Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы


Мазмұны
Кіріспе . . . 2-5
І-бөлім. Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы. Қазақ
халқының дәстүрлі діни сенімі . . . 6
1. 1. Дін және мемлекет . . . 6-10
1. 2. Тәуелсіздікке дейінгі діни ахуал . . . 11-16
ІІ-бөлім. Қазақстанға дәстүрлі емес діни исламдық
бағыттардың келуі . . . 17
2. 1. Діни сенім және діни бірлестіктер туралы заң . . . 17-20
2. 2. Исламдық бағыттағы ағымдар . . . 21-29
2. 3. Исламдық емес бағыттағы ағымдар . . . 30-51
Қорытынды . . . 52-54
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе.
Зерттелу жұмысының өзектілігі: Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 18 жылдан асты, бірақта қазақ халқының діни мүддесі осы кезге дейін шешімін таппай келеді. Оған көз жеткізу үшін, осыдан он-он бес жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдарына жазылған материалдар мен бүгінгі ақпарат материалдарын салыстырып көрсек, бұған көзіміз әбден жетеді. Сол кезде көтерілген проблемалар жылма-жыл қайталануда, бірақта іс жүзінде өзгеріс шамалы. Осы проблемалардың ішінде көп айтылып, бірақта шындап қолға алынбай жүрген мәселе, ол қазақ халқының рухани мәдениетінің негізі - тілі, діні, салт-дәстүрі болса, осы құндылықтарымыздың әлі күнге дейін толық шешімін таппауы. Әрине бұл мәселелер тәуелсіздік алғаннан бері сөз жүзінде айтылудан кенде емес, бірақта іс жүзінде, яғни халқымыздың күнделікті өмірінде, олардың қолданыс деңгейі ешқандай сын көтермейді.
Адам - адам болып қалыптасу үшін діни иманы, ұлт - ұлт болып қалыптасуы үшін оның, тілі, салт-дәстүрі болуы керек. Алайда қазақ халқының бұл құндылықтары жыл өткен сайын әлсіреп, еліміздің болашағы жастарға қажет болмай барады. Бір жағадан бас - бір жеңінен қол шығарып осы проблеманы қолға алмасақ, келешекте қазақ халқы - рушыл, жүзшіл, ұлтшыл, космополит, нигилист болып бірнеше топқа бөлініп, біртұтас ұлт болудан қалу қаупі бар. Осыдан кейін неге біз тәуелсіздігімізді алғанан кейін осындай қалге түсіп отырмыз деген сұрақ туындайды.
Біздің бүгінгі күні мұндай жағдайға келуіміздің бірнеше объективті және субъективті себептері бар. Біз болсақ осы кезге дейін бұл проблеманың себептерін анықтап алмай, тек оның салдарын сөз етіп, сонымен күрескен болдық, сол себепті біздің әрекеттеріміз әр кез сәтсіздікке ұшырап отырды.
Қазақ халқы тәуелсіздік алғанға дейін-ақ әлеуметтік, мәдени, экономикалық жағынан қалалық және ауылдық болып екі топқа бөлініп кеткен болатын. Егерде ауылда тұратындар қазақтың мәдениетіне жақын ауылдың өмір салтымен өмір сүрсе, қалада тұратындар орыстың мәдениетіне жақын қаланың өмір салтымен өмір сүреді. Осындай объективті жағдайларға байланысты, қазақ халқы екі әлеуметтік топқа бөлініп, олардың ұлттық санасы мен менталитеті әр түрлі болып қалыптасты. Сол себепті ауыл тұрғындарында рулық-патрихалдық сана басым болса, қала тұрғындарында космополистік-нигилистік сана басым. Қазіргі біздің тәуелсіздік алғанымызға он алты жылдан асса да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғап, оның басын біріктіретін бір ортақ ұлттық идеология жасай алмай жүргеніміздің басты себебі сол. Оның үстіне қоғамымызда нарықтық экономиканың орнауына және жеке меншіктің заңдастырылуына байланысты қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт жоғарлап, керісінше ауыл тұрғындарының тұрмысы тым нашарлап кетті. Сол себепті ауыл мәдениетінің, яғни қазақ мәдениетінің қадірі кетіп, жастар қалаға жиналып, қала мәдениетіне ден қоя бастады. Қазіргі кезде ұлттық рухани мәдениеттеріміздің, былайша айтқанда - тіліміздің, дініміздің, салт-дәстүріміздің дамымай, күнен-күнге беделінің азайуының негізгі себебі осыдан.
Сонымен бірге мұның субъективті себептері де бар. Атап айтқанда ұлтымыздың саяси және рухани элитасы қалалық өмір салтымен, яғни орыс мәдениетімен тәрбиеленгендіктен, олардың көбі қазақ тілін білмей, яғни қазақ мәдениетін түсінбегендіктен оны сыйламай, ұлтымыздың космополит элементіне айналып барады. Осындай себептердің салдарынан қазіргі кезде қазақ халқы рухани дағдарысқа ұшырап отыр. Енді осы тығырықтан шығудан қандай жолдары бар және оған қалай қол жеткізуге болады?
Меніңше, оның бірден-бір дұрыс жолы, қазақ халқы өзінің тарихи қалыптасқан рухани мәдениетінің негізі - тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі қарай дамыту үшін олар жаңа өмір жолына түсулері керек. Себебі адамның ұлттық санасын, оның дүиетанымын, өмірге көзқарасын қалыптастыратын, адамның күнделікті тіршілігінің негізі болып саналатын, оның - өмір салты. Осы кезге дейін қазақ халқы негізінен ауылдың өмір салтымен өмір сүріп келеді, сондықтанда олардың дүнитанымы, менталитиеті, мәдениеті сол өздерінің өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасты. Оның үстіне қазақ халқы бодандықта болғандықтан, олардың басында еркіндігі болмай, метрополияның жүргізген саясатына бас иуге тура келді. Қазіргі кезде жағдай мүлде басқаша. Біріншіден, біз тәуелсіз елміз, өзіміздің мемлекетіміз бар, енді өмірімізді қалай өзгертеміз десек те өз еркімізде. Сондықтан да біз ешкімге қарайламай, қайткенде өмірімізді жақсартуға болатынын жақсылап ойланып, сонан кейін іс-әрекетке көшуімізге толық мүмкіншілігіміз бар. Екіншіден, қазақ халқының басым көпшілігі бұрын ауылдық жерде тұрып келсе, енді қалаға шоғырлана бастады. Сондықтанда бұрынғыдай орыс мәдениетіне еліктеп ассимиляцияға ұшырамай, қалалық өмір салтына бейімделген өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыруға тиіс. Үшіншіден, саяси, рухани, экономикалық биліктердегі ұлттық элитамызды қазақыландырып, оларды қазақтың ұлттық мүддесін қорғайтын, патриоттық сезімдегі ұлттық элитаға айналдыруымыз керек.
Енді уақыт оздырмай осы шараларды тез арада үкіметіміз болып, зиялы қауымымыз болып, бүкіл халық болып қолға алып, іс-әрекетке көшуге тиіспіз. Біз осы кезге дейін, қазақтың ұлттық мүддесін қозғасақ, басқа ұлттардың наразылығын тудырып, ұлт аралық татулыққа сызат түсіреміз деп, жалған қағиданың жетегінде болып келдік. Егерде шындыққа тура қарайтын болсақ бәрі керісінше болуға тиіс. Қазақстанның байырғы тұрғыны, әрі сан жағынан бүкіл Республика халқының үштен екісін құрап отырған қазақ халқының ұлттық мүддесі өз Отанында қорғалмаса, Қазақстанда еш уақытта тыныштық болуы мүмкін емес екенін уақыттың өзі көрсетіп берді. Осы соңғы он бес жылдың ішінде Қазақстанда қазақ мүддесінің қорғалмауы салдарынан бұл проблема ақпарат құралдарында тұрақты көтеріліп келді. Қазіргі жағдайда бұл проблеманың сөзден іске көшкенін көріп отырмыз. Оған дәлел, соңғы жылдарда түрлі ұлттық бағыттағы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы. Тіпті соңғы айларда бұл мәселе саяси сипат алып, ұлттық бағыттағы партиялар құрыла бастады. Егерде бұл проблемаға қазірден мән беріп, оны әділ шешуге күш салмасақ, ол бара-бара күрделеніп, ұлттық көлемдегі үлкен проблемаға айналуы мүмкін.
Зертеулер жұмысының деңгейі.
Қазақстандағы қазіргі ислам дінінің ахуалына талдау жасау, олардың даму және таралу бағыттарын анықтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігіне дау жоқ. Бұл тақырып жайында бұхаралық ақпарат құралдарына және интернеттерге сүйене отырып қарастырдым.
Зерттелу жұмысының мақсаты мен міндеті. Тәуелсіздік жылдардағы ислам бағыттары мен ерекшеліктеріне діни-философиялық сараптама жасау, оның қазіргі таңда жас ұрпаққа беретін пайдасын және ислам әлеміне қосатын үлесін анықтау, сонымен қатар оны тәрбие беру ісінде қолдануды мақсат ету.
Зерттелу жұмысының ғылыми жаналығы. Тәуелсіздікке дейінгі жәнене кейінгі діни ахуалдардың айырымашылықтарын және сол кездегі исламдық діни оқу орындарын талқыладым.
Зерттелу жұмысының құрылымы.
Жұмыстың құрлымына келетін болсақ жұмыс екі бөлімден, бес тараудан тұрады. Бірінші бөлім екі тараудан, екінші бөлім үш тараудан құралған. Соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен аяқталады.
І-бөлім. Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы. Қазақ халқының дәстүрлі діни сенімі.
1. 1. Дін және мемлекет
Бірақ біздің мемлекетіміз діни теократиялық емес зайырлы мемлкет. Ол: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Зайырлылық әртүрлі яғни, оның принципінің іске асурылу моделдері көп. Зайырлылық мемлекттің діндерге ұстанатын принципі мемлекеттің басты заңында азаматтарына діни сенім бостандығына заңды түрде кепілдк береді. Бұл деген мемлекет азаматтырдың діни сеніміне араласпайды. Азамат дінге сене ме, сенбей ме таңдау құқығына еркіндік береді.
Зайырлылық принципінің мәні мемлекеттің азаматтарына заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстану құқығына кепілдік береді. Мемлекет неге зайырлылық принципін ұстанады? Өйткені дін (сенім) адамның ішкі дүниесіне қатысты, ол- жүрекке орналасады. Сондықтан да мемлекеттің зайырлылық принципін ұстанатыны осында.
Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген: "Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. " Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан-2030" деген Қазақстан халқына жолдауында: "Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ, "-деген болатын. [1. 25]
Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған:
«3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, өлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардын қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік занды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жузеге асырынады. »
Он төртінші бапта былай жазылған: «2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, түрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. »
Он тоғызыншы бапта: «1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрестпеуге хақылы. »
Жиырмасыншы бапта: «3. Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет кауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықка бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. » [2. 54]
Мемлекеттің жоғары топтық сипаты имамдармен көмек көрсететіндігі анықталды. «Қазақстандағы исламның дамуы тура жолда. Жоғары топтық мемлекетте ислам рухани қызметтерді атқару қажет. Діннің саясатқа кірудің барлық тенденцияларын қиып өту қажет. Мысалы, «Ақ Орда» қозғалысының құрылуы - дінді өзінің саяси мақсаттарында қолдануы. Дәл осылай халифатты құру ойы. Осы адамдар билікке келгеннен бастап, олар жұмыс жасап жатқан барлық институттардың аттарын өзгертеді, бірақ іс жүзінде жүйе сол қалыпта қалады. Олардың басты мақсаты билікке жету».
«Халықта діни дәрежесі жоғары Қазақстанды жоғары таптық сипатта көргіміз келетін дәуір сондай. Бұған кедергі уммадағы шатастық, мұсылмандық мәдениеттің жоқтығы, діни білімді адамдардың аздығы болып табылады. әлемде ислам жайында ештеңе білмейді, ал. исламы мықты жоғары таптық мемлекет болады. Қазіргі таңдағы исламға қызығатын және үйренетін жас өспірімдердің саны өсуде».
Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық Конституциялық негіз жасалған. Бірақ, бүгінде 1992 жылы қабылдаған "Діни сенім бостаидығы және діни бірлестіктер туралы" занды 1995 жылғы кабылдаған соңғы Конституция негіздіріне сай етіп, қайта толықтыру мәсслесі басылым беттерінде талқыланып жатыр. [3. 74]
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықтан діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Маркеистік-лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрынғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды. Қазіргі Қазақстанда 46 конфесеия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы "Діни еснім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңмен реттелген. Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінінің қоғам өміріндегі орны ерекше.
Мұсылмандар діни басқармасының мәліметтерше қарағаңда қазіргі Қазақстанда 24 этностан тұратын 11 миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни бірлестігінің саны 1313. Қазір көптеген елді мекендерде мешіттер салынып олар өз міндеттеріне сай қызметтер атқаруда.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылдан бастап дербес қызмет атқара бастады. Бұған дейін Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандарының діни баскармасына бағынып келген. Осы уақыттан бастап Ислам дінін тарату ісі жетіле түсті. Елімізде жиырмадан аса медресе 1977 жылдан бері Алматыда Ислам институты діни мамандар даярлауда.
Діни басқарма тарапынан "Ислам әлемі" (1997 жылдан) деген атаумен 2000 жылға дейін көпшілік-бұқаралық журнал шығарылып, кейін ол журнал Ислам және өркениет" деп аталатын газет ретінде қайта жаңғырып көпшілік қауым игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар діни басқарма тағы да басқа бірқатар діни басылымдарды жарыққа шығаруда. Діни Басқарманы араб тілі мен әдебиетінің маманы, дінтанушы профессор, бас муфти Әбдісәттар Қажы Дербісәлі басқаруда.
Ислам діні Қазақстанда мемлекеттік дін болмағанынен жұртшылық арасында беделі зор. Сондықтан Қазақстандағы ислам дінінің жақтастары да дұшпандары да бар. Республикада Ислам дінінің өрістеуіне шет елдак мұсылман елдері ресми тұрғыдан ынта білдіруде. Олар мешіттер салуға, діни оқу орындарын ұйымдастыруга өз көмектерін білдіруде. Сонымен бірге Ислам дінінің атын жамылған өзге ниеттегілер де әрекеттер жасауда. Мұны дінді саясатқа айналдыру тәсілдері деп түсіну керек. Бұған дәлел ретінде Түркістан қаласының 1500 жылдық мерекесі үстінде қолға түскен «Хиз-бу - Тахрир» экетремистік ұиымының мүшелеріне қарсы Шымкент қаласында болған сот қорытындысын айтуға болады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері олардан мемлекет құрылысын күшпен құлатуга шақыратын үндеулер, діни әдебиеттер, сонынен қатар қару-жарақтар, есірткілер тапкан.
Бүгінгі күні егеменді Қазақстанда қандай дінге бомасын қатал тиым салу нәтижесіз екендігін өткен тарихымыздан білеміз. Тек ол діндердің мемлекеттің дамуына, ұлтық мәдениетке кедергі келтірмеуін қадалаған тиімдірек.
Саясаткерлердің және кейбір ислам лидерлерінің көзқарастары исламның мемлекетпен қарым - қатынасын бұзатынын айтады: «Ислам қоғамның руханилығына жауап беру қажет және саясатқа араласпау қажет. Бұған саясаткерлердің көз қарастары кедергі жасайды, барлық уақытта дін биліктің құралы болған».
Имамдар ҚР жоғары тапты билік түрінің өзгеру қаупін де түсінеді. «Ислам мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатысу қажет. Исламның қоғамдық өмірдегі орнына тек мұсылмандар ғана емес, Қазақстанның барлық халқы да мұқият қарау қажет. Исламның білімі және заңдары біздің мемлекетіміздің дамуына мықты әсер етуі мүмкін»; «Не қазір, не болашақта ислам мемлекеттің мақсаттарына байланысты әсер етпеу қажет. Мемлекет және ислам бірге болу қажет. Исламның бейбітшілік көз қарасы қоғамның рухани өмірінің негізі болу қажет және саясатқа араласпау қажет». Айтылған талқылауларда діни кеңестік мемлекеттің саясатына имамдардың сенімді көз қарасты анық көрінді: «Конфессиялап және мемлекет арасында ешқандай мәселелер болмайды. Менің ойымша, мемлекет осы бағытта дұрыс шығуы және дамуына жол бермеуде». [5. 39]
Кейбір талқылауларда имамдар Қазақстанның мемлекеттік рөлінде имам өмірін күшейтуге тырысады: «Мұсылмандар мемлекеттік өмірге әсер тигіссе, республиканың парламентінде және билігінде үлес қосса екен дейміз». Ал кейбір оппозициялық имамдарға халифат құру және саяси билікке исламның қарсы сөздерін айту ойы тууда. Түсініктеме және талқылаусыз осы мәселеге байланысты имамдардың екі сипатты ойларын немесе талқылауын келтірейін: «Цивилизацияның қазіргі таңдағы тарихи даму кезеңінде бірлік ислам мемлекетін құру қажеттігі туды. Ауқымды көлемде ислам заңдарын толық қолдану шарттарында ғылымның, экономика және барлық қоғамның дамуында мықты нәтижелерге қол жеткізер едік. Батыс мемлекеттері мұсылмандық шығыса моральды қатынастардың деңгейі өте жоғары екендігі жайында, кейбір Батыс мемлекеттерінде ресми түрде бір жынысты некелер сияқты адамдардың арасындағы байланыстарды табиғи жат жағдайлар жайында үн қатпайды және пайды және белгілі дәлел жай елемеуге тырысады.
1. 2. Тәуелсіздікке дейінгі діни ахуал
Қазан төңкерісінен кейін 20-ы жылдар соңына дейін Кеңес үкіметі дінге кеңшілікпен қарады. Сол себепті мешіттер мен медреселер өз жұмысын жалғастыра алды.
1920 жылы Орынборда мұсылмандардың тағы бір құрылтайы өтті.
1921 жылы республикада Ораза айт пен Құрбан айтты ресми мереке ретінде тойлау жайлы қаулы қабылданды. Орта Азия мен Кавказ республикаларының көпшілігінде жұма демалыс күні болып жарияланды. Бірақ бұл көпке созыла қойған жоқ. Кеңес үкіметі өзіне өзі келе бастаған соң көп ұзамай дінмен күреске кірісті. Мың жылдан бері ізгілік пен игілік дәнін сеуіп келген дініміз кертартпа деп насихатталды. Дінбасылары қуғынға ұшырады. Атылды, асылды, жер аударылды. Халық бірте-бірте рухани тірегінен айырыла бастады. Тіліне қысымшылық жасалды. Орыстандырылу жедел жүргізілді. Рухани жұтаңдық атқа мінді.
Осындай рухани ауыр халге ұшыраса да халқымыз дінінен безген жоқ. Қалалар мен кенттер, ауыл мешіттерінде жұма намаздары, Құрбан айт пен Ораза айт, кең көлемде болмаса да, өткізіліп тұрды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің Еділ бойына жақындап қалғанынан сескенген Сталин 1937-1938 жылдары өзі жазықсыз жапа шектірген Орта Азия мұсылмандарының ризалығына бөленбек оймен ислам дініне көңіл бөлуге кірісті. Сөйтіп 1943 жылы Ташкент қаласында Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан республикалары мұсылмандарының діни басқармасы құрылып төрағасы, Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмажидхан (1856-1957) сайланды.
В. Ленин атеизмнің теориясын одан әрі жалғастырды. Ол тек дінге ғана емес философияның идеалистік бағытына мейілінше қарсы шықты. Ленин шіркеуді мемлекеттен, мемлектті шіркеуді бөлу туралы Декретке 1918 жылдың 5 ақпанда қол қойды. Декрет бойынша дінді уағыздауға тыйым салынды. Бірақ атеиістік-материалистік көзқарасты дүниетанымға айналдырудың идеологиялық жолдары жасалды. Осы мақсатта жоғарғы оқу орындарында «Ғылыми атеизм» деп аталатын пән оқытыла басталды. Сөйтіп кеңестер одағы дүние жүзіндегі тұңғыш атеистік елге айналды. Атеизм мемлекеттік деңгейге көтерілді. [1, 13бет]
Діннің де, атеизмнің де тамыры адамзат тарихында өте тереңге кетеді. Олар бір-бірімен ғасырлар бойына ымыраласпас күрес жүргізіп келеді. Бұл тайталас әлі күнге біткен жоқ. Бірақ, ар-ождан бостандығын басты құндылықтардың бірі деп санайтын өркениеттер қоғамда бұл күрес ғылмыи пікір алмасу ауқымына қарай ойысып келеді. Дінге сене ме, атеист бола ма, қай конфессияға көңіл бұрады-әр адамның қалауы өзінде болуы тиіс. Бастысы- адамның берік дүниетанымы болуында және өз көзқарасын қорғай білуінде. Бұл ойды тарихшы В. О. Ключевский былай деп өте ұтымды жеткізе білген: «Әр ұрпақтың өз идеиалы болуы мүмкін, менің ұрпағымның өз идеиалы бар, сендердің идеиалдарың басқа, ал ешқандай идеиалсыз ұрпақтың халі өте аянышты».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz