Үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, сәннің соңғы бағытына сәйкес болуын қадағалаған жөн



Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, сәннің соңғы бағытына сәйкес
болуын қадағалаған жөн. Казіргі заманғы киімдер көп қырлы, киюге ыңғайлы
және қолай-лы. Алайда тігін бұйымы өмір ағымына сай, яғни қандай болғанда
негізгі талаптарға сай да болуы керек. Олар:
- гигиеналық жағынан — әдемі, сәнді;
- пайдалану жағынан — төзімді, ұзақ киілетін;
- экономикалық жағынан — бағасының қымбат болмауы.
Осының барлығына қарамастан киімге қойылатын талаптың ең біріншісі
оның сәнді болуы, яғни ыңғайлы ұзындықта, салалы матадан, лайықты түсте,
сәнді нақышта т.б. тігілуі тиіс.
Сән (мода) — француздың mode, ол өзіне дейінгі латынша modus сөзінен
шыққан, ол өлшем, бейне, тәсіл деген мағынаны білдіреді. Сән ұғымының әр
түрлі анықтамасы бар. Белгілі орыс жазушысы В.Дальдің айтуынша сән
дегеніміз — "күнделікті тұрмыста, қоғамда, киім кию үлгісінде болатын
өзгермелі, уақытша бір күй, бап таңдау". Мынадай да анықтама кездеседі: сән
дегеніміз — бұл белгілі бір уақыт аралығында барынша танымал болған және
көпшілік мойындаған ең үлкен таралым. Бұйымның қаншалықты сәнді екенін
анықтауға немесе сәнді бұйымды таңдауға арналған көптеген сән журнал-дары
бар. Олардың ішінде кең тарағандары: "Маусым сәндері" ("Модели сезона"),
"Boutigue", "Burda". Бұл журналдардың бәрінде пішім үлгілері жинақталган
қосымшалары бар.
Әрбір үлгінің өз нөмірі болады, қосымшадағы осы нөмірдің астында оны
дайындау жөніндегі нұсқаулар жазылады. Одан үлгінің суретін, материалдық
шығынды, қосымша парақты, тішімдердің кішірейтілген сызбасын, жайылманың
жоспарын, түсініктеме мәтінді табуға болады.
Үлгінің суреті — онда барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.
Материалдық шығын — мұнда үлгіні дайындауға қажетті барлық
материалдық шығындар жайлы мәліметтер беріледі.
Қосымша парақ — пішім беттері; контурлы сызықтар әр түрлі журналдарда
әрқалай белгіленеді. Мысалы "Маусым үлгілері" ("Модели сезона") журналда ол
I, II, Ш, IV секілді рим цифрларымен белгіленсе, "Bontigue" және "Burda"
журналдарында А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді.
Пішімдердің кішірейтілген сызбасы — пішімнің беттерінен нені көшіріп
алу жайлы түсінік береді. Кішірейтілген сызбаның бөліктері пішімнің
беттеріндегі түпнұсқамен толық сәйкес келеді. Әрбір бөліктің өзіндік нөмірі
болады, онда сызықтар жүргізіліп, цифрлар мен шартты белгілер салынады.
Жайылма жоспары — қағаздағы пішім бөліктерінің матада орналасуының
барынша тиімді тәсілдерін көрсетеді. Мұндайда мата беткі жағы ішіне
қаратылып қос қабатталып бүктеледі. Матаның бүктемесі бүктеме (сгиб) деп,
ал матаның бойлық шеті кенере (кромка) деп таңбаланады.
Түсініктеме мәтін — онда үлгінің аталуы, өлшемі, ұсынылатын матаның
шығыны, бөліктердің тізімі және тігу ерекшеліктерінщ қысқаша сипаттамасы
беріледі.
Пішімді көпшіріп алу үшін мынадай құралдар қажет: сантиметрлік таспа,
калька, карындаш немесе қалам, сызғыш, қайшы, түйрегіштер.
Пішімді көшіріп алудан бұрын әркім берілген кесте бойынша өзінің
өлшемін алуы қажет. Ол үшін мынадай тәртіппен әрбір жеке өлшемдерді біліп
алу керек:
1) кеуде орамы — сантиметрлік таспамен кеуденің ең шығыңқы тұсынан
айналдыра орап алғандағы өлшем;
2) бел орамы — белді айналдыра орап алғандағы өлшем;
3) мықын орамы — мықынның барынша шығыңқы тұсын айналдыра алғандағы өлшем;
4) кеуденің биіктігі — мойынның иыққа өтетін тұсынан кеуденің ең шығыңқы
жеріне дейінгі өлшем;
5) алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы — мойынның дәл ортасынан бастап
кеуденің ең шығыңқы жері арқылы бел сызығына дейінгі өлшем;
6) белдемшенін ұзындығы — белден бастап қажетті деңгейге дейінгі өлшем;
7) артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы — жетінші мойын омыртқадан белге
дейінгі өлшем;
8) иықтың үзындығы — мойынның иыққа өтетін тұсынан иықтың қолға өтетін
тұсына дейінгі өлшем;
9) жеңнің ұзындығы — иықтың қолға өтетін тұсынан бастап шынтақ арқылы
білекке дейінгі өлшем;
10) мойын орамы — мойынды айналдыра орағандағы өлшем;
11) аяқтың сыртқы жағының ұзындығы — белден еденге дейінгі өлшем;
12) аяқтың ішкі жағының ұзындығы — шаптан еденге дейінгі өлшем;
13) бой — еденнен мойынның ең биік нүктесіне дейінгі өлшем.
Пішімдер қалыпты мүсінді (аса толық емес) адамға арналған және
кестелерде көрсетілген өлшем бірліктеріне сөйкес келеді. Өздеріңнің
өлшемдеріңді кестеде берілген мәліметтермен салыстырыңдар. Егер ауытқу бар
болса, онда пішімге қажетті түзету енгізіңдер. Бірақ, естеріңде болсын,
пішімді бір өлшемнен артық үлкейтуге не кішірейтуге болмайды. Үлгінің
өлшемдері үш санмен таңбаланады. Мысалы, 170—88—96. Мұндағы біріншісі сан
- см-мен өлшенген бой, екіншісі — кеуде орамы және
үшіншісі — мықың орамы.
1-кесте
Әйелдерге арналғаи өлшемдер (170 см)
Өлшем аты Өлшемі, см
Кеуде орамы 96
Кеуде орамы 88
Бойы 170 176 182
Кеуде орамы 100 96 92
Бел орамы 88 84 39
Мықын орамы 101,1 98,6 102,1

4-кесте
Жасөспірім қыздар мен бойжеткендерге арналған
өлшемдер (86—164 см)
Өлшем аты Өлшемі, см
Бойы 86 110 134152 164
Кеуде орамы 52 56 68 76 88
Бел орамы 45 52 59 61,467,6
Мықын орамы 57 63 69 85 96

- қағаз пішімде белгіленген өлшемдер бойынша еркін қонымдылық қосымшасының
(припуск) көлемін есептеп шығару керек. Олар әдетте мынадай өлшемде болады:
• блузка, көйлек — 6,5 — 7,5 см:
• астарсыз жакет — 7,5 — 10 см;
• пальто, халат — 10 — 12,5 см;
- алынған нәтижені әркімнін жеке өлшем бірлігімен салыстыру керек.
Сондай-ақ еркін қонымдылық қосымшасы өлшемі пайдаланатын матаға
байланысты: қалың маталар жұқа маталарға қарағанда қосымшаны көп, созылмалы
маталар созылмайтындарға қарағанда аз талап етеді, ал тоқыма маталардан
жасалған бұйымдар еркін қонымдылық қосымшасын мүлде қажет қылмайды.
Еркін қонымдылық қосымшасын анықтауда үлгі сұлбасының атқаратын рөлі
зор. Егер бұйым созылмалы болса, онда қосымша барынша аз, ал егер спорттық
пішінде болса, қосымша барынша көп болады. Қосымшалар арқылы дене құрылысы
кемістігін көрсетпей жіберуге де болады.
Пішім парағын (лист выкроек) қалай пайдаланады?
Алдарыңа пішім парағын жайынңдар. Оның екі жак беті де пайдаланылып,
әрбір беті тиісінше I, II, III, IV деген рим цифрларымен немесе А, В, С, Д
деген әріптермен таңбаланады. Пішімнің бөліктерін оңай тауып алу үшін
парақ әріптермен белгіленген шаршыларға бөлінеді. Парақтағы пішімнің
бөліктері қара немесе қызыл түсті, әр түрлі пішіндегі контурлы сызықтармен
ажыратылады. Үлгі суретінің жанында сол берілген үлгіге сәйкес контурлы
сызықтардың түрі мен түсі беріледі.
Кішірейтілген сызба бойынша бөліктердің нөмірлерін анықтаңдар.
Бөліктердің саны көрсетілген тізімде нөмірдің тұсында тұрған әріп берілген
бөліктің тұпнұсқасын парақтың кай шаршысынан іздеу керектігін көрсетеді.
Тік бұрышты бөліктер (белдіктер, қаттамалар, қақпақшалар т.б.) пішім
парағына түсірілмейді, бөліктердің тізімі берілген мәтінде тек олардың
өлшемдері ғана көрсетіледі. Егер өңір қайырмасына немесе әдіпке арнайы
пішім берілмесе, онда оларды негізгі бөліктер бойынша пішеді.

Пішімді қалай көшіруге болады?
Анық байқау үшін пішім парағындағы бөліктерге қаламмен (немесе
фломастермен) контур жүргізу қажет, бөліктерге жүргізілген барлық шартты
белгілер мен сызықтарды белгілеп шығу керек. Бөліктерді калькаға қайта
салуға болады немесе көшіруге арналған арнайы дөңгелекшенің көмегімен
көшіруге болады. Кальканы пішім парағына жылжымайтындай етіп орналастырады
да, содан кейін барлық керекті бөліктер контуры жүргізіледі. Пішім
дөңгелекшенің көмегімен көшірілген жағдайда пішім парағының астына қағаз
қойылады да, дөңгелекше барлық контурлық сызықтар мен шартты белгілердің
үстімен жүргізіліп шығады. Пішімнің дөл көшірмесін алу үшін бұл жұмысты өте
ұқыпты жүргізген жөн.

МАТАМЕН ЖҰМЫС
Тігу кезінде ерекше талап қойылатын маталарды өңдеу. Жібек матадан
тігілген киім киюге ыңғайлы. Жібек матаның барлық түрі ылғалды өзінің
салмағының 50 пайызына дейін сіңіргенмен, қолға ұстап көргенде бойындағы
ылғал ешқандай да байқалмайды. Жібек адам денесінен шыққан терді тез
буландырып жібереді. Сапасына, тоқылу және өңделу түріне байланысты жібек
маталар жеңіл және жұмсақ немесе ауыр және қатты, соған орай қатты не жеңіл
қыртыстанатын болып келеді.
Жібек, шифон, крепдешин, органза секілді маталар арнайы тігістерді
қажет етеді, өйткені ол тігістер сыртынан көрініп тұрады. Сондықтан мұндай
маталардан бұйым тіккен кезде ерекше тігіс түрлері қолданылады.
Бұл маталар ақырын қыздырылған үтікпен су сеппей-ақ үтіктеледі.
Үтіктің табаны матаны бүлдіріп кетпеу үшін жүка түссіз қағаз төсеп, сол
арқылы үтіктеу кажет.
Аралық төсем материалы ретінде негізгі матамен түстес арнайы материал
немесе органза пайдаланылады. Аралық төсемді бойлық жіп багғытымен тігу
қосымшасы мен кыстыру қосымшасын қалдыра отырып пішеді. Көктеу және
машинамен тігу үшін жінішке тігіс инесі мен жіңішке жіп қолданылады. Тігіс
жүргізу үшін алдында шамалы ұзындықта (1,5-2 мм) көктеу жүргізіледі.
Көктеу жүргізу үшін де жіңішке жіп пен жіңішке ине пайдалану керек,
бөліктерді сырып тігу үшін 70-нөмірлі тігіс инесі қолданылады. Иненің ұшы
бүлінбеген болуы тиіс. Бөліктерді машинамен сырып тігу кезінде матаның
астына жұқа түссіз қағаз салған жөн, өйткені тігін машинасының транспортері
матаны бүлдіруі мүмкін.
Бұйымның іш жағы мұқият өңделуі үшін тігістерді ұқыпты түрде торлап
тігу керек. Бұл жұмыс торлау болмаған жағдайда бүктемелі немесе қосарлы
тігіс арқылы жүзеге асырылады. Бүктемелі тігіс кезінде бөліктер өң жағынан
бүктеледі де, белгіленген сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Алдымен қосымша
баса үтіктеледі, содан соң бір жағына қарай жатқыза үтіктеледі.
Қосымшаның төменгі жағы тігіске жақын кесіледі, ал жоғарғысы
қайырылады да қосып көктеледі. Қосымшалар беттік жағы бойынша шетке жақын
қосып тігіледі.
Қосарлы тігіс бүктемелі тігіс секілді екі тігістің қосындысы болып
табылады. Бөліктер теріс жағынан бүктеледі. Қиықтар белгіленген тігіс
сызығынан 0,5 см қашықтықта сырып тігіледі. Қосымшалар сырып тігілген
тігістен 3 мм қашықтықта кесіледі және айырылып үтіктеледі. Содан соң мата
бет жағына аударылып тура тігіс бойынша қайтарылып бүктеледі. Бүктеудің
шеті үтіктеледі де, белгіленген сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Мұндай
кезде бірінші тігістің қосымшасы іш жағында болады.
Жібек ақырын қыздырылған үтікпен, аздап суланып, теріс жағынан
үтіктеледі. Буды абайлап пайдалану керек. Жібек матаны суланған шүберек
арқылы үтіктеуге болмайды, өйткені мата бетінде судың дағы мен ізі қалуы
мүмкін. Шифонды, органзаны, сәтенді және жоржетті тек тазалаған жөн.

Мата шығыны.
Ең алдымен, өздеріңнің негізгі өлшемдерің — кеуде және бөксе орамын,
киімнің және жеңнің ұзындығын білулерің керек.
Сонымен қатар болашақ киімнің фасрнын көз алдарыңа елестетіңдер.
Мәселен, қисық немесе бүрме етек белдемшеге тік етек белдемшеден гөрі көп
мата кетеді.
Матаның сапасын де ескерген жөн. Кейіннен отырып, қысқарып қалмай ма,
суреттері қандай, пішу барысында онымен санасуға тура келе ме -- осының
бөрі маңызды. Ал егер матаның түгі болса (барқыт, пүліш), олар бір бағытта
ғана пішіледі. Егер түктері бір-біріне қарсы жатса киімнің бір бөлігі
ашық, екіншісі күңгірт көрінеді.
Матаны қалай есептеу керек? Қиықсыз тік етек белдемше. Егер матаның
ені 140—150 см болса, бір ұзындықты алып, төменгі және жоғарғы шеттерін
тігуге және апшуға 10 см-ден қалдырса жеткілікті. Ал мата енсіз болса, екі
ұзындық алыңдар.
Бүрмелі және қатпарлы белдемшелер. Мұндай жағдайда бөксе орамы үш есе
ұлғаяды. Егер матаның ені жеткілікті болса, екі ұзындық; енсіз болса, үш
ұзындық алыңдар.
Қиық белдемше. Мұндай белдемшеге етекті әдіптеуге есептегенде екі
ұзындық және мықын жағын пішуге 50—60 см қосымша мата қажет.
Шеңберлі белдемше. Алдыңғы үлгідегідей қайырмаға арналған артығы бар
мата төрт ұзындық және 30—40 см қосымша мата керек.
Шалбарлар. Матаның мөлшері бөксе өлшеміне және шалбардың бүйір сызығы
бойынша ұзындығьша байланысты. Егер бөксе орамы — 100—102 см, матаның ені —
140 см болса, шалбардың ұзындығына төменгі жағын қайыру үшін 6—8 см,
жоғарғы жағын өңдеу үшін 2—3 см, белдігіне 7—10 см қосымша мата қалдыру
керек. Егер бөксе орамы 102 см-ден үлкен болса (48 өлшем), онда мата шығыны
әрбір келесі өлшемге 10—15 см, ал 52 өлшемнен бастап 25—30 см артады.
Сонымен қатар шалбардың артқы бөлігіне қиық салынады. Жапсырма қалта,
белдік т.б. қосымшалар мата шығынын талап
ететінін ескеріндер. Егер мата енсіз болса (70—100 см), ұзындық балағы мен
ышқырын өңдеуге қосымша мата алынуы қажет.
Тұтас пішілген көйлек. Оған көйлектің бір ұзындығы және жеңнің
ұзындығы алынады. Бөксе өлшемі, тігіске және еркін пішімге берілетін, иық
тігісіне және етегін қайыруға берілетін артық матаны есепке алу керек. Егер
мата енсіз болса (75—100 см), көйлектін екі ұзындығын және жең ұзындығын
алу керек. Ені 120 см мата көйлектің алдыңғы және артқы бойынан қалған мата-
дан жең шығаруға мүмкіндік береді. Қалта, белдік, қаттама, жаға шығу үшін
тағы да бір метр мата қажет.
Мықынынан қиылган көйлек. Есеп жоғарғыдай, бірақ мықын түсын өңдеуге
5—10 см қосымша мата керек.
Ұзын блузка. Бұған да көйлекке кететіндей мата қажет болады.
Пішім жасамас бұрын таңдалған матаның құрамын мұқият тексеру керек. Үлгіні
мата бетіне қалай орналастыруды ойластырған жөн.
Түкті маталардың орналастырылуын тексеріп, түктерінің қарама-қарсы бағытта
болмауын қадағалау керек.

ТІГІН БҰЙЫМДАРЫН ПІШУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пішім үлгілерін дайындап болған соң пішу жұмыстарына кіріседі. Киімді
пішу — тігін бұйымдарын дайындау үрдісінің ең маңызды кезең. Ұқыпсыз
орындалған пішу киім моделін дайындау кезінде қиындық туғызады, ал ол
бұйымның сыртқы түріне әсер етеді. Тігін бұйымдарын пішкен кезде мынадай
ережелер мен талаптарды қатаң сақтау қажет.
Ең алдымен, матаны пішуге дайындайды, яғни матаның беттік және теріс
жақтарын, суреттердің оң-терісін, матада ақаулардың бар-жоғын (пішкен кезде
олардың дұрыс орналасуы үшін), сондай-ақ бойлық жіптің бағыты анықталады,
барынша тиімді пішілуі үшін матаның ұзындьны мен ені өлшенеді. Сонан соң
матаны мұқият үтіктеп, таңдалған сызбаның жайылмасьша байланысты беттік
жақтары ішке қайтарылып бүктеледі. Мата көбінесе бойлық жіптері бойынша бір
шеті мен екінші шеті беттестіріліп бүктеледі.
Пішім үлгілерін матаға үлкенінен бастап орналастырып, содан соң
кішісіне қарай көшеді. Мұндай жағдайда бойлық жілтің бағыттарын сақтауды,
бүктеу сызығын біріктіруді және тігістерге арналған қосымшаны есептеуді,
пішім бөліктерінің матаға тиімді орналасуын қадағалау қажет.
Пішімнің бөліктері матаға түйреуіштермен бекітіледі (мұндай жағдайда
олар матаға ұшы қолға кіріп кетпейтіндей болып түйрелгені жөн), содан соң
үшкір ұшталған қарындашпен, бормен немесе сабынмен айналдырыла сызылады.
Контурлық сызықтан тыс пішім үлгілеріне сәйкес тігіске арналған қосымша
қалдырылады да, ол да қарындашпен, бормен немесе сабынмен сызылады.
Барлық бөліктер айналдырыла сызылып болған соң пішудің дұрыстығы
тексеріледі де, пішім бөліктері тігіске арналған қосымша бойынша кесіледі.
Кейбір мата түрлерін пішу ерекшеліктері. Пішу кезінде өзіндік
ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру керек болатын мата түрлері бар.
Суреттері тек бір жақка бағытталған маталарға пішім бір ғана бағытта
орналастырылады, яғни оларды төңкеріп қоюға болмайды. Сондай-ак түкті
маталарды (шибарқыт, барқыт) пішу кезінде де осы төртіп сақталады, өйтпесе
бұйымның бөліктері әр түрлі реңкте болады. Пішім үлгілерін ірі суретті,
жолақты, шаршылы маталарға қойған кезде болашақ жасалатын бұйымдағы
суреттердің симметриялы болып шығуын ескеру керек,
яғни бөліктердегі жолақтар мен шаршылар бір-бірімен қиылысып жатқаны жөн.
Ірі суретті маталар (мата жиектері өрнектелген) өрнектері барынша өңді
көрінуі үтпін олардың әрқайсысына арналған пішудің жеке сызбасы таңдалып
алынады. Дүкеннен мұндай маталарды сатып алар кезде, суреттерді қиюластырып
орналастыру үшін бұйымға керек мөлшерден артықтау алған жөн.
Шифон, крепдешин, органза секілді жұқа маталарды пішкен кезде оның
астына сырғуына кедергі келтіретіндей жайма, мысалы зығырдан жасалған
жайма, төсеу керек.
Пішім бөліктерін бір-бірімен қосып қыстырған кезде ұштары бүлінбеген
жіңішке түйреуіштерді немесе желімдік таспаларды пайдаланады.
Тігістердің көшірме сызығын өте абайлап жүргізген жөн, өйткені олар шатасып
қалады да, бір-бірінен ажырату көп уақытты алады. Бөліктерді пішкен кезде
тігуге арналған қосымша барлық жерде бірдей (ені 1,5 см) болуы керек.

ТІГІН БҰЙЫМДАРЫН ӨҢДЕУДЕГІ
ТІГІС ТҮРЛЕРІ
Киім — адамзаттың материалдық мәдениеті элементтерінің бірі болып
табылады. Киім пішіні қоғам дамуының әрбір тарихи дәуірінде өзгеріп тұрады.
Ол қоғамдық құрылысты, техниканың даму деңгейін, экономиканы, сондай-ақ
ұлттык мәдениеттің, тұрмыстың өзіндік ерекшелігін, халықтың көркемдік
талғамын және дәстүрін бейнелейді. Қазіргі заманда адамның киім киісінен
белгілі бір дәрежеде өзіндік дербестігі де байқалады. Тігін бұйым-дарына
тұрмыстық, өндірістік және спорттық киімдер; үйге қажетті бұйымдар
(майлықтар, дастархандар, ақжаймалар және басқалар) және техникалық
бұйымдар мен әбзелдер жатады. Киімді дайындау үрдісі мынадай негізгі
кезеңдерден тұрады: үлгі дайындау, материалды пішу, бұйымды тігу.
Киім бөліктерін біріктіру тәсілдері.
Киімді дайындау кезінде қол жұмысы, машина жұмысы, үтіктеу жұмыстары
атқарылады. Бөліктерді біріктірудің үш тәсілі бар:
жіппен, желіммен және дәнекерлеу арқылы. Өнеркөсіптік өндірісте және жеке
тігу үрдісінде, негізінен, жіппен біріктіру (тігіндік біріктіру)
қолданылады. Тігіндік біріктіру дегеніміз — материалдың екі немесе одан да
көп қабатын бір болмаса бірнеше тігіс арқылы қосу. Тігіс дегеніміз — бір
немесе бірнеше қабат материалдағы тігімнің жүйелі қатары.
Тігім дегеніміз — инешаншымның жүйелі қатары. Инешаншым машинамен және
қолмен атқарылады. Инешаншымды арнайы машинада орындаған барынша тиімді.
Бөліктердщ біріктірілу сапасы мен бұйымнын сыртқы түрі инешаншым мен
тігімнің орындалу сапасына байланысты болады.
Тігін бұйымдары бөліктөрін біріктірудің негізгі тәсілі — машиналық
жіптік тігіс. Машиналық тігіске жоғары тұтынушылық және өндірістік талаптар
қойылады.
Тігістің жоғары сапасы операцияны орындауда тігістің ені, тігім саны
мен олардың арасындағы өзара арақашықтық, инешаншым жиілігі және оны
тігімге тарту деңгейі, жіп пен иненің нөмірі секілді техникалық шарттарды
сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
Қандай орынды тігуге арналуына және оған қатысты бөліктердің
орналасуына байланысты тігістер біріктіру тігісі, шеттігісі және әрлеуші
тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісінде (мысалы, алдыңғы және артқы бой, иық, жең және
басқа да қиықтардың біріктіру тігісінде) бөліктер тігістің екі жағында да
жатады.
Шет тігістер бөліктердің шетін немесе қиығын өңдеу үшін колданылады.
Бөліктер тігістің бір жағында жатады (мысалы, бұйымнын етегін, жең ұштарын,
өңір жиектерін өндеу тігістері т.б.).
Әрлеу тігісі бөліктерді және тұтас бұйымды өрлеуге арналған. Мұндай
тігістер белгілі бір сұлбалар (алдыңғы, артқы бойларга бедерлі сызықтар,
сондай-ақ әр түрлі қатпарлар т.б.) жасау үшін де қолданылады.
Біріктіру тігісіне сырма, бастырма, жапсырма, түйіс, кұлпы, қосарлы
және бүктеме тігістері жатады.
Сырма тігісі бөліктердің бүйір, иық және басқа да қиықтарын қосу үшін
қолданылады. Екі бөлік бет жағымен ішке қарай бүктеледі де, қиықтары
теңестіріледі, содан соң тігістің қандай орындарды тігуге арналуына қарай
шетінен бастап тігіле бастайды.
Бастырма тігісі де, сырма тігісі сияқты, бүйір, иық, жең және басқа да
қиықтарды біріктіру үшін қолданылады. Бөліктерді сырып тіккен соң қиықтарды
бір жағына қарай бүктейді, үтіктейді, бет жақтарын тігіммен бекітеді.
Жапсырма тігіс әрлеуші ызбаны негізгі бөлікке қосуға, сондай-ақ
бөліктің шеттеріне жиек бастыруға, керісінше жиекке бөлік шеттерін
бастыруға қолданылады.
Түйіс тігіс іштік материалдан қиылған бөліктерді ең аз қалыңдықтағы
тігіс түрлерімен қосу үшін қолданылады. Тігісті орындау үшін екі бөліктін
қиықтары жұқа матаның бетіне төселеді де, бастыра тігіледі.
Бүктеме, қосарлы және кұлпы тігістері іш киімдерді, арнайы киімдерді
немесе астарсыз костюмдерді дайындау кезінде қолданылады.
Шет тігістері. Шет тігістері жағалардың, мойындықтын, өңірлердің,
ойындылардың сетінеп кетпеуі үшін және өрлеу мақсатында қолданылады. Шет
тігістеріне жөрмелеу, бүгу жөне шеттіктеу жатады.
Жөрмелеп тігу өңірдің, жағалардың, қақпақшалардың, қалталардың,
белдікшелердің, қаттамалардың жиектерін, жең ұштарын т.б. өңдеу кезінде
қолданылады. Бөліктер біріктірілген соң, яғни сырып тігілгеннен кейін өңін
айналдыру операциясы жүзеге асырылады.
Бүгу тігісі ашық және жабық қиықтарга жүргізіледі. Ашық қиықта бүгу
тігісі мойындықтың, ойындылардың, бұйымның етегі мен жеңінің шетін әдіптеу
кезінде қолданылады. Жабық қиықты бүгу тігісі көйлектің, блузкалардың
ететін, жеңнің жиегін әдіптеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәндік қолданбалы өнер және дизайн
Тігін өнеркәсібі
Бұйымның сырт көрінісінің сипаттамасы
Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы
Технология сабағында кешкі сәндік көйлегін 10-сынып оқушыларына дайындаудың әдістері
Үлгілер жиынтығы бойынша Лентамен кестелеу технологиясы
КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әйелдер жакетін дайындауға жобалық-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеушiлiк әрекеттер арқылы қалыптастырудың дидактикалык негiздерi
Кәсіптік оқыту әдістері
Пәндер