Тәуелсіздік жылдарында Түркістан
Тәуелсіздік жылдарында Түркістан түлеп, түрленді. Басқасын былай қойғанда,
қаламызда Елбасымыздың Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы
аясында бірнеше өндіріс орындары ашылды. Біразы салынып жатыр. Түркістанда
да индустриялды аймақ құрылды. Қазір аймақтың инфрақұрылымын қалыптастыру
жұмыстары жүргізілуде. Индустриялдық аймақ ыңғайлы жерде орналасқан. Мұнда
мемлекет есебінен теміржол тұйығы, автожол, электр қуаты, су құбыры секілді
өндіріске қажеттінің бәрі жасалады, жасалып жатыр. Кәсіпкерлікті дамытуға
барлық жағдайлар қарастырылған.
Енді аймақта өндіріс орындары көбейіп, олар халыққа жаңа жұмыс орындарын
ұсына бастауы қажет. Біз өндіріс орындарының бүгінгі күннің талабына сай
сапалы өнім өндіруін, олардың еліміз Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болған
кезде бәсекелестікке төтеп беретіндей болуын бір сәтке де ойдан
шығармағанымыз жөн. Көршілес мемлекеттердің, соның ішінде Қытай Халық
Республикасының арзанқол өнімдері әлемдік нарықта кәсіпкерлеріміздің өнім
өткізулеріне едәуір кедергі келтіретіні анық. Сондықтан, өңіріміздің
аграрлы аймақ екенін ескеруге тиіспіз. Тоғыз жолдың торабындамыз. Осы,
басқа да мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдалануға тиістіміз. Сауда логистикалық
мүмкіндіктеріміз зор. Халал өнімдерін өндіруге мән берсек, қаламыздың атына
сай өніміміздің брэндін қалыптастырар едік.
Түркістан аймағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолайлы.
Кәсіпкерлеріміз тек қана жергілікті нарықты қанағаттандыруды көздемеуі
керек. Еліміздегі басқа да өңірлерінің, қажет болса шет мемлекеттердің
сұраныстарына сай өнім шығаруды мақсат етсек ұтамыз. Орта және ірі
жобаларды қолға аламын деген кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы орган кез
келген уақытта қызмет көрсетуге әзір. Өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласы
еңбеккерлерінің табыс табуға мүмкіндіктері жоғары. Бұл сөзімді осы салада
қызмет істеп жүрген азаматтарымыз толық қуаттайды.
Қала аумағында егіншілікке қажетті су мәселесі бар. Бұл жасырын емес.
Алайда, су тапшы деп қол қусырып отыра беруге болмайды. Осы мақсатта бұған
дейін қолға алынған жобаларды жалғастыруымыз керек. Бұған қоса егіншілікке
қажетті су қорын молайту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында алдағы онжылдықтарда жер бетіндегі
су мәселесінің күрделілене түсетінін ескертті. Сондықтан уақыт оздырмай
егіншілікте суды үнемді пайдалануды қолға алуымыз керек. Ол үшін
пайдаланатын арнайы технологияларға қазір қол жетімді. Шаруашылықтарды
ірілендіру арқылы күш біріктіріп, саннан сапаға көшуіміз керек. Қазір
диқан тамшылатып суару технологиясы арқылы сапалы әрі мол өнім ала алады.
Оны тәжірибе көрсетті. Мысалы, қаламыздағы Тұран шаруа қожалығы осы
тамшылатып суару технологиясы бойынша жұмыс істеуде. Мол өнім жинаудың
тиімді жолын тапты. Енді басқа диқандар да қолда бар мүмкіндікті тиімді
пайдаланулары керек. Заман талабы осылай. Елбасымыз халыққа арнаған жыл
сайынғы Жолдауларында аграрлық саладан түсетін табыстың көлемін еселеп
арттыру керектігін айтудай-ақ айтып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіріп қана қоймай, оны қайта өңдеу секторын дамыту да негізгі басым
бағыттардың бірі болып табылады. Түркістан аймағы ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға қолайлы. Қаламызда ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдеп, нарыққа дайын тауар ұсынып отырған өндіріс орындары бар.
Бірақ санаулы ғана. Түркістан селолық тұтыну кооперативі мал өнімдерінен
шұжық, ысталған ет секілді өнімдерді шығарады. Фараб комбинаты мақта
өнімдерінен медициналық вата жасайды. Тұран шаруа қожалығында мақта майы
мен оның қалдықтарынан сусабын өндірілуде. Биыл Мұзды тау ЖШС іске
қосылды. Мұнда сүт өнімдерінен балмұздақ әзірленеді.
Аты шартарапқа тараған Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын,
рухани түлеуін, мәдени келбетін көпшілік өзге аймақтарға қарағанда өзгеше
бағалайды. Олай болатын да жөні бар. Шаһарымыздың атын асқақтатып тұрған
Қ.А.Ясауи бабамыздан бастап қазақ даласындағы хан батырларымыз, билеріміз
бен абыздарымыздың рухы кімнің де болса киелі топыраққа деген құштарлығын
арттыра түседі. Сондықтан біз бірінші кезекте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан
рухани, мәдени келбетімізді одан әрі ажарландыра түсуіміз керек деп
есептеймін. Сырт көз сыншы деген сөз рас. Жел тұрмаса шөптің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz