ТӘУЕЛСIЗДIК ҰҒЫМЫ ҰЛТ ҰҒЫМЫНАН АЖЫРАТЫЛМАУЫ ТИIС



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТӘУЕЛСIЗДIК ҰҒЫМЫ ҰЛТ ҰҒЫМЫНАН АЖЫРАТЫЛМАУЫ ТИIС
Кәрi тарлан тарих үшiн тым аз, қас-қағым сәт болып есептелетiн 15 жыл –
бiз үшiн әрi ұзақ, әрi тарихи кезең болғаны рас. Өйткенi, бұл жылдарда
мемлекеттiгiн нығайтып, жер шарында дербестiгiн сақтап қалу – Қазақстан
және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн оның субъектiлерi болған жаңа
мемлекеттердiң бәрi үшiн үлкен сын болғаны ақиқат. Әркiм сынақтан әрқалай
өттi, бiрақ, қай-қайсысы да мемлекеттiк дербестiгiн сақтай бiлдi. Бiрақ,
қалай? Әңгiме осында.
Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстанның жеткен жетiстiктерi орасан.
Тәуелсiздiгiмiздiң он жылдығын сарапшылар ғасырға баласа, 15 жылдығын да
әспеттеп жатқаны белгiлi. Ең алдымен Қазақстан – етек-жеңiн қымтап,
көршiлерiмен шекарасын бекiткен тұңғыш ТМД-лық мемлекет.
Шекара мәселесiнде Қазақстанның есесi кеткен шетiн жағдайлар болғанымен,
ешкiм жаға жыртып, қол тыға алмайтындай болып, тас түйiн бекiдiк.
Қазақстаннан өзге ТМД елдерiнiң көбiнде шекара мәселесi аса күрделi болып
тұр. Айталық, Әзiрбайжан мен Армения Таулы Қарабах үшiн қырғиқабақ болса,
Грузияның Оңтүстiк Осетиясы мен Абхазиясы бар, Приднестревье Молдованың бас
ауруы болғалы қашан. Ал, Украина Қырым үшiн қиналады.
Демек, Қазақстанның ешкiммен алакөзденбей, көршiлердiң ыңғайына жығыла
отырып, шекара мәселесiн бiржақты етiп алуының өзi – 15 жылдағы iрi табысы.
Солженицын мен Жириновский Солтүстiк бес облысқа қанша ашкөзденсе де, Ресей
ендi оған ауыз сала алмайды. Қытайдың тарих оқулықтарында оқушыларға
Балқашқа дейiнгi өңiр – қытайдыкi деп қанша үйретсе де, Қытай жұмған
аузын аша алмайды.
15 жыл қас-қағым сәт десек те, Қазақстанның қол жеткiзген екiншi табысы –
экономикалық өрлеу. Алдағы уақытта өркениеттi 50 елдiң қатарынан ойып орын
алуды басты мақсаты етiп отырған елiмiздiң экономикадағы табысын Батыс та,
Шығыс та мойындап отыр. Тiптi, кейбiр экономикалық көрсеткiштерi бойынша,
Қазақстан мемлекеттiк тәжiрибесi бiрнеше ғасырға созылатын, халқының саны
250 миллионнан асатын Ресейдiң өзiн орап кеткен. Құдай берген қазба
байлығымыз бен шетсiз-шексiз астығымыздың арқасында аузымыз аққа жарыды.
Елбасының Алдымен – экономикалық, сосын – саяси реформа деген саясаты
экономикада өз жемiсiн бермей қойған жоқ. 15 жылда күйреген қазақ ауылы әлi
есiн жия алмай отырса да, халқының 40%-дан астамы кедейшiлiк деңгейiнде
өмiр сүрiп отырғанына қарамастан, бiздiң ел алдыңғы қатарлы экономикалық
өрлеу үстiндегi елдiң бiрiнен саналады. Кей ауылдардағы ауызсудың, электр
тогының жоқтығын еске алмағанда, Қазақстанның әл-ауқаты әлемдi тамсандырып
отыр.
Тәуелсiздiк атты ұлы арманның жетегiнде қаншама бабаларымыз, қаншама
ұлыларымыз от кешiп, оққа ұшты. Биылғы желтоқсанның 17-сiнде 20 жыл толғалы
отырған Желтоқсан көтерiлiсi қаһармандарының бұлқынысы да тәуелсiздiктi
аңсаудан туған едi. Бүгiнде әркiм әр саққа жүгiртiп жүрген Желтоқсан
көтерiлiсi – Тәуелсiздiкке бастаған баспалдақ болатын. Бұдан кейiн КСРО
елдерiнiң көбiнде бүлiк шықты. Олар ашықтан-ашық тәуелсiздiкке ұмтылды.
Бұның ақыры КСРО-ның құлауына әкеп соқты. Iшiнен iрiген iрi империяның
iргесiнiң сөгiлуiне қазақ жастарының наразылық шеруi мұрындық болды. Демек,
бұл тәуелсiздiк бiзге көктен түскен жоқ.
Алланың берген ырыздығы. Құдайдың көзiнiң түзулiгi. Iргемiздi бекiтiп,
Батыстың да, Шығыстың да, аюдың да, аждаһаның да тiлiн тауып, көп векторлық
саясат ұстанып отырмыз. Демек, сыртқы саясатта қол жеткiзген табысымыз
орасан. Қазақстан деген Орта Азиялық iрi мемлекеттiң қалыптасып келе
жатқанын әлем бүгiн түсiндi. Күлшелi бала сүйкiмдi дегендей, қара алтын
мен ақ алтыны бiрдей көз тартқан, уран өндiруден әлемдегi үш елдiң бiрiнен
саналатын, көмiрi мен газы атқақтап аққан Қазақстанға мұхиттың арғы бетi
мен бергi бетi бiрдей назар салуда.
Бiрақ, тәуелсiз елдiң осы уақытқа дейiн айналып өтiп келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Баспасөздегі діни идеология мәселелері
Абай саябағы
Қазақстанның саяси жүйесі институттарының тарихи-эволюциялық тарихы
«Ханафи мазхабы -ХХ ғасырдатарихи-рухани жолымыздың заңды жалғасы»
Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы
М.ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «РУХ» КОНЦЕПТІСІ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МОДЕЛІ
Қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндердегі цитация
Қазақстан мемлекетінің саяси дамуы
Пәндер