік зеттеулер психологияға сана
туралы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәлелдедә.
Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше
рөл атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық құбылыстарды
қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-әрекетін бөліп алып қарауға
болмайтынын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен
жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынды. Онда интроспекция
әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге
генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мән берілді. Осындай
қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп әртүрлі
теориялар мен бағыттар қалыптасты. Сондай теорияларға бихевиоризм, гешталь
психология және психоанализді жатқызуға болады. Олардың барлығы бір кезде
жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізінде дүниеге кез келді.

Лабораториялық сабақ № 4
Тақырыбы: Психология курсындағы проблемалық лекция мен эвристикалық
әңгімелесу
Мақсаты: психологияны оқытудағы лекцияны жүргізу мен эвристикалық әңгімене
ұйымдастыру негіздеріне түсінік беру.
Тақырыптың қысқаша мазмұны :
Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін
дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі –
иллюстративті оқыту, проблемалы оқыту бағдарламалап оқыту т..б
Түсіндірмелі – иллюстративті оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды
белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа
біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялық және заңдар туралы түсінік
береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді. Жаңа материалдарды қайталап
бекітеді, түрлі жаттығуларды тапсырмаларды орындау барысында алған білімін
қоладнады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация тумайды.
Проблемалы оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен,
іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және
шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық
сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады. Ойланады, жаңа білімді
игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.
Проблемалы оқыту – бұл ғылым негіздерін оқып – білу процесінде жеке
адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің
қалыптасуы.
Психологтар адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін атайды:
репредуктивті және продуктивті, шығармашылық.
Репродуктивті іс-әрекеті үлгі алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім
жаңа оқу материалын, жаңа ұғымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы
орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен
алгоритге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес
орындауға қажет.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық
ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз
бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белігілі ситуацияда жаңа білімді,
әрекет жасаудың жаңа ережесін табады. Бірақ оқушының дайын алгоритмді,
үлгіні пайдалануы да мүмкін.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлауын,
пайымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады.
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритммен үлгіден, фермализммен
аумақшылықты көтере алмайды. Шығармашылық бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның
мәні, негізгі идеялар тез түсініп ұғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын
табу.
Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.
Проблемалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді
адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан
қиыншылық қабылдаған білім және іздеуге, түсіндіруге талапталдырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық мынадай кезеңдері болады:
- проблемалық ситуацияның пайда болуы;
- проблеманы – сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;
- болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;
- болжамды дәлелдеу;
- проблема шешімінің дұрыстығын тексеру;
проблеманы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, түрлі
тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуацияны туғызады. Осының
нәтижесінде әр бір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге
тырысады.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі
проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3 сынып оқушысына
өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол
сұрақтың мәнін ұғып оны шешу үшін дәрменсіз боалды. Бұл жерде проблемалық
ситуация пайда болады, бірақ ол проблема бола алмайды. Себебі оны шешу үшін
оқушының білімі тәжірибесі жеткіліксіз болады.
Химия сабағында су тақырыбын өткенде мұғалім оқушыларға проблема
түрінде сұрақ қояды: су сұйық зат, ол ештеңені және өттегінен тұрады,
сутегі жанады, өттегі жануды, қолдайды. Олай болса, теңізді неге жағуға
болмайды жанып тұрған шырпыны тигізсең, сөніп калады.
Бұл жерде проблемалық ситуация туды да, ол проблемаға айналды.
Өйткені оқушылардың химия пәнінен алған білім проблеманы шешуде игі әсер
етті.
Сонымен оқушылардың әр түрлі шығармашылық туғызады, жаңа білімді
игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту
проблемалардың өз бетімен немесе ұдымдасып шешуін басшылық етеді. Міне,
проблемалы оқытудың мәні осында.

Лабораториялық сабақ № 5
Тақырыбы: Психологияны оқытудағы интерактивті әдістер
Мақсаты:
Тақырыптың қысқаша мазмұны :
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2008-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік Бағдарламасында жоғары білім беруді дамыту үшін
несиелік оқу жүйесін енгізу белгіленген. Осыған орай студенттердің өзіндік
жұмысын қамтамасыз ету үшін интерактивті оқытудың әдістерін кеңінен
қолдану қажеттігі туады.
Қазіргі кезде қарым – қатынас үрдісіне негізделген оқыту-интерактивті
оқытуға үлкен көңіл бөлуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым –
қатынастың үш жағы да қатысуы қажет.
1) ақпараттық;
2) интерактивті;
3) перцептивті (адамның басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz