ТӘРБИЕ МЕН ПЕДАГОГИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕР. ТӘРБИЕНІҢ ТАПТЫҚ СИПАТЫ


ТӘРБИЕ МЕН ПЕДАГОГИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕР. ТӘРБИЕНІҢ ТАПТЫҚ СИПАТЫ.
Адамдардың еңбек әрекеті дамудың ұзақ жолынан өтті. Адамзат қоғамының пайда болуының таң шапағында адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Өмір сүруге қажетті құралдарды табу процесіне балалар да біршама ерте қатысты. Бақташылықтың, егіншіліктің әр алуан қолөнер ісінің дамуы адамдардың еңбек тәжірибесінің бapғaн сайын молайта берді. Еңбек әрекеті бірте-бірте күрделене келіп, адамның қалыптасуында, адамзат қоғамының дамуында маңызды роль атқарды. Адамның өзін еңбек жаратты. Сол еңбек өмірге тәрбие деген ұғымды әкелді. Еңбек процесінде адам меңгерген алғашқы дағдылардың өзі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырылды. Еңбек әрекетінің бірте-бірте күрделене түсуіне, еңбек тәжірибесінің бұдан соң айналаны қоршаған өмір жайындағы білімдердің жинақталуына орай тәрбиенін өзі де өзгеріп отырды. Егер қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде балаларды тәрбиелеу ісін ересек адамдар еңбекте жүзеге асырған болса, ал қоғам дамуына байланысты білім мен тәжірибені бұлай берудің жолы өмір талаптарына жауап бере алмайтын болып қалды. Тәрбие ісімен анағұрлым тәжірибелі, білгір адамдар айналыса бастайды. Еңбек тағылымына үйрету барған сайын ұйымдық формалар ала береді. Сөйтіп, келе-келе мектептер пайда болады. Мектеп деген термин ертедегі грек сөзінен (сөзбе-сөз аударғанда еңбектен тынығу, дем алу) шыққан. Ертедегі Грецияда ойшылдардың шәкірттермен жасайтын әңгімесін мектеп деп атаған. Сірә, өсіп келе жатқан ұрпақты алғаш оқыту екбектен бос кездері жүргізілген болса керек және бұл жастардың негізгі айналысар ісінен саналмаса керек. Мектеп деген сөз одан әрі арнаулы оқу-тәрбие мекемелерін білдіру үшін пайдаланылатын болады да, осы мағынасымен қазіргі кезге дейін сақталып қалды.
Тәрбие ісінің жетілдірілуіне, әсіресе мектептін пайда болуына қарай тәрбие қызметі кәсіби қызметтін айрықша түріне айқала бастайды. Сөйтіп педагог деген өзгеше мамандық келіп туады.
Мектеп, мұғалім . . . Оқыту ісінде бұлар алдарына қандай мақсат қойып, сол мақсаттарына қалай жетуі тиіс? Осы сияқты басқа да көптеген мәселелер өз шешімдеріи талап етті.
Педагогикалық білімдердің белгілері тәрбие ісінің пайда болуымен бірге қалыптаса бастады да, бірте-бірте өркендеп, жетіле береді. Олар тұрмыстық ережелер, мақалдар мен мәтелдер түрінде жинақталып, өмір сүреді. Солардың көбі біздің заманвмызға дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтық педагогиканық қазынасын құрап отыр.
Тәрбие еңбек процесінде жүзеге асырылып отырған кезде адамдар осы ережелерді пайдаланып жүрді. Мектептің және кәсіптік-педагогикалық қызметтің пайда болуымен байланысты бұл білімдер жеткіліксіз болды. Осыдан келіп тәрбие теориясын қалыптастыру талабы туды. Ертедегі Шығыстың алғашқы құл иелену мемлекеттерінде адамдардың өзін қоршаған өмір жайындағы білген-түйгендерін қамтитын философия қалыптаса бастайды. Педагогикалық білімдер де осы философияның құрамдас элементі болады. Ертедегі Грецияның "Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит сияқты философтары өз еңбектерінде тәрбие мақсатын құл иелену мемлекетінің саяси міндеттерімен ұштастыруға тырысты, адамдардын, рухани өмірінің кейбір заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алу кажет болатын бірқатар ережелерді қалыптастырды.
Аға ұрпақтың білімі мен тәжірибесін кіші ұрпаққа беру жөніндегі қоғам талабынан туа отырып, тәрбие ісі адамзат қоғамының тұрақты серігіне айналды. Міне, сондықтан да тәрбие дегеніміз әрі ортақ, әрі мәңгілік категория болып табылады. Алайда, мәңгілік категория бола отырып, тәрбие ісі тарихи жағынан әрқашан да нақты категория.
Құл иелену қоғамында мектеп пен білім беру ісі құл иеленушілердің артықшылығына айналды. Олар білім беру ісін үстемдік ету жолындағы күрестің құралы ретінде пайдаланды. Орта ғасырлық феодалдық қоғамда шіркеудің адамдардың рухани өміріне бүтіндей үстемдік етуі арқасында білім беру ісінің бәрі дін иелерінің қолына шоғырланды. Шіркеулік және монастырьлық әр алуан типтеп мектептерде тәрбие ісі шіркеуге қызмет етушілерді даярлауға бағытталды, бұл қызметшілер адамдардың санасына дінді енгізуге тиіс болды. Дүнияи феодалдардың балаларын феодалдық құрылысты қорғауға дайындады. Оларды сендер қарапайым халықпен үш қайнаса сорпалары қосылмайтын айрықша тектен шыққан адамсыңдар деп сендірді. Қарапайым адамды және оның еңбегін жек көру - міне феодал балаларын тәрбиелеудің алға қойған мақсаты осы еді.
Крепостной шаруалардың балалары білім ала алмады, дене еңбегі мен өндірістік дағдыларға олар практика үстінде үйренді. Тек кейінірек, қолөнер ісінің дамуымен байланысты ғана қолөнершілер мен саудагерлердің балалары арнаулы мектептерде оқитын болды.
Қолөнері мен өнеркәсіптің өркендеуі өмірге көп мөлшерде сауатты адамдардың қажеттігін туғызды. XV-XVI ғасырларда ғылыы мен ағарту ісіне деген ынта-ықылас өседі. Педагогиканы одан әрі дамыту мәселесі күн тәртібіне жаңа күшпен қойылады. Осы кезеңде педагогика өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастайды. Ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) бұл жөніндегі еңбегі орасан зор. Ол күн тәртібіне жалпыға бірдей біліл беру мәселесін қойды, тәрбие жүйесін талдап жасады, мектептегі оқу процесінің құрылымын терең негіздеді. Оның «Ұлы дидактика» деген еңбегі педагогика теориясы жөніндегі тұңғыш шығармалардың бірі болды.
Ж. Ж. Руссо (Франция), И. Г. Песталоцци (Швейцария), А. Дистервег (Германия), Р. Оуэн (Англия) сияқты аса кернекті философтар мен педагогтар педагогиканы өркендетуге зор үлес қосты.
Россияда педагогикалық ақыл-ойдың қалыптасып, дамуының өз ерекшелігі бар. Халық ағарту мәселелерін талдап жасау ісіне өткси дәуірдің А. Н. Радищев, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов сияқты тамаша қоғам қайраткерлері қатысты, бұлар педагогиканың дамуына ықпал жасады. Олар тәрбие мұраттарын жүзеге асыруды қоғамды революциялық қайта құру ісімен байланыстырды. Мәселеге бұлайша келу олардың адам тәрбиелеудің көптеген мәселелерін жаңаша шешуіне, сол шешімдерін еңбекші халықтың революциялық күресімен байланыстыра білуіне мүмкіндік берді.
К. Д. Ушинскийдің (1824-1871) педагогикалық жүйесі көп жағынан ұтымды болды, ол педагогиканы адам туралы ғылым негізінде құруға тырысты. К. Д. Ушинский әсіресе анатомия, физиология мен психология мәліметтерін кеңінен пайдаланды. Педагогнканың ғылыми негіздерін талдап жасағаны үшін оны әділетті түрде. орыс педагогикасының атасы деп атады.
Осылардыа енбегінің арқасында орыс педагогикасы дүние жүзілік ғылымның алдыңғы орындарының біріне шықты.
