Тіл – халық тарихы, Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тіл - ұлттың жаны

Тіл - халық тарихы,

Тіл өркениет пен

мәдениеттің даму жолы.

А. Н. Куприн.

Бүгінгі қазақ тілінің байлығына, ғылымның ең терең тұңғиығына бойлай алатын қабілетіне, көркемділігіне, әдемілігіне, шешендігіне ешкім қарсы дау айтып, таласа алмас. Біз ана тілімізді әлемдегі жетекші ұлт тілдерінің бірі деп айтудан ұялмаймыз және кеуде керіп мақтан ете аламыз. Осындайда С. Е. Маловтың бір сөзі еске түседі: «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты».

Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Сондықтан, тілді әуелі отбасынан, сосын бала-бақшадан, одан кейін мектептен өрістете дамыту қажет екені белгілі. Біздің ана тілімізді алға тартқан ұлы рухани ұстаз тұлғаларымыз - А. Байтұрсынұлы, С. Сейфуллин, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, М. Әуезов және тағы басқалардан кейін бұл өзекті мәселе ондаған жылдар бойы шегіншектеп қалып еді. Оған кешегі социализм идеологиясы кедергі болғаны көпшілікке аян. Тек қайта құру, демократиялық қозғалыстың өріс алуы кезеңінен бастап қана бұл мәселелерге мүмкіндігінше оң көзбен қарай басатадық.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін республикада ұлт тілін дамыту мәселесі алға қойылды. Тілдерді дамыту ісімен айналысатын комитет құрылды. Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі институты, тіл білімінің ғалымдары мен мамандары республикалық «Ана тілі» қоғамын құруға кірісті.

Біршама уақыттан кейін Републикада «тілдер туралы» заң жобасы дайындала басатады. Заңды жасауда көптеген мамандар, ғалымдар ат салысты. Әртүрлі ұсыныстар айтылып, түзетулер енгізілді. Негізгі пікір - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі болсын дегенге тоқталды. Дегенмен, екі тілге де мемлекеттік дәреже берілсін деушілер де аз болмады.

Сөйтіп, көп күткен заң жобасы дайын болып, 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.

Заңда: қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Бұлардың барлығы еліміздегі тіл саясатын жүргізудің стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттар. Демек, тіл саясатын жүзеге асырудың заңдық негізі бар.

«Тіл туралы» Заңның қабылданғанынан бастап, тіл мәселесі тәуелсіз ел саясатында өзіне лайық ресми орын алып, өзекті істердің біріне айналғанына да он жылдан асты. Соңғы қабылданған «Тіл туралы» Заң көлемі жағынан өте ықшам, әрі түсінікті, нақтылы құжат болды. Алайда, оның нақтылы орындалуы өте баяу.

Тіл дамыту - әрбір мемлекет үшін аса маңызды мәселе. Мемлекеттік тіл - яғни, қазақ тілі халқымыздың рухани, мәдени бірлігінің көзі. Ұлттық және елдік бірлікті қалыптастырушы екені айдан анық.

Тіл - қатынас құралы ғана емес, халықтың тәжірибесі жинақталған мол қазынасы, мұрасы. Ұлттық тіл - ұлттық философияның қайнар көзі. Оған қазақтың нақты сөздері мен мақал-мәтелдеріндегі философиялық ой негіз бола алады. Ата-бабаларымыз ауыз әдебиет арқылы артына қаншама мол мұра қалдырып кетті. Соны ұлттық тіл арқылы жеткізбесе, не арқылы жеткізеді? Ұлттық тіл сақталмаса, ұлттық тарихымыз кім шынайы жазып береді? Мысалы: М. Әуезовтың «Абай жолы» романы ұлтымыздың ауыз және жазба әдебиетінің құндылықтары. Ұлы Абай да өзінің ана тілінен бастау алған. Тәуелсіздік елде ұлттық тілдің мәртебесін көтеру деген сөз, өзге тілді үйренбе дегендік емес. Бірақ өзге тілде сөйлеп, өз ана тіліңді құрбандыққа шалуға тағы болмайды.

Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік деген ұғыммен тікелей байланысты. Тілде жоқ тәуелсіздік елде де жоқ. Мемлекеттік - тіл қазақтарға ғана керек тіл есебінде қарауға болмайды. Ол бүкіл Қазақстандықтардың тілі, әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей, мемлекетті басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілді мейлінше білуге міндетті. Онсыз ол - мемлекеттік тіл болып есептелінбейді. Мәжіліс депутаттарының бір тобы 2005 жылды «Мемлекеттік тіл жылы» деп жариялау туралы Ел Президентіне ұсыныс айтуы да қолдауға тұрарлық өзекті мәселе еді.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі неғұрлым маңызды қызметтерді атқарады, шешеді. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізілуде. Соның бірі - қазақ тілі орта, арнайы және жоғары оқу орындарында міндетті пәнге айналып, жүйелі түрде оқытылып отырғандығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Қазақ өркениетінің тарихи типтері
Философия мен мәдениет
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Рухани мәдениеттің түрлері
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Палеография және оның проблеммалары
Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта түсі мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz