Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-4
Негізгі бөлім
І тарау. Тіл - мәдениет көрсеткіші.
1.1 Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс ... ... ... ... ... 5-
7
1.2 Тіл – ұлттық мәдениеттің
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-12
ІІ тарау. Орта ғасыр жазба ескеркіштері тіліндегі түркілік мәдениетті
танытатын тілдік амал-тәсілдер
2.1 Мақал-мәтелдер – түркілік мәдениет айнасы
... ... ... ... ... ... ... .13-22
2.2 Түркі жазбалары тіліндегі көркемдеуіш құралдардың мәдени мұраны
жеткізудегі рөлі (метафора, теңеу)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-29
ІІІ тарау. Орта ғасыр жазба ескерткіштер тіліндегі мәдени символдар
3.1 Символ – мәдениет
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0-37
3.2 Материалдық мәдениеттің символдық мәні және рухани
мәдениет үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...38-4 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7-49
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50-
52
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде
қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына
арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық
рухты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстар сөз болып
келеді. Дегенмен, ұлттық мәдениеттің негізгі дерегі ретінде тілдің рөлін
айқындау жағы әлі де жеткіліксіз. Осыған орай, тілдің мәдениетті
жеткізудегі негізгі рөлін айқындауды, нақтылауды түркілік сипатта қарастыра
отырып, түркілік мәдениетті ортағасырлық жазба ескерткіштері тілімен
байланыстыруды жөн санадық. Өйткені түркі халықтарының дамуындағы орта
ғасыр кезеңі үлкен мәдениеттің үлгісін танытатын құндылықтарға өте бай.
Түркілік мәдениет көрініс тапқан мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері,
нақыл сөздер, өлеңдер т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінде хатталып
қалған. Сондай-ақ, мәдениеттің айқын үлгілерінің тілдік символдар арқылы
жетіп отыратындығы орта ғасыр жазба мұралары тіліндегі деректермен
дәлелдене түседі. Сондықтан да көне кезеңдерден бастау алып, бүгінгі күнге
дейін жалғасын тауып отырған түркілік мәдениетті ортағасыр жазба мұралары
тілімен байланыстыра қарастыру тіл мен мәдениеттің бір-бірімен тығыз
байланысты қоғамдық құбылыстар екендігін, түркі халықтарының жоғары әрі бай
мәдениетінің тіл арқылы жетіп отыратындығын дәлелдеуге бағытталған, бүгінгі
күн талабынан туындаған өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймыз.
2003 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында
еліміздің сан ғасырлар бойы тудырған мәдени мұрасына тұңғыш рет мемлекеттік
тұрғыда қамқорлық жасау керектігіне арнайы тоқталған еді. Содан кейін
Президенттің арнайы Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра
мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келген болатын 1.2. Осыған сәйкес диплом
жұмысында қарастырылатын лингвомәдени деректер түркі халқының, оның ішінде
қазақ халқының аса бай рухани мәдениетінің көрінісі болғандықтан, зерттеу
жұмысы жалпы мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасына да сәйкес келеді.
Зерттеудің нысаны. Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі мәдениет.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты
– орта ғасыр жазба ескерткіштерінің тіліндегі түркілік мәдениет көрінісін
айқындау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу
көзделді:
- тіл мен мәдениет байланысын анықтайтын теориялық материалдарды
қарастыру;
- ортағасырлық қыпшақ тіліне тоқталу;
- түркілік мәдениетті айқындау үшін орта ғасыр жазба ескерткіштері
тілінен мақал-мәтелдерді теру және талдау;
- орта ғасыр жазба мұралары тіліндегі түркілік мәдениетті жеткізуші
көркемдік құралдарды көрсету және талдау;
- орта ғасыр жазбалары тіліндегі мәдени символдарды анықтау;
- символдық мағынаның мәдени-тілдік негіздерін анықтау;
- тілдің тарихпен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын тарихи-салыстырмалы
тұрғыдан сараптау;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы
әдіс, сондай-ақ диахрондық, синхрондық әдістер қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу жұмысының материалдары орта ғасыр
жазба ескерткіштерінің (М.Қашқаридің Диуани лұғат-ит түрігі,
Ж.Баласағұнның Құтты білігі, Қ.А.Ясауидің Диуани хикметі, А.Йүгінекидің
Ақиқат сыйы, Құтбтың Хұсрау-Шырыны, Хорезмидің Мұхаббат-намесі,
С.Сараидің Гүлистан бит-түркиі т.б.) аудармаларынан, орта ғасыр жазба
ескерткіштері тіліне арналған теориялық еңбектерден, энциклопедиялық
еңбектерден, мерзімді баспасөз беттерінде (газет, журналдар) жарық көрген
ғылыми мақалалардан, ғылыми-теориялық конференция жинақтарынан, кандидаттық
диссертация авторефераттарынан алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы мен практикалық мәні. Зерттеу нәтижелері
мен тұжырымдары тіл мен мәдениет сабақтастығын қарастыратын
лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негіздерін белгілі-бір дәрежеде
толықтырып, түркілік (қазақ) мәдениетке тән символдық құбылыстарды ұлт
өмірінің айнасы ретінде қарастыру арқылы тіл біліміндегі
лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа
ғылым салаларындағы зерттеулерге өзіндік үлесін қосады.
Жұмыс нәтижелерін жоғары оқу орындарында өтілетін
Лингвомәдениеттану, Этнолингвистика пәндерінен дәріс сабақтарында,
семинарларда, арнайы курстарда пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі тұжырымдары:
- түркілік мәдениетті жеткізуші – тіл;
- түркілік мәдениет тілдік бірліктерде көрініс тапқан;
- мақал-мәтелдер - әлемнің тілдік бейнесінде түркілік мәдениетті
көрсететін бірден-бір тілдік бірліктер;
- түркілік мәдениеттің биік үлгілері тілдік көркемдеуіш құралдар арқылы
өрнектеліп беріледі;
- түркілік мәдениеттің тұрақты элементі – тілдік таңба-символдар;
- түркілік мәдениеттің айқын үлгілері орта ғасыр жазба ескерткіштері
тілінде сақталып қалған;
- ортағасырлық түркілік мәдениет дүниежүзілік өркениетпен сабақтасып
жатқан құбылыс;
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тіл - мәдениет көрсеткіші.
1.1 Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс.
Дамудың, өркендеп өсудің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – тіл десек,
ол мәдениетіміздің өте маңызды бөлігі. Тіл қоғам мәдениетімен байланысты
болумен қатар, өзі де мәдениетіміздің дамуына үздіксіз әсер етіп
отырады.Тіл – халқымыздың өмірі, оның әдет-ғұрпы, ойлау жүйесі, тарихы.
2.15.
Тіл мен мәдениет қоғам дамуының әлеуметтік азығы болып табылады.
Тілдің әлеуметтілігін, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бірлігінде
алып қарау керек. Адамның жан дүниесі мен болмыс мәдениетіне үлкен үлес
қосатын халықтың баға жетпес байлығы – тіл болып табылады. Себебі бүкіл бір
ұлттың әдетін, ғұрпын, рухын тек тіл арқылы ғана танып біле аламыз. Тіл
мәдени байлықты жасайтын құрал ғана емес, сонымен қатар ол мәдениеттің
көзі, ұлт өмірінің айнасы.
Адамзат өмір сүрген қоғамының дамуына қажетті өткен ғасырлардың танымы
туралы кітаптарды, тастағы жазуларды біз тек тіл арқылы ғана біле аламыз.
Сол ғасырларда өмір сүрген халықтардың мәдениеті мен жан дүниесін білу үшін
де тілдің маңызы зор 3.167.
Мәдениет – адамзаттың өмір сүру тарихында дүниеге келген барлық рухани
және материалдық құндылықтарының жиынтығы. Мәдениеттің негізі адамның
жасампаз еңбегі. Мәдениет сөзін халықтың тұрмыс-салты, өнері, дүниеге
көзқарасы, дінге сенімі, психологиялық өзгешелігі, танымдық қабілеті сияқты
ұғымдар қамтиды. Әрине, бұл ұғымдардың барлығы тілсіз таныла алмайды.
Мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мәдениет
адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи
процесс ретінде таныла алмайды. Ал, тіл адам баласына берген Аллаһтың сыйы,
яғни ол рухани құндылық болып табылады. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен
тілдің байланысы мазмұн мен форманың байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің
өмір сүру формасы болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл
мен мәдениетті бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуге болады
4.177.
Қарым-қатынас құралы ретіндегі, сондай-ақ ойды жарыққа шығарушы және
атауыштық қызметтерге ие тілдің қоғамдағы бүкіл мәдени құндылықтарымызды
жеткізуші қызметі тағы бар. Осы орайда ойымыз А.Байтұрсынұлының мынадай
сөздерімен толыға түседі: Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын
қаруының бірі 5.38.
Тіл мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Бұл
жөнінде академик Ә.Қайдар: Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш
түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам
мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін
қажетті қызметі. Оның екінші қызметі көркем шығарма тіліне тән, адам
баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық
қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау
мәдениетіне тікелей байланысты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми
терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Яғни, ол – тілдің
ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына
жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын
қасиеті...тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих.
Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең
алдымен содан іздеуіміз керек,-дейді 6.19.
М.М.Маковский тілдің мәдениетті жеткізудегі қасиеті жайлы айта келіп,
тілді адамзат қоғамында кездесетін ең қызықты әрі ең жұмбақты құбылыс деп
бағалайды және оның халық мәдениеті мен тарихының куәгері екендігін айтады
7.5.
Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің қарым–қатынасы – ХІХ ғасырдан бастап
күні бүгінге дейінгі өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселені шешу
В.Гумбольдт еңбектерінен басталады. Оның негізгі тұжырымдары төмендегідей:
1) материалдық және рухани мәдениет тілде көрінеді;
2) кез келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрінеді;
3) ұлттық рухтың көрінуі оның мәдениетінде;
4) тіл – адам мен оны қоршаған әлемді жалғастырушы аралық.
В.Гумбольдт концепциясы А.А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Вандриеза, И.А. Бодуэн
де Куртэне, Р.О.Якобсон және басқа зерттеушілер еңбегінде жалғасын тапқан.
Қазақ тіл білімінде Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко,
Т.Жанұзақов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова т.б. еңбектерінде көрініс табады.
1.2 Тіл – ұлттық мәдениеттің бастауы.
Тілдің табиғаты, оның пайда болуы - адамзат тарихында сыры ашылмаған
құпия. Адамзаттың сенім артатын соңғы үміті - адамның рухани жетілуі мен
қоғамның рухани мәдениетінің қалыптасуы. Тіл - кез келген халықтың рухани
мәдениетін айқындайтын құбылыс. Өркениет пен мәдениеттің негізі болған
тілдің адамзат тарихындағы маңызы өлшеусіз.
Кез келген ұлттық мәдениет тілден басталады. Тіл - адам санасынан
туындаған жүйелі құбылыс 8.3.
Тіл арқылы ақпарат берудің жолдары әр түрлі: бірінші орында ғылыми
текстер, көрнекі құралдар, әдеби тілдік құрылымдар мен формалар,
фразеологизмдер, мақалдар, қанатты сөздер. Бұл айтылғандардың бәрі де ұлт
тілін, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрыппен және ұлт мәдениетімен бірлікте алып
қарау керектігін дәлелдейді. Тілді үйренудің басты мақсаты - үйренген
тілде қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынас жасай отырып, үйренуші бейтаныс
ұлттың сақталынған мәдениетімен сол халықтың тілі арқылы танысып, өзіне
үлкен бір жан дүние байлығын алады. Қазірдің өзінде де қоғамда не болып
жатқанын тек тіл арқылы біле аламыз 3.167.
Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды,
сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта, бір
жағынан, этностың мәдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан –
тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан–ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді.
Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір үлкен тарихи арнаға, бүтіндікке
байланыстырады. Демек, тіл мәдениетте өсіп-өнеді, дамиды және соны
бейнелейді. Мәдениет этномәдени ақпараттар береді. Ал этномәдени
ақпараттар әр түрлі формаларда жүзеге асады. Олар материалдық және рухани
мәдениеттің туындылары т.б. Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат.
Лингвомәдениеттанушы ғалым В.В.Маслова мәдениет тілінің тек құрылым
емес, ең алдымен мазмұн екендігін, тарихи жағынан қалыптасқан, дамыған,
толыққан және өзгеретін құбылыс екендігін және мұның бәрі оның құрылымында
көрініс табатынын жазады 9.101.
Академик Ә.Қайдар ұлт мәдениетінің тілде көрініс табатыны жайлы былай
дейді: Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың) тілінде
оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын
мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі
заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып,
салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек
тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері,
фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы келіп жетуі
мүмкін 6.21.
Тілі арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын,
мәдениетін түсінуге болатыны мынадай сөздермен жалғасады: Тіл –
мәдениеттің құрамдас бөліктерінің бірі 10.248.
Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Гумилевтің пікіріне сүйенсек, өз тарихын,
мәдениетін, философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста
болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес 11.333. Сондықтан да
ұлттық дүниетаным мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. құдылықтарды білу
арқылы сол ұлттың мәдениеттің қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерін де
танып білуге болады.
Ұлттық дүниетанымның тілде көрініс табатындығы жөніндегі пікір тіл
білімінде қалыптасу деңгейіне жетті десе де болады. Бұл бағыттағы осы
уақытқа дейін жарық көрген еңбектердің біразы бар десек, солардың
барлығында да тіл мен мәдениеттің, тіл мен дүниетанымның, тіл мен әдет-
ғұрыптардың, тіл мен ұлттық қасиеттердің бірлігі жөнінде айтылып, тілдің
аккумулятивтік қызметі жан-жақты нақтыланып жүр 12.13. Тілші Г.Смағұлова
тіл мен дүниетанымның бірлігін қарастыратын тіл білімінің салаларын
этнолингвистика, елтану, лингвокультрология сияқты іштей үш топқа жіктеп
көрсетеді 13.62.
Тілді дүниетанымдық тұрғыдан тану мақсатында жүргізілетін
зерттеулердің объектісі – ұлт тілі екендігі белгілі. Сол себепті, тілдің
көрініс табатын түрлі формалары - әр дәуірдегі әдеби шығармаларын, ондағы
тілдік қолданыстарды, шығармалар тіліндегі ұлттың ерекшелігін беретін
тілдің қызметін айқындаудың маңызы зор 12.13.
Түркілердің дүниетанымы мен мәдениетін қарастырғанда, біз ата
тегіміздің философиясына, діни сенімдері мен салт-дәстүрлеріне көп көңіл
бөлуіміз қажет. Кейбір ғалымдардың түркі халықтарының озық ойлы рухани
мұраларын, мәдениетін мойындағысы келмейтіндері де кездесіп жатады. Олардың
ойынша түркілердің дүниетанымы, философиясы болмаған, тағылық сатыдан
көтерілмеген деген кейбір жаңсақ пікірлер осы уақытқа дейін өмір сүрді
14.201-204.
Тіпті белгілі мәдениеттанушы А.Тойнбидің Орталық Азия халықтарының
мәдениеті туралы өз шығармаларында орын бермеуі осы пікірді дәлелдей түспек
15.100.
Біздер бұндай пікірлерге қосыла алмаймыз. Себебі бізде түркілердің
дүниетанымының, мәдениетінің өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін аса
құнды еңбектер, шығармалар бар. Түркілердің мәдени өмірінен хабар беретін,
тілімізде сақталған, қазір айтылып жүрген фразеологизмдер, мақал-мәтелдер
т.б. тілдік таңбалар осының дәлелі. Қазіргі таңда бұл мәселе әлемдік
өркениеттерде өз орнын тауып, түркі халықтары өз мәдениеті мен философиясын
әлемге мойындатып отыр.
Түркілердің қай жазба ескерткіштерін алып қарасақ та, барлығының
мазмұнында түркі халықтарының мәдениеті, сол мәдениет аясында тұрмысы, салт-
дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, психологиясы, дүниетанымы қамтылады.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тілі мен мәдениетін қатар алып
қарастыруда, сол кезең тілі – қыпшақ тілі екендігіне тоқтала кеткен жөн.
Өйткені түркі халықтарының дамуындағы орта ғасыр кезеңіндегі мемлекеттік
тіл - қыпшақ тілі болғандықтан, сол кезеңдегі түркілік мәдениеттің
көрінісін әр түрлі жазулармен хатталып қалған қыпшақ тіліндегі
ескерткіштерден табамыз.
Қыпшақ тілі – Х-ХҮ ғасырлар аралығында Орта Азия мен оған шектес
жатқан өлкелердегі түркі тектес халықтар мен тайпалардың тілі болды. Бұл
тілде жазылып қалған жазба ескерткіштер едәуір.
Түркологиялық тиісті әдебиеттерде түрк сөзі қыпшақ деген сөзбен кейде
қатар айтылып, бірге қолданылады: түрік-қыпшақ (қыпшақ түріктері, түрік
тілді қыпшақтар, қыпшақ түріктер, түрік қыпшақтар). Сонымен бірге
қыпшақтардың половцы (славян тілдерінде), куман, коман (европа
тілдерінде), кыфчак, қывчак (араб тілдерінде), қыбчақ (көне түркі
тілінде) деген де аттары бар 16.19.
Поляктың көрнекті ғалымы-ориенталисі, қыпшақтану ғылымына үлкен үлес
қосқан профессор А.Зайончковский осыған байланысты ХІІІ ғасырда түрк және
қыпшақ деген сөздер, көбінесе, салыстырмалы түрде қатар қолданылатын
болғандығын, соның салдарынан көптеген жағдайларда қыпшақ деудің орнына
кейде түрк сөзі айтыла беретінін және осы айтылған екі сөздің өзара синоним
ретінде қалыптасқандығы жөнінде жазған 17.110.
Қыпшақ деген этноним ең алғаш хатқа түсіп, тасқа басылған түрін
ұйғыр қағанатының билеушісі Элетміш Күл Білге қағанның (747-759 ж.) басына
орнатылған құлпытастан оқимыз. Онда түрк қыбчак еліг йыл олурмыс деп
жазылған 18.57. Араб зерттеушілерінің еңбектері бойынша қыпшақтар ІХ
ғасырдан бастап белгілі, жалпы алып қарағанда, олардың мың жылдан астам
тарихы бар көрінеді. Осыған орай Қ.Салғараұлының ежелгі қыпшақ тайпалары
ұлы түрік негізін қалаған деген пікірін еске ала кеткен жөн 19.4.
Біздің диплом жұмысымызда негізгі дереккөздер ретінде алынған қыпшақ
тіліндегі еңбектер араб, армян, гот, орыс жазуларымен жеткен. Олар: араб
жазулы қыпшақ тіліндегі Түркі тілдері сөздігі, Түркі тілдерінің
түсіндірме сөздігі, Кітаптың кіріспе бөлімі, Түркі тілдері туралы
жазылған ерекше сыйлық т.б. сөздіктер, грамматикалық еңбектермен бірге
Құтты білік, Ақиқат сыйы, Диуани хикмет, Гүлистан бит-түрки,
Мұхаббат-наме, Хұсрау-Шырын т.б. көркем әдеби туындылар.
Жоғарыда аталған негізгі дереккөздеріміз қыпшақ тілінде жазылған,
алайда қыпшақ тілінің көрші халықтар тілімен байланысынан қыпшақ-оғыз, оғыз-
қыпшақ, ескі түркімен атаулары да болған. Бұл жөнінде атақты түрколог
Э.Наджип өз еңбектерінде сөз етеді. Оның жазуынша, қыпшақ тілі – Египетте
ХІІІ ғасырда қалыптасып, ХІV ғасырда керемет дамыған ескі түркімен әдеби
тілі болып аталды. Осы кезде Египетке аюбиттер, селжүктер және Алтын Орда
қыпшақтары әскер ретінде, сондай-ақ құлдыққа сатылып кеткен болатын. Осы
тайпа тілдерінің жазба тілдерінің араласуынан оғыз-қыпшақ жазба тілі
қалыптасты. Осыдан оғыз тілі сахнадан шығып қалады да, Османлы түріктердің
жаулап алуынан ескі осман тілі деген атқа айналады. Сол кезде Египетке
қыпшақ тайпаларының өте көп келуіне байланысты (оның ішінде ақындар,
жазушылар, оқымыстылар да болған) қыпшақ тілдерінің элементтері басым бола
бастады. Сөйтіп қыпшақ-оғыз әдеби тіліне айналды. Кейбір әдебиеттерде оғыз
тілінің элементері көп болды. Ал кейбір әдебиеттерде қыпшақ тілінің
элементтері көп болды. Нәтижесінде оғыз-қыпшақ тілі мен қыпшақ-оғыз тілі
қатар жүрді. Қыпшақ-оғыз жазба тілі (Египеттегі) өзінің тамырын қыпшақ-оғыз
әдеби тілінен алды. Ал бұл тіл ХІІ ғасырдың өзінде Сырдарияның төменгі
ағысында қалыптасқан еді (Диуани хикмет тілі).
2. Орта ғасыр жазба ескеркіштері тіліндегі түркілік мәдениетті танытатын
тілдік амал-тәсілдер
2.1 Мақал-мәтелдер – түркілік мәдениет айнасы.
Әрбір халық тарихи даму үстінде өзінің тілін жасап қана қойған жоқ,
сонымен қатар оны үнемі жетілдіріп, жақсартып отырды. Соның нәтижесінде
тілдің дамуының ерекше көзге түсетін формаларының бірі ауыз әдебиетінің
арнаулы жанры болып шыққан нақыл сөздердің, мақал-мәтелдердің
қалыптасқандығы болды.
Бұл жөнінде М.Горький сөз өнерінің өте ерте заманда адамның еңбек
процесінен туғандығын, бұл өнердің жарыққа шығуына себеп болған адамның
өзінің еңбектен алған тәжірибесін ойға неғұрлым оңай, берік сақтауға
боларлықтай сөз формасына, яғни ерте заманның екі жолды өлеңдерінің – мақал-
мәтелдерінің формасына салып, қалыптастырып алуға тырысқандығын жазған
20.3-9.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі мақал-мәтелдер арқылы түркі
халықтарының жүздеген жылдар бойы еңбектен, әлеуметтік өмірден алған
тәжірбиесінің бейнесін көруімізге болады.
Түркі және монғол тілдерінің тілдерін этномәдени мазмұнда салғастыра
зерттеген ғалым Г.Сағидолда түркілер мәдениеті – көшпелілер мәдениетінің
детальдарында бейнеленген өзгешеліктерді, ерекшеліктерді тіл арқылы тап
басып тануға болатынын жаза отырып, тілдік деректерді тарихи-мәдени фон
тұрғысынан қарастырады 21.129. Автордың пікіріне сүйенер болсақ, түркілік
мәдениетті көшпелі өмір салты тудырғаны даусыз.
Тілде рухани-заттық мәдениеттің бейнеленетіні жайлы ойымыз
В.В.Виноградовтың мынадай сөздерімен толыға түспек: Социокультурный уклад
определенной национальной общности имеет свои особенности, отличающие его
от других национальных укладов. Эти особенности отражаются в лексике и
составляют в ней фоновую информацию, передающую сведения о национальных
формах, видах и проявлениях духовной и материальной культуры 22.41.
Әрбір халықтың салт-дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, таным
дүниесінде өздеріне ғана тән ұлттық ерекшеліктерді қалыптастыратын төл
дүниеліктер болады. Түркі халқы, оның ішінде қазақ халқының тарихи-мәдени
фонының бірін үйлену салт-дәстүрі құрайды. Осы салт-дәстүрдің құрылымына
енетін жөн-жоралғылардың бірі ретінде сақталып келе жатқан отқа май құю
рәсімін отты киелі санап, оған табынған, Ұмай деп атаған от-анаға тәу еткен
түркілердің көне наным-сенімімен сабақтастыруға болады 21.129.
Осы арада Ұмай ана жөнінде көптеген аңыз-әңгімелер бар екендігін айта
кеткен жөн. Көк тәңірлерінің арасында аса мейірімді әйел тәңірлері де бар.
Әйел тәңірлерінің асқан құдіреттісі – Ұмай ана. Ежелгі Алтай түріктерінің
аңыздарында адам баласын Ата тәңір Ерғұн мен Ана тәңір Ұмай ана жаратқан.
Бүкіл адамзат солардың ұрпағы саналады. Әсіресе, ұрпақ өсіруде Ұмай ананың
қызметі де, құдіреті де зор 14.203. Осы ойды растайтын сөздер орта ғасыр
жазба ескерткіші М.Қашқаридің сөздігінде былайша беріледі: Ұмайға сиынсаң
– ұл табасың 23.72.
Тілімізде бейнелі сөз орамдарын жасайтын фразеологизмдер, мақал-
мәтелдер образдар жүйесінен құралатыны мәлім. Образдардың дені кеңістік пен
табиғат аясындағы үйлесімділікті қажет ететін мал шаруашылығына негізделген
көшпелі өмір салтынан туындайтын болса, оның өзі халықтың салт-дәстүрі,
эстетикалық талғамы, дүниетанымы, рухани және заттық мәдениетімен астасып
жатады 21.129.
Біздің заманымызға дейінгі ХІ ғасырдан бастап біздің заманымыздың
ХҮІІІ ғасырына дейін Орталық және Орта Азия даласында негізгі көшпелі мал
шаруашылығы болды. Бұл өндіріс тәсілі ХХІ ғасырға дейін жетіп отыр. Яғни
көшпелілер мәдениеті үш мың жылдық ғұмырды бастан өткізген. Олар байтақ
даланы жайлап көшіп, төрт түліктің жайын жасап, жыл құсы секілді үнемі
табиғаттың қолайлы белдеулерінде күн кешті. Уақыт пен табиғаттың тылсым
сырын игеру, төрт түліктің бабын мінсіз үйлестіре білу, соған сай келетін
материалдық және рухани мәдениетті қалыптастыру, түптеп келгенде,
көшпелілердің мәдениетін орнықтырып, өркениетін дамытты.
Көшпелі халық үшін төрт түлік мал әрі тамақ, әрі киім-кешек
болғандықтан, мал шаруашылығы күнделікті тіршілік көзіне айналды. Ол тамақ,
киім өнімдерін беріп қана қоймай, жергілікті халықтың тұрмысына өзгеріс
енгізді 4.178.
Орта ғасыр жазбалары тіліндегі бейнелі сөз орамдар мазмұнында көрініс
тапқан көшпелілер мәдениетін танытатын образдарды, негізінен, мал
атаулары, жан-жануарлар, құс атаулары, айналаны қоршаған табиғатқа
байланысты сөздер, тұрмыс-тіршілік қалпын танытатын сөздер құрайды.
Мысалы:
Диуани лұғат-ит түркте:
- Арпасыз ат ашұмас, арқасыз алп шерк сынұмас – Арпасыз ат қыр аса
алмас, арқасыз алып шерік бастай алмас;
- Қуш қанатын, ер атын – Құс қанатымен, ер атымен;
- Кіші аласын ічтін, йылқы аласы таштын – Кісі аласы ішінде, мал аласы
сыртында;
- Кіші сөзләшу, йылқы йызлашу – Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше;
- Аңдүз болса, ат өлмәс – Аңдыз болса, ат өлмес;
- Қорқмыш кішігэ қой башы қош көрүнүр – Қорыққан кісіге қой басы қос
көрінер;
- Ікі қочқар башы бір ашычта (қазан) пішмэз – Екі қошқар басы бір
қазанда піспес ...бір қазанға сыймас;
- Інген еңрэсэ, боту бозлар – Інген еңресе, бота боздар;
- Теве иүк көтүрсе, қамыш иеме көтүрүр – Түйе жүкті көтерсе, шөмішті де
көтерер;
- Тевэй мүнүп қой ара йашмас (жас-ырын- бас) – Түйе мініп, қой арасында
жасырынбас;
- Іккі бұғра ікешүр, отра көкегүн йаншылар – Екі бура сүйкенсе,
ортасында (көк) шыбын жаншылар (өлер);
- Евдекі бұзағұ өкүз болмас – Үйдегі бұзау өгіз болмас;
- Сүсэгэн удқа (сиырға) тэңрі мөңүз бермэс – Сүзеген сиырға тәңірі мүйіз
бермес;
- Еркэч еті ем болур, ечку еті йел болур – Теке еті ем болар, ешкі еті
жел болар;
Төрт-түлік мал атауларынан басқа жан-жануар, құстар атаулары арқылы да
жасалаған мақал-мәтелдерде де көшпелі өмір салты бейнеленгендігін төмендегі
мысалдардан көруге болады:
- Йылан кенду егрісін білмэс, тевэй бойнын егрі тер – Жылан өз иірін
білмес, түйе мойнын иір дер;
- Іт ысырмас, ат тепмэс темэ – Ит қаппас, ат теппес деме;
- Йазыда бөрі улыса, евде ыт бағры тартысур - Қырда бөрі ұлыса, үйде ит
бауыры (іші) ашиды;
- Қулан қудуғқа түшсэ, қурбақа айғыр болур – Құлан құдыққа түссе,
құрбақа айғыр болар;
- Арслан көкрэсэ, ат азақы тушалыр – Арыстан ақырса, ат аяғы тұсалар;
- Алымшы арслан, берімші сышған - Алымшы арыстан, беруші тышқан;
- Тайған иүгрүгүн тілкү севмес – Тұйғынның жүйрігін түлкі сүймес;
- Мұш оғлы мұиавұ тұғар – Мысықтың баласы мияулап туар;
- Ер оғлы мұңадзмас, ыт оғлы күлермес – Адам баласы мұңаймас, ит баласы
сүрінбес;
- Ытқа ұвұт етсә, ұлдаң иемәс – Итке ұят кірсе, ұлтан жаламас;
- Пұшмазар боз құш тұтар, евмесер үрүң құш тұтар – Зерікпеген
(жалықпаған) боз құс ұстар, саспаған ақ құс ұстар;
- Бір қарға бірлэ қыш келмэс – Бір қарғамен қыс келмес;
- Қарға қазға өлкүнсе, пұты сынұр – Қарға қазға еліктесе, аяғы сынар;
- Ұс үшкірсе, өлүр – Бүркіт ысқырса, өлім келер.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан көшпелілер мәдениетінің негізінде
жатқан түркілердің тұрмысы, мал шаруашылығы, кәсібі көз алдымызға келеді.
Төрт түлік мал ұстап, оларды әрі тамақ, әрі киім етіп пайдаланған ата-
бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі құлан, айғыр, ат, інген, бота, қой,
қошқар, түйе, сиыр, теке, ешкі сөздері арқылы көркем образдармен
көмкеріліп, өрнектеліп қалғандығын көреміз. Осы орайда қазақ халқының да
көшпелі өмір салтында төрт түлік малды, ер жігіттің арманы болған жүйрік
атты, жеті қазынаның бірі болған құмай тазыны аса қадірлеп, бағалағандығын
Д.Кішібековтың мынадай сөздерімен толықтыра кеткен орынды: ...Мінсең
көлік, ішсең ашытқан сүті қымыз, мейірің қанады, жесең тамақ, кисең киім.
Қазақ қашаннан жылқы малының тұқымын жақсартып отырған. ...Қазақ жасынан
атқа мініп үйренген. Баланы енді жүре бастаған кезден бастап атқа
мінгізген. Оны арнайы тойлаған. Ол тойды тоқым қағар дейді 24.84.
Азиялықтардың көшпелі мәдениетінде төрт түлік малды, оның ішінде
жылқы малын өте жоғары қадірлеуінің себебі біздің заманымыздың ІҮ ғасырының
өзінде-ақ Рим тарихшыларының еңбектерінде жазылып қалған екен. Рим
тарихшысы Аммиан Марцеллин Азия көшпелілері жөнінде олардың жаяу соғысты
ұнатпайтындығын, ат үстінде өте күшті болатынын, аттары құйындай ұшатынын,
ат үстінде барлық мәселелері шешілетінін, жаумен соғысу да атпен
жүргізілетінін, ат жалында ұйықтап, ат үстінде түнейтінін жазып кеткен
екен.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі бейнелі сөз орамдарынан
түркілердің сөз саптау мәдениетінің айқын көріністерін аңғарамыз. “Белгілі
бір халыќтыњ сµз саптау мєдениеті оныњ этнопсихологиялыќ, этноэстетикалыќ,
этноэтикалыќ болмыс-бітімініњ µзіндік ен-тањбасын айќын кµрсететін,
танымдыќ мєні зор мєдени дерек кµзі бола алатыны мєлім” 21.146. Мысалы,
Құтты білікте:
Кішіг тіл алғырлар, болур қут кіші,
Кішіг тіл ужузлар, йарыр эр башы.
(Кісіні тіл қымбат етер, болар бақытты кісі,
Кісіні тіл арзан етер, жарар ердің басын)
Тіл арслан турур, көр ешікде йатур,
Айа эвлүг ер сақ, башыңды йейүр.
(Тіл арыстан кебі, көр, есікте жатыр,
Ей үйлі ер, сақ бол, басыңды жер)
Біліб сөзлесе сөз білігке санур,
Білігсіз сөзі өз башыны йейүр.
(Біліп сөйлесе, сөз даналыққа саналар,
Біліксіздің сөзі өз басын жер)
Өгүш сөзлеме сөз, бірер сөзле аз,
Түмен сөз түгүнін бу бір сөзде йаз
(Көп сөйлеме сөз, бірер сөйле аз,
Мың сөз түйінін бұл бір сөзде жаз)
Көні сөзде таштын сөзүг сөз теме,
Көні, егрі фарқы өрүңлі, қара.
(Тура сөзден тысқары сөзді сөз деме,
Тура, иір парқы ақ пен қара сияқты)
Йусуф, керек сөзні көні
Керексіз сөзуг кезле қылға қора
(Юсуф, керек сөзді сөйле тура,
Керексіз сөзді бүрке зиян қылатын) 25.48-55.
Диуани лұғат-ит түркте:
- Қуруқ қашуқ ағызқа йарамас, қуруғ сөз қулаққа йақышмас – Құрғақ қасық
ауызға жарамас ...ауыз жарытпас, құрғақ сөз құлаққа жақпас;
- Ердэм башы - тіл - Әдеп басы - тіл 25.47
Тылын түгмішні тышын иазмаз – Тілмен түйілген тіспен жазылмас
23.37.
Ақиқат сыйында:
Эшіткіл білігліг нэгү теб айур
Адаблар башы тіл күдэзмэк турур.
(Есіткен білікті кісілер не деп айтар,
Әдеп басы – тіл, оны тыймақ керек);
Тілің бэкте тутғыл тішің сынмасун
Қалы чықса бэктэ тішіңні сыйур
(Тіліңді бекіт, ұста, тісің сынбасын,
Егер тілің шықса, бекіт, тісіңді сындырар);
Санып сөзлэгэн эр сөзі сөз сағы,
Өкүш йаңшаған тіл ай алмас йағы
(Ойлап сөйлеген кісі сөзі – сөздің ақылдысы,
Көп жаңылған тіл – аяй білмес жау);
Сөзүң бошлағ ыдма йыға тут тілің,
Йэтэр башқа бір күн бу тіл бошлағы
(Сөзіңді босқа жіберме, жия тұт тіліңді,
Жетер басқа бір күні бұл тіл бостығы)
Сафих эр тілі өз башы душманы
Тіліңдін төкүлді телім эр қаны
(Ақымақ кісі тілі өз басы дұшпаны,
Тілінен төгілді көп кісі қаны);
Өкүш сөзлэгэндэ өкүнгэн телім
Тілін беклэгэндэ өкүнгэн қаны
(Көп сөйлегенде өкінгендер көп,
Тілін бекіткенде өкінген қане?) 25.56-57.
Гүлистан бит-түркиде:
Кемеліне келген білім сенде жоқ
Сондықтан тіліңді сақтап, отыр тек.
Шіріген жаңғақтың жеңіл болатыны сияқты
Кісіні дәйім тілі ұятқа қалдырар 26.153.
Түркі халықтарының сөз саптай білу мәдениетін жоғары дәрежеде сақтай
білгендігін жоғарыда келтірілген ортағасырлық жазбалардан байқап отырмыз.
Кейінгі дәуірлерде жеке-жеке түркі халықтары болып тармақталып кеткен әрбір
түркі тектес халықтардың өзіне тән, яғни дара болмыс-бітімі, психологиясы,
мінез-құлқы қалыптасты. Қазақ халқы сөз саптау мәдениетіне үлкен мән
берген. ...Қазақ әңгімелескенде асықпай, әр нәрсенің мән-жайына жетіп,
түсінісуді қажет еткен. Сөйлескенде, ол қашан да әңгіменің түйінін іздеген.
Мәселе, көп немесе аз сөйлеуде емес. Сол көп сөздің тобықтай түйінінде...
Қазақ сөйлегенде әр сөзге мән беріп, ойлап сөйлеген...Қазақтың сөзге мән
бергені сонша, ол қашан да уәжге тоқтаған. Сондықтан да қазақ елінде
дәлелдеп, уәждеп сөйлеген кісіні сыйлаған 24. 82-83.
Сөз саптау мәдениеті шешендік өнерді тудырды. ...Халықтың қоғамдық,
әлеуметтік өміріне, саяси-экономикалық жағдайына байланысты дамып,
кемелденіп, марқайып отырған 27.4 шешендік өнер халыққа етене жақын
мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді тірек етуімен өміршең.
Араб саяхатшысы Әбу Хамид әл-Гарнати Хорезмге барған сапарында ол
жердің көптеген сәулетті қалалар мен қыстақтардан, қамалдардан тұратын
жоғары мәдениетті ел екендігін, әсіресе тәтті шырын қауындары, құрма,
жүзім, алма, алша, анар тәрізді миуа-жемістері молынан өсетін бау-бақшалы
жер екендігін айта келіп, Хорезм тұрғындары мен басшыларының білімділігі
мен мәдениеттілігін сүйсіне әңгімелеген екен 27.114.
Орта ғасыр дәуірінің кемел тұлғалары Ж.Баласағұн, М.Қашқарилер
халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын түркі әдеби тілін жандандырып, сөз
өнерін биік сатыға көтерді. Сөз шеберлерінің үлкен әлеуметтік күш
екендігіне баға берген Ж.Баласағұн өлеңдерінен үзінді төмендегі мазмұнда
болып келеді:
Ақындар келер алдыңа,
Сөз шебері сәуегей.
Сөздері өткір қылыштан,
Қылдан нәзік қиялы.
Тыңдасаң тыңда ақынды,
Нәзік сөздің бұлағы,
Жаныңа қуат жақсы сөз,
Құлақ құрышы қанады 27.70.
Түркі халықтарының адам тәрбиесіне үлкен мән бере отырып,
кішіпейілділікке, кеңпейілділікке, кешірімділікке үйрететін ортағасырлық
жазба мұралардағы жолдардан түркілер мәдениеттің жоғары деңгейде
болғандығын көреміз:
Диуани лұғат-ит түркте:
- Сув ічүрмэсга сүт бер – Су ішірмеске су бермегенге сүт бер (қазіргі
қазақ тіліндегі баламасы: Таспен атқанды аспен ат) 25.47.
- Күлсе кіші атма аңар өртер күле,
Баққыл аңар едзгүлүкүм ағзын күле
Кісі күлсе, оған күйгізетін күл шашпа,
Оған ізгілікпен күліп, қарап бақ 23.45.
Ақиқат сыйында:
- Жафа қылдачынға йанут қыл вафа
Жапа қылушыға жауап қыл опамен 23.59.
Жоғарыдағы мысалдар арқылы түркілердің ұрпағын кеңдікке тәрбиелей
алған жоғары адамгершілік қасиетінің рухани мәдениетпен ұштасып
жатқандығына және оның ортағасырлық жазбалар тілі арқылы жетіп
отырғандығына куә боламыз. Сол мәдениеттілікті дүниенің төрт бөлігіне
жуығын қол астына бағындыра білген ұлы халықтың тарих сахнасында көрсете
алған мықтылығына бас иеміз. Мұны түркілердің тегі, бастауы саналатын
Батыс ғұн империясының әміршісі, есімі әлемге әйгілі әскери қолбасшы,
Қыпшақ даласының перзенті Еділ (Атилла) батырдың адамгершілік тұрғыдан
биік қасиеттері арқылы дәлелдеуге болады. Осы орайда өз заманында өзара
қырық пышақ болып, ұдайы соғысып жататын тайпалардың басын қосып, Еуропада
бейбіт өмір орнатқан, Рим империясында құлдық қауымды құлатып, сан мыңдаған
адамды құлдық бұғауынан азат еткен Еділ батырдың биік тұлғасын паш ететін
бірер сөз айта кеткен жөн болар.
Ғұндар уәдеге берік, өліп кетсе де антын бұзбайтын жандар ретінде
күллі Еуропаны таңдандырған екен. Шынында да, Атилла бүкіл Батыс Еуропаны
тізе бүктіріп, өзінің астанасын Мажарстанға (Венгрия) көшірген кезде де
Византияға тиіспеген.
Түрлі астыртын әрекеттер жасап, қуатты әскер жасақтаған Рим әскерімен
болған қанды шайқаста жеңіске ие болған Атилла өз әскерін бастап, Римге
қарай бағыт ұстаған. Атилла әскері Рим қақпаларына жақын келген кезде
бұлардың алдынан Рим папасының өзі бастаған бір топ діни адамдар шығып,
Атиллаға Рим сенатының шешімін тапсырған екен. Византия сенаты бұл
қаулысында: Атиллаға түгел бағынамыз, айтқанын істейміз, қазынаның бар
байлығын береміз, тек ол қасиетті қала Римді өртемесін, бұзбасын, - депті.
Бұл өтінішті Атилла қабылдаған. Алайда қақпалары ашық тұрған қалаға Атилла
кірмей, ешнәрсе алмай, өзі бастаған қалың қолымен Рим қақпалары тұсынан үн-
түнсіз өтіп, Батысқа қарай жүріп кете беріпті 28.67-68.
Бұл тарихи оқиға желісімен жазылған дастан үзіндісінен ұғарымыз -
қатыгездік – дала адамдарының әдетіне енбеген құбылыс 28.65 екендігі,
таспен атқанды аспен ататын асыл қасиеттің түркілер бойында ата-тегімізден
келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа қан арқылы берілетін қасиет екендігі.
Түркілер мәдениетінің биіктігін, түркілердің ата-тектен жалғасын тауып келе
жатқан мәрттік, кісілік қасиеттерін танытатын және сондай қасиеттерді бойға
сіңіруге тәрбиелейтін үлгі-өнегеге толы ғибрат сөздердің ұлы түркі
даласында дүниеге келген, түркілер қауымының ғұлама перзенттерінің баға
жетпес туындыларында бейнелі тілдік оралымдар арқылы хатталып қалғанына
еріксіз таң қаламыз.

жеткізудегі рөлі
Белгілі бір халықтың мәдени элементтерін тіл арқылы жеткізуде
көркемдеуіш құралдардың атқаратын қызметі зор. Тілдің көркемдеуіш құралдары
халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымының, салт-санасының, мәдениетінің
тілдік көрсеткіштері болып табылады. Көркемдеуіш құралдардан кез келген
халықтың ұлттық ойлау ерекшеліктерінің, дүниетанымының жарқын мысалдарын,
сөз мағынасының ұлттық бояуын көруге болады. Бұл тарауда орта ғасыр
ескерткіштері тіліндегі түркілік мәдениет үлгілерін танытатын көркемдеуіш
құралдар ретінде метафора мен теңеу алынып отыр.
Метафора тілде ерекше танымдық қасиеті бар құбылыс.
Заттар мен құбылыстардың көпқырлы, өзгермелі және сарқылмас әлемі
үздіксіз ақпарат ағынының көзі, негізі тек жанды, оралымды, икемді тілмен
ғана таныстырылып, жеткізіле алады. Тілдің бұл қасиеттері метафоралану
құбылысымен тығыз байланысты. Тілдің метафоралану қасиетінсіз бұның бәрі
мүмкін болмас еді.
Метафора тілді байытып дамытады. Тіл дамыған сайын оның
метафоралануға икемділігі де арта түседі.
Метафоралану тілдің ғажайып қасиеті. Ол тілмен бірге өмір сүреді.
Метафора сана мен тілдің біртұтас, берік байланысын көрсететін ерекше
құбылыс. Ол ми қызметі, ой-сана мен мәдениетті тілдік шығармашылықпен
біріктіретін эволюциялық танымдық процесс.
Метафора дүниені көркем тану процесінде қажеттілікке байланысты
өздігінен туындап отырады.
Метафора құбылысы – ең алдымен адам ойлауының нәтижесі. Бейне жасай
отырып және оны көзге қайта елестету арқылы метафора санамен қабылданатын
мағына туғызады 29.3-5.
Осы орайда орта ѓасыр ескерткіштері тіліндегі метафоралардыњ т‰ркі
мєдениетініњ сан ќырлы салаларын танытатын, бейнелейтін кµркемдеуіш ќ±рал
екендігін айта отырып, сол метафоралар арќылы т‰ркі єлемініњ тілдік бейнесі
беріліп отырѓандыѓын кµруімізге болады. Метафора єлемніњ тілдік бейнесін
суреттейтін ќызметі жайлы В.Н.Телия былай дейді: “...Картина мира возникает,
когда его изображают, в частности, образными средствами языка, живой
метафорой” 30.74.
Б±л жµнінде Г.Саѓидолда ењбегінде былай делінген: “Ѓаламныњ тілдік
бейнесі, тілдік кµрінісі” дегеніміз – тілдіњ лексикасында,
фразеологиясында, грамматикасында тањбаланѓан, “ќ±лыпталып” бекітілген,
саќталѓан тіл иесініњ к‰ллі д‰ние, єлем, ѓалам туралы білімдерініњ
жиынтыѓы. Сыртќы д‰ниедегі ќ±былыстар мен заттар, шындыќ болмыс адам
танымында “мєнді µріс”, “маѓыналар ж‰йесі” ретіндегі ішкі образ т‰рінде
орныѓады. Олай болса, ѓалам бейнесі, ѓалам кµрінісі дегенніњ µзі – образдар
ж‰йесі. Ѓаламныњ бейне-кµріністері єр тілдіњ µзіне ѓана тєн
ерекшеліктеріне, єр халыќтыњ д‰ние-ѓаламныњ т‰рлі-т‰сін µзінше м‰шелей
тануына, ол фрагменттерді µзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде
µзгеше болып µріледі” 21.198.
Шынында да, єр халыќтыњ ќоршаѓан ортаны, д‰ниені µзінше тануына
байланысты ќалыптасатын бейнелі кµріністері болатыны сияқты т‰ркі
халыќтарыныњ да µзіндік бір єлемі, ±лттыќ д‰ниетанымы, ±лттыќ мєдениеті,
±лттыќ психологиясы метафоралар арќылы танылып отырады. Бұған орта ѓасыр
ескерткіштері тілінен терілген мысалдар дєлел бола алады. Назар аударайыќ:
Диуани хикметте:
Таң сәріде дыбыс келді құлағыма,
Зікір айт деді, зікір айтып жүрдім міне.
Ғашықсыздарды көрген едім, қалды жолда,
Сол себептен ғашық дүкенін құрдым міне.
Он бірімде рахмет дариясы толып тасыды,
Алла дедім, шайтан менен аулақ қашты.
Тәкәппарлық, менменділік тұрмай көшті,
Он екімде бұл сырларды көрдім міне.
Қырық төртімде махаббаттың базарында,
Жағамды ұстап жылап жүрдім гүлбағымда.
Мансұр сынды басым беріп ғашықтарға,
Заты ұлық Қожам, сыйынып келдім саған.
Күмәнсіз білің, бұл дүние барша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz