Тәрбие формасы - бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие формасы - бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі. Мазмұн және форманың философиялық категориялары тәрбие құбылыстарындағы ішкі және сыртқы ұғымдардың бірлігін танытады, яғни біріншісі, не бар екенін көрсетсе, ал екіншісі, қандай түрде екендігін білдіреді. Мазмұн мен форма бір-бірімен тығыз байланысты, яғни Мазмұн өзгерісі форма өзгерісіне әкеліп соғады және керісінше. Мазмұн қалыптасады немесе формаланады, форма мазмұнмен толығады. Жетекші рөл мазмұнға қарасты.

Тәрбие процссінің мазмұны жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның рухани, адамгершілік, эстетикалық, еңбектік, әлеуметтік қасиеттерден құралады. Тәжірибе жүзінде бұл мазмұн өзіне барынша сәйкес келген ұжымға өтеі. Егер бұл сәйкестік бүзылса, онда тәрбис қиын және шешілмес дағдарыстарға тап болады.

Педагогика тарихы тәрбие процесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Олардың әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұнды

ашу үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді:
ежелгі оқу орнындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі
барлық балалардың міндетті мектеп тәрбиесіне өтуі.
-Сондықтан, тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы
сандық өлшеммен беріледі. Тәрбие процесіңде қамтылған
адам санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық,
топтық
(ұжымдық) және бұқаралық болып бөлінеді.
Топтағы (ұжымдағы) тәрбиеленушілер саны 5-7-ден 25-
40 дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды.
Тәрбие процесінің пәрменділігі. оны ұйымдастырудың
формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие
жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін
тигізеді. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие
сапасы нашарлайды. Тәрбиелеуде жеке және шағын топтық
формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру
формаларын. . өте жылдам және мақсатты бағдарлауға,
жағдайдың өзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды өзгертуге ыңғайлы. Бірақ жеке және шағын тәрбиенің жоғары экономикалық шығындарды керек етуі - оның кең тарауындағы елеулі кедергі. Қазіргі жүйелердің
кепшілігі тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасын пайдалануға көшті. Ол өзінің жеткілікті тиімділігімен, санымен бірге өкініштісі, педагогикалық қызметтің салыстырмалы түрде төмен бағалануымен ерекшеленеді. Соңғысы - біздің елімізде тәрбие формасын тандаудағы шешуші себеп
болып отыр.

Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл. жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлдың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша - бұл педагикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Макарьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие, әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау.

В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиенушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. . ' Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар'. Осы анықтамаларға қарағанда, шамасы, әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл саланың дамуы үшін , баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиелік ықпал жасауы. Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың. тұлғалық қасиегтерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері, мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мүғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, . табысқа жеткізеді. Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың Жас және дербес

ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Әдістсрді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педаго-
икалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен қуралдарында
қолданады. Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болатын мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау,
үйрету, машықтандыру, тапсырма т. б. Нақты тәрбие барысында
әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы өзгергіш), жылжымалы болады.

Тәрбие құралдарына іс әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал
жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнеге т. б. ) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы
құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. Л. С. Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешeші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткенді. Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс" ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның; негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болын табылады

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40 жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды.

Тәрбие әдістсрі проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Н. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Макренко, Г. И. ІЦукина, В. А. Сластепни т. б.

60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс әрекеттерін жіктеуде «Советская педагогика» журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. Й. Щукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектеитерде қолданылып келеді.

Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. ІЦукина) жасаған тербие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топ тәрбиелснушілердің іс-әрекеттеріңдегі, . қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.

Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап - нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет.

Ұжым мүшелерінің пайымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымның еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі педагогтың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру бұл мінез құлық нормасына сәйкес иіс, ушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т. б.

Үйрету әдісі баланың орындаушылық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиетгерін қалыптас-

тырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сай-

ын, үйрету әдісі өзінің алгашқы маңызын жойып, басқа әдістермен

үйренеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жалықтыру әдісі.

Жалықтыру әдісі - бұл әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымның мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мсзгілінде бастау оқушыларды әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді, оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.

Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің ісінің қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы карым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдадандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни бсзендіру тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Өз еркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей қалу, алғысын айту, немесе жалған сөйлеу т. б. Мұндай ситуацияларда балалар көп ойланады, қайғырады. Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері ұғым, байымдау пікірін айту, баға беру, сендіру . Бұл топтың істері: саяси, зтикалық оңгімс, оңгімслесу, нікірталас, лекция-) 9 оіісге.

Ііүл әдістсрдіц балалар санасыпа ықпал жасауда маңызы өте >) Осы түрпыдан бадаларды өмірдің, еңбектің қогамдық норма-іімп қатыстьіру қажст, ал бұл балалардан осы нормалар жонінде (тиімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды. Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық оқу құралдарында жақсы жазылған. Сондықтан мысал ретіиде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз.

Әңгіме - бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістсріі бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгіме кез-келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісті іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

  1. Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі олардың мүддесіне жауап беруі тиіс. -
  2. Әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
  3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техиикалық құралда тиімді пайдаланған жөн.
  4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болып бір нәрсені қайталай беру наразылық туғызады.

Пікір талас - бұл жоғары сынып оқушыларының бакымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы сұрақтары күні бұрын хабарландырылады.

Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіндік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың ойын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Үшінші топ - мадақтау және жазалау әдістері. өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқына белсенділікке ынталандырады. Жазалау-баланы өзінің мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.

Сонымен, Санкт-Петербург педагогикалық институтының ғалымдары жасаған тәрбие әдістерінің жіктелуінде ең алғаш баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. Бірақ бұл екі ұғым тығыз бірлікте қалыптасу қажет.

Мектеп өмірінде ВЛ. Сластепин жасаған тәрбие әдістерін жіктеуі ойдағыдай қолдаиылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерінің 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық міиез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іе-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс-әрекет және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзін-өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша т. б. ), қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін : талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Тәрбие әдістерінің бұл жіктеуінде III, IV топтары ғана қарас-

тырылады. Өйтксні I, II топтардагы тәрбие әдістері Санкт-Пе-

гербург ғалымдары жасаған жіктеудегі I, II топтарда баяндалады.

Айрықша қолданылатын ІП топтағы әдістер жарыс, мадақтау,

жазалау деп тұжырымдайды В. А. Сластепин, Т. Е. Конникова т. б. .

Жарыс балалардың ұжымда іс-әрекетін ұйымдастыру және

ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі

және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқуышлардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін

арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.

Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жатады. Мұнда негізгі мақсат ар-намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбеқ даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т. б. . Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау: а) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу, б) мектеп және үйимрежимін сақтау; в) өте кәрі адамдарды күту, көмектесу.

Мадақтау - бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі, орынсыз мадақталған балада менмендік, тәкаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінезқұлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері жазалауда жабырқанқылық болмайды, ол болған қателікке қайғы дейді А. С. Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын білу, сонымен біріге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда баланы жазалауға болады, Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінше жазалауға болмайди. Жазалауда жеке адамның абыройын балағаттау, қорлау ешқандай моральдық формаға сыймайды.

IV топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, т. б.

Тікелей бақылау зерттеуші мен объект арасындағы байланыс арқылы тікелей байланыс, қатынас.

Ашық бақылауды қатысушылар біледі. Жасырын бақылау теледидардан, жасырын дыбыс жазу, арақашықтық (дистанциялық) бақылау үшін тура микрофон байланысы көмегімен жүргізуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді
Тәрбие аясы
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Оқыту заңдылықтары мен принциптері түсініктері және оларға сипаттама
Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік,олардың түрлері
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмысын жоспарлау әдістемесі
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz