Өзге тілдін барын біл, өз тілінді қурметте


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Өзге тілдін барын біл, өз тілінді қурметте

Адамдар қашанда әнұранға құрметпен қарап келген. Ол қандай болсын халықтың қасиетін, тарихын, арманы мен мүддесін, мақсаты мен мұратын, өзіне сіңірген музыкалық сәлемдеме сияқты. Сондықтан болар мемлекет басшыларының барлық ресми кездесулері сол елдің әнұраның орындаумен басталады. Сол әуенмен өлең және музыка тілінде белгілі бір халық туралы алғашқы бір сипаттама беріледі.

Тарихқа терең бойлама - ақ құдайлар құрметіне ән шығарған көне Грецияның мысалға алуға болады. Осыдан көп уақыт өткен де феодалдарға қарсы халықтық қозғалыстарға орай, рухани әнұран өмірге келген.

Тілдің табиғилығы мен оның даму мәдениеті қадым заманнан бері көтеріліп келе жатқан мәселе, бұл ұлттық таным мен ұлттық сана сезімнің қалыптасуынан келіп шығатын үрдіс екені белгілі. Қазіргі тілдің даму ширегіне жеткен кезінде, және жаһандануға байланысты тіларалық қарым-қатынастың тереңдей түскен шағында бұны ескі сарынмен және біржақты заңдылықтардың шеңберінде қарау көп жағдайларда қазір тілшілердің, тіл жанашырларының сыңаржақ пікірлерін туындатып жататыны да аян. Қазіргі тіл тазалығымен оның мәдениетінің дамуын әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика сияқты тілдің ғылымның өзге ұштасқан салаларымен байланыстыра қарап бағамдауымыз қажет.

Айырықша теориялық ғылыми пәндердің қазіргі өмір талабына байланысты тәжірибеге араласуы қоғамдағы қалыптасқан тілдік ахуалға байланысты. Қазақстандағы тілдік қарым-қатынастың сан қырлылығы мен күрделілігі қазір тілдің типологиялық, генетикалық және функционалдық қасиеті жөнінде тұрақталған тұжырым айтуға негіз бола алмайтынын байқап отырмыз.

Ұзақ жылдар бойы орыс тілінің басымдылығын көріп келген қазақ тілінің тазалығымен мәдениетін орыс тілінің қарым-қатынасынсыз қарастыру мүмкін болмай отыр. Бұл мәселелерді көтермес бұрын қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан тілдік ахуалға назар аударуымыз қажет. Тарихта біртұтас ұлттың дінге, мәдениетке, идеологияға және тілге байланысты себептердің салдарынан екіге бөлінуі бізге белгілі.

Қазіргі қазақ қоғамына көз жүгіртетін болсақ, қазақтардың тілге байланысты орыс тілді және қазақ тілді қазақтар болып екіге бөлініп қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл әсіресе Қазақ елінің егемендік алуынан кейін жандана бастағаны айқын болып отыр.

Осы мәселелерге түбегейлі көз жүгірту үшін бірнеше жәйіттің басын ашып алуымыз қажет. Мәселен, қазақтардың ұлтқа ұюы мен олардың консолидациялану жолы, әдеби тілдің қалыптасуының ұлттық сезімді қалыптастыруға ықпалы, қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму жолдары және осыдан келіп шығатын тіл мәдениеті мен оның тазалығын сақтаудың проблемалары сияқты мәселелерге ұласады.

Туған ел отан дегендер қастерлі, қасиеті сөз болып есептелінеді. Біз есейіп ер жеткенде, біздің азаматтығымызға баға беретін осы ұлы Отаның - анаң емес пе?!

Біз сол мейірімді ұлы ананың перзентіміз. Бала қамын анасы ойласа, есейе келе ана қамын - Отан қамын баласы ойлауы қандай жарасымды!

Менің елім - Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің кәрісі бар, жасы бар - көкірегін кернеген мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырыпты жазатын алдында көп ойланып, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім - туған жерім жайлы, қасиетті қазынам ана тілім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екен?!

Мен отаным - Қазақстан - әрі жас, әрі кәрі байырғы атамекен. Жас болатыны бабалар армандаған тәуелсіздік тууның желбірегеніне 17 жыл туылғалы жатыр, кәрі болатыны - мына бүгін жаңғырып жасап жатқан Республиканың кең байтар аумағы, бағзы замандардан бері сенің атамекенің - бүгін біздің, кешегі бабаларымыздың құт мекені . . .

Қазақ елінің тарихы қызық та ұзақ әрі терең. Оны ойлағанда, көз алдына толқынды асау теңіз елестейді. Толқын толастамайды, ағыс азаймайды, өйткені тарих сыры ән-жырға құмар халықтың сезімімен, қиялымен ойымен араласып жаңа бұлақтарды көзін ашады, сол арқылы дария суын молайтады. Жері қандай кең болса, маңдайына жазылған азабы да соншалық мол. Қазақтың қаны мен теріне суарылған азаттыққа, тәуелсіздікке ұмьылған күресі бейне қиыр сахарадағы жолаушыға бағыт сілтеп алып, бәйтерек тәрізді қай-қай замандарда мәуесі үзілседе, тамыры қырқылмай, алғы күндерге үміткер етті. Айта салғанға елеусіз, әйтсе де, әркімнің көкейінен еш кетпей жүретін Үміт деген үлкен сөз. Дария бөгетті бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан келеді. Ал сол тасыған су тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Ал, шашыраған, бүлінген жүрттың басын біріктіріп, тізе қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдардың ғана қолынан келеді. ХХ ғасырдың басты бақыты - еліміздің тәуілсіздігі. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік бізге оңайлық пен келген жоқ. Оған жетер жолды, халқымыздың сан қилы тағдыры жүріп өткен иір-қиыр жолдарымен асу-асу белдері жатыр. Бұл әрі тарихи сый, әрі сын. Бақыт . . . Бақыт дейсіздер ғой . . . Осы сөздің астарында қандай мағына жатыр десеңші! Әр адам оны өзініңой - пікіріне қарай әр қилы түсінеді. Ал, мен бақыт дегенде, көз алдыма үшбайлығым келеді. Халқым, Тілім, Отаным! Мен бақыттымын! Өйткені дербес елім, тәуелсіз жері, ана уызымен қанға сіңген қасиетті қазынам - ана тілім бар. Тіл - мәселесі мәңгілік тақырып. Қай ұлтта, қай елде болса да, «тіл қастерлі де құдреттің ». ол әрбір адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл өмірдің ұлы қаруы. «Адамға екі нәрсе тіректегі: бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі», -деп Жүсіп Баласұғын бабамызөсиет еткендей тіл халықтың жан жүрегі, асыл мұра көненің көзі, бабалар сөзі ғана емес, халықтың өзі. Тіл ойдың елшісі. Кез келген оқиға жүрек қылын шертіп, ой елегінен өтіп, ақыл таразысына салынады. Недәуір уақыт ақылда сұрыпталып, екшеліп адам алған әсерін жеткізеді. «Тіліне қарап білімі»демекші, пенденің тілімен төгілген әрбір сөз, пікір, тұжырым оның білім-біліген ойлау қабілетін көрсетіп қана қоймай қоғамда алатын орнын анықтайды. өмірге бежай қарайтын басынан өткен кеткендерін парықтай алмайтын, табиғатты түсінуге, қоғамның беталысын шамалауға тырыспайтын адамнан тұрлаулы ой, түбегейлі тұжырым шыға қою қиын. Себебі дәмді сөз, тәтті ойдан шығады.

Рухани мәдениеті биік, ойы үшқыр білімі толық адам өзінін ой-пікірін жеткізе алмаса, онда оны ел танымайды. Ал, Тәңірі бізді басқа жан иелерінен бөліп жаратып тіл берді емес пе?! Көрген-білгендерімізді санада корытып,

басқаға түсіндіре білуіміз үшін әлемдегі ең үлы құралды сыйлаған жоқ па?! Ендеше, сол құралды халық игілігі үшін жұмсау керек. Оның сырын жарып, құпиясын меңгеруіміз керек. Сонда ғана біз ашқан жаңалықтар халық құлағына жетіп көңіліне қонады.

Халықтың психологиясын, дүниетанымын, табиғаттағы әр құбылысқа деген көзқарасын ана тілінен, әдебиетінен танимыз. Біз тіліміз бай, ойы ұшқыр халық едік. Сан ғасыр бойы жасаған ауыз әдебиетіміз - соның айғағы.

Десек те, сол әдебиеттен нәр алып, шырыньш ынталап бойға сіңіретін жастарымыздың жоқтығы алаңдатады.

Оқуға селсоқ қарайтын жастарымыз теледидардан небір сорақылықты, зорлық-зомбылыкты көріп, санасының уланып бара жатқанын байқамайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте
Қазақ тілі мәртебесі
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикметі және оның аудармалық ерекшелігі жөнінде
Тіл Мемлекеттік тіл мәртебесі
Ұстаз бен оқушының өзін-өзі дамыту дағдыларын объективті жағдай тұрғысында қалыптастыру
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Мәтінді бағандарға бөлу
ҮШТІЛДІЛІК - БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ
“ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ “ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ”
Көптілділік – жетістікке жету жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz