ТИІМДІ АРАҚАТЫНАС ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ, ТЕРІС ӘСЕР БЕРЕТІН ҚОЛАЙСЫЗ БЕТАЛЫСТАР



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ТИІМДІ АРАҚАТЫНАС ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ,
ТЕРІС ӘСЕР БЕРЕТІН ҚОЛАЙСЫЗ БЕТАЛЫСТАР

ВЕРБАЛЬДЫ ЖӘНЕ ВЕРБАЛЬДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Адамдардың арақатынасы белгі (знак) жүйесі арқылы іске асырылып,
осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесуі болуы мүмкін. Арақатынастың
(коммуникадияның) екі түрі болады:
1) вербальды коммуникация; 2) вербальды емес коммуникация,
Бұлардың әрқайсысында өзіне тән знак жүйелері болады.
Вербальды коммуникация (сөз арқылы қатынасу)
Адамдар қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолданады, яғни табиғи
фонетикалық белгілер (тіл дыбыстары). Бұл - әмбебап коммуникативтік құрал,
ақпарат (информация) алмасу кезінде оның мағынасы өзгермейді. Сөз арқылы
мәлімет адамнан адамға үсынылып, қатынасушылар бір-біріне әрекет жасайды,
бағыт береді, өз ойын түсіндіруте тырысады. Егер қатынасуда сөзден басқа
белгі жүйелері (вербальды емес) қосымша қолданылса, коммуникацияның
мағынасы есе түседі.
Сөз арқылы наукасқа әсер ету - өте мағыналы ем құралы, себебі, бұл әмбебап
әдістік ауру адамға әсері жоғары және тиімді, ал дәрігер қолдануына ең бір
күрделі, қиын түсетін құрал. Бұл әдісті нәтижелі қолдану үшін дәрігерге
арнайы дайындық, ерекше адамгершілік қасиеттер және жоғары тәжірибе қажет.
Сондықтан, жоғары медициналық оқу орнында, дәрігерлерді даярлау кезінен
бастап, оған ерекше мән беру, студентгер арасында арнайы дайындық жүргізу
маңызды.
Вербальды қатынасуда белгілер жүйесі ретінде адамның сөйлей алу қабілеті
пайдаланылады, ол коммуникацияның негізгі бөлшегі болып табылды, себебі,
сөйлеу арқылы мәлімет берілгенде мән
-мағынасы барынша сақталады. Бұл жағдайда коммуникативтік үрдіске
катысушылардың барлығы да әңгіме желісін өз дәрежесінде бағалай білуі
керек.
Сөйлеу арқылы ақпаратты кодтау (жасыру) және декодтау (шешу) жүйесі
жүзеге асырылады: дәрігср сұхбат барысында ақпаратты декодтайды. Науқастың
айтылған маліметті қабылдағанын коммуникативті ролдер ауысқанда ғана
байқауға болады, яғни науқас коммуникаторға (өзара байланыстырушы) айналып,
қабылдаған мәліметті қалай түсінгені жөнінде баяндайды.
Сөз - ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде қолданылады.
Әрине, қарым-қатынас нәтижесін толығымен суреттеу үшін коммуликативтік
үрдістің құрамын білу жеткіліксіз, онымен қатар, сүхбаттың мақсатын,
міндетін жан-жақты түсіну маңызды орын алады. Сондықтан, сөйлеу барысындағы
белгілер жүйесіне аса көп назар аудару керек.
Дәрігердің қажетгі сөзді дүрыс қолдана білуі, науқасқа сөз арқылы нақтылы
және тиімді әсер етуі - өте күрделі, ерекше дайындықты кажет ететін және
тәжірибе арқылы қалыптасатын қасиет. Бұл
- дәрігердің жоғары мәдениетті, білімді, талантты және актерлік кейбір
қасиеттерінің болуын талап етеді. Дәрігер өзін сырттан, басқа адамның
(науқас) көзімен көріп, ести білуі қажет, аурудың реакцияеын ойымен және
жүрегімен сезініп, оның көңіл-күйін түсініп, өз сөздері арқылы әңгімені
дұрыс бағыттай алатындай болуы керек.
Сөз арқылы әрекет - вербальды коммуникацияда (қарым-қатынас) жатады. Мұнда,
қосымша вербальды емес әрекеттер де міндетті түрде колданылады. Оларға
жататындар:
• мимика (бет қимылы);
• жест (қол қимылдары);
• поза (денс калпы);
• көзқарасы;
• дауыс ерекшеліктері (тон, тембр).
Науқаспен қатынасу кезінде бұл құралдар тек кешенді (комплексті) түрде
қолданылады, себебі мұндай жағдайда оның әсері және тиімділігі өте жоғары
дәрежеде болады.
Науқаспен жанасуы, көріп зерттеуі, ем тағайындап, нұсқау беруі тек сөз
арқылы бейнеленіп, іске асырылуына байланысты дәрігердің науқасқа айтылатын
сөзіне ерекше талап қойылады.
Сөйлесу ұзақтығы.
Науқаспен сөйлесудін уақыт мерзімі мен көлемі көптеген жағдайларға
байланысты болып, ол әр науқасқа өз ерекшіліктеріне қарай шектеледі және
дәрігердің айтар сөзі қажетті мөлшерден аспауын талап етеді. Ол мөлшер -
аурудың жағдайына, мәдени дәрежесіне, мінез-құлқына байланысты болады.
Мысалы, белгілі көлемде жүргізілген әңгіме бір науқасқа жеткілікті болса,
екіншісі оны оте қысқа деп сезінеді, ал үшіншісі оны тым ұзақ, көпсөзді
деп үғынады. Сондықтан, дәрігер, әңгіме жүргізе келе, науқастың көңіл-күйін
сезініп оның реакциясын бақылайды, көп жане артық сөйлемеуін тырысады.
Әйтпесе бөлмеде (палатада) жатқан басқа аурулар үшін дәрігер сөзі
маныздылығын жояды. Әдетте, науқастар дәрігердің әрбір сөзін жоғары
бағалап, оның мағынасын түсінуге тырысады, көпке дейін ойында сақтайды. Осы
себепті, дәрігердің сөзі белгілі шекте, зілді және мағыналы, орынды болуы
шарт. Дәрігердің өз айтқан нұсқауын, ойын науқаспен талқылап, оған
түсіндіруі кажет емес, ол тек кейбір, ем шараларына күмәндік, сенімсіздік
білдірген ауруларға ғана қажет болады.
Дәрігер берген кеңес түсініктемелер қысқа, үғынықты, және орынды болуы
керек, артық сөйлеп, тыс мәлімет бермеген дұрыс. Дәрігердің сөзбен жанасуы
диалог түрінде, дәрігердің басқаруымен және бағыттауымен өтеді.
Сөздің психологиялық әсері.
Дәрігер мен науқастың сөз арқылы жанасуының нәтижесі дәрігердің көңіл-
күйіне науқасқа көрсеткен назары мен лебізіне, айтылған сөзінің
ерекшелігіне және дәрігердің әрбір сөзіне науқас-тың психологиялық оң не
кері әсерін тез арада бағалап, оған беретін жауабына, ойына байланысты.
Яғни, дәрігер сөз арқылы науқасқа психологиялық әсер беріп, оның жауабына
байланысты келесі ойын жеткізеді. Нәтижесінде, дәрігер әңгіменің барысын
белсенді түрде тез қолына алады. Сонымен қатар, дәрігердің сөз сөйлеу
монері, өз-өзіне сенімділігі, күш-құдыретті сөздерінің тиімділігі де өте
маңызды болады. Дәрігер науқасқа нұсқау бергенде, оны катаң түрде, санасына
жеткізе күмән тумайтындай, толық орындайтындай сөйлейді. Кейбір адамға
бұндай сөз мәнері ұнамайды. Сондықтан нәтиже де әкелмейді. Дәрігердің
бұйрық немесе директивті түрде диалог жүргізгені көбінесе тиімсіз келеді.
Дәрігердің айтылған сөзі, нұскауы іске асырылып, орындалуы үшін, оның
дауысы жайлы, ұнамды болуы керек. Науқасқа тез, асыға, қатал және жоғары
дауыста сөйлеуге болмайды. Дәрігерлік сөз мәнерін жоғары дәрежеде жүргізуі
- әр дәрігердің міндеті.
Дәрігер сөзінің керісінше (негативтік) әсері.
Дәрігердің қалыптан тыс, орынсыз айтылған сөздері науқасқа
исихологиялық зиян келтіріп, түрлі қарым-қатынас қайшылықтарына әкеп
соғады. Бұның салдарынан ятрогения — дәрігердің абайсыз айтқан сезінен
туатын невроз аурулары пайда болады. Ятрогениялардың көбі, жиі жағдайларда,
байқамай, абайсыз айтылған медицина қызметкерлерінің сөзі, ал ол оның шын
ойына негізделген емес екені мәлім. Олар әдетте, ойламаған жерден, аурудың
көзінше абайсыз айтылған сөзге байланысты болады. Сондықтан, дәрігер айтар
сөзін толық ойластырып, науқасқа тиісті мөлшерде ғана мәлімет беруі керек,
ал кейбір дерттерде диагнозын құпияда қалдырады (обыр, ауру асқынулары).
Лабораториялық зерттеулердің нәтижесін де науқастарға айтуға шектеу
қойылады, себебі олар тек мамандарға ғана арналған. Егерде, науқас, тікелей
сауал койып, зерттеулер қорытындысын білгісі келсе, оған шағын ғана және
онды мәлімет беріледі. Алайда, кейбір жағдайларда ятрогения дәрігердің
білгерлігінің темендігіне, міндетін немқүрайлы атқаруына және негативті
қатынас жасауына, жалпы мәдени дәрежесі, білімі жеткіліксіз болуына
байланысты дамиды. Ауру адаммен сұхбат жүргізе келе, аурухана бөлмесінде,
әр қатынасу кезінде, абайсыз айтылған сөздің керісінше теріс әсер
тигізетінін, дәрігер әрқашан да ойынан шығармауы керек. Халықта айтылатын
мәтел: Сөз емдейді де, сөз жаралайды да.
Дәрігердіц жалған сөзі.
Дерті жөнінде науқасқа мәлімет бергенде дәрігердің оған шындықты толық
айтуы қажет пе, жоқ жартылай ғана хабарлауы керек пе, әлде жалған түрде
жауап бергені дұрыс па - бұл ежелгі медициналық проблема. Әрине, дәрігер
өзінің әр сөзін бағалап, салмақтап, жалған айтпай, тек шынайы сөйлеуі
керек. Алайда, кейбір жағдайларда, дәрігер ауырған адамға шынайы мәлімет
бере алмайды, оны жұбатып, жалған ақпарат беруге мәжбүр болады, мысалы, рак
(обыр) ауруында. Науқастың жағдайы ете ауыр, хал үстінде болса, дәрігер бұл
жайында науқасқа айтпағаны жөн.
Науқасқа сөгіс апту, ескерту жасау.
Науқас ауруханада емделу тәртібін және режимді бұзуына байланысты оған
сөгіс айтылады, ескерту жасалады. Мұндай жағдай

барысында, дәрігер сөз арқылы араласумен қатар, қосымша келесі вербальды
емес әдістерді де қолданады:
• қатынасушының мимикаеын зертгеу;
• дене қалпын (аоза) зерттеу;
• қас-қабағын көзқарасын зерттеу;
• қол қимылдарын (жестикуляция) зерттеу;
• дауыс ерекшеліктерін (артикуляция) анықтау.
Оптико-кинетикалық жуйелі знактарға жест, мимика, пантомимика
құралдары жатады. Бұлар - дене мүшелерінің моторикасын (қимылдарын адамның
әмодионалдық реакцияларын сипаттайды, қатынасудың әсерін жоғарылатады.
Пантомимика дегеніміз - адам денесінің қимылы, мимика - бет қимылы,
жестикуляция - кол қимылдары. Вокаядың (дауыстың) құралға - адамның
дауысының тембрі, диапазоны, тоны жатады. Сонымен катар, сөйлесу кезінде
пауза сақтауы, жөтелуі, күлуі, жылауы және сөздердің ритмі мен темпі
колданылады.
Сонымен, вербальды емес коммуникация, қатынасуда қосымша роль аткарып,
вербальды коммуникацияның нәтижесін жоғарылатып адамнын ой-пиғылын сезінуге
ықпал жасайды. Вербальды емес коммуникация, қатынасушыларға информациямен
алмасуға әсер етіп, бірлесіп әрекет жасауға мүмкіншілік береді.
Сөзбен катар, вербальды емес тәсілдерді колдана білу, дәрігердің
коммуникативтік білгерлігінің дәрежесін жоғары деңгейге жеткізіп,
шеберлігін шыңдап, сомдайды.
Сырқаттанып, ем іздеп келген адам ерекше ссзімтал болуына байланысты,
медициналық мекемеде оған ерекше жағдай жасатып, оның бәрі жәрдем беруге,
науқастың касіретін жеңілдетуге арналғанына, бағытталғанына науқастың көзі
жетуі керек. Яғни, емделу регистратурадан (тіркеу кабинет) және қабылдау
бөлімшесінен басталады. Науқаспен алғашқысында жанасатын мейірбике және
кіші мейірбике өздерінің сезімталдығын, кайырымдылығын, іскерлігін және
жәрдем беруге даярлығын көрсетіп, дәрігердің кабылдауының алдында, наукасқа
жайлы жағдай жасай білгендері маңызды.
Сонымен катар, дәрігер белмесінің жиһазы қарапайым, ішінде тазалық,
тыныштық сақталып, бөтен ауруханалық иістер болмағаны дұрыс. Дәрігер
тарапынан кайырымдылық жасауға даярлық жағдай тудырылса, науқастың алғашқы
келгенінде байқалатын ұяңдығы, қорқыныш сезімі, психологиялық барьерлер
жойылады, дәрігерге сенімділігі арта түседі. Мұнда дәрігердің көңіл-күйі
ашық екенін, науқастың қасіретін тындауға, жәрдемдесуге даярлығын сезіп,
түсінген ауру оған сенімділік білдіріп, дұрыс қатынасады. Осы себептен,
дәрігер өзінің жеке басының уайым-ойларын ұмытып, барлық ынта-назарын
ауруға толық көшірсе, науқастың армандаған үміті мен сенімі арта түсіп,
карым-қатынасы ойдағыдай өтеді.
Керісінше, дәрігер асығыс екендігін сездірсе, сағатқа қарай отырып,
бірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Сұраным мен ұсыным заңы
Демографиялық саясаттың тарихы
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс
Еңбекақының мәні мен қағидалары
Ота жасау бөлімшесінде инфекциялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау шараларын сақтаудағы мейіргердің рөлі
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Пәндер