Өзінің алдында өткен құл иелену және феодалдық кұрылыстар сияқты, капиталист құрылыс та қанаушы құрылыс болып қала берді. Өнеркәсіптің өсіп-өркендеуімен байланысты буржуазия жұмысшылар үшін мектептер ашуға мәжбүр болды, оларға еңбек функцияларын орындау үшін қажет болатын білім берді. Капиталистік қоғамдағы білім беру қазірде де жалпыға бірдей және жалпыға тән білім беру емес, ол таптық сипатын сақтап, үстем таптардың өз мақсаттарына пайдаланатын құралы болып табылады. Сондықтан капиталистік қоғам жағдайларында қалыптаскан педагогикалық теория да біркелкі болмай қала береді. Алдыңғы қатарлы педагогикалық идеалар адамзат мәдениетінің дамуына септігін тигізеді. Педагогикадағы реакциялық бағыттар әр түрлі таптарға білім берудегі теңсіздікті ақтауға, тәрбиенің таптык сипатын тұншықтыруға тырысады.
Педагогиканың дамуындағы жаңа кезең маркстік-лениндік ілімнің тууымен байланысиы. Бұл ілім педагогиканы жаңа сатыға көтерді. К. Маркс, Ф. Энгельс, ал олардан кейін В. И. Ленин капиталистік қоғамның табиғатына талдау жасады, оның құрымай қомайтынын ғылыми дәлелдеді, пролетарлық революиияның теориясын жасады, еңбекшілердің талап-тілегіне жауап беретін жаңа тәрбиенің негізін қалады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылардың еңбектерінен советтік педагогика жаңа коммунистік тәрбиені ғылыми негіздеудің идеялары мен принциптерін табады.
СОВЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлы Октябрь социалистік революииясы елде шын мәніндегі мәдени революциями жүргізудің жағдайларын жасады: үстем таптың білім алудағы артықшылықтарын жойды, мектепті шіркеуден айырды, еңбекшілердің балаларын білім беру ісіне кеңінен қамтудын қажетті шараларын қабылдап, коммунистік қоғам орнату мақсаттарына сай келетіи жаңа мектеп жасауға кірісті.
Совет мемлекеті жаңа мектеп жасау ісінде педагогикалық ғылымның орасан зор роль атқаруға тиіс болатынын түсіне отырып, оның дамуына қамқорлық жасады. Советтік педагогиканың қалыптасып дамуы, лениндік идеялардың ықпалымен, В. И. Лениннің тікелей араласып, белсене қатысуымен жүріп отырды. Сондаи-ақ Ф. Э. Дзержинский, С. М. Киров, М. И. Калинин еңбектерінің де зор маңызы болды.
Совет мектебін құруда, советтік педагогиканың негізін қалауда аса көрнекті роль атқарған А. В. Луначарский, М. Н. Покровский және Н. К. Крупская сияқты халыққа білім беру ісінің ұйымдастыpyшылары В. И. Лениннің тікелей басшылығымен жұмыс істеді.
Н. К. Крупская Октябрьге дейінгі дәуірдің талантты педагог-марксист екенін көрсетті. Оның «Халыққа білім беру және демократия» деп аталатын кітабы педагогиканың теориясы мен тарихы жөніндегі тұңғыш марксистік еңбек болды. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін-ақ Надежда Константиновна бірден мектеп жұмысымен, мектептен тыс мекемелер, балалар және жас өспірімдер қозғалысын ұйымдастыру жұмысымен тікелей айналыса бастады. Ол педагогикалық көзқарастардың сындарлы жүйесін жасады, коммунистік тәрбиенің теориясы мен практикасының көптеген негізгі мәселелерін шешті.
А. В. Луначарский мен Н. К. Крупская Совет өкіметінің мектеп жайындағы алғашқы документтерін жаңа мектептің негізгі ережелерін белгілеген документтерді жасауға қатысты және педагогиканың ғылым ретіндегі негіздерін талдауға белсене кірісті. Олардың совет мектебі мен педагогикасының мәселелері жөніндегі еңбектерінде тәрбие ісін коммунистік партияның саясатымен, еліміздегі социалистік құрылыс міңдеттерімен ұштастыру идеясы жазылып отырды. Олар советтік педагогиканы жасау ісіне алдыңғы қатарлы көптеген орыс педагогтәрын: С. Т. Шацкийді (1878-1934), П. П. Блонскнйді (1884-1941) және басқаларвн тартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz