Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
І.Тарау. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
1.1.Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері ... ... ... ...5-
9
1.2.Сәбилер, ересектер, естиярлар топтарында көркем әдебиетпен
танысу сабақтарын
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..10-17

ІІ.Тарау. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамыту.
2.1.Көркем әдебиетті жанрына қарай оқу және сабақ
үлгілері ... ... ... ... ... ... .18
2.2.Бала тілін дамытудағы көркем әдебиеттің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-27
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Әрбір ұлт үшін ана тілі ананың сүтімен, ана әлдиімен қанға сіңіп
қалыптасады. Ана тілінде бесік жырын естіп, ана тілінде ертегі естіп өскен
ұрпак тілін де, ділін де ерекше қастерлеп, қасиетін сақтап, келер ұрпағына
мәйегі шайқалмаған күйде жеткізері анық. Тіл арқылы адам баласы бір-бірімен
түсінісіп ұғысады. [1.66.б]

Зерттеу мақсаты мен міндеті: Мектепке дейінгі балаларға көркем әдебиетпен
танысу сабақтарын жүргізу, оларды көркем әдебиетке деген қызығушылығын
арттыру.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемелер.
Зерттеу пәні: Тіл дамыту.
Зерттеу көкейтестілігі: Мектепалды даярлық тобына арналған бағдарлама
бойынша 5-6 жастағы баланың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту,
сөйлем кұрап, жүйелі сөйлеуге үйрету, естіген, көргенін әңгімелеп беруге
баулу міндеті қойылып отырғаны мәлім. Бұл жөнінде балалардың жасына лайықты
көркем әдебиет шығармаларын оқып беру, оқылған шығарма мазмұнын
әңгіемелетіп айтқызу, мақал-мәтел оқу, жұмбақ жасыру сияқты жұмыстар ерекше
орын алады. Олай болса, балабақшадан осы мақсатты ескере отырып, біз 5-6
жастағы балаларға қосымша ретінде көркем әдебиет шығармаларының тізімін
беріп отырмыз.
Тәрбиеші тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде
бұл шығармаларды балаларға оқып береді. Әңгімелеп беріп, мазмұнын өздеріне
айтқызады. Жаттауға ұсынылып отырған шығармаларды оқып, түсіндіріп,
жаттатады.
Көркем шығармаларды оқу сабақ барысында тіл дамыту сабақтарына
берілген сағаттар есебінен іске асады. Ал жұмбақ шешу, мақал-мәтел оқу
жұмысы да әp сабақтың мазыр, мақсатына қарай таңдап алынып, сабақ
жоспарларында көрсетіледі. Түрлі заттар мен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші
балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтқызады. [3.44-45.б]

Балаларға жеке шығармаларды оқып, тыңдата отырып, олардың кітапты өз
беттерімен танып, таңдап, сүйіп оқуға үйренуін іске асыру керек. Ол үшін
балаларға арналған суретті кітапшаларды, "Жыл он екі ай", "Балдырғанның
базарлығы", "Біздің кітап" деген жинақтарды, "Балдырған" журналын т. б.
олардың өздеріне таратып беріп, 7-8 минут еркін танысуына мүмкіндік беру,
кітаптың қайсысы қалай жасалғанын, қайда, кімдер шығаратынын айтып, кітап
суреттерін көрсетіп әңгімелету, суретті кітапшалар жасату сияқты жұмыстар
жүргізіледі. (Кітапша жасату үлгісін ''Балдырған" журналынан үйренуге
болады).
Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші балаларды шығарма
жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін ширатып, еркем сөз өнерін
сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейді.
Кітапты өздігінен пайдалана білу, күтіп таза ұстау, оны топтағы,
үйдегі кітап бұрышында сақтау, ретімен жинастыра, түптей білу дағдыларын
қалылтастырады.

І.Тарау. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
1.1.Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері.
3 жас бойына балалардың мінез-құлқының күрделіленуі ең алдымен
баланың ақыл-ойын онан әрі дамытуға жәрдемдесетін тілді дамытумен
байланысты. 3-жасқа қарағанда:
1) айналадағылардың сөзін одан әрі түсінуді — келер шақты, өткен
шақты түсіне білуді, сөздің мағынасын көріп тұрған жағдайда ғана емес,
сондай-ақ одан да тыс түсіне білуді камтамасыз ету;
2) балалардың актив сөзін жетілдіру— сөздікті байыту, барлық сөз
таптарын пайдалана отырып, сөйлем құрып сөйлеуді үйрету, сөздің
грамматикалық кұрылысын жетілдіру, оның дұрыс айтылуын және эмоциялық,
әсерлілігін жақсарту;
3) сөзді пайдалануды кеңейту — өз әсерлерін сөзбен бере білу, оларға
сұрақтар қойып, жауап бере білу, үлкендер мен балалармен белсенді тілдік
қарым-қатынас жасау себептерін ұлғайту;
4) айналадағыға қарап бағдарлауды улғайту;
5) қарым-қатынасқа қабілеттілікті дамыту, балаларда табиғат
құбылыстары туралы, хайуанаттар өмірі, қоғамдық өмірдің балалар түсінігіне
жеңіл құбылыстар туралы ересектердің еңбек, уақыт, сан, кеңістік
қатынастары, заттардың атқарар қызметі және т. б. туралы аса қарапайым
түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру;
6) сөзді қабылдауды және қулақ қойып тыңдауды — үлкендердің айтқанын
жақсы тыңдай білуді; шағын әңгі ме, өлең тыңдауды жақсарту;
7) мәдени тілдің дағдыларына — ақырын, асықпай, оның үстіне
қолдарды ербеңдетпей және т. б. сөйлеуге тәрбиелеу. [4.152-155.б]
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ең алдымен өмірдің табиғи
жағдайлары және ойын, серуен, тамақтану, ұйықтауға жатқызу кезіндегі
балалармен өзара қарым-катынастар пайдаланылады. Балалардың сезімдік
тәжірибелерін қабылдауға жеңіл әсерлермен және оларды дербес іс-әрекетте
дұрыс ұйымдастыра білумен байытып отыру қажет. Балалармен қандай да бір
құбылысты немесе үлкендердің іс-әрекетін серуен кезінде, үйде бақылай
отырып, картинаны қарай, оларға әлде-нені көрсете, олардың ойындары жөнінде
сөйлесе отырын, жекелеген заттар мен іс-әрекеттерді атап қана қоймай,
сонымен бірге оларды түсіндіру, жекелеген фактілер арасындағы байланысты
анықтап, заттардың қасиеттері мен атқаратын қызметтерін белгілеу қажет.
Тікелей қабылданған нәрсені баланың бұрынғы тәжірибесімен байланыстыру
қажет. Қандай да бір іс-әрекетке кіріспестен бұрын балалардың не
істейтінін, қайда баратындарын және т. б. айтқан жөн. Балалармен сан алуан
сылтаулармен сөйлесе берген дұрыс. Бұл оларда осындай сылтаулармен
үлкендерге қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастырады, мұның өзі бұл
қарым-қатынастың сипатын сан алуан етіп қана қоймайды, сонымен бірге оның
дамуына жәрдемдеседі.
Баланың әрбір тіл қатуын қолдап отыру, оған қысқа жауап бере салмай,
мүмкіндігінше әңгімеге айналдыру, жай: Жарайсың, жақсы салыпсың деп айта
салмай, онымен әңгімелесу өте маңызды. Балаларға біртіндеп күрделіленіп
отыратын сөздік тапсырмалар алдымен үлгі бойынша, беріп отыру керек,
мысалы: Мария Ивановнадан кітапша сұра, былай деп айт: Мария Ивановна
(тәрбиешінің аты) маған кітапша беріңізші. Ал содан кейін үлгісіз-ақ
тапсырмалар беруге болады: Анна Павловнаға (күтушінің аты) айт, ол бізге
саз балшық әкелсін, біз мүсін жасаймыз. [5.40-50.б]
Сондай-ақ балалар арасындағы өзара тілдік қарым- . қатынасты
ынталандырып отыру қажет: Сережадан не салып жатқанын сұра, Витядан
велосипед сұра. Велосипедіңді бере тұршы, менің тепкім келеді деп айт және
т. б. Балалармен сөйлесе отырып, Дұрыстап жеңдер, төкпеңдер, Қазір біз
мынадай істермен шуғылда-намыз, Орнына қойыңдар деген сияқты
стереотипті сөз тіркестерін қолданбаған жөн. Мұндай стереотипті сөздер,
тіпті жиі қайталанса да, балалардың тілін күрде-лілендірмейді және, ең
бастысы, қарым-қатысты дамытуға жәрдемдеспейді. Сөздердің жалпылық маңызын
дамыту, тіл негізінде ұғымдарды қалыптастыру үшін бір сөздің өзін түрлі
үйлесімдер мен жағдайларда қолдану қажет. Мысалы, күн сайын қайталанып,
жаттанды болған Қазір біз мынамен шұғылданамыз деген сөйлемнің орнына
Бүгін біз мүсін жасаймыз немесе Орындықтар әкеліңдер, шұғылдануымыз
керек, Бүгін сурет салумен шұғылданамыз деп айтуға болады. Дұрыстап
жеңдер деудің орнына Алжапқыш таза болу үшін дұрыстап жеу керек,
Қараңдаршы, Зина қалай таза жейді. Сен де солай же деп айтуға болады. 3-
жасқа қараған балалар тілі дамуының қол жеткен дәрежесі нәтижесінде олармен
қарым-қатыс кезінде әдеттегідей күрделі, грамматикалық жағынан дұрыс
құрылған сөздерді пайдалану керек. Алайда балаға түсініксіз сөйлемді
қолданбаған жөн. Баланың үлкендерге еліктеп, түсініксіздеу сөздерді, тіпті
сөйлемді қайталауынан ешқандай пайда жоқ. Көптеген ата-аналардың балаларды
күрделі, мазмұны жағынан түсініксіз өлеңдер мен ертегілерді жаттатуға
ұмтылуы зиянды екені сөзсіз. Балалар оларды оңай жаттап алады, алайда
негізгі ойы балаға түсініксіз сөйлемдері жай қайталауға осылай жаттығу
еліктеуге деген қабілетті ғана дамытады, бірақ тілдің негізгі функцияларын
дамытуға жәрдемдеспейді. 3 жасқа қараған балалардың бәрі бірдей Р дыбысын
және бір-қатар ызың дыбыстарды дұрыс айта бермейді. Кейде сөздердегі
дыбыстардың орны ауысып кетуі де мүмкін. Алайда бала тіпті 3 жасқа енді
аяқ басқан кездің өзінде айналасындағылардың бәрі оны оңай түсіне
алатындай дәрежеде сөйлеуге тиіс. Ата-аналар, сондай-ақ дәрігер, педагог,
медициналық сестра сөздерді және дыбыстардың дұрыс айтылуын мұқият
қадағалап, өздері әрқашанда барлық сөздерді айқын әрі дұрыс айтып, балаға
қиын сөздерді қайталауды ұсынып отыруға тиіс. Сөздер өте өрескел
қателіктермен айтылса, тілдің дамуында үлкен кідірістер болса,
консультация алу үшін дер кезінде отоларингологқа немесе логопедке
көрсеткен жөн, өйткені сөзді дұрыс айтпау есітудің немесе артикуляцияның
кемістігі салдарынан болуы мүмкін. [8.140-145.б]
Негізінен 3 жаста да балалармен олардың сезімдік жағынан нені
қабылдайтыны, яғни олардың нені көретіні, натурада, картинкада немесе
ойыншықтар арқылы не көрсетуге болатыны туралы айту керек. Сонымен
бірге балаларға бұрын ешуақытта да мұндай үйлесімде қабылданбаған, бірақ
жекелеген элементтері балаларға олардың бұрынғы тәжірибесі бойынша таныс
оқиғалар туралы, мысалы, мысық Мурканың шарбақтан секірген кезде құлап,
аяғын қалай ауыртып алғанын, оны яслидегі балалардың қалай күткенін, немесе
әжейдің дүкеннен келе жатып, жолда алмаларын қалай шашып алғанын және
пионерлердің оған алмаларды жинауға және үйге дейін жеткізіп беруге қалай
көмектескенін және т. б. әңгімелеп беруге болады, тіпті әнгімелеп беру
кажет те.
Балалардың өмірі мен іс-әрекетінің түрлі сәттерінде олармен өзара
табиғи қарым-қатынас процесінде айналадағы ересектердің жиі қатынаста
болуының маңызы үлкен болғанымен, дегенмен мұның бір өзі аздық етеді.
Семьяда және әсіресе балалар мекемелерінде балалармен "жиі тілдік қатынас
жасаумен қатар, тілдің барлық жағын — түсінуді, дұрыс айтуды, еліктеуді,
актив сөздікті, грамматикалық құрылысты дамытуға және айналадағыларға қарап
бағдарлауды ұлғайтуды бағытталған арнайы ойындар мен сабақтар еткізу қажет.
Айналадағыларды бақылай, өз бетімен шұғылдана отырып, алуан
түрлі әрекет жасап, оның өзінде ересектердің сөз арқылы берідген дұрыс
түсіндірмесін ала отырып, бала айналасындағыларды барған сайын танып-біле
түседі, оған қарап бағдар алып, көрген оқиғаларын ой елегінен өткізеді.
Балаларда түсініктер мен аса қарапайым білім қалыптасады: 1) табиғат
құбылыстары туралы—күн шығып тұр, жаңбыр, қар жауып, күн күркіреп тұр,
аспанда бұлттар жүр; бүгін суық, жылы, ыстық және т. б. 2) хайуанаттар
әлемі туралы — үй хайуанаттарын айырып, аттарын атап қана қоймайды,
сонымен бірге олар туралы алғашқы түсініктері де болады; 3) өсімдіктер
дүниесі туралы — гүлдердің, ағаштың, шөптің, жапырақтардың және басқа
да неғұрлым жиі кездесетін жидектер, овощтар, жемістер, гүлдер; 4) қоғамдық
өмірдің кейбір құбылыстары туралы: Бүгін 1 Май мерекесі — көшеде халық
көп, қызыл жалаулар, бәрі әдемі киінген, балалар сыйлықтар алып жатыр;
5) еңбек туралы — айналадағы ересектердің еңбек әрекеттерін атау: үй
тұрғызады, ағаш кеседі, ыдыс жуады, көйлек тігеді және т. б. сондай-ақ
кейбір кәсіптерді атау және олардың не-гізгі әрекеттерін білу; шофер машина
айдайды, аспазшы ас дайындайды, дәрігер балаларды емдейді және т. б.; 6)
тұрмыстық құбылыстар және үй ішіндегі заттардың атқаратын қызметтері
туралы - кереуетте ұйықтайды, столда тамақ ішеді, кесеге сүт, кофе,
тарелкеге сорпа құяды; 7) заттардың сапасы туралы — атына қарап отырып, өзі
бірнеше түстерді, көлемді (үлкен, кіші, кішірек, үлкенірек), форманы (шар,
куб, шаршы), сан (көп, аз, бір, екі), кеңістік (жақын, алыс, осында,
ана жақта), уақыт (бүгін, ертең, кеше, кеш, ерте, кейін, қазір) туралы
алғашқы түсініктерді атау, құбылыстардың аса қарапайым байланыстарып
анықтау. [12.4-5.б]

1.2.Сәбилер, ересектер, естиярлар топтарында көркем әдебиетпен танысу
сабақтарын жүргізу.
І. Сәбилер тобы.
Балалардың назарын көркем шығармаға (кітаптың мазмұнына,
иллюстрациясынан аударып, оған қызығушылығын арттыру. Оқылған шығарманы
көңіл қойып тыңдауға өлең, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, әңгіме мазмұны
бойынша қойылатын сұрақтарға дұрыс, толық жауап бере білуге үйрету.
I тоқсан. Оқу және әңгімелеу. Әңгіменің мазмұнын түсінумен, тіл
байлығын жетілдіру үшін ертегілер мен жаңылтпаштар оқып (айтып) береді.
Оқу мен әңгімелеуге ұсынылған әдеби шығармалар: Ақ тауық, орыстын
халық ертегісі; Үйшік Л. Толстойдың ертегісі; Алақай —балақай
(жаңылтпаш); Ойыншыңтар, А.Бартонікі; Менің ойыншықтарым,
М.Әлімбаевтікі.
Мәнерлеп оқу. Тәрбиеші оқыған өлең-тақпақтарды ілесе қайтадан айтуға
үйрету. Шағын сюжетті ойындарға катысу (Әлди-әлди-әлди-ай, Торғай,
Санамақ, Шұбар тауық).
II тоқсан. Оқу және әңгімелеу. Ертегі кейіпкерлерінің пайда болуын
байқай білуге үйрету. Мысалы, Бауырсақ ертегісіндегі қасқыр, қоян т. б.
кейіпкерлердің өзара іс-әрекеттерін байланыстырып айту.
Ұсынылатын шығармалар: Ақ лақ, Ә. Сәрсенбаевтікі. Сондай бала бола
ма?, А.Шамкеновтікі. Мен—паровоз, Ә. Табылдиевтікі. Менің
мамам—дәрігер, Ә. Мұсанановтікі.
Мәнерлеп оқу. Бұрынғы таныс өлең-тақпақтарды қайтадан, ойын мазмұнына
қиындық келтірментін кейіпкерлерді бейнелеу. Тауықтар, Балапандар деген
ойындарды ойыншықтармен бейнелеп отырып, кейіпкерлердің көңіл-күйін сөзбен
айтып беру.
Ұсынылатын шығарма: Шұбар тауық, орыс ертегісі.
III тоқсан. Оқу және әңгімелеу. Лақтар мен қаскыр ертегісіндегі
кейіпкерлердің іс-әрекетін сезіну және одан әсер алу, лақтардың ішкі күйі
мен іс-әрекетін бейнелеу.
Мәнерлеп айту. Балаларды қысқа тақпақтарды жатқа айтып беруге үйрету.
Мерекелік тақпақтар жаттату (Жалауша, А. БартонікІ)
IV тоқсан. Оқу және әнгімелеу. Балалардың үлкендер оқыған (айтқан)
жаңылтпашка, тақпақка, әңгімеге және кітап суреттеріне қызығушылығын
арттыру.. Шығарма мазмұнын (Төрт түлік мал) дұрыс түсінуге үйрету. Тауық,
әтеш,мысық сияқты кейіпкерлерді ойын үстінде бейнелеп көрсету (орыс халық
ертегісі бойынша). [7.24-25.б]

ІІ Сәбилер тобы
Көркем шығармаларды: ертегілерді, әңгімелерді, такпақтарды, оқиғалар
желісін бұзбай, эмоциялық сезіммен қабылдауға деген құштарлығыи арттыру.
Көркем текстің ішінен кейбір фразаларды тәрбиешімен бірге қайталап айту,
жеңіл ертегі, әңгімелерді естерінде сақтап, мазмұнын, мәнін өзгертпей айта
білуін жетілдіру. Қысқаша күлдіргі өлеңдер мен такпақтарды нақышына
келтіріп ерекше сезіммен айта білуге баулу.
I тоқсан. Балаларға оқып және әнгімелеп беру: ертегінің мазмұнын
түсініп, тындай білуге, бейнелі сөздерді есте сақтай білуге үйрету (Л. Н.
Толстой, Үш аю, Мысық, Қораз және түлкі—орыстың халық ертегісі),
Ертегі кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-кұлкын, аңду барысындағы дауыс
екпіннің құбылуын дұрыс кабылдай білуге үйрету (Ә.Дүйсенбиев, Не деу
керек? (1—2 шумағы), А. Барто—Ойыншықтар).
Мәнерлеп оқу. Қүлдіргі өлеңдерді, такпақтарды түсініп, барлық
дыбыстарды анық, асықпай айтуға үйрету. (Қ.Мырзалиев, Балақай,
Қуырмаш),такпақты айту барысында өзінің персонаждарға деген сезімін
(Ж.Омаров, Қозы), қуанышын, көңіл-күйін білдіре білуге үйрету (М.
Әлімбаев, Октябрь тойы).
II тоқсан. Балаларға оқып және әңгімелеп беру: көркем шығармалардын
ұйқас, ырғақ сияқты кейбір элементтерін өлеңмен немесе қара сөзбен
жазылған шығарманы айыра білуге, көркем шығармалардың мазмұнын әсерлі
сезіммен қабылдай білуге үйрету (Маша мен аю—орыстың халық ертегісі.
К.Чуковский, Kip қоймас, Ө.Тұрманжанов, Мен тәртіпті баламын.
Ж.Карбозин. Күшігім).
Мәнерлеп оқу. Дауыс екпінін сақтап нақышына келтіре эмоциялық сезіммен
(қуану, таңдану, қорқу, мұңаю т. т. жатқа айта білуге үйрету (Н.Әлімкұлов,
Ойыншықтар, М.Әлімбаев, Ай мен Ая А. Бақтыгереева, Анаға сыйлаймыз).
IIІ тоқсан. Балаларға оқып, әңгімелеп беру, ертегі мазмұны бойынша
кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарай әсерлі көңіл-күйін білдіре отырып,
ертегідегі хиқаялардың ерекшеліктерін байқап, сезіне білуге үйрету,
қайталау (Қоян, түлкі, қораз орыстын халық ертегісі, Ы. Алтынсарин.
Мақта қыз бен мысық, Лақтар мен қасқыр орыстың халық ертегісі,
М.Зверев, Қиқар көжек).
Проза мен такпақты айыра білуте үйрету (Л. Толстой, Бәрінен де
жақсы, С. Маршак, Доп, А. Барто, Жылауық). Көркем шығармаларда
күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жайттар: мейрам (Т. Молдағалиев,
Май), балалар өмірінің байсалды, күлкілі оқиғалары және т.б.
бейнелейтінін анғарту.
Мәнерлеп оқу. Халықтың күлдіргі өлеңдерінін ұйқасын сақтай отырып,
сөздерді анық, мәнерлі, көңілді екпінін түсініп жатқа айтуға үйрету (Ж.
Әмірбеков, Төлдер, Ж. Карбозин, Байқасамшы, Ж.Смақов. Жалау).
IV тоқсан. Балаларға оқып әңгімелеп беру: таныс шығармаларды
суреттеріне қарап тани білу, мазмұны бойынша сұраққа жауап беру жайында
алған білімдерін тиянақтау.
Мәнерлеп оқу: Таныс тақпақтарды, күлдіргі өлеңдерді мәнерлеп айта
білу дағдыларын бекіту. [7.32-34.б]

Естиярлар тобы.
I тоқсан. Оқу және әңгімелеу. Көркем шығармаларды эмоциялық
сезіммен қабылдауға олардың сипатын сезінуге, автордың, үнін, ырғағын
түсінуге үйрету; проза мен өлеңді, ертегі мен әңгімені бір бірінен
ажырата білу. (М. Зощенко, Сұр лақ F.Мүсірепов, Қанат пен қуыршақ;
М.Әлімбаев, Менің ойыншықтарым; Ә. Дүйсенбиев, Не деу керек.); көркем
шығармалар туралы өз пікірін айтуға үйрету.
Мәнерлеп оқу және қайталап айту. Өлеңдер мен сықақтарды (Б.ЬІсқақов,
Менін Отаным; М. Әлімбаев, Он саусақ; Ж. Сәтібеков, Қай мамандық
жақсы?; Ә. Дүйсенбиев, Нан сатушы) жатқа оқығанда мазмұнына қарай
ырғагын да түрлендіріп айтуға, оларды мағыналы түрде есте сақтауға үйрету.
Таныс ертегілерді қайталап айту кезінде сюжетін дұрыс сақтауды,
кейіпкердің характерін дұрыс жеткізуді үйрету (Қаскыр мен лақтар, қасқыр-
ашулы, лақтар — қорқып қалған, аянышты).
II тоқсан. Оқу және айту. Балаларды әр түрлі тақырыптағы көркем
шығармалармен таныстыру. Ертегілерді эстетикалық тұрғыда қабылдауға
үйрету. Айналадағы шындықты көркем шығарманың текстерімен
байланыстыру (Қ.Әжікеев, Көйлекті маған кім берді?). Кейіпкерлердің
жағымды, жағымсыз сипаттарын, олардың іс-әрекеттерін бағалау (Кетеван
Шипашвили, Қайырымды бала; В. Маяковский, Жақсы деген немене, жаман
деген немене). Ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын атымен салыстыру
(М. Төрежанов, Алғыс — әңгіме; Күшік пен мысық—болғар ертегісі).
Мәнерлеп оқу және қайталап айту. Ырғақтың көмегімен поэтикалық
шығармалардың түрлерін, өзіндік мәнерімен айтып беруге үйрету. Мысалы, ішкі
көңіл-күйді, лиризмді (А. Тоқмағамбетов, Ақша кар; Бір қазан сүт - ауыз
әдебиетінен), юморды (Е.Ерботин. Бұл баланы кім дейміз?, Папам,
Мамам; А. Меңжанова, Тазалықтың досы) жеткізу.
Қайта айту процесінде автордың сөзі мен мәнерін кайта жаңғырту
(Ж.Карбозин, Қайырымдылық; С. Қасиманов, Бес түлік; М. Әлімбаев,
Монтер).
ІІІ тоқсан. Оқу және айтып беру. Шығарманың көркемдік құралдарын
қабылдауға үйрету: шығарма құрылысын жеткізу ерекшілігін байқау (Колобок
ертегісінің басы, қайталаулары, соңы); тілінің көркемдік құралдарын байқай
білу) Екі қызғаншақ қонжық атты венгер халық ертегісіндегі эпитеттер мен
теңдеулер, өндеген А. Краснова мен Важдаева; Ш. Перро, Қызыл телпек,
француз тілінен аударған С. Маршак: А. Менжанова, Сен мал қайыруды білесің
бе?).
Мәнерлеп оқу және қайталап айту. Логикалық екпінді, кідірісті
пайдаланып, поэтикалық тексті мазмұнына және оны ашу сипатына қарай айтып
беруге (көңілді, ойнақы немесе юморлық ырғақпен) үйрету (Ә.Дүйсенбиев,
Аспазшы, Аула тазалаушы; А. Меңжанова, Ақ мойнақ, Әйт-шу, Там,
тамшы).
Таныс шығармаларды қайталап айтып беруде текстің мазмұнын,
кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне өзін эмоциялы қатынасын көрсетуге
үйрету.
Творчестволық жағынан тәрбиешімен бірлесе отырып әңгіме ойлап шығару.
IV тоқсан. Тыңдау, ертегі, әңгімелер айту, өлеңді жатқа оқу
машықтарын жетілдіру. Балаларлы көркем шығармалармен негізінен сабақтан тыс
кездерде таныстыру . [7.44-45.б]

Ересектер тобы
Оқылған шығармалардың мазмұнын түсінін, әңгімелеуге, әдеби
кейіпкерлердің іс-әрекетін өздігінен талдап, бағалай білуге үйрету. Көркем
сөзге деген құштарлығын арттыру. Шығармадағы оқиға, сюжет желісінің даму
бағытын аңғарып, тіл көркемдігін (эпитеттер, ертегілерде қайталанып келетін
сөз тіркестерін) түсініп, қабылдай білуге түсіндіру.
Өлең-тақпақтарды сюжетіне, ұйқасына, үн ырғағына, дауыс сазына келтіре
мәнерлеп айтуға үйрету. Такпақтын мазмұнына қарай логикалық ой екпінін
түсіре білу, толас жасау, кейіпкерлердің іс-әрекетіне сәйкес дауыс, үн
ырғағын кұбылтып айта білуге жаттықтыру. Оқылған өлең мазмұны туралы
өздігінен қарапайым ой қорытындыларын жасай білуге, өлеңді кім, не жайында
айтылғанын түсініп, жүйелі түрде, әңгімелеп беруге үйрету.
Әдеби шығарма кейіпкерлерінің мінез-кұлық әрекетін түсінуге, оларлы
күнделікті өмір құбылыстарымен байланыстыра білуге, әрбір шығарма сюжетінің
өзіндік ерекшелігін, тіл көркемдігін - бейнелеу құралдарын (образды көркем
сөздер: эпитет, синоним, антоним, т. б.) байқай білуге, оқылған текстен
қажетті жерін тауып алуға жаттықтыру. [7.60-61.б]
Ерекше көңіл-күй сезімімен (эмоция) орындалатын шығарма
кейіпкерлерінің іс-әрекетін өздігінен келтіріп айта білу. Тәрбиеші бастаған
әңгімені әрі қарай жалғастырып, аяктау; өздеріне таныс оқиға жайында
әңгіме, ертегі құрастыру дағдыларын өрістету.
I тоқсан. Оқу және әңгімелеу. Шығарманың көркемдік мазмұнын сезініп,
айрықша кеңіл-күймен қабылдай білуге, оқиғанын баяндалу ерекшелігін
түсініп, түйсіне білуге үйрету:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ ҮЛГІЛЕРІ
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Тәрбиенің тал бесігі-балабақша
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану ерекшелігі»
Пәндер