Тәрбиенің принциптері және оларға сипаттама


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбиенің принциптері

Жоспары

  1. Тәрбиенің принциптері туралы түсінік.
  2. Тәрбиенің принциптері және оларға сипаттама.

Тәрбиенің принциптері туралы түсінік.

Тәрбиенің принциптері дегеніміз - тәрбие процесінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер, алғышарттар, талаптар және бағыттаушы қағидалар жиынтығы.

Тәрбиенің принциптері адам факторын жеделдету оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру, жеке адамның жан-жақты даму заңдылықтарына негізделген.

Совет мемлекетінің көрнекті педагогтері Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, С. Т. Щацкий, П. П. Блонский, В. А. Сухоминский т. б. совет педагогикасының теориясын дамыта отырып, тәрбие принциптерінің негізін айқындады.

Совет педагогикасында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасты:

  • тәрбиенің мақсаттылығы;
  • тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
  • сана мен мінез-құлықтың бірлігі;
  • еңбек арқылы тәрбиелеу принципі;
  • жеке адамға талап қоюшылыққа құрметтеу білудің бірлікте болу принципі;
  • балалардың жас өзгешелігі мен дара ерекшеліктерін есепке алу принципі;
  • жеке адамды коллективте тәрбиелеу принципі;
  • оқушылардың саналылығын, белсенділігін, өзіндік әдеттерін дамыту принципі;
  • педагогикалық ыөпалдың сабақтастығы мен толссыздық принципі;
  • адам бойындағы жақсылық нышандарға сүйсіну принципі;
  • тәрбие прцесінде мектеп, семья, және жұртшылық әрекетінің бірлік принципі;
  • біртұтас тәрбие процесіндегі тәрбие принциптерінің өзара байланысы.

Соңғы жылдары жарық көрген педагогикалық институттарға арналған оқулықтарға және оқу программаларында да тәрбие принциптері мен дидактикалық принциптер өз алдына жеке қарастырылады. Бұл тәрбие процесі мен оқыту процесінің өзіндік ерекшеліктерін талдап, тақырыпты жете меңгеруге мүмкіндік береді.

Ал тәрбие мен оқыту принциптерін салыстырып қарағанда олардың көпшілігінің тәрбие процесіне де, оқыту процесіне тікелей қатысы барлығын көреміз. Себебі тәрбие мен білім беру бір бірінен бөлінбейтін өзара тығыз байланысты біртұтас педагогикалық процесс.

2Тәрбие принциптері және оларға сипаттама.

Тәрбие мақсаттылық принципі. А. С. Макаренко педагогикалық жұмыстың жемісті болуының ең қажетті шарттарының бірі тәрбиенің міндет мақсаттарының анық, айқын түрде белгіленуі деп есептеген. Тұтас педагогикалық процестің негізгі мақсаты - жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруды іске асыру. Тәрбие жұмысының мақсаттылығы, идеялық бағыттылығы сананың творчестволық сипаттама болуы мұғалім мен коллективтің іс-әрекетін бағдарсыздықтан, кездейсоқтықтан сақтандырады.

Осы мақсаттарға орай, педагогикалық коллектив және әрбір мұғалім- тәрбиеші тәрбие жұмысын белгілейді, оның мазмұның анықтайды, жеке оқушылардың, коллективтің ерекшелігіне, талап-тілектеріне сүйене отырап, жұмысты жоспарлы түрде және белгілі жүйемен жүргізеді.

Жас ұрпақты әрдайым өмірдегі жаңалықты қуаттайтын
алдынғы қатардағы ойды қабылдайтьн, ескірген, күні біткен ереже,
тәртіптерден тез арылатын етіп тәрбиелеу тәрбиенің идеялық бағытын
шешіп отырады.

Тәрбиені өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы В. И. Ленин адамды жан-жақты дамыту идеясын тәрбиені өмірмен, еңбекпен байланыстыру талабымен үштастырады.

Өмір мектебі - ең құатты тәрбие мектебі. Ұлы физиологИ. П. Павлов адам организмнің өмір әрекеті қоршаған ортаның ықпалымен, адам өмір сүруінің жағдайларымен байланыстыекенің көрсетеді. Осы әсерді ол “өмірлік тәрбие” деп атады. Осындай тәрбиеден - “өмір мектебінен” тек ересектер ғана емес, жас ұрпақта етеді. Сондықтан тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық тәжірибемен байланысты болу принципі оқушыларды қазіргі өмірдің барлық саласынан хабардар болуы, өз елінің, туған өлкесінің өткенімен бүгінгісін білуде, адамзат мәдениетінің ізгі бастаулыры мен жалпы адамзаттың ізгілік қасиеттерді түсінуді, меңгеруді талап етеді.

Қоғамды экономикалық, әлеуметтік саяси және рухани сауықтыру жолында елімізде жүріп жатқан қайта құру процесіне жас жеткіншектердің өз мүмкіндіктерімен белсенді қатысуы, олардың өмірлік позицияларын айқындап, социалистік Отанның азаматы болып қалыптасуларына ықпал жасайды.

Адам белсенді іс--әрекет үстінде ғана азаматтық мінез-құлық ережелерін меңгереді. Бала табиғатынан әрекеттілікті қалайды. Әрекетсіз, енжар, пассив, селқос болу бала психологиясына тән емес. Сондықтан мектепте оқыған алғашқы күндерінен бастап оқушылар сан қырлы жұмыс саласына қатысады /оқу еңбегі, өндірістік еңбек, қоғамға пайдалы еңбек, өзін-өзі күту еңбегі т. т. /.

Қоғамдық өмір тәжірибесіне қатысуы арқылы балалардың бойында адамгершілік, ізгілік қасиеттері мен еңбек ету, іс-әрекетті нәтижелі орындау мүддесі қалыптасады. Сонымен қатар тәрбиенің өмірмен байланыстылығы, өмірдің келеңсіз құбылыстарымен-өзімшілдік, құлқын құмарлык, сұғанақтық, қатыгездік, қайырымсыздық, жалқаулық, жауапсыздық, тәртіпсіздік әміршілдік, әкімшілдік сияқты басқа да жағымсыз жақтарымен күресе білуге де шынықтырады.

Сонымен тәрбиенің өмірмен байланысы жөніндегі принцип тәрбие жұмысының мазмұнын және оның ұйымдастырылуын үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.

Жеке адамға талап қоюшылық пен қүрметтей білудің бірлікте болуы принципі. Бұл принцип советтік қоғамның гуманистік сипатына негізделген. А. С. Макаренко:”Менің негізгі принципім /ал бұл принцип тек қана менікі емес, сондай-ақ бүкіл советтік педагогтердің де принципі деп санаймын/ әрқашан адамға барынша көп талап қою, сонымен қатар оны мейлінше қатты сыйлау болып табылады”- деп өзінің педагогикалық тәжиребесін қорытындылайды.

Балаларға орынды талап қою мен оларға парасатты сүйіспеншілік пен қүрмет көрсете білу бірлігі- тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың ең қажетті шарты.

Тәрбиеленуші сыйлау және оған талan қою дегенініз баланы жан-жақты білу, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін, күшті және осал жақтарын айқындау және оның жағымды қасиеттерінің дамуына педагогикалық қолайлы жағдай туғызу, ықпал жасау болып табылады.

Бала әрқашанда өзінің мінез-құлқына, іс әрекетіне баға беруді қалайды. Сондықтан балаға жоғары талап қою, оның күш жігері және қабілетіне сенім көрсетумен ұштасуы керек.

Бұл принцип тәрбиеленушінің жеке басын силауды, оған сергек әрі көңіл қойып қарауды, шамадан тыс қамқорсу мен әкімшілік етуге жол бермейтін сенімді және ылтипатты қарым-қатынас жасауды көздейді.

Адамның адамға қамқорлығы адамның адам үшін жауапкершілігі, адамның адамды қажетсінуі мектеп, семья өмірімен қалыптасады.

Сана мен мінез-құлықтың бірлік принципі. Сана адамның мінез-құлқының іс-әрекетін бағыттап отырады. Сана мен мінез-құлықтың іс-әрекетінің бірлігі мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесіндегі ережелер, талаптар, нормалар оқушылар үшін жаттанды түрде болмай, түсінікті, саналы болуын көздейді. Бұл принцип адам бойында борыш, ар-ождан, талғам, мәдениетті мінез-құлықтың, адамгершілік қадір-қасиеттің, өмірлік бағыттың үйлесімді дамуының қажеттілігін қамтиды. Ұлы Абай “тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де ақымақшылық ” деп адамның шынайы саналы өмірін дәріптеген.

Совет мектебінің оқушысына тек адамның адамгершілік ұғымдарды, қоғамдық нормалары мен талаптарын жақсы меңгеру ғана емес, оған белсенді өмірлік позиция, қоғамдық борышқа саналы қарау, сөзбен істің бірлігі, өзінің адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп отыруға ұдайы әзір тұрушылық тән. Сонымен қатар сана мен мінез-құлықтың бірлігі адамгершілікке жатпайтын іс-әрекетімен мінез-құлықтарға қарсы күресе білу дағдысын қалыптастырады. Тәрбие жұмысында формализмнің болмауына елеулі ықпал жасайды.

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Жеке адамның бүкіл ең тамаша қасиеттері жасампаз, творчестволық еңбек процесінде қалыптасады. Еңбек тәрбиенің күшті құралдарының бірі. Ол адамның жеке басының қасиетін танудың, блин, адамның қабілеті мен икемділіктерін, ынта-ықыласын ұштай түсудің белгісі әрі шарты болып табылады.

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мәні - адамды тек материалдық және рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, сондай-ақ оны азамат ретінде көрінетін жеке тұлға етіп қалыптастыруда. Еңбек адамның жан-жақты жетілуінің негізі. Сөз бен істің, қабілет пен дарындылықтың, қасие, сапалардың, сыналар жері адал еңбек.

Творчестволық бай мұрасымен халқымызға қайта оралған ұлы ақын Шәкәрім Құдайбердиев “Бостандық таңы” атты өлеңінде:

Адамның бәрі бір, болмайды аласы

Оларды бұзатын нәпсінің таласы

Ар билейтін заманда нәпсі өліп,

Бірігер еңбекте барша дам баласы.

Адалдық жері жоқ ақырда жеңбейтін.

Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін -

деп еңбектің сырын сөз маржанымен түсіндіреді.

Ақылды сол - ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды,

Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сақтайды, - деп ұстаздық жүрек үнімен адам өмірінің мың алуан құбылыстарында еңбектің адамгершілік сипатын өлең жолдарымен өрнектейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Педагогика пәні
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Педагогиканың дәрістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz