Тіл ұстарту жұмысына магнитафонды пайдалану


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

  1. Тіл ұстарту жұмысына магнитафонды пайдалану.
  2. Магнитафон арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға және жаттауға үйрету.
  3. сабақта проекциялық аппараттарды пайдалану.
  4. Диоскопты пайдалану.
  5. Кадаскопты пайдалану.

Тіл ұстарту жұмысына магнитофонды пайдалану

Тіл ұстарту жұмыстарында, әдебиет сабақтарында оқылатын шығарманы немесе мәтіннің мазмұнын оқушының өз сөзімен қалай айтып беретінін магнигофон арқылы бақылауға болады. Оқылған мәтінді өз сөзімен айтқызудың тиімділігі: бала, біріншіден, өз сөзін мәтінмен салыстырып байқайды. Екіншіден, өзінің, сөйлеу тіліңдегі кемшіліктерін түзейді. Оқушыларды өз бетінше сөйлетіп үйрету арқылы бірте-бірте қысқа әңгіме айтқызуға, мазмұндама, шығарма жұмысын жаздыруға дағдыландыруға болады.

Төмеңде тіл дамыту жұмысына байланысты мәтіннің
үлгісі беріліп отыр.

Мәтін магнитофоннан тыңдатылады да, оқушыға жоспар құрғыза отырып, ауызша әңгімелеп беру тапсырылады.

Білім де ана суті секілді

Кітап - адамның шын досы, өмірлік серігі. Кітап -ғылым азығы, ырыс қазығы. Кітап - ғылым, бүкіл адам баласына ортақ.

Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, оны үгіттеп таратушы құрал. Кітап - адам баласының. ғажайып білім қазынасының қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, онымен мәңгі дос болып, кітаптың көмегімен үздік білім алыл, атақты ғалым болған адамдар аз емес. Ұлы жазушы М. Горький "Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін, алдымен кітапқа борыштымын, - дейді. -Әлемге әйгілі атақты ағылшын физигі Фарадей Майкл бала кезінде кедейліктен оқи алмай, тырбынып жұмыс істейді, ол кітап түптеп күн көреді. Ақырыңда, өз бетімен білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болды.

Орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов та жас шағыңда оқуға шамасы келмей, әбден ересек болған соң барып оқыған, өз бетімен кітапты көп оқу арқылы жетіліп. дүние жүзіне белгілі ғалым болды. "Мектепте оқу көрек, ал мектептен шыққан соң да оқу көрек!, -дейді белгілі ғалым, сыншы Д. Писарев. Ұлы Маркске өзінің кызы Лаура: Сіздің ең жақсы көретін қызметіңіз ңе?- дегенде, - "Кітап ақтару", -деп жауап берген еді.

Кітап арқылы сан адамның жүрегін көресің, алуан адамның жан сырын ұғынасың. Сенің білмегеніңді алғаш сұрап білетін ғалым досың да кітап. Өзің білген жақсылығыңды. жұрттан қызғанба, үйрет! Кітап -көп ақылдың құйылған көзі. (Ө. Тұрманжанов. )

Мынадай жоспар үлгісі бойынша мазмұндама жаздыруға болады

  1. Біз кітапты не үшін жақсы көреміз ?
  2. Барлық білім кітапта,
  3. Ұлы адамдардың барлығы кітапты-сүйген.
  4. Көп оқу кереқ.
  5. Мен кітапты сүйемін.

«Мен кітапты сүйемін» деген тақырыпқа оқушы Н. мынадай мазмұндама жазды:

"Мен былтырдан бастап ұлы ғалымдардың, қолбасшынардың, акын-жазушылардың өмірі мен істері туралы оқуға өте машықтанып алдым. Мен қолбасшылар Суворов, Кутузов, Котовский, Рокоссовскийлердің өмірін, олар жөніндегі кинофильмдерді қарадым. Ұлы ғалымдар Ломоносов , Менделеев, Капица. Галуа, әл-Фараби, Әбу ибн Сина, Ұлықбек т. б. өмірлерін көп оқыным.

Ұлықбек жөніндегі оқығандарыма тоқталайын. Ұлықбек Самарқанда 1394 жылы 22 наурызда туады. Оның алғашқы аты Мұхаммед Тарағай екен. Ұлықбектің әкесі Шахрух -Төмірдің үшінші ұлы болыпты. Демек, Ұлықбек Орта Азияны билеген Ақсақ Төмірдің немересі. Жас Ұлықбек атасы Ақсақ Төмірге еріп, бірсыпыра елдерді аралаған. Ол жасынан астрономия, жаратылыстану ғылымдарын білуге, зерттеуге құмар болған, әкесі Шахрухтың бай кітапханасы болған. Онда Платонның, Аристотельдің, т. б. грек, шығыс ғадындарының енбектері көп жиналған. Оларды Ұлықбек күн-түн демей оқып шыкқан. Кейін өзі үлкен ғалым болып, Самарқанда обсерватория ашады. Ұлықбек астронамдар мен географтар үшін өзінің "Зиджи Гурагани " деген Үлкен ғыными еңбегін калдырды. Ол асқан ғалым бодды. Сол кездің өзінде Ұлықбеқ бір жылда 365 күн 6 сағат 9 минут 15 секунд бар деген. Ол тек бір минуттай ғана қате жіберген, - дейді ғалымдар. Сөйтіп, Ұлықбек Птолемей, Копернику Насридин, Әт-Туси Брунолармен қатар тұрған ғалым". ("Ғылым ғажайыптары''. кітабынан оқыдым. )

Енбекті сүюге, мамандықты таңдауға байланысты мынадай мәтінді магнитофоннан тыңдата отырып, оқушылардың сүйікті мамандыктары жөнінде әңгіме өткізуге болады.

Конструкторлық бюрода

Коңструкторлық бюро мен өңдірістік цех үйлерін салу үшін бізге каржы босатылды. Біздін конструкторлық бюроның- сырт көрінісі әдеттегі өнеркәсіп орнына орнына ұқсай қоймайды. Бұл өзі қатаң архитектуралық үлгіде салынып, сырты тартымды ашық түске боялған үй .

Конструкторлар жұмыс кезінде дәрігерлер сияқты ақ халат киіп жүреді. Олар үнемі стол басында сызумен отырады. Цех бастықтары мен мастерлерде жеке кабинет жок. Залдың ішінде сәл оңашалау, станоктардың қасында одардын жұмыс станоктары тұрады. Заводқа қызметкерлер де өте мұқият іріктеліп алынады. Өйткені станокта тұрғандар да, кояструкторлық бюрода істейтіндер де, •басшылық ететіндер де солар.

Жаңа ұшақ конструкторлардың, ғалымлардың, жұмысшылардың күш косқан орасан зор ұжымының шығармашылық еңбегінің нәтижесінде туады. Магнитофон арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға және жаттауға үйрету

Оқушыны мәнерлеп оқуға дағдыландыруда магнигофонның алатын орны ерекше. Тіл ұстарту жұмыстарына байланысты, сондай-ақ әдебиет сабақтарында магнитофоң арқылы көркем мәтінді дұрыс, мәнерлеп оқуға үйрету, мазмұнын айткызу, сөздің мағынасын ұғындыру, термин сөздер мен жана сөздерді (неологизм) медгерту тыныс белгілерінің кай ретте, қалай койылғанын аңғарту, әрі мәтінді мәнерлеп оқу арқылы ана тілінін байлығын, әсерлілігін, әдемілігін, көркем сөз формаларын дұрыс ұғының, оны дұрыс түсіне білумен бірге, іс жүзінде қолдана білуге дағдынанады.

Мәнерлеп оқуға үйрететін мәтінді мұғалім алдын ала дайындап, материалдың кай тұсында пайдалану керектігін белгілеп, маман дикторлардың орындауында немесе мұғалімнің өзінін ең мәнерлі оқуында магнит таспасына жазады. Мысаты, Абайдың "Жазғытұрым", С. Мұқановтың "Майға сәлем!'' деген өлендерін мәңерлеп оқуға үйрету үшін, бұл өлеңдер магнитофоннан кем дегеңде екі рет тыңдалады.

Бірінші рет оқушылар оқұлықтан өлеңнің оқылуын оқұлықпен салыстырын, тыңдал отырады,

Екінші рет мәтін аралық (интервал) тасталып оқыдады. Енді оқушылар тасталған аралық бойынша әрбір тармақ, әрбір сөздің айтылуын, оқылуын қайталап айтып отырады, яғни диктордың немесе мұғалімнің сөзіне (оқуына) еліктеп қайталайды. Сонынен бірге оқутлылар мәтіндегі түсініксіз немесе қиын сөздерді дәптерлеріне жазады. Бұдан соң үйретілген, тыңдалған мәтінді немесе өлеңді қалай мәнерлеп оқып келгенін байқау мақсатыңда магнитофонға жазып, сынып болып тыңдайды. Әрбір оқушы өзінің қате оқыған жерлерін (сөздерін), тыныс белгілеріне дұрыс тоқтамағанын, өте жай немесе асығып оқығаңдарын байкап, қатесін түзете алатын болады. Керісінше, окушы өлеңді диктордын немесе мұғалімнің оқығанындай дәлме - дәл, соған ұқсас қайтадап, еліктей, шебер де жаттық сөйлеп үйренетін болады.

Магнитофон арқылы. қысқа өлеңдерді тез жаттауға болады. Өлеңді жаттамас бұрын, мұғалім ондағы қиын сөздерге түсінік береді, идеясына тоқталады. Өлеңнің мазмұның Оқушылар меңгергеннен кейін, магнитофюннан тыңдатады. Өлең магантофоннан аралық тасталып оқылады. Аралық тасталып оқылған кезде оқушылар тындағаң өлең шумағын хормен қайталап отырады, Екінші рет магнитофондағы өлең мәтінін оқұлықпен салыстырып оқиды. Үшінші рет мәтінді өз бетінше айтып беру тапсырылады.

Мына өлең жолдарын мұғалім оқушыларға магаитофон арқылы жаттатуына болады.

Ас біткеннің ардакты анасы - нан,

Нан барында шыоқалар жарасып ән.

Нан табуға жарады деп қуанар,

Қайыр көрсе ата-ана баласынан.

Ас біткеннің ардақты анасы - нан,

Нан көрінер бар астың арасынан.

Қоқымын да түсірмей қорға оны,

Артық көріп көзіңнің қарасынан,

Ас біткенңің ардакты анасы - нан,
Қандай дәмнін тадасы бар осыған. .

Наңның иісі аңқиды күллі -әдемге,

Қазақтың тың Сарыарқа даласынан.

Дыбыстық аппараттарды оқу-тәрбие ісінде осындай максаттарда пайдалану аса тиімді деп айтуға болады.

Сабақта проекциялық аппараттарды пайдалану

Соңғы жылдары қазақ тілі сабақтарыңда проекциялық
аппараттарды пайдаланын, өтілетін материалдарды ерекше
қызықтырып, оқушылардың ой-өрісін дамытып, түрлі окиғаларға байланысты кұрылған сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп түсіндіруге мүмкіндіктер кеңінен пайдаланылуда.

Қазақ тілі сабақтарында диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп, диапроектор, кодоскоп, сияқты құралдар арқылы диафильмдерді, диапозитивтерді, фотосуреттерді, чертеж, схема, сурет, тілдік модельдерді, кестелерді көрсетуге болады.

Мектепте экрандык сутреттеу екі түрлі жолмен іске асырылады:

бірі - динамихалық проекция,

екіншісі -статистикалык проекция.

Статистикалық проекция екі түрге бөлінеді: диаскопиялық және эпископиялық. Диаскопиялық жолмен диафилъм және диапозитивтер. көрсетіледі, ал эпископиялық проекциялау арқылы суреттер, сызбалар, түрді суреттер көрсетіледі. Экрандык Құралдардың мына сиякты түрлері бар: ДМ-2, "Свет", "Этюд" диапроекторлары.

Диапроекция аркылы көрсегілген зат малдір де анық болады. Ал эпипроекцияда зат күңгірт көрінеді.

Сызба, сурет, диафильмдерді көрсететін проекциялық аппаратты эпипроектор, эпидиаскоп деп атайды. Диапозитивтерді көрсететін проекциялық фонарды диаскоп деп атайды. Диафильм мен диапозитивтерді демонстрация жасайтын аппаратда апроектор деп аталады.

Қазір мектептерде оқу-тәрбие ісіңде колданылатын әмбебап проекцияяык. аппараттар бар. Олар эпидиаскоп пен диаскоптың міңдетін атқара алады. Фотографияға түсірітген суретгерді, схемаларды, кестелерді диалозитив деп атайды.

Диафильм дегеніміз 35. мм пленкаға түсірілген кара, ақ түсті
диапозитивтер. Ол белгілі бір сюжетке, такырыпқа
құралады.

Эпифильм дегеніміз - диафильмнің жасаду приншші сиякты, колдан жасалатын құрал, картон қағаздан немесе жеке кағаз беттерінен, кағаз тасдапарынан жасалады. Бұл кәдімгі фотопленка емес. Оның көлемі 14x14 см.

Диаскопты пайдалану

Диаскоп - кәдімгі проекциялық фонарь сиякты аппарат.
Эпидиаскоп - ЭПЦ-1, бұған салынатын диапозитивтің көлемі 6, 5x5 см немесе 8, 5x8, 5 см. Эпидиаскоп- ЭПЦ-452, бұл 8, 5x8. 5 см, 8, 5x10, 5 см, 9x12 см, 15x15 см өлшемді диапозитив пен эпифильмдерді, суреттерді, сызбаларды
көрсетеді.

Қазақ тілі сабақтарында эпидиаскоп арқылы кез келген грамматикалық тақырыпка байланысты схема, кестелерді
көрсетуге болады. Мысалы, IV сыныпта. "Буын мен тасымал" тақырыбын оқытуда эпидиаскопты пайдалану ыңғайлы. Буынға жіктеу мен тасымал жасауда оқушылар жйі қате жібереді.

Қазак тіліндегі сөздердің буын ішіңдегі дыбыстарының. саны мынадай төрт түрлі жағдайда кездесетініне кесте жасап, оны сабақта эпидиаскоп арқылы көрсетіп тусіңдіру мұғалімге көп жеңілдік жасайды. Ол үшін кестенің төмендегідей үлгісін жасап, оны эпидиаскопқа дайындау қажет.

І-кесте

Екі дыбысты бір буын Үш дыбысты бір буын

ән, ес, аң, өт, су. ет өрт, жаз, кет, кел, бар, айт

Төрт дыбысты бір буын. Үш дыбысты екі буын

жұрт , бұлт, құрт, қант, жент а-на, а-па, а-та

төрт дыбысты екі буын

ба-ла, жа-ға. ө-зен

Қазақ тіліндегі сөздерді буынға бөлудің мынадай ерекшеліктерің Магнитофон әрі эпидиаскопты пайдалану арқылы түсіндіру тиімді.

Магнитофотнан мына ереже тындатылады: бір дауыссыз дыбыс екі дауыстының арасында келсе, дауыссыз дыбыс екінші буынға ауысады (екі рет қайталанады) . Осы ережеге байланысты мына схема эпидиаскоптан көрсетіледі.

а-на, а-па, а-та, а-ға

Магнитофоннан: екі дауыссыз дыбыс қатар келсе, екеуі екі :буынға бөлінеді (екі рет қайталанады)

Эпадиаскоптан: мына схема көрсетіледі; жақ-сы, жал-.
пақ, соқ-пақ.

Магнитофоннан: екі дауысты дыбыс қатар келсе, екеуі екі буын құрап, -екіге бөлінеді (екі рет қайталакады) .

Эпидиаскоптан: а-уа, ай-ыр, ай-ық.

Бұдан соң мұғалім сөзде канша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын айтып, эпидиаскоптан мына схема көрсетіледі:

2-кесте

Сөздер Сөздердегі буындар Буын саны

ал ал 1

алма ал-ма 2

арыстан ар-ыс-тан 3

мемлекет мем-ле-кет 3

Бұдан соң буын мең тасымалдың бір-бірімен байланысы болатыны айтылады. Тасымалдын буыннан айырмашылығын, яғни буынға бөлінетін сөздердің бәрі де тасымалдана бермейтінін айтып, буын жігі дегеннің не екенін, әрбір сездің буынға бөлінген жері буын жігі деп аталатынын магнитофоннан тындатып, эпидиаскоптан мына кесте көрсетіледі:

3-кесте

Сөздер Буынға белу Буын саны Буын жігі
апа а-па 2 1

Кітап кі-тап 2 1

еңбекші ең-бек-ші 3 2

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекі құралдар
Оқушылардың сөйлеу тiлiн дамытуда техникалық құралдарды пайдалану_
Оқушылардың қазақша тілін дамыту
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары
Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі және оны эксперимент арқылы тексеру
Морфологиялық жаттығулар
Тіл дамыту жұмыстарының маңызы
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz