Оқушыға моральдық тәрбие беру
Жоспар
1. Кіріспе бөлім
Тәрбие психологиясы туралы түсінік.
а) Ұлы адамдар тәрбие жайлы.
2. Негізгі бөлім
Тәрбие психологиясының мақсаты мен міндеттері.
1. Оқушыға моральдық тәрбие беру.
а) Моральдық принциптерді ұғынудың оқушыны
тәрбиелеу үшін маңызы.
ә) Ерік және оқушыда моральдық істің қалыптасуы.
2. Тәрбие беруде ұжымның рөлі.
а) Ұжымның қалыптасуы.
ә) Оқушының өз мүмкіншілігін өзі дұрыс бағалау
үшін ұжымның тигізетін ықпалы.
3. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұқанов М. М. Жас және педагогикалық психология.
Алматы,1982.
2.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров А., Педагогика.
Алматы, 2004.
3.Мұқанова Б. Ы.,Төлеубекова Р.К. Педагогика.
Алматы, 2003.
4.Мұқанов М. М. Педагогикалық психология очерктері
Алматы,1962.
Ғылымсыз білім сыңар жақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым
құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол –
тәрбие. Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге
байланысты. Тәрбиесіз білімді адам сол білімнің адамзаттың игілігіне де,
сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам,
толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың
гүлденуіне жұмсайды.
Жүсіпбек
Аймауытов.
Тәрбие сөзі тәрбиә араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне
аударғанда негіз деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің
кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін
айтады.Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық,
эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады.
Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас
өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, тәрбие деген
терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі : бірінші
пікір бойынша, баланың басы таза тақта (tabula raba).
Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға
болады.Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші
баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.
Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін
жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп,
азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына сияқты дәлелге сүйеді : ешкім
баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол
өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды,
тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты.
Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл
тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп,
біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы
екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың
өзі,
оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай
отырып, егер тәрбиеші баланың кілтін таба алса, онда тәрбие саласында
үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі
мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен
байланысудың кілтін тауып, тіл алдыра білуде.
Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай
екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына,
екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді.
Мұны С. Л. Рубинштейн детерминизм (латын сөзінен
acterminare – белгілеу) деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың
тәрбиеге көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол
кездегі оның көңіл – күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап,
бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның
көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден
нәтиже шықпайды.
Сонымен балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде
тіл алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын – тәрбие
педагогикасы. Бірақ тіл алудың не алмаудың психологиялық тұрғыдан
себептерін зерттеп, осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие
психологиясы туралы ілім. Бұл мәселе оңай емес және оның өзіндік
ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді қандай
тәсіл қолданғанда кеңес пен ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне
айналатынын тексеріп, тәрбие жұмысының қазіргі өскелең заманның талабына
сай тәжірбиенің өріс алуына көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы
детерминизм принцін басшылыққа ала отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде
қолданады. Мысалы, үлкендер тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның
тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес
барлық ісін, қылығын т. б. бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып
табылады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай
нәтижеге апарып соғатынын тексеріп, осының өзіндік сырын ашып беруге
ұмтылады.
Ал кеңестер мен ескертпелердің баланың тәрбиеленуіне әсер ете
алуы неге байланысты?
Мұның себебі айтылатын сөздер мазмұнының тереңдігінде жатыр. Бірақ
күнделікті сөздердің бәрі бірдей балаға ықпалын тигізе алмайды. Мұны
айтылатын мәністің оқушының, сол кездегі жағдайы мен көңіл – күйімен санаса
отырып, соған сәйкестендіріп, айта білмеуден кездеседі. Осыдан шығатын
қорытынды тәрбиелеуге не қайта тәрбиелеуге көнбейтін баланың ішінде
ешқандай жасырын сыр жоқ. Сондықтан тәрбиеге көнгісі келмеген кейбір
балаларға қиын деп ат беру – қате. Мұндай бала кездескен жағдайда да бұл
– сол баланың кемшілігі емес, әлеумет ортасының (соның ішінде ата –
анасының, мектептің) кемшілігі.
Бұл айтылған мәселелер тәрбие жұмысын толық қамти алмайды.
Себебі оқушыға тіл алдырудан басқа, оның азаматтық қасиетін және осыған
орай, әдептілігі мен сыпайылығын, интеллектуалдық сапасын, эстетикалық
талғамын дамыту қажет. Осыған қарағанда тәрбие деген ұғым бір жағдайда
кең мағынада(осыған аталғнн қасиеттер және оқыту процесі де жатады). Екінші
жағдайда тар мағынада, яғни тіл алдыру, тәртіп сақтау мағынасында айтылады.
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарына тоқталсам, Х1
ғасырдың ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның тәрбие
тағылымының бастауы боларлықтай бір пікірін келтіруге болады: Тәрбиенің
барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі... Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да
тәтті адамдар құрамының, тобының – жетелі адамдар тобының , зерделі
адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз
кезегінде, әсері мен ықпалында – мирасқорлы, пайдалы еңбектің көзі болуы
шарт – деп ой түйеді. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан
алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиегісіндегі басты
мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі
десе болады.
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән
берді. Ол - өз кездеріндегі болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу
процесінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле
алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
Низамидың тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі
құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен ана тілі, жазба әдебиеті мен өз
халқының тарихы негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында,
поэма мен дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді.
Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен
нәтижесі деп уағыздады. Жас- тар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік,
эстетикалық тәрбиенің негізін салды. Ләйлі –Мәжнүндегі жеке адамдардың
бас бостандығы, әйел теңдігі мен оның бостандығы, махаббат тақырыбы –
бүгінгі адамгершілік, ақыл – ой, еңбек пен еңбек тәрбиесі нің бастауы –
негізгі сілемі.
Низамидың тағылымдары, өзі өмір сүрген ой – пікірін, бүгінгі
тұрғыдан талдасақ, оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл
жүйесінің өзегіндегі принцип – тәрбие мен білімнің халықтығы.
Омар Хаям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы
адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның
ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты- деген ой түйді. Еңбек тәрбиесі,
білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады:
Еңбек, білім, тәрбие
Басын қоссаң мәнді де
Үшеуін бірдей меңгерсең,
Жібермес Сені - өлімге!
Үшеуінің мәңгілік категория, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің бірлікте
жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол еркіндікті аңсап, тәрбиедегі
демократиялық бағытты – еркін тәрбиенні жақтады. Оның өлеңдерінің сарыны
адамды жан – жақты жетілдіру. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең
арқылы тәрбиенің бірнеше түрін бір адам бойына енгізу идеясы көрініп
тұрады.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі –
жастарды еңбекке баулу. Ол еңбек тәрбиесі – басқа барлық тәрбиенің негізі.
Басқалары ақыл – ой, патриоттық эстетикалық, адамгершілік, экологиялық
еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екенін дәлелдеп берді, оған өлең
жолдарын, ғақияларын арнады.
Абай адамгершілікті,әділеттілікті ең негізгі моральдық принцип
ретінде поэзиялық – тәрбиелік туындыларында да, қара сөздерінде де үнемі
атап көрсетіп отырады.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысы
Біте қалса қазаққа,
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа? –дейді ақын Әсемпаз болма
әрнеге деп аталатын өлеңінде. Сөйтіп, ол әділеттік, меірбандық болмаған
жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен
отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің Тәрбие деген мақалаларында адамның
хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз
мінез – қылықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды.
Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болу керек. Адам
өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың
бәрін тәрбиемен байланыстыра отырып, былай деп жазды: Алғашқы екі
ғасырдай афиняндар мәдениетті, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Данышпан
Солонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рим халқын атақты еткен,
күшті қылған кім? Тәрбие.
Ескендірді данышпан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі.
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен
ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: Адамдық көзбен тереңнен
тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның
денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын
сауықтырады дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін
жете түсініп: Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі
тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе – Отанның күзетшісі, қорғаны, - деп
атап өтті.
Мағжан Жұмабаевтың пікірінше, тәрбие, кең мағынасымен алғанда,
қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс
өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның
баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру
деген мағынада жүргізіледі.
( Адамзат дене хәм жан аталған екі бөлімнен тұрғандықтан,бұл екі
бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болғандықтан, дұрысын
айтқанда, адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жан ғана
беретіндіктен, адам баласын тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының
әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек)
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы
туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады.
Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы –
туғанда іңгалаған айғайы мол бір кесек ет.
Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан.
Мінеки, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен,
оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие
қылмай болмайды.
Ол тәрбиені : дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және
құлық тәрбиесі деп төртке бөледі. Егерде адам баласына төрт тәрбие
берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық,аштық,
жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты,
берік болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса,
сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса,
жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса,
міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам
болғандығы. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі.
Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес,
тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін деген
иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел. Ендеше, оқушы тәрбиесіне көп ретте
тәрбиеші жауапты.
Тәрбие психологиясы тақырыбында курстық жұмыс жазудағы басты мақсатым
– ұлы ғұламалардың тәрбие жайлы жазған тағылымдарын негізге ала отырып, оқу
процесінде оқушыларға тәрбие берудің психологиялық жақтарын жете түсініп,
болашақта рухы асқақ, адамгершілігі мол, үлгілі ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.
Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің
өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл
азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, рақым туралы пікірде олардың
ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты
– заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тануаса құлықтылықты
жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді
тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі
ұйымдастыру керек, үстемдік етуші таптар – философтар мен
жауынгерлердің талап – тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді.
Плотонның шәкірті Аристотель тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес
пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие
үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны
табу (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие).
Д. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру.
Пестолоцийдің тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш қуаты мен
қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты
және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал
И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға,
қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген
тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді.
Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А. Дистерверг ақиқат, сұлулық және
мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету деп анықтаған.
Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық процесс пен қоғамның
қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның
әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың
кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан
басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып,
тапсырманы орындайды.
Мысалы, мұғалім сабақты дайындауда нақты сабақ мақсатын
белгілейді, ол енді осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатының
міндеті болып шыға келеді. Сондықтан, дайындалып жатқан сабақ келесі
аталған көп міндеттің орындалу құралына айналады: мәдени, саясат
бойынша жасау қабілетін қалыптастыру, адам бола білу қабілетін
жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты
өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің
мазмұнын реттей алу қабілетін орнықтыру; тұрмыстық міндеттерге
дайындау: өмірлік еңбекке дайындау, бос уақытын мазмұнды өткізуге
дайындау, өзін шығармашылықпен баулуға дайындау.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына,
жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қызықтар таза
және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция –
тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты
қарастырылып, күнделікті тәжірбиеде тәрбиә жұмыстарының нәтижелері алға
қойған мақсаттан біршама ерекшелінуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал – демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз
көзқарастарын ұсынды. Х1Х ғасырдың 40 жылдарында
В. Г. Белинский крепоснойлық право мен патшалық саясатқа қарсы
күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А. И. Герцен тәрбие мақсаты – қоғамдағы
әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер,
жан – жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәсе-
лелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселе.
Гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін
ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен
жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің
басымдық ролін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде
өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі (идеял) және өзекті
(актуальді). Соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және
оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Мақсат – тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің
сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және
бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компонентеріне
тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие
міндеттерінің жүйесі.
Мектеп пен үй ішінің негізгі мақсаты - оқушыға мораль тұр
–ғысынан тәрбие беріп, оның қазіргі өскелең талаптарға сай әр алуан
қасиеттерін сана жағынан өрістету. Моральдық принциптерді тәрбие
арқылы іс жүзіне асырудың өзінше мынадай екі түрлі жолы бар :
бірінші жолы – мектеп бойынша тәртіп сақтауды әр түрлі істерді
меңгеріп, соған дағдыландыру; екінші жолы – моральдық принциптерді
ауызша түсіндіру. Моральдық тәрбие берудегі осы екі түрлі жол өзара
байланысты және бұлар оқушыны әдептілікке үйрету әдістерінің өзінше
жеке түрлері болып есептелінеді. Сондықтан осы жолдарды жеке талдап
көрелік.
а) Моральдық принциптерді дәлелдеудің атқаратын ролін қарасты-
райық. Оқушының әдепті болып, тәртіп сақтай білуі, әр нәрсенің парқын
ажырата білуі – моральдық принциптерді ұғынып, өз қылығын соған сай
бағалай білуге үйретеді. Моральдық принцип деп көпшілік арасында
мойындалған әр түрлі әдептілікті сақтауға байланысты мөлшерлерді
айтады. Бұған мектеп тәрбиешілерінің беретін ақыл – кеңестері,
оқушыларға арналған ереже, ұйымдар тарапынан өткізілетін әңгімелер т.
б. жатады. Бұлардың ішінен моральдық үлгі ретінде оқушылар үшін ең
маңыздысы – балаларға арналған көркм әдебиет.
Көркем әдебиет - өмір мектебі деп бағаланады. Өйткені бала
өзіне арналған осы әдебиеттерді оқып, мұнда айтылатын кейіпкерлердің
әр түрлі істерін ұғынады. Жақсы істерге еліктеп, жаман істерге жирене
қарайды. Сөйтіп өзінің ісі мен қылығын солармен салыстыра отырып
бағалайды. Моральдық принциптердің қандай негіздері болса да, тәрбие
тұрғысынан алып қарағанда, оқушылар үшін пайдасы орасан зор.
Бірақ оқушылар моральдық принциптер дегенде бірден терең түсіне
қоймайды. Бұл принциптерді ұғыну ұзақ уақыт бойы жүргізілетін тәрбие
жұмысының негізінде пайда болады. Ал жұмыс тиісті дәрежеге қойылмаған
жағдайда бұларды жас оқушылар өздігінен бірден ұғынбайды. Өйткені баланың
өмір тәжірибесі әлі аз. Мысалы,кіші оқушылар тәжірибесі аздығынан әр істің
моральдық жағынан не дұрыс екенін жөнді ажырата алмайды.
Кіші оқушылар бір құбылысының шын ниетімен анасына көмектескісі
келіп, ыдысты жинап жатқанда сындырып алғанын естіп,бұл оқиғаны әдепсіздік
деп бағалаған. Соңғы жағдайда бала әр істің әдептілікке жататынын,
жатпайтынын істен шығатын нәтижеге қарап бағалап тұр . Бірақ күнделікті
өмірде істі бағалау онан шығатын нәтижеге ғана байланысты келмей, баланың
осы істі меңгерудегі ниетімен де байланысты. Дегенмен, баланың моральдық
норманың қарапайым түрлері жөніндегі түсініктері, алғашқы уақытта, үнемі
дұрыс бола бермейді .
Бірақ моральдық принциптерді ұғынуға билікті оқушылардың өзіне
бермей, қателескен жағдайда, оны үнемі түзетіп отырса, ол жаман жақсының не
екенін біліп, дұрыс ұғынатын болады.
Мысалы, 8- класс оқушылары бір әңгімеде кейіпкер баланың анасынан
істеген бір қылығын жасырғанын есітіп, мұның жақсы әдет емес екенін
түсінгеннен кейін, олар класта өздерінің бұрын туысқандарынан ұнамсыз
қылықтарын жасырып келгендігін айтқан. Кейін олар үйлеріне келген соң
өздерінің бұрын істеген ұнамсыз қылықтарының бәрін тайсалмастан ата-
аналарына айтып беріп, оның әдептілікке жатпайтынын мойындаған.
Ал жоғары класс оқушысының моральдық принциптерді ұғынуы бастауыш
мектептерге қарағанда, недәуір қалыптасып, ерекшеленіп қалған деуге болады.
Дегенмен ересек оқушылар арасында да, моральдық нормаларды терең
түсінбеушілік кездесіп тұрады. Мысалы, жеткіншектер әдептілік, моральдық іс
деп тек ешкімге соқтықпауды, тыныш отыруды ғана түсінеді.Әрине, бұл –
моральды тайыз түсінушілік. Мектептерде оқушыларға қойылатын бірыңғай
талаптар бойынша жақсы, өте жақсы бағаға оқу, қоғам жұмысына белсене
қатысу – моральдық нормалардың ең жоғары қасиеттері.
Сонымен қатар жеткіншек әдеби кітаптарды көп оқып, осындағы
кейіпкерлердің әр түрлі ісімен танысады ұнаған кейіпкерлерді өзіне үлгі
санайды. Кейде бала өзінің үнататын кейіпкерлерінен үлгі алып, бірақ оны іс
жүзіне асыра алмайтын да болады, ұнатқан кейіпкерге еліктеп, мен де сондай
болам деп ол жие айтқанымен, оның сабақ үлгеруі мен тәртібі нашар келетіні
де кездеседі. Оның себебі жеткеншек өзінің ұнататын кейіпкерлеріне еліктеп,
келешекте солай боламын деп арман етсе де, ондай дәрежеге жету үшін жақсы
оқып, тәртіпті болу, үйірме жұмыстарына белсенді қатысу керектігін жете
ойламайды. Тәрбие жұмысында бұл жағдай жиі ескеріліп отыруы керек. Мысалы,
оқушы оқыған кітабындағы кейіпкерлеріне еліктеп, оған қайран қалады. Бірақ
дәл сондай болуды үйрену үшін, іс-әрекетін неден бастауын білмейді.
Бұл мәселе тәрбие үшін қажетті болғандықтан, оған жеңіл қарауға
болмайды. Әдетте, моральдық принциптерді ұғыну мен оны іс жүзіне асырудың
арасында ұзақ жол жатыр. Мектеп тәрбиесінде кейбір оқушылар күнделікті
талапты білгенімен, оны өз ісінде қолдана алмауы да ықтимал. Сонымен қатар
оқушы өзін барлық жағынан дұрыс ұстап, сырт қарағанда әдепті болып
көрінгенімен, оның бұл қасиеті моральдық принциптерді жақсы біліп, осыны
өзінің сеніміне айналдырудан ғана емес, бұл ата-аналарынан немесе
педагогтардан сескенгендіктен де кездеседі. Бұл қасиет теріс болмағанымен,
мұны саналы түрде әдептілікке үйретудің жолы деп айтуға болмайды.Өйткені
оқушыларға моральдық тәрбие берудің жолы қорқыту емес, саналылықпен
түсіндіру болып табылады.
Ал оқушы әр істі саналы түрде өз ыкыласымен орындау үшін, ұғынған
моральдық мөлшерлері оның сеніміне айналуы шарт. Әрине, істерді сенімсіз
меңгеруге де болады. Дегенмен моральдық сенім нәтижесінде меңгерілген іс
жемісті болады. Оқушының істі меңгеруде сенімі болса, ол сол істі қалай да
орындай алады. Моральдық сенімді істің тек қалай орындалуын ұғыну деп бір
жақты түсінбеу керек. Моральдық сенім дегеніміз негізінде, дүниеге, өмірге
көзқараспен ұштасады. Егер оқушыны осы тұрғыдан алып қарағанда,сенімі күшті
болса, онда оның ісін сенімі билейді.
Әдетте, оқушының сенімі оның көздейтін мұратымен байланысты. Мұратқа
жетуді жұрт бақытты болумен байланыстыратын болса да, осының негізгі
мағынасы – Отан үшін адал еңбек етіп, еңбектің рақатын көру болмақ..
Сондықтан оқушы үшін мұратқа жетудің жолы – жақсы оқып, біліммен өнерге ие
болуға ұмтылудың нәтижесінде ғана болады.
Осы айтылғандарға орайлас оқушыны моральдық қасиеттерге итермелеу үшін
этикалық әңгімелер өткізудің де үлкен маңызы бар. Бірақ мұнымен ғана
шектелініп қоюға болмайды. Ал егер тәрбие жұмысы тек әңгіме арқылы
өткізіліп, жұмыс осымен бітті десе, онда жаңағы айтылған сияқты моральдық
ұғым мен осыны іс жүзіне асыру арасында алшақтық кездесуі ықтимал. Өйткені
оқушының ұғынған моральдық мөлшері іс жүзіне асқанда ғана тәрбие жұмысы
өзінің түпкі мақсатына жетті деуге болады.
Ал оқушының ұғынған мөлшерлерін басшылыққа алып, күнделікті ісін
соған бағынддыра алуы нендей жағдайларға байланысты? Бл сұраққа жауап беру
үшін мына бір жайтты алып көрейік. Мысалы, кейбір оқушы тәртіп сақтауды
немесе өзгелерден бір нәрсені талап етуді ұнатса да, ал оның өзі осы
талаптарды орындауға ұмтылмайтыны да болады. Сол сияқты оқушы белгілі бір
міндетті орындамаса, осының себебі мұны ұнатпағандығынан емес, соны
меңгеруге өзін зорлап, еркін меңгере алмағандығынан. Міне, осыған
қарағанда, моральдық ұғымдарды оқушыныңсеніміне айналдырып, оны басшылыққа
алдыру ерік процесінің негізінде жүзеге асады.
ә) Ерік және оқушыда моральдық істің қалыптасуына келейік. Оқушыны
ұғынған принциптерін орындауға талпындыру ерікті тәрбиелеудің нәтижесінде
жүзеге асады.
Ерік дегеніміз оқушыны алдына қойған мақсатын жүзеге асыруға
талпындыратыністі орындауға өзін-өзі күштеп, итермелейтін процесс. Істің
қалай меңгерілетініп ерік билейді. Істің ерік арқылы биленуін ғажайып күш
деп айтуға болмайды, өйткені ерік ғажайып нәрсе емес. Бұл – ми жұмысының
қызметі. Миы арқылы адам санасымен іс үстінде қимыл қозғалыстарын өз еркіне
бағындырып, пайдалы істерге өзін-өзі ұмтылдырады, қажетсіз істерден
жетелініп, аулақ болады. Оқушының мұндай қасиеті тек іс қиыншылықтарын
жеңудің нәтижесінде қалыптасады.
Моральдық принципке жатпайтын қолайсыз істерден оқушының аулақ болып,
пайдалы істерге талпынуы бірден қалыптаспай, бұл көбіне оның сана-сезімінің
өріс алып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айырудан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz