Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазғандары



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазғандары
2. Тәрбие психологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғылымсыз білім сыңар жақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым
құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол –
тәрбие. Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге
байланысты. Тәрбиесіз білімді адам сол білімнің адамзаттың игілігіне де,
сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам,
толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың
гүлденуіне жұмсайды.
Тәрбие сөзі тәрбиә араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне
аударғанда негіз деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің
кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін
айтады.Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық,
эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады.
Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас
өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, тәрбие деген
терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі: бірінші пікір
бойынша, баланың басы таза тақта (tabula raba).
Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады. Баланың
келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан
келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.
Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға
болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп, азамат
қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді: ешкім баланың
басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге
бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы
келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ
бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды.
Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда
баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде
едәуір дәрежеге жете алады.
Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге
ұмтылатын баланың өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге
болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың кілтін таба алса, онда
тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда
тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде
емес, онымен байланысудың кілтін тауып, тіл алдыра білуде.
Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі
түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына,
екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді.
Мұны С. Л. Рубинштейн детерминизм (латын сөзінен
acterminare – белгілеу) деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың
тәрбиеге көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол
кездегі оның көңіл – күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап,
бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның
көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден
нәтиже шықпайды.
Сонымен балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде тіл
алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын – тәрбие педагогикасы.
Бірақ тіл алудың не алмаудың психологиялық тұрғыдан себептерін зерттеп,
осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие психологиясы туралы ілім.
Бұл мәселе оңай емес және оның өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие
психологиясы сол ерекшеліктерді қандай тәсіл қолданғанда кеңес пен
ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне айналатынын тексеріп, тәрбие
жұмысының қазіргі өскелең заманның талабына сай тәжірбиенің өріс алуына
көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы детерминизм принцін басшылыққа ала
отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде қолданады. Мысалы, үлкендер
тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол
оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес барлық ісін, қылығын т. б.
бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәрбие
жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай нәтижеге апарып соғатынын
тексеріп, осының өзіндік сырын ашып беруге ұмтылады.
Ал кеңестер мен ескертпелердің баланың тәрбиеленуіне әсер ете алуы
неге байланысты?
Мұның себебі айтылатын сөздер мазмұнының тереңдігінде жатыр. Бірақ
күнделікті сөздердің бәрі бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Мұны
айтылатын мәністің оқушының, сол кездегі жағдайы мен көңіл – күйімен санаса
отырып, соған сәйкестендіріп, айта білмеуден кездеседі. Осыдан шығатын
қорытынды тәрбиелеуге не қайта тәрбиелеуге көнбейтін баланың ішінде
ешқандай жасырын сыр жоқ. Сондықтан тәрбиеге көнгісі келмеген кейбір
балаларға қиын деп ат беру – қате. Мұндай бала кездескен жағдайда да бұл
– сол баланың кемшілігі емес, әлеумет ортасының (соның ішінде ата –
анасының, мектептің) кемшілігі.
Бұл айтылған мәселелер тәрбие жұмысын толық қамти алмайды. Себебі
оқушыға тіл алдырудан басқа, оның азаматтық қасиетін және осыған орай,
әдептілігі мен сыпайылығын, интеллектуалдық сапасын, эстетикалық талғамын
дамыту қажет. Осыған қарағанда тәрбие деген ұғым бір жағдайда кең
мағынада(осыған аталғнн қасиеттер және оқыту процесі де жатады). Екінші
жағдайда тар мағынада, яғни тіл алдыру, тәртіп сақтау мағынасында айтылады.

Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазғандары
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарына тоқталсам, Х1
ғасырдың ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның тәрбие
тағылымының бастауы боларлықтай бір пікірін келтіруге болады: Тәрбиенің
барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі... Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да
тәтті адамдар құрамының, тобының – жетелі адамдар тобының , зерделі
адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз
кезегінде, әсері мен ықпалында – мирасқорлы, пайдалы еңбектің көзі болуы
шарт – деп ой түйеді. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан
алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиесіндегі басты
мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі
десе болады.
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән
берді. Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу
процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле
алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
Низамидың тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі құралы
ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз халқының
тарихы негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында, поэма мен
дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді.
Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен
нәтижесі деп уағыздады. Жас- тар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік,
эстетикалық тәрбиенің негізін салды. Ләйлі –Мәжнүндегі жеке адамдардың
бас бостандығы, әйел теңдігі мен оның бостандығы, махаббат тақырыбы –
бүгінгі адамгершілік, ақыл – ой, еңбек пен еңбек тәрбиесі нің бастауы –
негізгі сілемі.
Низамидың тағылымдары, өзі өмір сүрген ой – пікірін, бүгінгі тұрғыдан
талдасақ, оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің
өзегіндегі принцип – тәрбие мен білімнің халықтығы.
Омар Хаям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы
адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның
ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты- деген ой түйді. Еңбек тәрбиесі,
білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады:
Еңбек, білім, тәрбие
Басын қоссаң мәнді де
Үшеуін бірдей меңгерсең,
Жібермес Сені - өлімге!
Үшеуінің мәңгілік категория, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің бірлікте
жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі
демократиялық бағытты – еркін тәрбиенні жақтады. Оның өлеңдерінің сарыны
адамды жан – жақты жетілдіру. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең
арқылы тәрбиенің бірнеше түрін бір адам бойына енгізу идеясы көрініп
тұрады.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – жастарды
еңбекке баулу. Ол еңбек тәрбиесі – басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары
ақыл – ой, патриоттық эстетикалық, адамгершілік, экологиялық еңбек
тәрбиесінің құрамдас бөлігі екенін дәлелдеп берді, оған өлең жолдарын,
ғақияларын арнады.
Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің
психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының
психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді
де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Тәрбие ісі—"ой шұңқыры", қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл,
әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бір
жағына , яғни тәрбие негізгілерінің бірі - тәрбиеленушілерге талап қоя
білу, оның нөтижесін кадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Дұрыс талап
қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік
пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап шамасы келетін
талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас
өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын.
Талап қою, міндет жүктеу бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие
болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті
жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға біртіндеп
машықтануы қажет, ұстаздың талап-тілектерін орындау оқушы үшін - заң.
Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен
жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ
салып, оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады. Өйткені,
мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде Орынборда Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғамда жауапты қызметкер атқарған алғашқы қазақ әйелі
Н.Құлжанованың мұраларының зерттелуі
Ғүлама Әль -Фараби
Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
Х1Х-ХХ ғғ. Қазақстанның ұлттық мәдениеті
Әбу Насыр Әл-Фараби және оның ғылыми- философиялық еңбектері
Қазіргі қазақ деректі фильмі: әлеуметтік киноның ерекшелігі («Жетімдер қалашығы» атты фильм негізінде талдау)
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтардың қоғамдық өмірі мен қызметі
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Пәндер