Иммунитет және оның түрлері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ИММУНИТЕТ. ИММУНИТЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ

ИММУНИТЕТ (лат. immunitas - бір нәрседен азат болу) - бұл организмнің генетикалық бөгделік белгісі бар тірі денелерден және заттардан (вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, ақуыздар, жасушалар, ұлпалар, өзгерген аутоантигендер және т. б. ) қорғану әдісі. Иммунитеттің негізгі міндеті - бөгде немесе организмнің өзінің генетикалық өзгерген жасушаларын жою.

Иммунитеттің келесі түрлері бар:

  1. Түрге тән иммунитет(туа біткен, табиғи) . Генетикалық ерекшеліктерімен байланысты. Әрқашан иммунитет жүйесіне байланысты емес.
  2. Жүре пайда болған иммунитетөмір сүру барысында қалыптасады. Түрлері:

а) табиғи белсенді, постантигенді, ауру белгілері жоқ;

б) табиғи белсенді емес - қорғаныс факторларының плацента (трансплацентарлық), ана сүті арқылы пассивті берілу нәтижесінде;

в) жасанды белсенді - вакцинация нәтижесінде;

г) жасанды белсенді емес (адоптивті) (ағыл. adoptive - қабылданған) - антиденелерді немесе лимфоидтық жасушаларды донордан реципиентке көшіру нәтижесінде.

3. Жергілікті иммунитет - антигеннің орналасқан (колонизацияланған) жерінде түзіледі. Жергілікті иммунитеттің бөлектенуі шартты, себебі «дайын» қорғаныс факторлары қан тамырлары арқылы өтуі мүмкін. Екіншіден, жергілікті қорғаныс факторларының күші мен спецификалықтығы (ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің иммунитеті) иммундық жауаптың түзілуінде маңызды роль атқарады.

4. Инфекцияларға қарсы имунитет :

  • бактерияларға қарсы;
  • вирустарға қарсы;
  • паразиттерге қарсы;
  • саңырауқұлақтарға қарсы.

Негізінен инфекцияларға қарсы иммунитет моноспецификалы болып келеді, яғни микроорганизмнің бір түріне ғана бағытталған. Сонымен бірге, микроорганизмнің бір түріне дамыған спецификалық иммунитет басқа микроорганизмдерге оның алдынға түзілген иммунитетті күшейтуі мүмкін.

5. Инфекциялық емес иммунитет иммунологиялық белсенді инфекциялық емес агенттерге қарсы иммундық жауаптың түзілуіне бағытталған:

  • аутоиммунитет - организмнің өзінің жасушаларына қарсы бағытталған;
  • трансплантациялық - трансплантат жасушаларына қарсы бағыттлаған;
  • ісікке қарсы - ісік жасушаларына қарсы бағытталған;
  • репродуктивті - «ана-бала жүйесінде» болады. Ұрықтың антигендері, әкесінің антигендерімен қоса, ана үшін бөгде болып есептеледі.

Сонымен қатар, ифнекциялық процестің нәтижесніе қарай жүре пайда болған иммунитет келесі түрлерге бөлінеді:

  • стерилді иммунитет - антигеннен толық босатылған иммунитет;
  • стерилді емес, немесе жұқпалы. Бұл термин микроорганизмдердің ұзақ уақыт персистенцияланған жағдайында қолданылады. Мысалы, туберкулездық инфекцияның болуы туберкулезді қайта жұқтыруға төзімділікті қамтамасыз етеді.

Кез келген иммундық жауап «бөгдені» танудан, спецификалық антиденедердің немесе спецификалық лимфоциттердің түзілуіне қажетті антигендік ақпаратты беру үшін жасуша аралық кооперацияланудан басталады. Антиденелердің биосинтезі кезінде иммундық жауаптың екі түрін - біріншілік және екіншілік - бөледі. Олардың негізгі ерекшелену критериі - түзілу уақыты, сапасы және антиденелердің саны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунитет және оның түрлері: механизмдері, факторлары және иммунитеттеу әдістері
Иммунитет: құрылымы, қызметі және түрлері
Иммунитет: анықтамасы, түрлері және қорғаныш механизмдері
Вирустардың таралуы, инфекция түрлері және иммунитет механизмдері
Қанның иммундық функциялары: иммунитет түрлері мен қорғаныс механизмдері
Иммунология негіздері: даму тарихы, иммунитет түрлері және қорғаныс механизмдері
Иммунитет және иммундық жүйе: ұғымы, түрлері, жасушалық механизмдері және иммунитеттеу
Иммунитет және иммунопрофилактика
Иммунологияға кіріспе: пәні, мақсаттары, ғылым ретінде қалыптасуы және иммунитет түрлері
Инфекциялық иммунология негіздері: иммунитет түрлері, бейспецификалық қорғаныс факторлары және антигендер мен антиденелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz