Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Лекция №1

Лекция тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі

Жоспары :

  1. Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы пәні және курстың міндеттері.
  2. Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі.

Лекцияның мақсаты:

Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы пәнінің мақсаты мен міндеттерін, оның зерттелу тарихынан жан-жақты мағлұмат беру.

Мектепке дейінгі тәрбие мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі тіл дамыту теориясы мен әдістемесі курсы болып табылады. Оның жоғарғы оқу орындарында басты мақсат студенттерге ана тілінің лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру және балалармен ұйымдастырылатын жұмысты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау. Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, шынайы педогогикалық ситуацияны дұрыс бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануы қалыптасады.

Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, комунакативтік (байланыс, қатынас құралы ретінде) және экспрессивтік (әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні балалардыауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысана етіп ұстанады.

Тілге берілетін анықтамалардың негізгісі - тілдің коммуникативтік қызметі мен экспрессивтік қызметі бойынша берілген нұсқасы. Коммуникативтік қызметі жағынан алғанда «Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы. » Ал экспрессивтік қызметі жағынан алғанда, «Тіл-ойдың тікелей шындығы . . . практикалық шын сана», ойды қалыптастырып жарыққа шығарушы құрал. Тілдің бұл екі функциясы айрылмастық бірлікте, бірінсіз бірі жоқ.

Тілдің қатынас құралы болу қызметі коммунакативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады.

Оқушылардың тілін байыту, олардың өз ойын дұрыс, жүйелі айта білу мен жазбаша сауатты және мәдениетті болуы туралы пікірлер ертеден-ақ қолға алына бастады.

Қазақ мектептерінде оқушылардың тілін ауызша да, жазбаша да дамыту туралы тұңғыш пікір айтып, іске асыра бастаған Ы. Алтынсарин болды. Ол 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін арнайы жеті жылдық мектеп ашып (ол төрт кластық мектеп деп аталған), оның оқу жоспарын қазақ-татар тілін оқыту арнаулы ендірілген. Осы оқу жоспары мен «Ережеде» төртінші класта «Екі тілде жеңіл шығармалар жазуға жаттығу күрделі іс қағаздарын жүргізу . . . олардың көшірмелер жасауға үйрету» деп міндеттеді.

Сондай-ақ оқыту бағдарламасында: « Қазақ және татар тілдері: а) Бірінші класта оқи жаза білуге үйрету, біраздан кейін жаттықтыру (машықтандыру) жұмысын жүргізу, қазақ сөздерін мүмкіндігінше мол жатқа білгізу, сөйлем құрамын үйрету. б) Екінші класта қазақ тілі грамматикасын оқыту, сөйлемдерді морфологиялық және синтаксистік жағынан талдау жасау үйрету. в) Үшінші класта анық түсінікті, белгілі мазмұндама сөйлем құрауға үйрету (ауызша және жазбаша) . . . »-деп берілген.

Осы бағдарламаға сәйкес, балалардың тілін дамыту үшін Ы. Алтынсарин оқулық жазып, хрестоматиялар құрастырды. Ол мектепке тартылған балалардың жас ерекшілігі мен біліміне сәйкес сауатын ашып, ойын, тілін дамыту мақсатын қойды.

Қазақ тілін оқыту мәселелерін жүйелеп шешуге еңбек еткен А. Байтұрсынов болды. Ол өзінің саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның жоғары бағаланып, ағартушылық бағыт әбден қалыптасқан кезде бастады. А. Байтұрсынов ауыл мектептерінде, семинарларда халыққа білім беру, оны жетілдіру саласында көп ізденді, көптеген мақалалар, еңбектер жазды. «Әліп-би», «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», атты кітаптар, қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқытудың әдістемесі туралы көптеген мақалалар жазды. Ол тіл, сөз өнері туралы білімді бір жүйеге келтірді.

Тек тіл дамыту, тіл ұстарту мәселелері 1940-50 жылдары қайта көтеріле бастады.

М. Жұмабаев мектепте оқыту тек ғылым негіздерін үйрету мен тәрбие беру ғана емес, ол баланың ойын, тілін дамыту мақсатын көздейтіндігін ашып айтып: «баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын мектеп»-деп жазды.

С. Жиенбаев оқытудың әдіс-тәсіліне назар аударып: «Тегі, әдіс қолданудың өзі фактіні шатастырмай, дұрыс оқыту үшін керек. Мәселен, айқын түсінікті болып жатса, әдіс ізденудің де пәлендей қажеті болмайды. Тексеріп отырған құбылыстарды бала айқын ұға алмай, шатастырып жатса, сонда ғана әдіс іздейміз» - деп, оқушының тілін дамытуда әдіс-тәсілдерді сұрыптап қолдау көрсетті.

Т. Бегалиев өзінің еңбегінде «Тіл дамытуға» арнаулы бөлім арнап, онда бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудағы жаттығу, диктант, мазмұндамаларды жүргізудің жолдарына тоқталады. Сондықтан ол тіл дамытуды грамматикалық материалдармен байланыстыра жүргізуді құптап: «Грамматикалық тақырыптар өтілгенде, оқушылар әрбір грамматикалық формаға өз беттерімен сөйлемдер құрастырады, көркем әдебиеттерден мысалдар іздеп табады. Егер осы сөйлемдер жазылып, ондағы сөздердің қалай жазылуы талдатылып, түсіндіріле бара, егер тиісті грамматикалық формалар емле жөнінен арнаулы жатқызылса, тіл дамыту мен емле жұмысын байланыстыру болып шығады» - деген еді.

Сондай-ақ бұл жылдары қазақ тілі грамматикасын оқыту арқылы тіл ұстарту мәселелері зерттеле бастады. Оқушының тілін дамытуды Қазақстанда педагогика ғылымының шын мәніндегі өркендеуі отызыншы жылдарда басталды. Осы кезде педагогиканың теориясынан қазақ тілінде жазылған алғашқы төл шығармалар жарық көрді. Осы кезде С. Қожахметов жалпы педагогика мен педагогика тарихы жөніндегі күрделі мәселелерге көңіл бөлді.

Тіл дамыту жұмыстары деп баланың тілді қарым-қатынас құралы ретінде өз тәжірибесінде пайдалана білуге үйретуге бағытталған жалпы іс-әрекет деп ұғынамыз да, ал тіл ұстарту деп белгілі бір тілдік заңдылықтар мен ережелердің немесе лингвистикалық, стилистикалық сөз өнері теорисының өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету жұмыстары деп түсінеміз. Сондықтан тіл дамыту кешені мынадай жүйе мен салалардан тұрады:

  • сөздік қорын молайту, сөздік жұмысы ;
  • тілдің грамматикалық құрылысын игеріп, оны өз практикасында қолдана білуге баулу;
  • стиль, стилистикалық ұғым мен дағды беру, стилистикалық тілдік құралдарды үйрету;
  • тіл синонимдерімен жұмыс;
  • тілдің көркемдегіш және бейнелегіш құралдарын үйрету;
  • сөйлеу, айту дағдыларын жетілдіру;
  • жазбаша тілін дамыту;
  • әдеби тіл нормасынан мәлімет беру;
  • тіл мәдениетін қалыптастыру;
  • тіл ұстарту.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
  2. Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
  3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
  4. Сүлейменова Э. Д. т. б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
  5. Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мамандарын даярлау жүйесіндегі «Балабақшада балалардың тілін дамыту әдістемесі» курсының орны.
  2. Тіл дамыту әдістемесі курсын оқытудың негізгі міндеттері.
  3. «Сөйлеуді қалыптастыру» және «Тіл дамыту» ұғымдарының мазмұны.
  4. Сөйлеу қызметі.
  5. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері.

Лекция № 2

Лекция тақырыбы: Тіл ұстартудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі.

Жоспары:

  1. Тіл ұстару жұмыстары жайлы тілшілердің пікірлері.
  2. Балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарының мақсаттары.

Лекция мақсаты:

Студенттерге тіл ұстартудың мақсаты және мазмұны мен жүйесін, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарының мақсаттарын меңгерту.

«Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің нақты, сараптап үйретілерге керек», -деп, А. Байтұрсынов көрсеткендей, ана тілді үйретуді жолға қою 1-сыныптан басталады.

Балаларды мектепке оқыту мақсаттарының бірі - олардың тілін дамыту жұмысы екенін чех педагогі Я. А. Коменский: «Образование должно» обрабатывать ум для мудрости, язык для красноречия, руки дл исполнения необходимых действий - деп сипаттаған болатын.

Ресейде тіл ұстарту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттігі жөнінде әдістемелік нұсқаулар беріп, балаларды өз ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңызын көрсеткен оқымысты Ф. И Буслаев көрінеді.

Ал оқушылардың тіл ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский.

К. Д. Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды. Ол жаттығулардың сатылары мынадай: 1) бақыланған заттарды атау; 2) іс мақалаларын мазмұндау; 3) заттарды салыстыру; 4) сипаттау; 5) болған оқиға жөнінде әңгіме құру.

Педагог-ғалым логикалық ойлаудың жай түрлерінен бірте-бірте күрделісіне, жай сипаттаудан баспалдақтай отырып, хабарлауға көшу дұрыс екенін айта келіп: «Самое полное знакомство с богатсвами народной словесности и самое глубокое знание грамматики, хотя могут обогатить ум учащегося, но не разовых в нем дар слова, если эта душевная сила в свое время была лишена достаточных упражнений», -дейді де, тіл ұстарту жұмысы жөніндегі жаттығулардың мынадай болу керектігін көрсетеді:

  1. Белгілі тақырыпқа әңгіме құру, оны алғашқы сабақтарда-ақ жүргізіп, бірте-бірте кеңейте беру керек.
  2. Тіл ұстарту жаттығулары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жаңа жаттығу өткен жаттығумен тығыз байланысып, сол жаттығуға негізделіп, балаларды бірте-бірте ілгері ұмтылуға жетектей беруі қажет.
  3. Балалар аз-аздан үйренсін, бірақ білгендерінен айырылмай, қайта оны тақырыпты меңгеріп алуға пайдаланатын болсын.
  4. Балалардың тілі дамыған сайын, мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз беттерімен орындалсын. Алғашқы жаттығуларда мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын.
  5. Жаттығулар балалардың ойын дамытатындай болуға тиіс. Балалар сөздер мен сөйлемдерді тұрған қалпымен жаттамай, оқығандарының ішінен негізгі ой қазығын таба алатындай болсын.

Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұңғыш рет жеткізген адам қазақ халқының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин болды.

Ыбырай қазақ тілінде ең алғаш оқу кітабын жасады. Бұл кітапты Ыбырай тілді шұбарлаған араб, парсы сөздерінен құтылу мақсатында орыс алфавитімен жазды. Орыс алфавитін қолданумен байланысты қазақ тілі орынсыз кірген араб, шағатай сөздерінен тазартады. Орыс әрпімен жазғанымызда, сөзіміз дұрыс жазылатын болады. Қазір молдалар оқытып жүрген араб, парсы, татар тілінде шыққан діни кітаптар бізді кері кетіреді. Таза ойымызды кірлетеді, басымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбарлайды», -деді ол өз кітабында.

Сонымен тіл дамыту деп - балалардың сөздік қорын байтуға, мағынасын түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша, жазбаша дұрыс білдіруге, яғни «нәрсенің жайын-күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге» үйрету жұмысын айтамыз.

Бастауыш мектепте оқытылатын тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:

  1. Оқушылардың бақылағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, нақтылап, салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.
  2. Оқушы бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар қалыптастыру.
  3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге баулу.
  4. Қазақ тіл ғылымы табысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып, ұсыну.

Бастауыш мектепте ана тілін оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады: 1) сауат ашу, тіл дамыту; 2) оқу, тіл дамыту; 3( грамматика, емле, тіл дамыту.

Оқушылардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі.

Тіл дамыту мына сияқты бағыттарды қамтуы қажет:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда: а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету; б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс; в) антонимдермен жұмыс; г) көп мағыналы сөздермен жұмыс; д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс; е) мақал-мәтел, жаңылпаштарды үйрету; ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру мәселелері қамтылады.
  2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс жүргізу.
  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мұнда балалар оқығандар мен көргендерінің, естігендерінің мазмұнын жүйелі түрде ауызша айтып, жазбаша баяндауға үйренеді, сондай-ақ ұсынылған тақырыптар бойынша материалдар жинап, жүйелеп, өз жандарынан ауызша, жазбаша әңгіме құрастыруға үйренеді.

Осы бағыттарды әрбір сабақта өтілетін тақырыптарға орай, жеке-жеке де, бір-бірімен байланыстыра да жүргізіп, мұғалімнің жұмыс жоспарының бір бөлігіне айналдыру - тіл дамыту жұмысының дұрыс іске асуының кепілі бола алады.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Жапбаров А. Мектеп оқушыларының тілін дамыту әдістемесі. Алматы, 1997.
  2. Ысқақов Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. Алматы, 1997.
  3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. Алматы, 1978.
  4. Сүлейменова Э. Д. т. б. Тіл ұстарту. Алматы, 1996.
  5. Жапбаров А. Оқушылардың ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2002.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шетелдік педагогикадағы балалардың тілін дамыту.
  2. А. Коменский мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту принципі.
  3. И. Г. Пестолоции еңбектеріндегі ана тіліне үйрету әдістемесі.
  4. Ф. Фребель мен М. Мантессори жүйесіндегі тіл дамыту әдістері.
  5. Ресейдегі әдістеменің дамуы.
  6. 30-40 жылдардағы балалардың тілін дамыту бағдарламасын жасау тәжірибелері.
  7. Тіл дамыту бойынша теориялық зерттеулер және оның әдістеме үшін маңызы.
  8. Қазақстандағы әдістеменің дамуы.

Лекция №3

Лекция тақырыбы: Тіл дамытудың психологиялық негіздері.

Жоспары:

  1. Сөйлеу процесі мен психологияның байланысы.
  2. Сөйлеу әрекеті теориясын қазақ тілі оқыту әдістемесіндегі тіл дамыту

бағытында қарастыру.

Лекция мақсаты:

Студенттерге тіл дамытудың психологиялық негіздері: сөйлеу процесі мен психологияның байланысын, сөйлеу әрекеті теориясын қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі тіл дамыту бағытында қарастыру жайынан мағлұмат беру.

Психология - психика туралы ілім. Психологияның мақсаты - адамдардың психикалық әрекеттерінің объективті заңдарын, адамның ой-санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптаып, даму жолдарын айқындау. Ал, психикалық құбылыстарға сезім, қабылдау, түйсіну, ойлау, байымдау, қиялдай сияқтылар жатады. Бұлардың барлығы да мидың жемісі мен және барлығы да сөйлеу процесімен тығыз байланысты. Сондықтан ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы жөніндегі мәселе психологиялық зерттеулерге де көрнекті орын алады. Бұл салада психологияның ерекше мән беретін мәселесі - сөйлеу процесінің қалай іске асатындығы, сөйлеудің түрлері, оның адам психикасымен байланысты сөйлеу процесіндегі мидың қызметі т. б. Бұлар тіл білімі үшін де маңызды. Осы мәселелерді шешуде пихология тіл біліміне, тіл білімі психологияға қол ұшын беріп екі жақты байланысқа, қарым-қатынасқа келеді. Ал оқыту, үйрету тіл білімінің теориясыныз мүмкін емес. Олай болса, әдістеме ғылымы да психологиямен байланысты болмақ.

Сөйлеу, сөйлеу процесін, сөйлегенді қабылдау, түсіну жағдайларын психологиялық қатынасынсыз шешу мүмкін емес. Өйткені тілдік жүйе адам санасында сақталады. Сонда сақталатын зат пен оның атауының байланысы біртектес көп заттарды жинақты бір ғана атаумен атауды басшылыққа алатын олардың барлығына ортақ ең елеулі, басты белгісін айқындау әрекеттері - психологиялық әрекеттер, сөз мағынасындағы алуан түрлі құбылыстар, сөздердің келтірінді мағыналарының қолданылуы т. б. психологияның ғылымына негізделеді.

Адамдардың бір бірімен пікір алысатын, қатынас құралы ретінде тіл психологтардың назарын аударып келеді. Психология ғылымы пікірлесудің қандай түрі болса да сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отыратынын пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жағдайларына қарай сөйлеу әрекеті әр түрлі болып келетіндігін айқындайды.

Психология ғылымы баланың санасын әрекет арқылы дамитындығы туралы теорияны ұсынады да, практикалық әрекет негізінде оның ойы да, тілі де дамиды деп көрсетеді.

Мұндай теориялық негізді дүние жүзінде психология ғылымында ең алғаш Л. С. Выготский ұсынған болатын. Ал оны одан әрі дамытуға А. Н. Леонтьев, Л. С. Рубейнштейн, А. Р. Луре, Л. И. Божовиа, А. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин т. б. өз үлестерін қосты.

Оқытудың бұл әдісі туралы: «Іс әрекет әдісі білімді игеруге дұрыс бағыт беріп қана қоймайды, ойлаудың тәсілдері мен үлгілеріне және іс әрекетіне, баланың шығармашылық күш-қайраты мен таным күшінің дамуына да бағыт сілтеп, игеру жолдарын да анықтайды» (82, 17) .

Тілді іс-әрекет ретінде, түсіну оқытудың міндеттеріне жақындастырады. Сондықтан жалпы іс-әрекет теориясының негізгі заңдылықтарын жеке тіл жұмсау немесе сөйлеу әрекеті бойынша да қарастырылады. Іс-әрекет теориясының негізгі заңдылықтарын жеке тіл жұмсау немесе сөйлеу әрекеті бойынша да қарастырылады. Іс-әрекет теориясының негізгі ұғымдары - іс-әрекет (деятельность), әрекеттану (действия) деп анықталады. (71, 9) .

Іс-әрекет деп материалистік-дилектикалық ұғымда адамның қоршаған ортамен белсенді мақсат көздеген өзара әрекеті деп түсіндіріледі. Бұл өзара әсер, әрекет «қажеттіліктен» келіп шығады. Сонда да болса, қажеттілік әркеттің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай бағыттағанын, затын анықтайды.

Әрекеттің заты дегеніміз әрекеттің негізгі ұғымдары бола отырып, сол әрекеттің түрлерін атап, анықтайды. Мысалы, педагогикалық конструкторлық әрекет т. б.

Барлық әрекеттің жүйесі болады. сондықтан іс-әрекет ұғымымен мотив ұғымының, әрекеттану ұғымы мен мақсат ұғымының өзара байланысы бар. Ал сөйлеу әрекетінің қарым-қатынас қызметіндегі мотивпен байланысты болмақ.

Қатынас жасаудың жағдайына байланысты жобалау дегеніміз - бұл өзінің қарым-қатынастағы әрекетіндегі әңгімелесудің ролін, орны мен әңгімелесудің ерекшелігіне байланысты түрін анықтау болып табылады. Мұнда әрекеттің жалпы мотивін ескере отырып сөйлеу әрекетінің мақсатын нақтылау мен сөйлеудің түрлерін қолдану мәселесі шешіледі. Бұл дегеніміз қарым-қатынас жасаудың орнын, айтылатын мәселесінің бағдар, мазмұнын анықтау болып табылады. Мысалы, қарым-қатынас жасау қайда жүргізіледі, кімдермен, жеке ме, әлде көп кісілермен бе, бір жақты ма, жоқ екі жақты ма, ауызша ма, жазбаша ма, монолог я диалог түрінде ме, ресми ме, жоқ ресми еме пе деген мәселелерді анықтау барысында ойланады. Нақтырақ айтқанда, қарым-қатынас жасаудың мнін, ерекшелігін, мазмұнын ойластырады.

Сөйлеу әрекеттенуінің екінші сатысы - жоспарлау. Мұнда сөйлеу мазмұнын таңдау, сөйлеудің бағдарламасы түзіледі. Бұл жерде негізгі рольді сөйлеудің заты атқармақ. Олар: тақырыбы мен сөйлеудің негізгі ойын анықтау болып табылады. Сондай-ақ бұл кезеңде сөйлеу мазмұнына лайықты стилі, түрі, формалары бөліп көрсетіледі.

Психологтардың зерттеулері анықтағандай (54, 17-24) бағдарлама іштей сөйлеуде түзіледі. Сондай-ақ олар «заттық бейнелеу күйі» мен «ой ұйытқыс» және «образды ой» түрінде көрінеді. Бұл кезеңде ой әлі де болса мүшеленбейді, әлі ол сөз тәртібінде айтылуға даяр емес.

Атап айтқанда, бұл кезеңде оқушы нені айту керектігін, яғни тақырыппен айтпақшы мәселесінің негізгі, ой, пікірін қарастырады. Сонымен бірге мазмұнды таңдай отырып, оған байланысты сөздің стилін, түрлерін және қай формада жеткізуді ойластырады.

Бұл кезеңдегі тек кімге не айту қажеттігі анықтағанымен, ол әлі сөз, сөйлемге бөлінбейтіндігін зерттеуші психологтар дәлелдеп жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі және оны эксперимент арқылы тексеру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Жалпы білім беру пәндер циклы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Мәтіннің байланыстылығы
Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту жолдары және Әдіс- тәсілдері
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz