Сарысуларды алуға арналған жануарлардың сипаттамаларымен танысу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Иммуноглобулиндерді шығарып алу

  1. Сарысуларды алуға арналған жануарлардың сипаттамаларымен танысу.
  2. Иммуноглобулиндерді алу әдістемелерімен танысып жұмыс ретін анықтау.
  3. Алынған сарысуларды белсенділікке, қауыпсыздыққа, зарарсыздандырылған жағдайына қарастыру.

Сары суларды алуға арналған жануарлардың дені сау болу керек. Оларды инфекциялық аурулардан таза жерлерден алады. Жұмыс бастар алдында мал дәрігерлер жануарларды зерттейді.

Биофабрикаға түсер алдында жануарларды карантинде ұстайды. Зерттеу аяқталғаннан кейін, жануарлардың иммунизациясын бастайды. Иммунизация ұзақ уақыт өткізіледі және иммунделген жануардың ағзасында антиденелер жиналу мақсатымен бір неше рет өткізіледі. Иммунизацияны белгіленген микробтың өлтірілген дақылдарымен бастайды, кейіннен күші азайған және вирулентті микробтармен өткізеді.

№1 кесте

Жылқыларды гипериммундеп тілмеге қарсы сары су алу кестесі

Инъекциялар
Дақылдың көлемі, мл
Инъекциялар
Дақылдың көлемі, мл
Инъекциялар: 1-ші
Дақылдың көлемі, мл: 50
Инъекциялар: 7-ші
Дақылдың көлемі, мл: 280
Инъекциялар: 2-ші (6 күн өткеннен кейін)
Дақылдың көлемі, мл: 100
Инъекциялар: 8-ші
Дақылдың көлемі, мл: 300
Инъекциялар: 3-ші
Дақылдың көлемі, мл: 150
Инъекциялар: 9-шы
Дақылдың көлемі, мл: 350
Инъекциялар: 4-ші
Дақылдың көлемі, мл: 180
Инъекциялар: 10-шы
Дақылдың көлемі, мл: 400
Инъекциялар: 5-ші
Дақылдың көлемі, мл: 200
Инъекциялар: 11-ші
Дақылдың көлемі, мл: 400
Инъекциялар: 6-ші
Дақылдың көлемі, мл: 250
Инъекциялар: 12-ші
Дақылдың көлемі, мл: 400
Инъекциялар:
Дақылдың көлемі, мл:
Инъекциялар: 13-ші
Дақылдың көлемі, мл: 400

Алты күн өткеннен кейін қан тамырына 14-ші 50 мл инъекция еңгізіледі, тағы 6 күн өткеннен кейін тері астына 100 мл 15-ші инъекция еңгізіледі және тағы 6 күн өткеннен кейін тері астына 16-шы 200 мл еңгізеді.

Ақырғы инъекциядан 12 күн өткеннен сон қанды алып оны белсенділікке тексереді (антиденелердің жаратылысын бақылайды) .

Иммунизацияны аяқтап, сары суды белсенділікке тексеріп болғаннан кейін, иммунделген жануарлардан қан алады. Әр бір иммунделген жануардын тірі салмағының 50 кг 800 мл қан алады. Бір белгіленген уақыт осы жануарлар демалады, кейіннен тағы иммунизацияға жіберіледі.

Қанды мойын тамырынан алады, қан 1-3 литр шыны цилиндлерге жиналады, 3 сағат 37 градуста, кейіннен 8 градуста тұнып тұрады. Бөлініп шыққан сары суды сорып алып карбол қышқылымен консервілейді (сары суда 0, 5 пайыз карбол қышқылы болу керек) . Дайын сары суды ыдыстарға құяды.

Иммуноглобулиндер (гамма-глобулиндер) . Емдеу мақсатымен қолданылатын иммуноглобулиндер - гамма- және бета-глобулиндері бар жануарлардың қанының сары суының глобулиндік фракциясының сулы ерітіндісі. Иммуноглобулиндерді гипериммундық сары сулардан дайындайды. Оларды емдеу және алдын алу мақсатымен қолданады.

Қәзіргі уақытта спецификалық емес нормальді глобулиндермен қолданады. Оларды дені сау жануарлардың қанының сары суынан алады, құрамында гамма- және бета-глобулиндердің кешені болады. Нормальді глобулин ағзаның табиғи резистентігін жоғарлатады, ағзаның өсуіне және дамуына әсер береді.

Қан тамырынан қанды алу, сары суды сорып ыдыстарға салу зарарсыздандырылған жағдайларда өткізілу керек. Иммунды сары сулардың сақтау мерзімдері әр түрлі болады; олардың сақталу мерзімдері, пайдалану мөлшерлері, сақтау жағдайлары және олармен қолдану әдістері нұсқауларда көрсетіледі.

Әр бір иммунды сары су биофабрикадан шығар алдында бақылаудан өтеді. Сары сулар тексеріледі: 1) белсенділікке, 2) зарарсыздану сапасына, 3) қауыпсыздыққа. Сары судың белсенділігі және қауыпсыздығы сынаудағы жануарлардың көмегімен зерттеледі. Зарарсыздандыру сапасын тексергенде сары суды анаэробтық және аэробтық жағдайларда қоректік орталарға себеді. Әр бір иммунды сары су белсенді, зарарсыздандырылған, қауыпсыз болу керек, басқаша айтқанда осы сары сулар арқылы жануарларда пассивті иммунитет жаратылу керек.

Зарарсыздандыру сапасын тексергенде зерттелетін сары су ыдыстардан пастер пипеткасымен алынып қоректік орталарға себіледі. Қоректік орталар 5 тәүлікке 37 градусқа термостатқа қойылады. Қоректік орталарда микробтардың өсүі байқалса, сары суларды брак деп есептейді.

Қауыпсыздыққа сары суларды теңіз шошқалардың және ақ тышқандардың көмегімен зерттейді.

Белсенділікті сынаудағы жануарлардың қабылдағышының көмегімен зерттейді. Мысалы, ірі қара малдың қарасан аурауына қарсы иммунды сары суды теңіз шошқаларда тексереді, шошқаның бациллярлық тілмесіне қарсы сары суды көгершіндерде немесе ақ тышқандарда тексереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық және ветеринариялық биотехнология пәнінен сарамандық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Антигендерді және антиденелерді алу
Гибридомалардан және иммундық жасұшалардан гибридтық жасұшаларды алу
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Жануарлардың бруцеллезі
Иммуниттет анықтамасы
Тірі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Вирустар туралы
Листериоз-Listeria monocytobenes-s
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz